Дипломдық ЖҰмыс 5В011700 Қaзaқ тiлi жәнe әдебиеті Шымкент, 2021 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет19/20
Дата03.01.2022
өлшемі303 Kb.
#451299
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Жамашева Севара

«Дөңгелек үстел» әдісі. Оқу материалын тереңірек түсіну үшін қолданылатын әдістердің бірі. Бұл әдісті қолданудың негізгі шарты – талданып отырған мәселені қажеттілігін сезініп, сол туралы жалпы қорытындыға (консенсус) келу. «Дөңгелек үстелге» әр түрлі маман иелері (педагог, тілші, әдебиетші, психолог) қатыстырылады. Мектептегі «Дөңгелек үстелге» сынып оқушыларын, тіпті басқа мектептің оқушыларын, бас мамандарын шақырып бір мәселе төңірегінде бас қосуға болады.

Оқу жұмысының бұл формасы қазақ тілі сабағына қазақ тілін жетік білетін, ұлты қазақ емес қызметкер – мамандардың шақырылуын құралады. Олар қазақ тілі оқытушысының қатысумен топта берілген пән бойынша өзекті тақырыпқа қазақ тілінде пікірлесу - әңгімелесу өткізу өткізеді. Шақырылған маман алдымен өзі, кәсібі туралы қазақша әңгімелейді. Ол үшін сабақтың шамамен 10 – 15 минуты бөлінеді. Қалған уақыт әңгімелесуге, яғни оқушылардың сұраулары мен өз ойларын айтуына, маманның жауабы мен түсіндірумен, оның сұрақтарына және т.б. арналады.

Сұхбатты жүргізуде қазақ тілі оқытушысы жетекшілік етеді, ол сөйлеушілерге сөз беріп, әңгіме барысын бақылап отырады. Сұхбат толық қазақ тілі атмосферасында өтеді, қажет болған жағдайда сынып керек сөзді еске түсіріп отырады.

Әңгімелесу тақырыптарын оқушылардың өздері ұсынады. Әңгімелесу нақты қай тақырыпта өтетіні туралы оқушыларға алдын – ала мәлімделеді және сол тақырып бойынша жазбаша үй тапсырмасы немесе сыныптық жазбаша жұмысы болатыны жайында құлақтандырылады. Осындай алдын – ала ескерту оқушылардың көңілінің орнығуына ықпал етеді және оларды сол тақырып бойынша өзіне қажеттілерді конспектілуге бағыттайды. Сондай – ақ оқытушы оқушыларға әңгіме – сұхбата қолданылатын маңызды терминдерді, сөйлем модельдерін алдын – ала ұсынғаны дұрыс.

Тақырып бойынша дайындықтан кейін сабақтың екінші бөлімі, айтып кеткеніміздей, әңгіме – сұхбатқа арналады. Және әңгімелесудің максимальды спонтандығына жағдай жасау үшін, оқушыларға сұхбат тақырыбымен ғана байланысты емес, сондай – ақ, басқа сабақта өтілген тақырып бойынша да сұрақтарды қоюға рұқсат етіледі. Ерекше айта кететін жай, оқушылар қоятын сұрақтар тек қана әртүрлігімен ғана емес, сонымен қатар, ойластырылғандығы және жетілгендігімен, терең қызығушылығымен ерекшеленеді. Мысалы үшін оның кейбірін келтірейік: «Қоғамдық істі басқаруда жастардың ролі қандай?», «Тіл мәселесі туралы ойыңызды ортаға салыңыз»

Айтып кеткеніміздей, әңгімелесу үй тапсырмасын алумен аяқталады. Мысал ретінде әңгімелесу бойынша үй тапсырмасының кейбір тақырыптарын келтіруге болады: 1) сұхбатқа қандай мәселелер қарастырылады; 2) қандай негізгі ойлар мен тұжырымдар Сіздің есіңізде қалды; 3) сұхбат қалай өткенін баяндау, әсіресе не қызықтырғанын айту.

Іскерлік, рөлдік ойындар (симуляция). Іскерлік ойындарды жүргізудің негізгі дидактикалық мақсаты:


    • оқушының оқу белсенділігін арттыру;

    • білім, іскерлік, дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты - өз бетінше жұмыс істеуге үйрету, ерік – жігерін, қалыптастыру, ықтымақтастыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты – зейінін, ес, қиялын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту, оқу әрекетінің мотивациясын дамыту. Бұл әдісті қолданудағы мақсат – оқушылардың әрекетті бағалау қабілеті, шығармашылық ойлауы, күнделікті сабақта кездесетін мәселелерді шешу іскерлігін қалыптастыру. Олар іскерлік, рөлдік үйрету ойындарына бөлінеді. Оқытып үйрету ойындары нақтылы тілдік (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) дағдыларды қалыптастырып, дамытуды көздейді. Ойын бірнеше кезеңнен тұрады: дайындық, кіріспе бөлім, ойынның өзі, қорытынды. Іскерлік ойындар әлеуметтік – тұрмыстық, кәсіби бағыттағы жағдайдың геймингі болып табылады. Рөлдік ойындар да тұрмыстық, кәсіби бағыттағы имитациялық, шығармашылық, ойын – сайыс түрінде өткізілуі мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет