Диплом жұмысының зерттелу объектісі Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі жанама салықтың бірі акциз болып табылады


ҚР аумағында өндірілетін, безин мен авиациялықтан басқа дизель



бет3/7
Дата12.06.2016
өлшемі1.03 Mb.
#129849
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7

ҚР аумағында өндірілетін, безин мен авиациялықтан басқа дизель

отынымен көтерме және бөлшек сауданы жүзеге асыратын заңды

және жеке тұлғалар сататын бензин авиациялықган басқа мен

дизель отынына арналған акциз ставкалары







Төлеуші

1 тоннаға арналған акциз ставкалары (тг.)

1

Мұнай өңдеу зауыттарының (МӨЗ) өз өнімдерін бөлшек сауданы (түпкі тұтынушыға) көтерме сауданы (одан әрі қайта сату мақсатында) жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаға сатуы

Мұнай өңдеу зауыты

4500

540

2

Мұнай өңдеу зауытының өз өнімдерін операцияларды және өзара есеп айырысуларды жүргізуді қоса алғанда, өндірістің мұқтаждары үшін тұтынушы-кәсіпорынға сатуы

Мұнай өңдеу зауыты

5000

600

3

Мұнай өңдеу зауытының өз өнімдерін өз бөлшек сауда желісіне сатуы

Мұнай өңдеу зауыты

5000

600

4

Заңды және жеке тұлғалардың жанар-жағар май материалдарын бөлшек саудамен (түпкі тұтынушыға) сатуы

Жанар-жағар май материалдары мен бөлшек сауданы жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар

500

60

5

Заңды және жеке тұлғалардың жанар-жағар май материалдарын бөлшек сауда ны жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға көтерме сатуы (одан әрі қайта сату мақсатында)

Жанар-жағар май материалдары мен бөлшек сауданы жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар

0

0




Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде анықталады.

Адвалорлық акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді.

Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алынып тасталынған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылым тіркелгеннен кейін ол өзгертілмеуге тиіс.

Спирттің барлық түрлеріне әртүрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады. Алкоголь өнімін өндірушілер базалық ставкадан төмен акцизбен сатып алған спиртті алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде осы спирт бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын түлғаларға сатылатын спирттің барлық түрлері үшін белгіленген акциздің базалық ставкасы бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге тиіс. Қайта есептеу мен салық төлеуді спиртті алушы жүргізеді. Осы жағдай емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медициналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Нақ осы спирт бойынша емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек

өндірушілер мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады.


Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді. Сонымен қатар бұл ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензиннен басқа), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.

Акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған жағдайда акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.

Алкоголь өнімін таңбалауға арналған акциз алымының бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставка негізге алынып жүргізіледі. Маркада ыдыстың көлемі белгіленбеген жағдайда акциз алымының бүлінген немесе жоғалған маркалары бойынша акцизді есептеу акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішінде өнім құю жүргізілген ыдыстың неғұрлым үлкен көлемі негізге алынып жүргізіледі.

Акциз алымы маркалары бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда акциз төленбейді:


  1. акциз алымы маркалары төтенше жағдайлар салдарынан
    бүлінсе, жоғалса;

  2. акциз алымының бүлінген маркаларын салық органдары
    жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса.

Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алуша аталған

акцизделетін тауарларды қабыддауға және оларды одан әрі өткізу

үшін пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату шарты бойынша:

1) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын

өндіруші;

салық" төлеуші өнім беруші болып табылған жағдайда, бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.

Ойын бизнесі лотереяларды қоспағанда саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мыналар салық салу объектісі болып табылады:


  • ойын столы;

  • ақшалай үтысы бар ойын автоматы;

  • тотализатор кассасы;

  • букмекер кеңселерінің кассасы.

Лотерея үйымдастырушысының лотерея билеттерін сатуға шығаруы лотерея бойынша салық салу объектісі болып табылады. Осыған сай лотерея ұйымдастырушысы өткізуге әзірлеген лотерея билеттерінің саны сатуға шығару деп үғылады. Лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді. Лотерея билеттерін сатуға шығарудың әрбір шығарылымы және оның акция түріндегі көлемі лотерея билеттерін өткізу басталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірілмей салық органдарында міндетті түрде тіркелуі тиіс.

Акцизделетін тауарларды экспортқа өткізу кезінде салық төлеуші салық салудан босатудың негізділігін растау үшін тіркелген орны бойынша салық органына алпыс жүмыс күнінің ішінді міндетті түрде мына құжаттарды табыс етуі қажет:

1) экспортталатын акцизделетін тауарларды беруге шартты (келісім-шартты);

2) акцизделетін тауарларды экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк

декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін.

Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистралдық құбыр жүйесімен немес электр берілісі желілерімен не толық емес мерзімдік декларациялау режимін қолдана отырып әкеткен жағдайда, кеден рөсімдеуін жүргізген кеден органының белгілері соғылған толық кедендік жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады.

3) ҚР кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері, акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистралдық кұбыр жүйесімен немесе электр берілісі желілерімен әкетілген жағдайда тауарға ілеспе қүжаттарының көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актісі табыс етіледі.

4) Салық төлеушінің ҚР зандарына сәйкес ҚР-да ашылған шоттарына акцизделетін тауарлар өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем қужаттары мен банк көшірмесін табыс етуі қажет.

ҚР акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасасқан ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге акцизделетін тауарлар экспортталған кезде ҚР-ның кеден аумағынан экспорт режимінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде ресімделген кедендік жүк декларациясының көшірмесі қосымша табыс етіледі.

Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын акциз базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу салық кезеңінде белгіленген акциз ставкасын салық салынатын объектілердің санына қолдану арқылы анықталынады. Салық

(шығып қалған) объектіге акциз сомасы толық көлемде төлеп еді.



Акцизделетін тауарларды (спирттің барлық түрін және газ конденсатымен бірге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе оны ҚР кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бүдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған болса, ҚР аумағында төленген акциз сомалары шегерілуге тиіс. Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделінетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалынады. Сонымен қатар бұл ережелер акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде, акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарының меншік иесі акциздің төленгенін растаған жағдайда қолданылады.

Акцизделінетін тауарларға акциз операция жасалған күннен кейінгі оныншы күннен кешіктірілмей бюджетке аударылуы тиіс.

Алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні, өз өндірісінің акциздалынуға тиісті шикізатынан акцизделетін тауарлар өндірген кезде осы шикізатқа акцизделетін дайын тауарлар боцынша акциз төлеуге белгіленген мерзімде акциз төленеді.

ҚР аумағында өндірілген газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз ол берілген күні төленеді.

Ойын бизнесі бойынша акциз есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей, ай сайын салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша бюджетке аударылып отырылуы тиіс.

Лотерея үйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырушылар лтерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген күнге дейін немесе тірелген күні төлейді. Құрылымдық бөлішелері бар акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелерді олардың орналасқан жері бойынша салық






органдарында тіркеу есебіне қоюға және өзінің құрылымдық бөлімшелерін тіркеу есебіне қойғаны туралы өзі тіркелген жері бойынша салық органына хабарлауға міндетті. Құрылымдық бөлімше үшін төленуге тиіс акциз сомасы әр құрылымдық бөлімше бойынша жасалған құрылымдық бөлімше жөніндегі акциз есебі негізінде анықталады. Акциз есебін осы құрылымдық бөлімшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңі ішінде құрылымдық бөлімшелер жасаған операциялар ескеріледі. Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелері үшін төлеуге тиіс акциз сомалары бойынша есепті - өзінің тіркелген жері бойынша салық органына және есептердің көшірмелерін құрылымдық бөлімшенің тіркелген жері бойынша салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелёр үшін акцизтөлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің есеп шотынан төлейді немесе құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.

Акцизге қатысты күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.

Әрбір салық кезеңі аяқталған соң, салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей, салық төлеуші өзі тіркелген жері бойынша салық органдарына декларация табыс етуге міндетті.

Қүрылымдық бөлімшелер бойынша декларация акциз бойынша есеп-қисаптар салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.

Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды ҚР кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі ретінде белгіленеді.

Адваларолық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде салық салынатын база импортталатын акцизделетін тауарлардың ҚР кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендік құны ретінде анықталады.

Импортталынатын тауарларға акциздер ҚР кеден зандарында кеден төлемдерін төлеу үшін белгіленген күні төленеді.

Таңбалануға тиісті импортталынатын акцизделетін тауарларға акциздік алым маркаларын алган күнге дейін немесе алған күні акциз төленеді.

Жеке тұдғалардың ҚР Үкіметі бекіткен номралар бойынша импорттайтын акцизделетін тауарларына акциз төленбейді.

Төмендегі көрсетілген импортталынатын тауарлар түрлеріне акциз салынбайды:

- жол бойы бағытында және аралық аялдама пукттерінде халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралдарын пайдалануы үшін қажетті, сондай-ақ аварияны жою үшін шетелден сатып алынғанакцизделінетінтауарлар;

-ҚР кеден шекарасы арқылы өткізілетін, «Еркін айналыс үшін тауарлар шығару режимін қоспағанда, ҚР кедензадарымен белгіленген кеден режимі шеңберінде акцизден босатылатын тауарлар;

-сыйымдылығы 0.1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына қүйылған және ҚР заң актілеріне сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа).

Сыраны қоспағанда спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі,
темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа да бұйымдар ҚР
Үкіметі айқындайтын тәтіппен және жағдайларда акциз алымы
таңбаларымен және есептік-бақылау таңбаларымен таңбалануға
тиіс. Ал осы акциз алымы таңбаларымен және есептік-бақылау
таңбаларымен таңбалауға акцизделетін тауарларды

дайындаушылар мен импортерлер жауапты болып табылады.

Салық органы уәкілетті мемлекетік орган белгілеген тәртіппен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін

таңбалаудың ережесін акцизделетін тауарларды дайындаушының сақтауына бақылау жасайды, сонымен қатар ол уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәтіппен акцизделетін тауарларды өндіруді жүзеге асыратын салық төлеушінің аумағында акциздік постылар белгілейді.

Акциздерді есептеу және төлеу механизмі І36 нұсқаулықта бекітілген. Оған қоса "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заңының 4-бөлімі акциздерді есептеу және төлеу тәртібінің зандық негізі болып табылады.

Республикасында алғашқы рет 1992 жылы енгізілгеннен бері акциздерді есептеу және төлеу тәртібі көптеген өзгерістерге ұшырады. Олардың негізгілеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

- акцизделетін тауарлар тізбесі өзгеріске үшырады;

- импортталатын және отандық тауарлар бойынша акциздер ставкалары бірыңғайланды;

- спецификалық ставкалар теңгемен белгілене бастады (бұрын ЭКЮ-мен берілетін);

-тауарларды қайта өңдеуде акциздерді есепке алу механизмін кеңінен қолдана бастады.

Егер қосымша құнға салынатын салық тауарлардың өндірісі мен айналысының барлық сатыларында туындап төленетін болса, онда акциз өндіріс аясында ғана қызмет етеді.

Қазақстан Республикасы территориясынан шығарылатын акцизделетін тауарларға акциз салынбайды, өйткені бұл жағдайда үстем пайданы өндіру үшін кеден төлемдерін алу механизмі қолданылады.

Акциз ставкасын анықтауға негіз болып өндіріс шығындарын бұйымның өзіндік құны, пайда және акциз сомасын қосатын өткізу бағасы табылады. Ставкалар, акцизді бюджетке төлеген соң бағада қалған пайда кәсіпорынға рентабельдікті қамтамасыз ете алатындай деңгейде есептелуі қажет. Осыны ескере отырып акциз ставкалары дифференциалданған.

Акциз сомасын төлеушінің өзі анықтайды. Акцизделетін

тауарларға арналған есеп құжаттарында акциз сомасы жеке жолмен бөлініп жазылады. Егер акцизделетін тауар өндірісі үшін шикізат болып Қазақстан Республикасы территориясында акциз сомасы төленген акцизделетін тауарлар болса, онда дайын

акцизделетін тауарлар бойынша төленген акциз сомасы азайтылады.

Акцизден босатылған тауарлар өндірісі үшін шикізат ретінде қолданылған тауарлар бойынша төленген акциз сомасы өзіндік құнға жатқызылмайды, ол болашақтағы төлемдер есебінен ескеріледі немесе салықтардың жалпы түсімі есебінен өтеледі.
Акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасы

территориясына енгізген жағдайда акциздер тауарларды кедендік тіркегенге дейін немесе тіркеу мезетінде төленеді. Қазақстан Республикасы территориясына енгізілетін акциздік алым маркаларымен міндетті таңбалану қарастырылған тауарлар бойынша мұндай маркаларды иемдену салық салатын айналым анықталатын ақырғы акциз сомасында ескерілетін аванстық төлем ретінде қарастырылады.

ТМД-ға мүше мемлекеттердің территориясында жасалған және осы жақтан енгізілетін акцизделетін тауарлар бойынша бюджетке төленетін акциз сомасы шыгарылған елде төленген акциз сомасына азайтылады.

Өздері өндіріп және өткізетін акцизделетін тауарларға акциз төлеуден босату 'үшін ұйымдар салық органдарына келесі құжаттар тапсырады:

- төлем құжаттары және банктен жазба қағаз;

- акцизделетін (тауарларды жеткізіп беру үшін шетелдік


әріптесімен отырған келісім- шарттың көшірмесі;

  • шығаруға рұқсат мөрі басылған жүк кеден декларациясы;

  • жүктің шекарадан өткенін дәлелдейтін кеден органдарының
    белгілері бар кедендік немесе басқа құжаттардың көшірмесі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нормалар бойынша жеке тұлғалар импорттаған акцизделетін тауарларға акциз салынбайды.

Акциздердің бюджетке аударылуға жататын сомасы банк төлем тапсырмасын алған күні тиісті бюджеттерге есептеледі.

Акциздерді тиісті бюджетке уақтылы аудармаса банк Заңға сәйкес жауап береді.

Акциздердің дүрыс есептелуі мен уақтылы төленуі үшін жауапкершілік салық төлеушілерге жүктеледі.Олар есепті айдан кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей ай сайын декларация тапсыруға міндетті.

Сауда-саттық кәсіпорын бағасында акциз сомасы бар тауарларды экспорттаса, онда олардың сомасы жергілікті салық органдарымен оған қайтарылуы тиіс. Акцизді төлеушілер тек занды түлғалар емес, сонымен қатар жеке кәсіпкер тұлғалар да болғандықтан олар да акцизді заңға сәйкес есептеуге, декларация тапсыруға міндеттһ

Қызмет етуші заңмен акциз сомаларын өтеу тәртібі қарастырылған. Мүндай өтеу дайын тауарлар өндірісінде акцизделетін шикізат қолданылған жағдайда жүргізіледі. Өтеу келесі формада жүргізіледі:



  • дайын өнім бойынша төленуге тиісті акциз сомасын азайту
    есебінен дайын өнім өндірісі үшін кеткен шикізат бойынша өтем;

  • алдағы төлемдер есебінен немесе шикізат бойынша жалпы
    салықтық түсімдердің есебінен өтеу, оның құны өзіндік құнға
    жіберіледі;

  • шикізатты өндіріске беру кезеңінде акцизделмейтін тауарлардың
    өзіндік құнына жіберу;




- вино, жүзім және өнім сусындарының өндірісі үшін қолданылатын, шарап материалдары үшін қолданылатын шикізат бойынша өтем;

Ішкі өндіріс тауарлары үшін акциздер бойынша салық салынатын айналым болып тауарларлың кедендік құны табылады.

Алкоголь өнімдері және темекі бүйымдары Қазақстан территориясында өткізілетін болса, онда олар акциздердің толық алынуын қамтамасыз ету үшін және заңсыз өндірісінің алдын алу үшін міндетті маркілеуге жатады. Оған өнімді өндірушілер мен импортерлер жауапты болып табылады. Бекітілген үлгідегі акциздік алым маркаларын сату жолымен акциздер алынады, ал олардың құны акциздер бойынша аванстық төлем болып табылады және бюджетке төленетін акциздер бойынша азайтуға жатқызылады.

Ескерту: Акциз ставкалары шығу үшін елі Тәуелсіз Мемлекеттер Достығына мүше мемлекеттер болып табылатын және көрсетілген тауарлар келісім-шарттардың жасалған күніне және олар бойынша ақы төлеу фактісіне қарамастан Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін акцизделетін тауарларға қолданылады. ТМД-ға мүше елдерде ( саудада "арналған елі" принципі бойынша жанама салықтар алынатын мемлекеттерден басқа ) шығарылатын және олардан әкелінетін, қазақстандық шикізатан жасалғандарды қоспағанда, бағасы Қазақстан Республикасында әкелінетін тауарлар үшін белгіленгенне төмен акциз ставкаларын қолдану арқылы қалыптастырылған акцизделетін тауарлар бойынша акциз ставкаларындағы айырмашылық бойынша алынады.

Аталған тәртіп "салық жөне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының заңына сай әзірленген және де Қазақстан Республикасының кеден аумағында әкелінетін, ҚР-ның аумағында сатылатын акцизделетін тауарлар акциздерінің ставкалары және ойын бизнесі туралы" ҚР-сы Үкіметінің қаулысына сай бөлшек


сауда торабында сатылатын бензин мен дизель отынына (бүдан әрі мүнай өнімдері) акциз төлеу тәртібін белгілейді.

1. Занды не жеке тұлғаладың мұнай өнімдерін бөлшек сауда торабында сатудың'акциз сомасын есептеу, аталған мұнай өнімдерінің заттай көрінісінің нақты сатылу көлемі бойынша күн сайын жүргізіледі. Заңды немесе тұлғалар акцизді төлеуді бас ұйымның тіркелген жері бойынша салық комитетіне, мұнай өнімдерін сатқаннан кейін он күннен кешіктірмей іске асырады.



  1. Егер занды нежеке тұлғалардың мұнай өнімдерін бөлшек
    саудамен іске асыратын филиалдары мен окдіауланған бөлімшелері
    (әрі қарай АМҚС) болғанда, аталған заңды тұлғалар, нақты
    сатылған көлемін ескере отырып, әрбір АМҚС бойынша акцизді
    есептеуді бөлек жүргізеді, және АМҚС орналасқан жері бойынша
    салық комитетіне салық төлейді.

  2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
    туралы" Қазақстан Республикасының заңының 139-2 бабының
    негізінде АМҚС орналасқан жердегі салық комитеті ол туралы бас
    ұйымға және салық тшіеушінің өзіне тірдселген жері бойынша
    жазбаша ескертіп, онда акциз есепке алынатын салық комитетінің
    деректемелерін көрсетеді.

АМҚС-нің есеп нөмері он үш цифрдан тұрады: алғашқы он екі нөмер заңды (жеке) тұлғаның — СТТН және бөлшек ақысы (1) — АМҚС-ның реттік нөмері 1, 2, 3 боп табылады. Заңды тұлғаның бас ұйымы акциз сомасын бюджетке аударуды тікелей өзінің есеп шоты арқылы жүргізеді немесе өз бөлімшелеріне тапсырма береді.

  1. Заңды (жеке) тұлғалар есеп беруден кейінгі айдың 15-күнінен
    кешіктірмей бас ұйым (жеке түлға) тіркелген жері бойынша салық
    комитетіне, барлық АМҚС-ның нақты сатқанын ескере отырып

бас ұйым не жеке тұлға тіркелген жердегі салық комитеті есептеу
деректерін, декларацияда көрсетілген деректермен салыстырғаннан
кейін, АМҚС бойынша акциз туралы есептеулерді мөрмен және
басшының немесе оның орнындағы түлғаның қойған қолымен
куәландырады, осыдан кейін оларды кейіннен АМҚС орналасқан
жердегі салық органдарына көрсетуі үшін заңды (жеке) түлғаға
береді де, акциздің есептелген соммасының жиынтық тізімін өзінде
қалдырады.

5Заңды тұлғалар акциз туралы есептеуді АМҚС орналасқан жер


бойынша салық комитетіне есеп беруден кейінгі айдың 15-күнінен
кешіктірмей тапсырады.

Егер заңды түлғаның бір салық комитетінің ведомствосына қарасты аумақта бірнеше АМҚС болса, Мүндай жағдайда әрбір АМҚС бойынша акциз туралы есептер жеке тапсырылады.

Мүнай өнімдерін сату туралы айналымның болмауы, салық төлеушілердің есептерді тапсыруынан босатпайды. Мүндай жағдайда есептеулердің тиісті жолдарына сызықша қойылады.

Акциз бойынша түсімдердің есебін жүргізу салық органында мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:



1. Бас үйым (жеке>түлға) тіркелген жердегі салық комитетінде, осы бас ұйымдағы заңды (жеке) тұлғаның мүнай өнімдерін сату жүзеге асырылған жағдайда, акциз жөніндегі түсуді есепке алу үшін жеке шотының карточкасын ашады.

2. Егер осы салық комитетінің ведомствосына қарасты аумақта, бас үйыммен қоса өзге де бөлімшелер (АМҚС) болса, онда осы АМҚС бойынша жүргізіледі. Бүл орайда жеке шот карточкасында

заңды (жеке) түлғаның өзінің СТТН және барлық АМҚС есеп нөмері көрсетілуі тиіс.

3. "Есептелінгені" бағанында бас ұйым жэне салық комитетінің ведомствасы шегіндегі аумақта орналасқан өзге де АМҚС бойынша есептесуде есептелген акциз сомасы, ал "төленген" бағанында — акциздің нақты төленген сомасы көрсетіледі.

4. Акциз сомасын есепке алу қате болған жағдайда, осы сома салық төлеушінің мәлемдеуі бойынша, АМҚС тіркелген жердегі салық комитетінің тиісті коды мен шотына ауыстырылуға жатады.

5. Есептелген және төленген соманы көрсеткен кезде жеке


шотта сальдо шығарьшады. Есеп беру кезеңінің қорытындысы
бойынша теріс сальдо пайда болған жағдайда, белгіленген
тәртіппен өсім есептеу жүргізіледі. Төленбеген салық пен өсім
сомасын бас ұйымның заңды (жеке) түлғасының шотынан

өндіріп алып, осы соманы берешек деп саналатын салық комитеті шотының есебіне алады.

Егер салық төлеушінің деректері бойынша түтастай алғанда заңды (жеке) түлғаның есеп беру кезеңінде акциз бойынша берешесі болмаса, артық төленген деп саналатын АМҚС орналасқан жері бойынша салық комитеті, салық төлеушінің өтініші бойынша, көрсетілген артық төленген соманы онда берешек деп саналатын салық комитетінің тиісті коды мен шотына аударады.

Мүндай жағдайда өсім есептелмейді.

6. АМҚС орналасқан жері бойынша салық комитетінде акцизді
есептеу жөніндегі жеке шотта осындай тәртіппен жүргізіледі.

7. Акциз сомасының есептелуі мен төленуінің дүрыстығын


бақылауды жүзеге асыруы үшін салық комитетінде міндетті түрде

әрбір АМҚС-да мұнай өнімдерінің сатылу есебін жүргізетін журнал болуы тиіс, онда бақылау - өлшеу приборларының (БӨП) көрсетуі бойынша мұнай өнімдерінің нақты сатылу көлемі көрсетіледі.

Әр айдың бірінші күні БӨП көрсеткіші бойынша нақты көлемнің, сондай-ақ акциздерді аудару мерзімі арасында алшақтық анықталған жағдайда, салық комитеті акциздер сомасын қосымша есептеуді жүргізіп, қосымша есептелген сома туралы салық төлеушіге хабарлайды.

8. АМҚС жабылған және салық төлеушілер таратылған жағдайда, заңды тұлға өзінің тіркелген жері бойынша салық комитетіне жазбаша хабарлайды.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" заңның 75- бабына сәйкес акциздерді төлеушілер болып табылатын салық төлеушілерден қосылған құнға салынатын салық бойынша салық салынатын айналымды анықтаған кезде, салық салынатын айналымға акцизделетін тауар бойынша акциз сомасы енгізілмейді де, сол бойынша акцизді төлеу жөнінде міндеттеме пайда болады. Мынадай акциз ставкалары белгіленген:


  1. Заңды және жеке түлғалар жанар-жағар май материалдарын
    бөлшек саудамен өткізген кезде (соңғы түтынушыға) бір тонна
    бензин үшін акциз ставкасы 500 тенге, дизель отынына 60 тенге;

  2. Заңды және жеке түлғалар жанар-жағар май материалдарын
    бөлшек сауданы жүзеге асыратын заңды және жеке түлғаларға
    көтерме саудамен өткізген кезде:

1 тонна бензин үпін акциз ставкасы- 0 теңге, 1 тонна дизель отынына- 0 теңге.

Демек, бензинмен және дизель отынымен көтерме сауда (кейіннен қайта сату мақсаты үшін) акциз салудан босатылған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Кіріс министрлігінің 2000 жылғы 6 сәуірдегі 308-ші бүйрығымен бекітілген «заңды және жеке тұлғаларға көтерме саудамен өткізетін бензинге (авиациялықты қоспағанда) және дизель отынына белгіленген акциз ставкаларын қолданудың тәртібі туралық нұсқаулыққа сәйкес белгіленгені:



  1. 1 тонна бензин 1370 литрге сәйкес келеді.

  2. 1 тонна дизель отыны 1300 литрге сәйкес келеді.

Бөлшек саудада бензин мен дизель отынын өткізу литрмен жүзеге асырылады.

Акциз сомасын есептеу және оған бөлшек саудамен өткізілетін бензин мен дизель отынының өткізу бағасына енгізу үшін 1 литрге акциздің есептік ставкасын қолдану қажет, ал оның өзі литрмен есептелетін 1 литрикалық тоннамен мүнай өнімдері көлемі үшін белгіленген акциз ставкасының қатынасы ретінде анықталады.

Акциз ставкаларының есебі:

1. Бензин бойынша 0,37 теңге/литр (500 тг:1370л)

2. Дизель отыны бойьшша 0,05 теңге/литр (60 тг:1300л)

Акциздердің белгіленген есептік ставкалары бөлшек саудада өткізілетін дизель отынын өткізілген 1 литрінің бағасына енгізіледі. Егер сатып алушы, құнына акциз сомасы енгізілген бензинді сатып алса, онда аталған операцияны бухгалтерлік есепте көрсеткен кезде бензин құнына акциз сомасы да енгізіледі.

Мысалы: ЖШС автомай құю станциясы арқылы бензин сатумен айналысады. Жеткізіп берушіден 50 тонна бензинді (68500=50т*1370) әр литрін 24 теңге баға бойынша сатып алған, соның ішінде ҚҚС-, 4?30 теңге, 225000 теңге акциз сомасын

төлеген бензиннің әр литрін 19,7 теңге баға бойынша кіріске алған.

Бензинді 40 тонна мөлшерінде (58800 литр) әр литрін 25 теңге бойынша жарым- жартылай көтерме саудамен өткізген. Сонымен қоса, көсіпорын автомай құю станциясы арқылы 5 тоннаның (6850) әр литрін 28 теңге бағада бөлшек саудамен өткізген қалған бензинді өзіндегі жалпы- шаруашылық қажетіне пайдаланған.

Акциз өнімнен алынатын жанама салық болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген Қазақстан Республикасының аумағында импортталатын тізбесін Қазақстан Үкіметі бекіткен тауарларға, сондай-ақ ойын бизнесіне акциз салынады.

Акциз етавкаларын тауарлардың құнына немесе заттай күйіндегі нақты көлеміне шаққанда процентпен Қазақстан Республикасы Үкіметі бекітеді және Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай ставкалар болып табылады.

Отандық өндіріс тауарлары бойынша- тауар өндірушінің акциз қосылатын бағасына немесе заттай, күйіндегі физикалық көлеміне қолданылады.

Ойын бизнесі бойынша- ойын бизнесінен түскен, төленген ұтыстар шегерілген қаражаттың сомасына қолданылады.

Импортталатын тауарлар бойынша әкелінетін акцизделетін тауарлардың кеден құнына немесе заттай күйіндегі нақты көлеміне қолданылады.


2.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттегі салықгық

түсімдерге экономикалық талдау

Қазақстан Республикасында жанама салықтар мемлекеттік бюджеттің айтарлықтай бөлігін қалыптастырып отыр. Оның ішінде акциздердің де алатын орнын келісілердей кестелер көруге болады.

Кесте 5

2002-2005 жылдар аралығындағы акциздердің ЖІӨ -дегі үлесі



Атауы

2002

2003

2004

2005




Нақты

Үлесі

Нақты

Үлесі

Нақты

Үлесі

Нақты

Үлесі




млн. тг

%-пен

млн. тг

%-пен

млн. тг

%-пен

млн. тг

%-

























пен

Кірістер Салықтық

392951

330267


19.5 16.4

587039 524058

22.6 20.2

730597 635792

22.2 19.4

807845

750777


21.6 20.03

түсшдер

























Акциздер

18956

0.9

19285

0.7

21830

0.7

25443

0.9

ЖІӨ млрд.

2016.5

2599.9

3285.4

3747.2

Теңге















Атауы

2002

2003

2004

2005

Акциздер

18956

19285

21830

2543

Оның ішінде: Импортталынатын тауарларға акциздер

819

763

2139

3562

Ішкі өндіріс тауарларына акциздер

18137

18522

19691

20153
Біз бұл кестеден жалпы салықтардың, оның ішінде акциздердің бірте-бірте өсіп келе жатқанын байқаймыз.

Кесте 6 Акциздердің түсімі

Ал кірістердегі, салықтық түсімдердегі акциздердің үлесі төмендеп отыр. Әсіресе 2003 жылы 2002 жылға қарағанда кірістердегі үлесі 4.8%-тен 3.3%-ке, ал салықтық түсімдерде 5.7% -тен 3.7%-ке төмендеген. Бұл жағдай 2003 жылғы бюджет кірістеріндегі тікелей салықтардың үлесінің жоғарлауымен түсіндіріледі. Осы жылы, әлеуметтік салық, бірыңғай жер салығы енгізілген болатын. Ал жанама салықтардағы үлесінің төмендеуі қосылған құн салығының бюджетке түсуінің үлғаюымен байланысты.

1999 жылдың сәуір айынан бастап алкоголь өнімдері мен мұнай өнімдеріне акциз ставкалары ұлттық валютамен белгілене бастады. Ал импортталынатын тауарларға акциз ставкалары еш өзгеріссіз сол қалпында қалды.

Осындай өзгерістердің салдарынан 2003 жылы 2002 жылға қарағанда акциз түеімдерінің өсімі байқалады. Бірақ импортталынатын тауарларға акциз түсімінің сомасы азайған. Бүның себебі акциз ставкаларының төмендеуінен отандық акцизделетін тауарлар өндірісінің шамалы өсуі болып табылады.

2003 жылы акциз ставкаларына қатысты тағы да бірнеше өзгерістер байқалды. Осы жылы мүнай өнімдерінің импортына акциз ставкалары айтарлықтай төмендеп, бензин импортына 133 евро-дан 31 евро-ға, ал дизель отынына 88 евро-дан 20 евро-ға төмендетілді.

Сондай-ақ мүнай өнімдеріне акциз салығын төлеудің жаңа тәртібі енгізілді. Енді бүл өнімдерге акциз салығы мүнай өңдеу зауыттары мен бөлшек сауда субъектілері арасында 90:10 қатынасымен бөлініп төленетін болды.



Кесте-7. 2004-2005 ж.ж. Республика бюджетіне акциздің түсу динамикасы

Атауы

2004

2005

% өсу

(2005/ 2004)



Алкоголь

6 425 547

6 593 877

102,62

'Өндірістік емес тауарлар

2 830 502

3 425 420

121,02

Мүнай өнімдері

9016914

11 789569

130,75

Барлығы:

18272963

21 808866

119,35

Осы шаралардың нәтижесінде 2004 және 2005 жылдары акцизделетін тауарлардьің импорты көлемі өткен жылдармен салыстырғанда өсіп, одан түсетін акциз түсімі 2139 және сәйкесінше 3562 млн.теңгеге тең болған. Өнім түрлері бойынша акциздік түсімдер динамикасын 8-кестеден көреміз. Кесте —8

Өнім түрлері бойынша акциздік түсімдер (алкогольден басқа)


Атауы


Қаңтар-ақпан 2002 ж.

Қаңтар-ақпан ІООО ж.

Нақты ДООО т

Үлесі %-пен

Нақты, 1000 т

Үлесі %-пен

Бекіре және қызыл балық уылдырығы

53188

84.5

44922

58.6

Темекі өнімдері

1726263

123.3

21277632

92.4

Құрамында темекі бар өзге де бұйымдар

350

289.7

1014

0.0

Хрусталь

0

0.0 -

0

0.0

Зергерлік бүйымдар

9808

131.0

12851

0.0

Бензин авиациялықтан басқа

6765533

16.9

1145362

71.1

Диз.отыны

975731

16.4

160216

63.8



Қару

16

225.0

36

0.0

Ойын бизнесі

49164

126.7,

62291

71.2

Лотерея

0

0.0

17805

913.1

Электр энергиясы

809680

149.7

1211927

80.3

Шикі мұнай

843206

138.1

1164146

125.8

Бензин, МОЗ

0

0.0

3751762

92.5

Бензин, бөлшек саудада

0

0.0

410365

93.3

Диз. отыны, МӨЗ

0

0.0

803035

69.1

Диз. отыны,бөлшек саудада

0

0.0

61772

71.0

Барлығы:

11232939

97.7

10975136

87.7

Алматы қаласыньщ Әуезов ауданының Салық Комитеті бойынша жүргізілген 2004 және 2005 жылдарда 2003 жылмен салыстырғанда салық түсімдерінің күрт өсуіне әсер еткен себептерді талдау 2004 жылы бюджетке төлемдердің түсуі бойынша 6249119,0 мың. теңге болжам жасалғанын, ал нақты 6249119 мың теңге немесе 106,8 % түскенін көрсетеді. 2003 жылдың 12 айында 5334086,0 мың теңге немесе 117,2106,8 % түсті. Түсімнің артуы 915033,0 мың теңге құрады (қосымшадағы 1,2,3-кестелерде көрсетілген).

Алматы қаласының Әуезов ауданының 2004 жылмен


салыстырғанда 2005 жыл мәліметтері бойынша бюджетке

төленетін салықтық түсімдердің динамикасы келесідей жағдайда:



Төлем көзінен ұсталатын жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы

2004 жылдың 12 айының төлем көзінен ұсталатын табыс салығы бойынша 501364,0 мың теңгеге болжамы жасалып, ал нақты түсім 504479 мың теңгені қүрады. Ал 2003 жылдың 12 айында түсім 388660, 0 мың теңгені қүрады. Түсімнің өсуі 115819,0 мың теңгені - құрады. 2004 жылы түсімнің артуына

еңбекақының өсуі әсер етті, осыған байланысты келесі кәсіпорындар бойынша төлемдер артты:

"Алматы промстрой" - 2004 жылы 20181,4 мың теңге, ал 2003 жылы 2630,9 мың теңге;

"Эл Джи Электронике" 2004 жылы 25884,4 мың теңгені ал 2003 жылы 9636,8 мың теңгені құрады;

2003 жылдың 12 айындагы Әуезов ауданының кәсіпорындары бойынша еңбекақы төлеу бойынша қарыз 830031,6 мың теңгені, оның ішінде бюджеттік үйымдар бойынша — 99603,8 мың теңге.

Болжамды артық орындауға қарамастан төлем көзіне салынатын табыс салығы бойынша ірі қарыздар бар:

"АХБК-Озат" АҚ -18067,2 мың теңге;

"Жігер" ААҚ -4538,2 мың теңге;

Су көздері станциясы -2083,2 мың теңге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет