Математикадан ертегі есептер



Дата17.07.2016
өлшемі81.22 Kb.
#206379
Математикадан ертегі есептер

Базарбаев Б.У.

6 «А» сынып, ЖББ ОМ № 36

Жетекшісі: Тұрысбекова Д. Т.

Математика сабеақтарында, таңдау пәндерінде – біздің қисынды (логикалық) ойлауы мен шығармашылық қабілетіміздің дамуына, өз бетімен ізденушілігімді қалыптасуына жағдай жасалған.

Ертегі – сабақтарда тақырыпқа деген қызығушылығым артты қиялым дамыды. Математика сабағында ертегіні қолдану менің оқу материалдарды терең түсінуімді жеңілдетті, зейінімді турақтандырып, есте сақтау қабілетімді дамытты.

Мысалы: 1 сыныпта геометриялық ұғымдар: нүкте, кесінді, сызық түрлерін т.б. туралы өткенде, сабақты ертегі түрінде түгіндіргенде, біз материалды жақсы игердік, тапсырманы өз бетінше түсіне отырып орындау мүмкендегіне қол жеткіздік. («Нүктелер достығы», «Қарындаштың бастан кешкендері»).

1,2 сыныптарда «Ондықтар» тақырыбын өткенде «Цифрлар айтысы», «Цифрлар және сандар» ертегісін пайдалану – менің дөңгелек орындықтардың сандық құрылымы мен таңбаланды, разряд бірліктеріне қарай өзгердін, оның жазылды мен оқылдын меңгердіме, есте сақтауыма көмектесті.

Цифрлар мен сан ұғымның айырмашылығын түсінуде де де бұл ертегілер көп пайдасын тигізде.

«Туысқандар» ертегісін қолдану барысында, шаршы мен тіктөртбұрыштың ұқсастығы және айырмашылығын біздің, яғни оқушылардың өзіне антқызу, біздің өз бетімізбен ойландымызға, ізденуімізге жетеледі.

Тәрбиелің жағынан алсақ табул ертегілер бізді бірлік пен достыққа тәрбиеледі, мақтаншақтық сияқты жағымсыз қалаһықтардан аулақ жүруімізге бейімдеді.

Ертегі есептерде пән аралық баиланыс та бар, ертегілерді тыңдау, айту арқылы менің сөздік қорым нолойып, тіл байлығым да дамыды.

Халқымыздың ертегілерінде, аңыз әңгімелерінді, шешендік, тапқар сөздерінде, салт дәстүрлерінде математикамен байланысқан жерлерді көптеп байқауға болады.

Халқымыздың осы асыл қызынасын тиімді пайдалану. Менің өз ұлтымды сүюге, оның салт-дәстүріміз бен мәдениетімізге құрметпен қарау қасиеттеріледі одар әрі арттырды. Мен халқымыздың ертегі сиптерік шығаруды ұнатамын.

Төменде өрімнің ұнатып шығаратын кейбір қызықты ертегі есептерге мысал келтіремін.

Нүктелер достығы.

Ерте-ерте ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүкте өмір сүріпті. Бұл өзі өте әдемі қызыл түсті нүкте еді.

Бір күні нүкте отырып ойланады:

- Шіркін, менің көп досым болса ғой! Қой, мен серуенге шығып, өзіме дос іздеп келейін.



Қызыл нүкте қақпаның сыртына енді ғана шығып келе жатса, оған қарсы бір жасыл нүкте келе жатыр. Жасыл нүкте қызыл нүктеге келіп, оның қайда бара жатқанын сұрайды.

- Дос іздеп шықтым. Менің қасыма қатар тұр, бірге серуендеп келейік, -деді қызыл нүкте. Біраз уақыттан кейін қызыл нүкте мен жасыл нүктенің алдынан көк түсті нүкте шықты.

Осылайша нүктелер саны күннен күнге көбейіп, дос болып кетеді. Көбейгендері сонша олар бір қатарға тұра қалып еді, түзу шыға келді. Осылайша түзу сызық пайда болды.

Нүктелер түзу келе жатса, түзу сызық шығады да, ал олар түзу жүрмесе қисық сызық шығады.

Ертегіні тыңдай отырып біз түзу сызық пен қисық сызықты сызып үйренеміз.

Қарындаштың бастан кешкендері.

Ертеде бір Қарындаш өмір сүріпті. Бір күні Қарындаш түзу сызықтың бойымен келе жатады. Ол түзудің бойымен ұзақ жүріп, әбден шаршады. Тоқтап, дем алады да, өзіне-өзі: "Әлі қанша жүрер екенмін? Мына түзудің шегіне жетемін бе, жоқ па?" - деді.

Мұны естіп тұрған түзу күліп жіберді де:

- Әй, Карындаш-ай! Сен менің шегіме ешқашан жетпейсің ғой. Сен түзудің шегі болмайтынын білмеуші ме едің? - деді.

- Қой, оңда мен қайта кері қарай қайтайын, адасып кетіп жүрермін, - деді Карындаш.

- Ол жактың да шегі жоқ. Сызықгың шегі болмайды, - деді Түзу.

Түзу тіпті өндетіп жіберді:

Шетсіз, шексіз түзу сыз

Шетсіз, шексіз түзу сыз, - деп.

Мұны естіген Қарындаш мұнайып қалды.

- Сонда мен тоқтаусыз жүре беремін бе?

- Егер тоқтағың келсе, түзудің бойынан екі нүкте белгіле, - деді Түзу. (Балалар мұғаліммен бірге түзудің бойынан екі нүкте белгілейді).

- Алақай! - деп қуанып кетті Қарындаш. - Енді мен бойымен бір нүктеден екінші нүктеге қыдырып жүре аламын. Тоқта, сонда бұл қалай деп аталады.

- Бұл менің кесіндім, - деп жауап берді Түзу жымиып. (Балалар түрлі түсті қарындашпен кесіндіні белгілейді.)

Түзудің кесіндісі, түзудің кесіндісі, - деп қайталай отырып, Қарындаш кесіндінің бір шетінен екінші шетіне серуендеп жүрді.

Міне, осылай кесінді пайда болған екен.



Цифрлар айтысы.

Бір күні цифрлар нөлмен ұрысып қалады да, оны мазақтайды.

Сен біз сияқты цифр болсаң да, түкке тұрмайсың! Мысалы, оқушы 2 текше алып қоя алады, ал сені алса ештеңе қоя алмайды.

- Иә, иә, ештеңе де, ештеңе де, - деді бес.

- Ештеңе, ештеңе,- деп баска цифрлар шулап кетті.

- Сендер түк түсіңбейтін ақымақ екенсіңдер. Міне бір. Мен оның оң жағана қатар тұра қалсам бір қаңдай санға айналады? Жауап беріңдерші, - деді нөл сандарға. Нөл бірдің оң жағына тұра қалып еді, бір 10 саны болып шыға келді.

- Егер сенің оң жағына тұра қалсам, сен қандай санға айналасың? - деді нөл беске. Нөл бестің оң жағына тұра қалып еді, 50 санына айналып кетті. Сөйтіп, нөл барлық цифрлардың оң жағына тұра қалып, цифрлардан олардың қаңдай сандарға айналғандарын сұрап шықты.

- Мен сендердің барлығыңды үлкейтемін, ал сендер маған түкке тұрмайсыңдар деисіндер. Көне, жақсылап ойланыңдаршы, менің сендер үшін маңызым қандай? Тіпті сендер жоқ жерде де мен мендерді жоқтатпаймын. Сендер мынандай мысалдардың жауабын менсіз жаза аласыңдар ма:

5-5 - .., 7-7 - .., 9-9 = ... .

- Қане, ойланыңдаршы. Сендердің ешқайсыларыңды мұнда қоюға келмейді. Цифрлар қатты ойланып қалады. Осыдан былай олар нөлді мазақтамайтың болды. Бірақ енді нөлден басқа цифрлар өзара дауласа бастады.

- Мен барлығыңнан үлкенмін, мен қайдағы бір кішкентай бір емеспін ғой, - деп мақганып тоғыз шықты. Бір ішегі қатқанша күліп алды да, секіріп келіп, тоғыздың сол жағына тұра қалды.

- Ал, қанеки, енді кім үлкен, сен бе, әлде мен бе? Жауап берші! - деді бір (19 саны шықты ғой).

- Мен енді ондықпын, ал сен бар болғаны тоғызсын. Он тоғыздан үлкен емес пе?

Осы кезде 7 жүгіріп келіп, бірді қуып жібереді де, тоғыздың сол жағына тұра қалып еді, 79 саны шықты.

- Мен 7 ондықпын, жетпіспін, түсінесің бе? - деді жеті тоғызға.

Осылайша барлық цифрлар кезек-кезек келіп тоғыздың сол жағына тұрып көріп еді, бәрі 9-дан үлкен болып шыға келді. Тоғыз таң қалып, өзінің ойланбай мақтанғанына ұялып қалды.

Цифрлар осыдан кейін өз қателіктерін түсініп, айтысқандарын қойды. Цифрлардың таласы дұрыс па? Қандай қорытынды жасауға болады?

Қорытынды: Тоғыз басқа цифрлардан бөлек тұрса ғана үлкен, ал егер олар бір-бірімен қатар тұрса жағдай өзгеріп кетеді. Ең бастысы — санның жазылуындағы цифрлардың орны. (Қорытындыны оқушылардың өздері жасағандары дұрыс.)

Ескерту: Бұл ертегіні көрініс түрінде көрсетуге болады. Тоғыз оқушы цифрларды бейнелесе, мұгалім автордың сөзін оқиды.

Сандар мен цифрлар

Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғандары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны он: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.

Сандар мен цифрлар тату-тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу ''он бес" десе, 15 саны жетіп келеді, егер оны жазу керек болса 1 және 5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды жаза қояды екен.

Күндер өтіп жатады. Не болғаны белгісіз бір күні сандар цифрларға келіп:

- Біз көппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден мықтымыз, - дейді.

Цифрлар сандарға ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға:

- Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын. Көрейік, не істейтіндерін? - дейді.

Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады. Енді өркім өз үйінің есігіне нөмерін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын айтып қанша айқаласа да, ештеңе шықпайды. Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой. Сонда ғана сандар өз қателіктерін түсінеді. Сандар қаншама көп болса да, цифрларсыз өмір сүре алмайды екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып, кешірім сұрап елдеріне цифрларды қайтып алып келеді.

Содан бері сандар мен цифрлар тату-тәтті.достықта өмір сүріп жатыр екен.

Ұ Р Ы Л А Р МЕН КЕМПІР

Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен. панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға кәшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз қалады. Түн ішінде кемпірдік жалғыз сиырын ұрламак болып ұрылар келеді. Кемпір: «Ә, бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алған екен, мен де бұларды алдайын» деп ойлайды.

Сөйтіп, жалма-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты.

Сапырып - Сапырып Сарманға бер Құйып-құйып Құрманға бер.


Есіктегі екеуге бер,

Өзің іш,


Өзің іш те маған бер
Мұны естіген ұрылар: Қой, мұны мыз бекер екен. Бұл үйде толы кісі екен, әрі біреуі бізден артық екен кетейік деп, кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.

Халқымзыдын тұрмысы жан-жануарлармен тығыз байланысты бол-ғандықтан осы тақырыпта төмендегідей өлең есептерді қарастырып төрт түлік малды халқымыздың қалай өсіргендігін айта кетуге болады


Түйе, бота ман басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты қос ешкі

Төрт қозылы екі қой

Бәрін бірге ойлап қой

(он жеті)
Талдан үшты к-п торғай

Алдында онын бастаушы

Артында төртеу қостаушы

Және тағы қарасақ

Қайта оны санасақ.

Соңында біреу қап келеді.

Алдында төртеу, топ келеді

Үшеуі қатар жарысқан

Тізіліп үшеу қалыспан

Ойың жүйрік болса егер

Торғай нешеу есепкер?

Мынау да бір санамак.

Өздерің көр саралап,

Төбеден төрт бөктергі.

Аңдыпты қос кептерді

Шаңқылдаса көк қарға

Үн қоспапты көп қарға

Секем ап бір дауыстан

Безектеп бес дауысқан.

Алты белден асыпты

Тым – тырақай қашыпты.

Үш үкі үркіп ұшыпты.

Тасқа құлап түсіпті.

Жарда жеті жапалақ.

Отырғанда қаталап.

Топ-топ тоғыз тоқылдақ

Қарғып кеткен топырлап. Сөйтіп, қызық іс болды.

Бәрі қанша құй болды?

(отыз бір)

ЕРТЕГI ЕСЕП

Қаздың түлкіге айтқан есебі. Аң біткеннің патшасы арыстан ағзам ауырып апанында жатқанда мүләйімсіп түлкі келіп тамырын ұстайды.

— Тақсыр, ауруыңыз астан екен, тамақты талғап ішіңіз.

Көжек пен кұс балапанының жұмсақ еті мың да бір дауа, — деп бұлаңдайды.

Арыстанның көжек пен құс балапаның маған жеткіз деген бұйрығын орындауға келген түлкіге қаздиған қалпын бұзбаған қаз былай дейді.


  • Арыстанға азық етіп беретің артық төліміз жоқ. Егер оған барып шағынып, жағынам десең:

Түлкісің аярлыққа бермейтін дес. Көрейік қанша сенде ақыл мен ес. Балапан, көмек санын өзің тапқын,

Аяқтары тоқсан төрт, басы отыз бес —

дейді де, үңгірге еніп, есігін таспен бекітіп алады. Түлкі қаз осылай есеп айтып еді, мен шеше алмадым деп арыстан алдына баруға дәті шыдамалы.

Математика сабағында жыл қайыру, мүшел жасты есептеу, Хижра жылын есентеу. Хижра жылы мең Григориан календарының айырмасын есептей білу де — халықтық тәрбиенің бір саласы.

Өмірде, күнделікті тұрмысымызда өзіміз назар аудара бермейтің халық мұрасың сабаққа пайдаланып ондағы сөздердің мән-мағынасын ұқтыруға сабағымыздың аздаған минутың бөлуді әдетке айналдырсақ. Бізге әрі демалыс минуты, әрі тәрбие болар еді.

Пайдаланылған әдебиеттер



1.Қазақстан мектебі. №9.1998,26-б.№1,2000,22-28б.№5-6,2000.11-13-б

2.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет