ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ
«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ»
кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: « Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту әдістемесі»
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., Алишева З.
Орындаған: ПМ2-1кз тобының студенті Кулиева Л.
Шымкент - 2007
ПІКІР
Бүгінгі танда мемлекеттік саясаттың бір тармағы - қазақ тілінің қоғамдық қүндылығын арттыру. Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету арқылы оның мемлекеттік тіл тұрғысында қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін өсіру — мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесінің алдында тұрған маңызды мәселе . Себебі оқушылардың қазақ тілінде дұрыс сөйлеп, сауатты жазу дағдылары мектептен қаланады. Осы себепті дипломанттың зерттеу жұмысы мемлекеттік бағдарламалар, қазақ тілін өркенднтуге арналған заңдар негізінде жүргізіліп, осы мәселені өзіндік сан есімді оқыту тұрғыдан шешкен. Өйткені тілдік қарым-қатынаста оқушы бірде сөйлеуші, бірде тыңдаушы болуы мүмкін. Сондықтан сөйлеушіге болсын, тыңдаушыға болсын фонетикалық дағдыларды меңгертудің маңызы зор. Себебі морфологиялық тұлғалардың жазылу, оқылу, айтылу ережелерінің дұрыс қолданылуы сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де ортақ. Қазақ тілін оқытудағы басты басты мақсат - оқушыны қазақ тілінде дұрыс айтып, жаза білуге, ойын толық, еркін жеткізе білуге үйрету. Ізденуші түрлі тапсырмалар аркылы оқушыларға сае есімнен білімді тоериялық тұрғыдан ғана беріп қоймай, сонымен қатар морфологиялық білік пен дағдыларын іс жүзінде, яғни тілдік қатынас барысында қолдануды үйреткен. Осы тұрғысында карастырғанда дипломанттың зерттеу тақырыбы өзекті.
Дипломант жұмысын жүйелі жазған. Әрбір тармақшасы өзіндік ойға, пікірге негізделген. Әр тарауда алдына қойған мақсатына толық жеткен. Диплом жұмысы қорғауға дайын, біткен жұмыс.
ПІКІР
Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру жолдарын білуімен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана әдіспен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын кемітіп, оның білімді игеру қабілеттерін төмендетеді.Сондықтан да әрбір сабақта оқушыларды қызыктыратын, сабақта белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет.
Оқытушы бастауыш сынып оқушылардың сабаққа деген қүлшынысын, оқу мотивтерін туғызуда кеңінен пайдалануы керек. Әрбір сабақта оқу мазмұнын жаттығуларға, тақырыпқа байланыстырып кіріктіруі, оларды өзара біріктіруі тиіс. Бұл — сан есімді оқыту арқылы оқушыларға сапалы білім,саналы тәрбие беруді жетілдірудің негізгі бағыты. Демек қазақ тілі сабағында сан есімді оқытуды тиімді колдана отырып, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру қажет. Себебі сан есімді оқыту кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, үжымды сыйлауға , өз ой-пікірін дәлелдеуге үйренеді.
Осы аталған мәселелердің барлығы А. Медетбекованың диплом жұмысында көрініс тапқан. А. Медетбекова Диплом жұмысында сан есімдерді түрлі тапсырмалар арқылы меңгертуге болатынын айқындап берді. Жалпы диплом жұмысы өте жақсы жазылған.
ПІКІР
Дипломант «Бастауыш мектепте грамматиканы оқытудың
маңызы» атты бірінші тарауында осы мәселенің зерттелу тарихын, бастауыш мектепте грамматиканы оқытудың маңызы, грамматикалық іскерліктер дағдылардың оқушылардың сөйлеу тіліне қатысы, бастауыш мектепте сан есімді оқыту жолдарына арнайы тоқталған, келесі тарауда оны оқытуда психологиялық, педагогикалық тұрғыдан қарастырып, ғалымдардың пікірлеріне жан-жақты талдау жасап, өзіндік тұжырымдар мен қорытындылар жасаған.
Үсынған әдістемелік жүйесі тапсырмалар мен ойындардан, жаттығулар мен сұхбаттасуға арналған жұмыстардан тұрады. Осы тапсырмаларды меңгертуде қолданылған оқыту әдістері өтілетін материалдың көлемі мен жүйесіне, оқушылардың ойын, тілін дамыту бағытына, өздігінен ізденіп орындалатын жұмыстардың түрлеріне қарай жіктелген. Диплом жұмысында бастауыш мектепте сан есімді меңгертуде қолданылатын әдістер қатарында түсіндіру әдісі, жаттықтыру әдісі, шығармашылыққа баулу әдісі арнайы қарастырылған.
Қорыта айтқанда А. Медетбекованың диплом жұмысы жақсыжазылған, біткен жұмыс.
Мазмұны
Кіріспе ...........3-5
I. Бастауыш мектепте граматиканы оқытудың маңызы ..............6-10
II. Бастауыш мектеп оқушыларына сан есімді меңгертудің психо-
педгогикалық ерекшеліктері ............11-23
III. Сан есімді өту процесінде жалғаулармен жұрнақтардың
маңызы ............24-26
IV. Бастауыш мектепте сан есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра
оқыту жолдары ............27-53
Қорытынды ............54-55
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ............56-57
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Еліміздің егемендік алу нәтижесінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялар енгізілуде. Жаңа технология шығарылатын өнімнің сапасын көтеруге негізделген. Бұл Қазақстан Республикасында өндірілетін өнімнің әлемдік тауар айналымында өз орнын алуға үмтылыстан туған үрдіс. М^ндай үрдістен білім беру салалары да шет қалған жоқ. Соның әсерінен қазақтілін оқыту үлдісі жетілуде. Бұл мектептегі оқыту үрдісін жаңа әдістер мен технологиялар арқылы үйымдастыруға алып келді . Бұл үрдіс окушының білімін арттырып қана қоймай, оның сана - сезімін, ойлау қабілетін, тұлғалық қасиеттерін жан - жақты дамытуға арналған.
Бұл білім беру саласында окушыға жаңа көзқараспен карауды үйретті. Мұндай көзқарас оқушының жеке басының дамуына, тұлға ретін қалыптасуына, әдеби тілде сөйлеуіне, оқытуды демократияландыру мен ізгілендіруге ықпал етті. Сондыктан бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту ісі қазір әдіскер ғалымдардың басты назарында. Өкінішке орай казір окушылардың сөйлеу және жазу дағдысындағы мынадай кемшіліктер кездесуде :
-
Бастауыш мектепте оқушыларға қазақ тілінің морфологиялык
жүйесінен ұғым беру кезінде мұғалімдер қажетті дерексіз
ұғымды меңгертуге көп күш салып, бұл ұғым балалардың
сауатты сөйлеу мен жазу дағдысын калыптастыруға негіз болуы
қажет екеніне мән бермейді. Яғни тілді оқытудағы басты максат
- оның коммуникативтік (карым-қатынас) мүмкіндігін меңгерту
екені ескерілмей, «заттың атын білдіретін сөздерге», «заттың
санын білдіретін сөздерге», т.б. оқушылардың сұрақты дұрыс
қойып, сөйлем ішінен таба білгеніне қанағаттанып жүрміз.
-
Бастауыш кластарда тілді окытып-үйретудің әр түрлі салалары
арасында айқын байланыс жоқ. Морфологиялық ұғымдар беру
жұмыстары кезінде оқушылардың сөздік қорын байыту мақсаты
ескерілмейді, сөздердің мағыналык бойларына сай оларды
дұрыс колдану мәселесі үнемі қадағаланбайды. Немесе
«Сөйлем», «Сөйлем мүшелері» тақырыптарын өткенде
окушылардың тілідң морфологиялық жүйесінен алған білімдері
пысықталып, пайдаланылмайды.
-
Календарлық жоспардағы байланыстырып сөйлеуді дамытуға
бөлінген сағаттар өтіліп жаткан материалдардан бөлек, көбінесе
суретке қарап шығарма жаздыру, мазмұндама түрінде өткізіледі.
Бастауыш кластарда бұл сабақтарды оқушылардың өса түскен
білім мен дағдысына сай бірте-бірте күрделендіріп өткізудің қалыптасқан әдістемелік жүйесі жоқ.
-
Қазіргі төртжылдық бастауыш кластарда оқушыларға казақ
тілінің морфологиялық жүйесін оқыту барысындағы
қолдалынып жүрген әдістері де жаңа талап тұрғысынан қайта
қарап, жаңарату қажет болып жатыр. Дәлірек айтқанда,
бұрынғы бір бағытта (мұғалім тарапынан) оқыту жүйесін
өзгертіп, оқушылардың өз беттерінше шығармашылықпен
жұмыс істеу (ойлану, табу) қабілеттерін дамыту мәселесін басты
нысан етіп алған дұрыс.
-
Мұның барлығы бастауыш мектепте қазіргі кезеңде дамытуға
лайық мәселелер.
Біздің диплом жұмысымыз бастауыш мектепте сан есімді өтуге арналып, осы проблемаларды аз да болса шешуге арналған. Бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Диплом жрысының мақсаты Бастауыш сыныпта сан есімді оқыту тапсырмалары аркылы оқушылардың тілдік қабілеттерін жетілдіру.
Диплом жұмысының міндеттері:
-
Бастауыш сыныпта сан есімді түсіндірудің оңтайлы жолдарын
анықтау;
-
Окушылардың сан есім туралы білімдерін дұрыс колдану
дағдыларын қалыптастыру;
-
Ғылыми, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау.
Диплом жұмысынық нысаны Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту процесі алынды
Диплом жұмысының әдістері. Ғылыми жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды.
Диплом жұмысы үш кезеңде жүргізілді. Бірінші кезеңде диплом тақырыбына сай педагогикалык, лингвистикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Осының негізінде диплом жұмысының мақсаты, нысаны анықталды. Бастауыш сыныпта қазак тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмаларын қолданудың міндеттері айқындалды.
Екінші кезеңде Бастауыш сынып казақ тілі сабағында сан есімді оқыту тапсырмаларын қолданудың тиімді жолдары қарастырылды. Сан есімді оқыту тапсырмаларын тиімді Тұрлері анықталып, жүйеге келтірілді.
Диплом жұмысының теориялық маңызы Бастауыш мектепте сан есімді оқыту тапсырмалары аркылы оқытуға байланысты алынған ғылыми кағидалар мен тұжырымдар қазақ тіл
білімі мен қазақ тілін оқыту әдістемесін теориялық тұрғыдан толықтырады.
Диплом жұмысының практикалық маңызы
Диплом жұмысында ұсынылып отырған әдістеме оқушылардың қазақ тілінен алған білімін тереңдетуге және тілдік материалдарды дұрыс игеруіне ықпал етеді.
Диплом жұмысы кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Бастауыш мектепте грамматиканы оқытудың маңызы
Қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша окып жатқан бастауыш мектептерде жүргізілген бақылауларымыздың кортындысы мынаны көрсетті: оку бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық Тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере аламаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық Тұрғыдан сауатты бейнелеп айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің момрфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Нақты айтқанда, тілдің морфологиялық заңдылықтарын жете меңгермеуге байланысты бастауыш класс оқушылары жазу не сөйлеу барысында жіберген қателердің жалпы сипаты төмендегідей болып шықты:
-
Оқушылар сөздерге жалғауларды өз беттерімен дұрыс
жалғай алмайды. Мысалы: Мәншүкті Кеңес Одағының
батыры атағын берді. Дидардікі етігі кара. Дәптерге
қабы жоқ. Ауылда барғанда түйе көрдім. Балдар
бәріміз ойнадым.
-
Өз беттерінше сөйлеу және жазу кезінде жұрнақтарды
дұрыс пайдалану дағдылары калыптаспаған: Иттің
кішкентай үйі бар (үйшік деудің орнына). Мысық
айбаттады (айбаттанды, айбат шекті деудің орнына).
-
Оқытылған морфологиялык ұғымдарды сөйлем күрау
барысында пайдалана білмейді: Мен айттым Іңкәрға.
Ойнадық Ерболатпен. Бүгін мектепке барамыз бесте.
-
Сөз құрамы, біріккен сөздер туралы түсіндірілген
ұғымдар жазу кезінде ескерілмейді: Таспақа көрдім.
Қоспекенді (Қосмекенді) адам туралы кина көрдім.
Ердөстік батыр болған. Мамам шаң солғаш алды.
5. Оқушылар жалпы есім мен жалқы есімді бір-бірімен
ажырата білмейді: Жазда қойлар бақтым. Ауылда
көлдер бар. Оларда балықтар көп. Балдар суға
шомылады. Малдар су ішеді.
6. Окушылардың сөздік қорын шағын. Білетін сөздерін өз
орнын тауып колдана алмайды, т.б.
Бұл аталған басты - басты себептердің кай-қайсысы да оку бағдарламалары мен окулықтарға емес, негізінен окыту ісіне қатысты.
Қазіргі оқыту ісі барысында колданылып жүрген негізгі әдістер төмендегідей:
-
мұғалімнің сөзі;
-
әңгіме әдісі (кейде мүны сұрақ-жауап әдісі деп те
атайды);
-
тілдік фактілерді талдау (байқату, грамматикалық
талдау);
-
жаттығулар орындату;
-
көрнекі құралдарды пайлалану (сызбалар, кестелер,
суреттер, компьютер, т.б.);
-
кітаппен жұмыс істеткізу;
-
топсеруен (әкскурсия).
Жоғарыда атап өткеніміздей, бастауыш класс окушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертуде тусіндіргенді қайталап айтып беруге (реподуктивті) баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бү_л әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алған білім мен дағдының көп уақыт өтпей-ақ үмтылатыны, оқушылардың күнделікті тұрымысында пайдаланбайтыны белгілі. Сондықтан әдіскер-ғалымдар бастауыш кластарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін қолайлы әдістемелік жағдайлар жасау қажеттігін көптеп айтып жүр. Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрі белгілі:
-
Оқушылардың белсенді ойлау қызметін іске қосу. Бұл
әдісті «проблемалық әдіс» деп те атайды. Кез келген жаңа
грамматикалық ұғымды меңгеру барысында оқушылардың
психо=физиологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне карай проблемалық
жағдай туғызу мұғалімінің шеберлігіне байланысты. Әсіресе берілген
грамматикалық ұғымды пысықтау үшін орындалатын жаттығулырды
немесе үлестірмелі қима қағаздарды қызықты әрі түрліше епіп
пайдалануға болады.
-
Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы
лингвистикалық көзкарасын дамыту. Басқаша айтқанда, оқушыларға
бастауыш кластарға берілетін грамматикалық ұғымдардың бәрі ең
бсаты мақсатқа - олардың өз ойларын дұрыс, әсерлі баяндай білу
қабілетін дамыту мақсатында бағындырылуы қажет. Мәселен, балалар
күнделікті тәжірибесінде өз беттерімен сөйлеу немесе жазу кезінде
заттын сынын білдіретін сөзді сол заттын атын білдіретін сөздің
алдына қою керек екенін іштей біліп отырғаны дұрыс. («Жамилада
қалам қызыл бар» деп емес, «Жамилада қызыл қалам бар» деп).
-
Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі
белгілерін маңгерту. Мысалы, «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін
сөздер» тақырыбын өткенде, окушылар бұл сұрактарды нақтылы
заттардың немесе адамдардың атын білдіретін сөздерге дұрыс қояды да, дерексіз атауларға кездескенде шатасып қалады. Мысалы, уақыт, жел, күн, дауыл, т.б. сөздерді заттын атын білдіріп тұр деп ойлайды.. Немесе «Не істеді? неғылды? кайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбын өткенде, «жатыр, отыр, сүрады, жанды, деген сияқты нақтылы қимыл байқалмайтын сөздерге бұ_л сұрақтарды коймайды. Сондықтан грамматикалық ұғымға қатысты осындай дерексіз сөздердің белгілеріне арнайы тоқталып өту қажет.
4. Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп айтуға болады. Мысалы, «Сөз таптары» окып үйрену барысында негізігі есімдердің төмендегідей сызбасын оқушылардың естеріне салып койған артық емес.
5. Жаңа грамматикалық ұғымды түсіндіру үшін
оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыру.
Жаңа тақырыпты меңгертудің өткен сабактардағы мағлұматтарды ұмытпауына, оны жаңа ұғыммен байланыстыра білуіне жағдай туғызады.. Екіншіден, бұрынғы дағды жаңа тақырыпты игеруді жеңілдетеді.
6. Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар көмегімен
меңгерту. Бұл әдісте мұғалімнен ерекше шеберлікті талап етеді.
Тақырыптың сипатына байланысты көрнекі құралдар түрлендіріліп
пайдалану қажет. Бастауыш кластарда тілдің морфологиялық жүйесін
оқытуда қолданылатын көрнекі күралдарды (кесте, сызба, әріптер, не
сөздер кассасы, үлістіремелі қима қағаздар және компьютерге
арналған перфокарталар, т.б.) қолданылуы мақсаттарына қарай үш
топқа бөлуге болады:
-
жаңа тақырыпты түсіндірер кезде балаларға
тілдегі құбылысты байқатуға, проблемалык
жағдай туғызуға арналған күралдар;
-
берілген ұғымды пысықтауға , балалардың іс
жүзілік дағдыларын дамытуға арналған
кұралдар;
-
берілген грамматикалық ұғымдарды
жинақтауға арналған құралдар, т.б.
Көрнекі құралдар кандай мақсатка арналса да, олардың айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.
Жалпы окушыларға тілдің грамматикалык жүйесін меңгерту балаларды дерексіз ұғымдар туралы ойлауға баулуды талап етеді. грамматикалық ұғымдар дегеніміз - сөздерге, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге, қосымшаларға т.б. қатысты белгілерді дерексіздене отырып жинақтап, жүйелеуі. Сондықтан грамматикалық ұғымдарды, оның ішінде тілдің морфологиялық жүйесін оқыту бастауыш класс оқушыларының психо=физиологиялық мүмкіндіктерін анық білуді қажет етеді. Атап айтқанда, олар:
1. Балалардың қабылдау мүмкіндігінен артық ұғымдарды
түсіндіруге болмайды.
-
Берілген ұғымды тым қарапайымдандырып, немесе қайта-
қайта түсіндіріп, оқушылардың белсенді таным қабілетіне кедергі
жасауға да болмайды. Мұндай жағдайда олардың сабаққа
қызығушылығы күрт кеміп, белсенділігі төмендейтіндігін психлог
мамандар ашық айтып жүр.
-
Берілген материалдардың мазмұнына орай, оқушылардың
психо=физиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты сабактың
құрылымын, оқыту әдістерін түрлендіріп отыру қажет. Тиімді әдісі
табылмаса, кез келген қарапайым ұғымның өзін оқушылар ауыр
қабылдайды, тіпті түсінбеуі де мүмкін. Ал қандай да бір күрделі ұғымды оқушыларға ыңғайлы әдісі тауып жеткізуге болады. Көптеген әдіскер-ғалымдардың дәлелдеп көрсеткеніндей, бастауыш клас оқушылдарына грамматикалық ұғымдарды меңгертудің бір жолы ойын әлементтері бар жұмыс түрлерін көп пайдалану. (Мұның нақты мысалдарына сабақ үлгілерін бергенде тоқталамыз.)
II. Бастауыш мектеп оқушыларына сан есімді меңгертудің психо- педагогикалық ерекшеліктері
Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпараттар тасқынынан оқушыларды ұлттық сана-сезімде, төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін қажетті деректерді оқыту процесіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы керек. Бұл үшін қазақ тілі сабақтарында оқушыларды сан есімді оқыту арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен, кәусар бұлағымен сусындату қажет.
Ж.Б. Қоянбаев пен Р.М.Қоянбаевтар халық педагогикасының мақсатарына мыналарды жатқызады: « Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты, өмірге дайындау, өнер-білімге баулу,бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. ... Халық педагогикасының негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, әтнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, үйелмен тәжірибелері т.б.» жататындығын атап көрсете келе, халық педагогикасының оқушыларды тәрбиелеудегі роліне айрықша тоқталады: « ... халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі сынынан өткен әдептілік, сыпайылық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырймдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті»
Сондықтан қазақ тілін сан есімді оқыту арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз болады.
Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде ,рухани дамытуда сан есімді оқытуда кеңінен қолдануға болады. Себебі, сан есімді оқыту барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып - қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына , рухани жан- дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді.
Демек қазақ тілі сабағында сан есімді оқытуды тиімді қолдана отырып, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру қажет. Себебі сан есімді оқыту кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, үжымды сыйлауға , өз ой-пікірін дәлелдеуге үйренеді. Сондықтан сан есімді оқыту арқылы қазақ тілін оқыту процесін «... ізгілендірудегі басты мақсат — оқушыларды
ұлттық және адамзаттық қүндылықтар арқылы дамытуға, мәдени дағдыларды игеруге, өзіне және өзгелерге жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға назар аудару »
Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға , туған тілін құрметтеуге үйретеді. Бұл оқушылардың бір-бірімен қарым - қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды , сыпайы сөйлесуді қалыптастырады, нәтижеде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.
Жоғарыда айтылғандар — бастауыш сыныпта қазақ тілін сан есімді меңгертудің басты педагогикалық талаптары . Бұл талаптарды орындауда мұғалім әдістемелік жағынан шебер, қазақ тілінің тілдік құрылысын жете меңгерген, әдеби тілде өз ойын анық, түсінікті жеткізе алатын болуы тиіс
Бастауыш' сыныпта сан есімді меңгерту сабақтары білім беру мазмұны мен оқытылатын білім көлеміне, оқушылардың қазақ тілінен білім мен дағдыларды игертудегі негізгі дидактикалық принциптер мен оқыту әдіс- тәсілдеріне т.б. дидактикалық теорияларды негізге алады.
Дидактиканың негізгі заңдылықтарын, оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін, теориялық білім мен практикалық дағдыларды берудегі негізгі принциптерді айқындауда Я.А.Коменский, И.Песталоққи, Ф.Дистервейг, К.Д.Ушинский, А.БайТұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Д.Әлімжанов, Ы. Маманов, Ә.Исабаев, Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, Ю.К. Бабанский, Б.П. Есипов, М.А. Данилов, Л.В. Занков, М.Н.Скаткиндердің алатын орны ерекше
Ғалымдардың еңбектерінде дидактиканың негізгі қағидалары мен үстанымдары жан-дақты талданып, мазмұны мен оқыту процесінде алатын орны көрсетілген.
Дидактикада оқыту әрекетінің формалары, оқыту мазмұны мен мақсат-міндеттері бір жүйеге біріктіріледі. Оқушыларға білім мен тәрбие беруде Тұрлі дидактикалық заңдылықтар мен ережелер өзара бірлесіп жұмсалады, ішкі тәртіпке бағындырылады.Сабақта Тұрлі оқыту әдістері мен тәсілдері ретпен жұмсалуы қажеттігін айқындаған дидакт Я.А.Коменский оқытудың нәтижелігі білімдік материалдар тәртіппен берілуі керектігі жөнінде былай пайымдайды: «Білімнің негізі зат пен құбылыстың өз табиғатынан алынсын. Үстаз аз сөйлеп, шәкірт көп үйренетін болсын. Тәртібі жоқ мектеп сусыз диірменге үқсайды. » .
Я.А.Коменскийдің жолын қуып, оның оқыту жөнінде айтқан пікірлерін дамытқан К.Д.Ушинский дидактикалық заңдылықтар басқарылатын жүйеге біріктірілуі қажет деген көзқарас үстанады: «... Тек жүйе ғана бізге өзіміздің білімімізді бақылауымызға толық мүмкіндік береді. Үздік-үздік өзара байланыссыз білім сырты бүтін, ішіндегі заттарын қожайынның өзі таба алмайтын, шашылған қоймаға ұқсайды ».
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық еңбектерінде көрнекілік, ғылымилық, оқыту мен тәрбиенің бірізділігі дидактикалық принциптер мен әңгімелесу, талдау, жинақтау, салыстыру, жаттықтыру әдістерін кеңінен пайдаланғаны көрінеді.
Ы.Алтынсарин қазақ мұғалімдеріне оқушыларға тілдік материалдарды үйрету барысында «әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіруде... баланың барлық қабілеттерін жаттықтыру ... және оған өз бетімен жұмыс істету керек »-, деген құнды пікір айтып, оқытуда түсініктілік, көрнекілік, жаттығу, өз бетінше оқыту принциптерін қолданғаны байқалады.
Д. Әлімжанов пен Ы.Маманов қазақ тіліне байланысты таңдалған материалдардың көлемі мен жүйесіне қарай білім беруде, мұғалім беру әдістерінің ең қүнды, ең тиімді Тұрлерін пайдалану керектігін атап көрсете келе, әдістерді пайдалану барысында дидактикалық принциптерге сүйенеді деқ, мынадай дидактикалық принциптерге айрықша тоқталады: ғылыми, жүйелі, қөрнекілік, саналылық пен белсенділік, теорияның практикамен байланысы, жеке оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принциптері »
Ә. Исабаев мұғалім дидактикалық принциптерді іске асыру түхында негізінен, екі түрлі принциптің: біріншісі, оқушылардың оқу материалдарын саналы түсінуін, оған оқушының белсенді қатысуы, екіншісі, мұғалімнің белсенділігі тұрғысынан сабақты көрнекі құралдармен, жүйелі түсіндіруін орындалатынын байқайтындығын атап көрсете келе, қазақ тілі сабақтары төмендегі принциптер бойынша жүзеге асуы керек дейді: Ғылыми, жүйелі, көрнекілік, теорияны практикамен байланыстыру, түсінуге жеңіл қолайлылық, оқушылардың психикалық ерекшелігін ескеру принциптері
Ғалымдардьщ қазақ тілін оқытуда басщылыққа алынатын негізгі дидактикалық принциптерді айқындауы әдістеме ғылымына қосылған елеулі еңбек болды. Бүгінгі күнге дейін мұғалімдер осы принциптер арқылы қазақ тілі сабағын үйымдастырып, өтуде. Бұл ғалымдардың пікірлерінің қазірге дейін қүнын жоймағанын көрсетеді.
Дидактикалық принциптер қоғамның дамуына және қазақ тілі ғылымының жетілуіне, озық тәжірибелі мұғалімдердің тәжірибелеріне қарай үнемі өзгеріп , жетіліп отырылады. Бүгінгі заманға байланысты дидактикалық принциптер оқушылардың логикалық, шығармашылық қабілеттерін жетілдіретін, олардың рухани дүниесін ізгілендіретін, тіл мәдениеті мен сөйлеу әдебін саналы қалыптастыратын, мұғалім мен оқушылардың арасындағы қарым қатынастың гуманизм тұрғысынан жүргізетін оқыту мазмұны мен мақсатын, сабақты ұйымдастыру түрлері мен қолданылатын әдіс-тәсілдерді айқындайды.
Бастауыш сынып сан есімді оқыту процесі төмендегі дидактикалық принциптерді басшылыққа алып жүргізілді:
Достарыңызбен бөлісу: |