3.3. Қоза өсімдігінің өну динамикасы және түп санының сақталуы.
Егіс талабының дұрыс тегістеп, жоғары әрі сапалы жерді жыртуға, оның тереңдігін 30 – 35 см екі ярусты түренмен (плунг) жыртылған жер астында қалып жақсы шіриді, арамшөптердің қатары азаяды, топырақты ылғал мол жиналып және ұзақ сақталады. Жер қыртысындағы қара шірік қабаттарының құрылымы дұрыс түзіліп, қозаның зиянкес – насеком, жәндіктер мен түрлі ауру көздері азаяды. Сонымен ол тұқымдық себу кезінде шиттің біркелкі әрі дұрыс тереңдікке түсуін, дүркін тез әрі сапалы өнім шығуын, қозаның вегетациялық өсіп – жетілуі барысындағы суару кезінде ондағы ылғалдың біркелкі берілуіне, суару режимі дұрыс ұстауға және өсімдіктердің қоректік заттарды тең мөлшерде алуына оңды әсер етеді.
Мақта шиті өніп шығу үшін қажет болған минимал температура +10, +12°С оптимал температура +25, +30°С болады, ал +13, +14°С де шит өне бастайды. Сол кезде олар өз салмағына қарай 60% және одан артық ылғал жинау керек болады.
Қоза қатарын жегенелеу кезінде қалдырған өнімдік жиілігінің мәліметі №6 кестеде көрсетілгендегі өсімдіктің түп саны қозаны жегенелеуден кейін және вегетациялық соңында алынған зерттеу нәтижесі анықталды.
Қозаны жегенелеу, басы артық өнімділіктерді жұлып, ширету жас өскінде алғашқы 2 – 3 шын жапырақ шыққан кезден басталып, олар гүл түйіршектері (бутондары) сала бастаған кезде тоқтатылады. Жегенелеуді одан кешіктірсе, ондағы қатарда қалың өскен қоза өсімдіктері бір – біріне сығылысып, өзара қатты қысым көреді, басқа бойлап өсуген, бірақ өнімадік элементтері кем салуға бейімделеді.
Дала – тәжірибедегі зерттеулері №6 кестеде көрсетілгендей қоза өсімдігінің жиілігі жегенеден соң оның түп саны 3 қайталауда анықталады. Мақтаның шитін еккеннен кейін ауа райының қолайсыз келуінен шитті қайта себеді, оның қатарын тегіс өндіріп, жегенелеп тиісті түп саны қалдырылады.
Жүргізілген бақылаудағы (контроль) №1 тәжірибе (1 вариант) жоғарыда айтылған себептерге байланысты гектарына 694 – 100 мың түп саны сақталады. Ал №2 тәжірибе (2 вариант) зерттеудегі жаратылған қоза қатарындағы түп саны 100 – 103 мың түп бір гектарға өсімдіктің жас өскінінің өну динамикасы аса дұрыс анықталады. Тәжірибе №2 немесе 2 вариант фоны 3 – жыл жоңышқадан айырмашылық 2 – вариантты 3 – 6 мың түп саны артығымен жаратылды.
Қоза өсімдігі түйіршік бүршіктердің пайда болуы негізгі сабақта өнім беретін бұтақтардың бірте – бірте бойлап өсуіне байланысты жалғасады. Сондықтан да түйіршік бүршіктердің қоза өсімдігінде гүл болып ашылуы да бірте – бірте, яғни түйіршік бүршіктердің пайда болу ретіне қарай жүріп жатады.
Жүргізілген зерттеулер бойынша бақылаудағы 1 – вариант қоза танабында мақта шиті етілгеннен соң, оның өніп шыққананнан бастап, сол 23 – 28 күн ішінде тегіс бүршіктенеді әлде шанақтайды.
Ал тәжірибе 2 – ші, 2 вариант қоза далалы болса бұл кезең 28 – 31 күнге дейін созылды. Бұның бұлай болуы танап топырағының барлық жағдай жасалғандығы, жердің дұрыс өңделгендігі себеп болды.
№6 кесте Өскіннің вегетациялық басталу кезеңіндегі түп саны және өсіп – жетілуінің соңғы кезі.
№
Варианттар
|
Қай тарау (павторность)
|
Қайталаудың орташасы
|
І
|
ІІ
|
ІІІ
|
Вегетацияның басталу кезеңінде
|
1
|
96
|
100
|
94
|
96,6
|
2
|
100
|
103
|
102
|
101,6
|
Өсіп – жетілудің соңғы кезеңі
|
1
|
85
|
92
|
87
|
88,0
|
2
|
96
|
96
|
92
|
94,1
|
№7 кесте. Қозаның жас өскіндерінің алғашқы өніп шығу динамикасы.
№ Вариант
|
Жеке өскіннің шығуы
|
Зерттеу кезеңдері
|
±
|
7-10
|
4-5
|
2-3
|
2-5
|
1
|
0,7
|
1
|
2,5
|
2,4
|
4,5
|
0
|
2
|
0,9
|
1,4
|
2,4
|
6,3
|
7,5-8
|
0,1-3,5
|
Қоза қатарын жегенелеу кезінде қалдырған өсімдік жиілігін мәліметі №7 өсімдіктің түп санын, қозаны жегеленуден кейін және вегетацияның соңында алынған зерттеу мәліметі анықтайды.
Қозаны жегенелеу басы артық өсімдіктерді жұлып сирету. Жас өскінінде алғашқы екі – үш жапырақ шыққан кезден бастап, олар гүл түйіршіктері (бутондары) сала бастаған кезде тоқтатылады.
3.4 Қоза өсімдігінің түйіршік бүршіктенуі (буданизациясы).
Қоза өсімдігінің гүлі өзі жарылып шыққанға дейін түйіршік бүршік (бутон) деп аталады. Өсімдіктің екінші бас вегетациялық өсіп – жетілу мерзімін буданизация фазасы дейді. Ол бүршіктің оның пайда болуынан гүл жаруына дейінгі аралықтағы даму ұзақтығы орта есеппен 15 – 20 күн аралығында болады. қоза өсімдігінің түйіршік – бүршіктенуі негізінен қозаның сортына биологиячлық қасиеттеріне және оның өсу жағдайына қарап, түйіршік бүршіктер гүлге айналады.
Қоза әдетте, маусымның аяқ кезі мен шілденің бас кезінде гүлдей бастайды да, вегетациялық өсіп – жетілім мерзімі аяқталғанға дейін, яғни өсімдікті суық ұрғанға дейін жалғасады.
Қоза өсімдігі түйіршік бүршіктердің пайда болуы негізі сабақта өнім беретін бұтақтардың бірте – бірте бойлап өсуіне байланысты жалғасады. Сондықтан да түйіршік бүршіктердің қоза өсімдігінде гүл болып ашылуы да бірте – бірте, яғни түйіршік бүршіктердің пайда болуы ретіне қарай жүріп жатады.
Зерттеудің тәжірибе вариант 1 – дегі танапта шит егілгеннен соң шыққаннан бастап, сол 22 – 29 күн ішінде тегіс бүршіктенеді, шаналайды. Ал тәжірибе варианты 2 – дегі болса, бұл кезеңінде 24 – 32 күнге дейін созылады. Бұл деген сөз – топырақтың құнарлылығы жоғары тыңайтқыштың жетерлі болғандығы сезіледі.
3.5. Қоза өсімдігінің өсіп жетілуі.
Қозаның өсіп жетілуі мен пісіп жетілуі үшін қажет ең жақсы әрі тиімді температура шитің өніп шығуын сынап бағанасы бойынша 25 – 30° болып келеді. Мұндай 25 – 30° жылылықтан төмен температурада қозаның өсуі баяулай түседі, ал 17 – 22° температурада жылудың жетіспеушілігі қозаның өсіп жетілуіне зардабын тигізеді. Қозаның өсіп жетілуі мен шиттің әлі де болса өніп шығуы үшін қажет ең төменгі температура 10 – 12°. Ал температура сынап бағанасы бойынша 10° - тан төмен түскен кезде шит өнбейді, тез өнбейді. Қозаның жас өскіндері сынап бағанасы бойынша 1 – 2° суықта үсіп кетеді. Бұл ретте суықтың қаншалықты созылатындығы үлкен рөл атқарады. Суықтың тигізетін зардабына ауаның ылғалдылығы, күннің күңгірттігі, желдің соғуы сияқты да факторлары да қосымша әсер етеді.
Сынап бағанасы бойынша 30° градустан жоғары температура кезінде қоза қатты қолайсыздық сезініп, сола бастайды. Ал температура 37° градусқа жеткенде қоза өсуін тоқтады, өйткені оның өн бойы ыстыққа шыдай алмайды. Сондықтан да жазғы ыстық кезінде қоза күндіз өспей, негізінен алғанда түнде күндізгі ыстық аптап басылғаннан кейін өседі.
Жарыққа қойылатын талаптар.
Қозаның жарыққа деген сұраныстары тым жоғары. Ол күннің көзі жақсы түсетін ашық алаңқайды ұнатады. Оның жапырақ пластинкалары өзінің үстіңгі бетін күні бойы өзіне күн сәулесі тік түсетіндей қалыпта ұстауға тырысады.
Жарық жетіспеген жерде қозаның өсуі кешеуілдейді. Қоза көсекбайлар кезінде жарықтың жетіспеушілігі салдарынан қозаның өнімдік түйіршік бүршіктерінің түсіп қалуы күшейеді, ал гүлдеу кезіәнде ондай түйіршік бүршіктерінде жас көсектер де түсіп қалады.
Суға қойылатын талаптар.
Қоза өзінің салысмтырамлы түрде алғанда құрғақшылыққа едәуір төзімді екендігіне қарамай, суға деген сұранысын да кемітпейді.
Өнім беретін органдарын қоса есептеген кезде өсімдіктің әрбір киллограмм құрғақ салмағының пісіп жетілуі үшін қоза орта есеппен алғанда маусымда 600 – 700 м3 /га су ішеді. Егер қозаның өсіп жетілуі үшін ең жақсы жағдайлар жасалып егіс даласындағы агротехникалық шаралар неғұрлым жоғары болған сайын оның әрбір киллограмм құрғақ салмағы үшін қажет болатын судың мөлшері де кеми түседі.
Селекцияның міндеті өнімді мол беретін, әрі оның сапасын жоғары болатын жаңа сорттарды жасап шығару болып табылады. Мұның өзі нақты климат жағдайларына топыраққа және суармалы егіс жағдайларының мейлінше бейімделген жоғары сапалы өнімді мол бьеретін өсімдіктердің түр – түрін іріктеу арқылы жұзеге асады.
Селекуцияның мейлінше қарапайым тәсілі өсімдіктерді іріктеп, алумен баптап өсіруде аудандастырылған сорттардың шаруашылывқ талаптарынан мейлінше сәйкес келетіндігінің және ескі сорттарды ішінара жақсарту мен жетілдірілген жаңа сорттарды жасап шығару деген қажеттілікті болып табылады.
Тез пісіп жетілетін мақта талшықтарының технологялық сапасын жақсарта түсетін түрлі ауруларға төзімді өнімді мол беретін жаңа сортты жасап шығару үшін гибридтеу тәсілі қолданылады. Бұл ретте олардың тектік түрлері ретінде алғашқы мтериалдар кеңінен пайдаланылады.
Гибридтеу дегеніміз өсімдіктердің әр түрлі сорттары жыныстық тәсілмен (аталық және аналық тозаңдандыруды өзгерту тәсілімен), сондай – ақ бір сортты екінші сортқа ұластыратын вегетаивті тәсілмен будандастыру арқылы өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару болып табылады.
А. Егембердиев мынандай жағдайда атап көрсетті: Түркістан селекциялық (Г. С. Зайцев атындағы селекциялық және тұқым шаруашылығы ғылыми зерттеу институты) құрылғанға дейін қоза өсімдігінің селекциясы мен Әндіжан және Мырзашөл тәжірибе станциялары айналыса бастаған еді. Және олар «Навродцский», «Триумф», «Наврацеского», «169 – ДЕХКАН», «182 – Ақ – Джура», «508 – Батыр» сияқты отандық сорттарды алғаш рет шығарған болатын.
3.6 Қозаның гүлдену және көсек пайда болу кезеңінің дамуының
темпасы.
Қозаның өсіп жетілуінде 1 – ші вариантта әр үш айдың көрсеткіштері 50, 62, 89 сантиметр өсіп жетіледі, ал 2 – ші вариантта болса, 53, 65 және 96 сантиметрге жетті, яғни барлық факторлар жеткілікті болған соң өнімділігі 7 см жоғары өсіп жетілді.
Қозаның өнім беретін бұтақтары 1 – ші вариантта 11 – 15 және 16 бұтақ өсті. Тәжірибедегі 2 – ші вариантты бұл көрсеткіштері 15, 18 бұтақ болып 3 – 4 бұтақ артығымен жетілді. 1 қозадан салған көсегінің саны 1 – ші вариантта 11, 16 дана, ал 2 – ші вариантта 7 көсек артығымен көсек түйді.
Қозаның қауашағының салмағы мақтаның бірінші терімінде 1 – ші вариантта 4 грамм, 2 – ші терімде 3,9 граммға дейін жетті. Зерттелген 2 – ші вариантта 2 терімде 0,6 – 0,8 грамм ауыр салмақты өнімінен ерекшеленді.
Жоғарыда келтірілген мәліметтер жаңа технологияларды қолданудың жоғары болғандығы деп есептеуге болады.
№ 8 кесте. Қозаның гүлдену және көсек түйуінің пайда болу кезеңі мен дамуының темпасы.
№
|
Қозаның биіктігі (см)
|
Қозаның өнім беретін бұтақтар саны (дана)
|
1 қозадағы орташа көсектің саны (дана)
|
1қауашақтағы орташа салмағы (г)
|
1,06
|
1,07
|
1,08
|
1,07
|
1.08
|
1,08
|
1,09
|
1 терім
|
2 терім
|
1
|
50
|
62
|
89
|
11
|
15
|
11
|
16
|
4
|
3,9
|
2
|
53
|
65
|
96
|
15
|
18
|
18
|
23
|
4,8
|
4,5
|
Көрсетілген №9 кестеде қолданған 50% гүлдеу кезеңі дамуының темпасы бойынша зерттелініп алынған мәліметтер 1 – ші вариантты 15.07. – ден бастап әр апта 7 – 8 күн аралығында 21.07. күні 49% ал 30.07. күні 78% - ға жетіп, тегіс гүлдеп болады. Ал 2 – ші вариантта болса, сол зертелген күндері 27, 49, 78 пайызға гүлдеп 1 – ші вариантпен салыстырғанда 3, 11, 12, пайызға көп қоза гүлденді.
Бұл күзетулер 1 – ші вариант қозасын 1 – ші және 2 – ші суды кешеуілдетіп, 3 – ші суды өз нормасынан аз берілгендігінен осындай нәтиже алынды.
№9 кесте. Қозаның өсіп және дамуы бойынша зерттелген тәжірибелердің нәтижелері.
N
Вариант
|
50% гүлдеу кезеңі сәті
|
50% көсек түйуінің жетілу кезеңінің сәті
|
15.07.
|
21.07.
|
30.07.
|
31.08.
|
09.09.
|
16.09.
|
1
|
30
|
60
|
90
|
31
|
63
|
89
|
2
|
21
|
49
|
78
|
26
|
51
|
72
|
3.7. Қозадағы шитті – мақтаны өнімі және оның өнімін жиналуы.
Ерте және мол өнім жетілдіру технологиясында қозаның бас аясының ұштарын (өсімдік өсу точкасы) жұлынуы – ұшын шұрту аса қажетті агротехникалық әдістердің бірі болып есептеледі. Баршаға мәлім болғанмен қоза аса көп өнім элементтерін жинап түйуі мүмкіңн, бірақ жаппай жемістену дәуірінде аз элементтері және судың жетіспеуінің себебінен көп бөлігі (73-83 пайыз) төгіледі. Бұл жағдай 20 – 27 шілдеден 5 – 10 –шы тамызға дейін болған дәуіріне тура келеді.
Бұл дәуірдегі өнім элементтерінің төгілуінің алдын алуы мүмкін. Мұнда қозаның баспаяа ұштары және жанама өсу сабақтарына (бұтақ) ұшын шұрпу жүргізіледі, соны азық элементері сумен бірге өнім сабақтарына қарағанда оларға көбірек өтеді. Ұшын шұрпудан кейін азырақ заттар жоғары өсу бұтақтарына орнына жеміс органдарына қарай өтеді. Ұшын шұрпу өткізілгеннен өсімдіктерде көп көсек түйуі бір көсек шикі мақтасының салмағы асуы мұны дәл көрсетіп тұрады.
Соны есте сақтауының қажеттілігі тез өз мерзімінде дұрыс және сапалы өткізілген ұшын шұрпу өнім элементерінің кем төгілуіне жағдай жасайды, өнімділікті асырады. Және мақта сапасын жоғарлатады.
Орындалған дала тәжірибе №10 кестедегі мәліметтердің көрсетілуінше алдындағы жыцл сайын қайта – қайта мақта егіліп келген даланың бірінші вариантымен жалпы өнім орташа 15 ц/га мақта өнімі алынды. Ал ауыспалы егісінде болған екінші вариант орташа 23 ц/га өнім жинады. Сол алынған шитті мақта өнімі екінші вариантты артығымен мақта өнімін теріп алынды.
Зерттеулердің мақта өнімін жинаудағы мәліметі бойынша бірінші мақта терімде бірінші вариантты 1ц/га өнім алынса, екінші вариантта өнімі сол деңгейде жинап, 17ц/га өнім алуында. Айырмашылығы бірінші варианттың 4ц/га жиналса, екінші вариантта 6ц/га, яғни екі центнерге көп өнім жиналды.
Жүргізілген ждала тәжірибелердің мақта өнімі мен оны қол терімі әдісімен мақта жиналып алынды. Жиналған мақта өнімі сол екінші вариантын жоғары өнім алу себептері: қоза егілген далада жердің агротехникалық тыңайтқыш салымы дұрыс өнбеуі қозаға жасалған барлық жағдайлар қозаны жетілдіруде жоғары технологиялық агротехникалық жұмыс шаралары өз мерзімдерінде дер кезінде орындалғаннан кейін ауыспалы егістің тиімділігі арқылы жоғары өнім алуға мүмкіншілік жаратылды.
№10 кесте. Қоза өсімдігін жетілдіру технологиясы ерекшелігінен алынған мақта өнімі (ц/га).
№
Вариант және ауыспалы егіс жүйесінің схемасы
|
Қайталануы (павторность)
|
Қайталанудың орташа өнімі
|
Айырмашылығы
|
Терім бойынша мақта өнімі
|
Терілген мақтаның жалпы өнімі
|
І
|
ІІ
|
ІІ
|
1 – ші
|
2 – ші
|
1
10 жылдан көп мақта егілген жер
|
14
|
17
|
19
|
15
|
0,0
|
11
|
4
|
15
|
2
3 жыл жоңышқадан кейін 3 жыл мақта егілген ауыспалы егіс
|
22
|
24
|
23
|
23
|
+8,0
|
17
|
6
|
23
|
4-бөлім. Қоршаған ортанықорғау
Елімізде шығарылатын бүкіл минералды тыңайтқыштар тек қана шаруашылықтардың егіс даласына тасымалдау кезінде 10—15% ысырапқа ұшырайтыны анықталды. Егер де осы ысырап болған тыңайтқыштардың көлемін 1%-ке кемітсек, миллиондаған тенге ақшаны үнемдеп, қоршаған ортаға тыңайтқыштардың зиянын едәуір кемітер едік. Ол үшін, ең алдымен, тыңайтқыштарды арнаулы машина комплексімен тасымалдауға, оларды сақтайтын арнаулы қоймаларды салуға және дұрыс қолдану жұмыстарын қолға алуға тура келеді.
Ауыл шаруашылығын химияландырудың мұндай жоғары қарқынмен дамуы — табиғаттағы заттардың биологиялық айналымына байланысты. Мұндай процестерді «биофильді құбылыстар» деп атайды.
Соя мол өнім алу үшін топырақта өсімдікке қажетті минералды және органикалық заттар жеткілікті болуы шарт. Әдетте, топырақтың қай жерде орналасуына және басқа да табиғи жағдайларға қарай оның құрамында өсімдік тіршілігіне қажетті қорктік заттар мөлшері азды-көпті болса да кездеседі. Дегенмен, бұлт қоректік заттардың қоры шексіз емес, олар жыл сайын егілетін өсімдіктердің өсіп-жетілуіне, түскен өніміне жұмсалып, белгілі мөлшерде кеміп отырады. Минералды тыңайтқыштарды топырақтың құрамына және егілген дақылдың физиологиялық ерекшелітеріне қарап енгізу қажет. Минералды тыңайтқыштарды шектен тыс көп қолданудан қоршаған орта мен топырақтың физика-химиялық қасиеттерінің бұзылуына, өсімдік пен жануарларға және адам организміне кері әсерін тигізетіні белгілі болды. Бұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алуда топырақтағы минералды тыңайтқыштар шектен тыс көп немесе жетіспей қалуынан сақтану үшін агрохимиялық және экологиялық бақылау жүргізуді қадағалап отыру қажет. Аналитикалық бақылау жүргізуде жоғары концентрациялық макро, микро элементтер өсімдікке өте қажетті болғанымен қоршаған орта мен адам организміне өте зиянды екендігін тексеру толық қамтылуы тиіс. Сонымен қатар уыттандыратын элементтердің қоршаған ортаға әсерінің алдын алуда профилактикалық іс-шараларды жүргізу агрохимиялық бақылау жүйесін дұрыс қолға алуды талап етеді. Жылда минералды тыңайтқыштарды жоғары мөлшерде қолданудан топырақтың химиялық, физикалық, физика-химиялық, микробиологиялық және биохимиялық қасиеттері өзгереді. Топырақтың жыртылатын қабатына минералды тыңайтқыштардың негізгі бөлігі жиналып оның тез өзгеруіне әкеледі. Жоғарыда айтылғандай минералды тыңайтқыштарды көп мөлшерде енгізу және ұзақ мерзімде қолдану топырақ қасиеттерінің жоғары дәрежеде өзгеруіне әкелетіндігі белгілі болды. Минералды тыңайтқыштардың топыраққа әсері оның механикалық және минарологиялық құрамына және ондағы корбонаттарға, қара шіріктің құрамы мен санына, топырақ-климаттық метеорологиялық жағдайға байланысты. Әртүрлі топырақ-климатты аудандарда минералды тыңайтқыштарды көп жылдар бойында енгізуден топырақтағы тез еритін, өсімдіктер жақсы сіңіре алатын қосылыстар көбейіп немесе азайып кететіндігі байқалды.
Минералды тыңайтқыштарды қарқынды енгізуден топырақтағы жылжымалы (Р, К, Мо) өзгеріп қана қоймай уыттандыратын қосылыстардың көбеюіне алып келеді. Жыл сайын жүйелі түрде аммиак селитрасын, суперфосфатты немесе калий сулфатын енгізуден топырақтағы алюменийдің көбеюіне әкелсе, екінші жағынан калий, магний, марганецтің азаюына әкеледі. Сонымен N,P,K тыңайтқыштарын көп мөлшерде енгізуден топырақтың жоғарғы қабаты қышқылданып магний жетіспеушілігі байқалады. Топырақ құрамындағы қоректік заттардың өзгеруінен физиологиялық процесстер бұзылады. Азот тыңайтқышы ортаның уыттын жоғарылатады. Кәдімгі суперфосфат тек фосфор тыңайтқышы емес онда басқа 5 элементтер кездеседі. Минералды тыңайтқыштарды енгізуден орта қышқылданып қана қоймай өсімдікке қажетті элементтердің қатынасы бұзылып, топырақ құрылысы нашарлайды. Топырақта минералды тыңайтқыштардың аз немесе шектен тыс болуы адам және малдың ауруға шалдығуына әкеледі. Топырақ жүйесіндегі қолайсыз жағдайлардан кальций және магний айналымы бұзылады. Магний өсімдікке ғана өте қажетті ауыстырылмайтын қоректік элемент емес, сонымен қатар адамға және жануарларға қажет. Ол қан мен сүйек құрамында және жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне және ферменттердің жақсы жүруіне әсер етеді. Фосфор және калий тыңайтқыштарын жүйелі түрде енгізуден кальций және магний тапшылығы артады. Азот тыңайтқышын жоғары мөлшерде қолданудан өсімдік өнімдерінде күкірт жетіспеушілігіне әкеледі, бұл адам және жануарлар организмдерінің өсі процесінің бұзылуына әкеледі. Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс карыштап дамып отырған кезеңде адамдардың планетамыздың биосферасына оның құрылымы мен энергетикасына әсер етуі де артып отыр. Жыл сайын миллиард тонналап жағылатын көмір, мұнай және газдар атмосферадағы көмір қышқыл газын көбейтіп жіберді. Жер койнауынан жылма-жыл көптеген химиялық элементтер қазылып алынып, ортаға таралады, мұның өзі олардың биосферадағы табиғи тепе-теңдігін бұзады. Атмосфера мен суды тек өндірістік және тұрмыстық қалдықтар, автомобиль газдары ғана ластап қоймайды, сонымен қатар ауыл шаруашылығының улы химикаттары мен ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары да бүлдіреді.
Табиғат қорғауда ауыл шаруашылығы өндірісінде жұмыс істейтін адамдардың атқаратын ролі ерекше. Оның үстіне қоршаған ортаны қорғауда ауыл шаруашылығы өндірісінде пайдаланылатын әр түрлі тыңайтқыштарды дұрыс қолданудың маңызы артып отыр.
Минералды тыңайтқыштарды қолданғанда, топырақта көбіне өсімдіктер көп қажет ететін азот, фосфор және калий элементтерінің қоры көбейеді. Өне бойы минералды тыңайтқыштарды көп жыл бір жерге қолдана беру — топырақ құрамындағы қоректік заттарды нормадан тыс көбейтіп, олардың тепе-теңдігін және айналымын бұзады. Мұндай жағдайлар көбіне, тыңайтқыштарды көп нормада қолданатын суармалы жерлерде егілетін жоғары өнімді дақылдары-(мақта, күріш, жүгері, көкөніс) бар және қала маңындағы жайылым аз, малы көп шаруашылықтарда кездеседі.
Химия кұралдарының қоршаған ортаға әсерін білу үшін маңайдағы су көздеріне бақылау жасауға болады. Су көздері де суда еритін қоректік заттардың қоймасы болып табылады.
Су көздеріне өте көп мөлшерде көміртек, азот, фосфор пайда болып оны «кірлетіп» жібереді. Суда өсетін шөптерді уландырып, өсуіне кедергі жасайды, оларды шірітеді. Суда оттегінің қоры кеміп зиянды газдар пайда болады. Тіпті, су жануарлары өмір сүре алмайтын мұн-дай нәрсені, әрине, үй-тұрмысында пайдалануға әсте болмайды. Егер 1 литр суда 40 миллиграмм нитрат болса, ондай су ішуге жарамсыз. Азотты тыңайтқыштарды аз қолданатын шаруашылықтарда өсімдіктердің азотты пайдалануымен қатар, тынайтқыштардың шайылып жоғалуы онша көп болмайды.
Мұндай зиянды жағдайлардан құтылу үшін азотты тыңайтқыштарды өсімдіктердің әр түрлі даму сатыларында бөліп-бөліп қолдану керек. Казіргі кезде тыңайтқыштардың мұндай жоғалуын сақтау үшін, болашақта баяу әрекет ететін тыңайтқыштарды шығару жоспарланып жатыр. Топыраққа енгізілген көптеген керекті заттардың кейбір бөлігі жуылып кетсе, кейбір бөліктері топырақта аз еритін заттарға айналады немесе химиялық реакциялардың әсерімен газ күйінде ауаға ұшып кетеді. Барлық дақылдар, орта есеппен, азотты тыңайтқыштардан азотты 40—50 %, калийді — 30—40 %, фосфорды 10— 20% қана бойына сіңіреді. Тыңайтқыштардың қалған бөлігін өсімдік пайдаланбайды.
Тыңайтқыштарды көп мөлшерде, нормадан тыс қолдану — олардың пайдалану коэффициентін жоғалтады. 1 гектар орманды жердің топырағынан бір жылда 18 кг азот, 0,2 килограмм фосфор және 5 кг калий жуылып кетсе, ауыл шаруашылығына пайдаланып жүрген егістік жерлерде азоттың 67 кг, калий 36 килограмға жуығы шашылады. Минералдық тыңайтқыштарды жоғары нормамен пайдаланғанда, топырақта балласты элементтер (фтор, хлор, иатрий және т. б.) жинақталады, олар топырақтың қасиетін нашарлатады, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін төмендетеді, өнім сапасын кемітеді.
Егер оларды дұрыс пайдалана білсе, керісінше дақыл өнімділігін арттырып, қоршаған ортаны жақсартады. Егістікке фосфорлы тыңайтқыштарды көп қолданғанда оның құрамында фтор элементі көп болғандықтан, адам мен жануарларға көп зиянын тигізеді (қос суперфосфат құрамында 1,5% фтор болса, аммофоста 3,5-4% фтор болады). Әр гектарға 60—80 килограмм фосфорлы тыңайтқыштарды енгізгенде, 6—8 килограмм фтор топыраққа кіреді. Сол сияқты нормадан тыс калийлі тыңайтқыштарды егістікке қолдану — топырақтағы магний, натрий сияқты элементтердің арақатынасы мен тепе-теңдігін бұзады.
Көп жылғы тәжірибе жұмыстары мынаны көрсетті: ауыл шаруашылығын химияландыру — заттардың алмасуы мен онда өтетін биохимиялық процестерді тездетеді, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікке әрекет етеді. Ауыл шаруашылығыңда қолданылатын тыңайтқыштардың мерзімін, нормасын, қолдану тәсілдерін білу — егіншіліктегі қоректік заттардың шаруашылық-биологиялық айналымын және тепе-тендігін реттейді.
Суармалы гектардың берерін молайту ушін— тыңайту тиімділігін жақсы білу керек. Мақта, қант қызылшасы, жүгері дәні, күріш, сурмалы жерлерге егілген басқа да дақылдар тыңайтқыштармен керегінше қамтамасыз етіледі. Дегенмен, олардың суармалы егістіктеп тиімділігі төмен дәрежеде қалып отыр.
Өкінішке орай тыңайтқыштарды пайдалануда өрескел бұрмалаушылықтар бар. Көптеген шаруашылықта қоректік элементтердің арақатынасы сақталмайды. Дақылдарға белгілі нормадағы ұсынылған тыңайтқыштардың мөлшері не көбейтіледі, не азайтылады, тыңайтқыштарды енгізу мерзімі бұзылады. Республиканы тұтас алғанда, тыңайтқыштардың жалпы мөлшерінің 20 проценттен астамы көктемде культивация жасағанда, тырмалағанда, яғни, уақыты да, әдісі де ең тиімсіз кезеңде енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |