Дипломдық ЖҰмыс 5В020800 «Археология және этнология» Шымкент, 2022 ж


Палеолит ескерткіштерін зерттеудің әдістемесі және ежелгі қоғамды зерттеудің кейбір мәселелері



бет9/12
Дата14.07.2022
өлшемі1.52 Mb.
#459693
түріДиплом
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
4 Абдраев Нұрлан ТП 18-6к (2) (2)

2.2 Палеолит ескерткіштерін зерттеудің әдістемесі және ежелгі қоғамды зерттеудің кейбір мәселелері

Археологиялық зерттеудің басталғанына бір жарым ғасырдай уақыт өтсе де палеолиттану саласында шешімін таппаған проблемалар әлі де жеткілікті. Солардың бірі жергілікті тас өндірісінің шығу тегі мәселесі болып табылады.


Тас құралдарын дайындау техникасы мен олардың тұрпаттарынан бірқатар мәліметтер алынуы мүмкін. Материалдарды салыстыра зерттеуге мүмкіндік беретін коллекциялардың үлкен қорының жинақталуы, сондай-ақ тас құралдарын дайындау техникасы мен қызметін анықтауға жүргізілген эксперименттер көп нәтиже берді.
Өткен ғасырдың 50-60-шы жылдары тас құралдарын зерттеу әдістемесі функционалдық, экспериментальдық және типологиялық әдістерден тұратындығы палеолиттану тарихнамасында толығымен қалыптаса бастады. Мұны уақытында кейбір көрнекті ғалымдар, атап айтқанда Любин В.П., Сулейманов, Р. Х. т.б. толымды түрде сипаттап бергенімен, ол қазіргі таңда біршама өзгерістерге ұшырап отыр [31; 32]. Мұны археологиялық материалдардың жылма-жыл арта түсуі және трасологияның дамуымен түсіндіруге болады.
Жоғарыда аталған функциональдық зерттеу әдісі құрал қызметі мен оны дайындау жолын анықтауды, қүралда сақталған жұмыс іздері арқылы оны дайындаған ежелгі адамдардың шаруашылық қызметтерінің түрін және өндірістік үрдістерді қайта қалпына келтіруді шешуді өз алдына мақсат етіп қояды. Жекелеген құралдардың нақты міндетін көрсетуге М.З.Паничкина, Г.А.Бонч-Осмоловский, А.А.Формозов және басқа да көптеген археологтар қалам тартқанымен, олардың пайымдаулары логикалық ойлау заңдылықтары негізінде ғана жасалғандығын жоққа шығаруға болмайды.
Есесіне лабораториялық ғылыми ізденістер нәтижесінде С.А.Семенов елеулі табыстарға қол жеткізіп, құралдағы жұмыс іздері арқылы құрал қызметін ажырата-тын арнайы әдістеме қалыптастыра білді [33].
С.А.Семенов зерттеулерінің нэтижелері ежелгі еңбек құралдарының даму заңдылықтарын тұжырымдауға және негізгі бағыттарын белгілеуге бастама болған еді. Кеңес үкіметі идеологиялық мақсаттарға сай болғандықтан, ғалымның ізденістерін жоғары бағалады, мемлекеттік сыйлық ұсынды. Бірақ элемдік тарихнамада да зерттеушінің ғылымга қосқан үлесі сол кездері-ақ өзіндік бағасын алған еді.
Ал тастарды жаңқалау тәсілдерін жаңғырту, тас құралдарын дайындау үрдісін қалпына келтіру, құралдардың шаруашылықтағы міндетін жэңе еңбек өнімділігін сынап көру іс-әрекеттерін жүргізу тэжірибелік әдіс болып табылады. Бұл әдістің негізін қалаған В.А.Городцов алғашқылардың бірі болып тасты жалтырата тегістеу мен бұрғылау тэжірибелерін жүргізген еді. Ғалымның жұмыстарын С.А.Семенов одан ары дамыта келе «Экспери­ментальные исследования первобытной техники», «Изуче­ние первобытной техники методом эксперимента» сынды іргелі зерттеу мақалаларын жариялады [34]. Бұл еңбектерде түрлі материалдарды бүрғымен тесіп көру, құралдарды әр түрлі қондырғыларға орнату, пайдаланған тас құралдарының еңбек өнімділігін анықтау мәселелерін шешу үшін жасалған тәжірибелер нәтижелері жарық көрген еді.
Типологиялық әдіс болса, негізгі морфологиялық белгілер арқылы тас бұйымдар түрлерінің ара-жігін ажыратады. Ондай белгілерге техникалық тұрғыдан қарастырғанда дайын шикізат пен тұрпат түрлері және жұмыс жасағанда қүрал шетінің мүжілген тұстарының жиынтықтарын жатқызуға болады. Ал олар өз кезегінде тас өңдеудегі алғашқы жэне кейінгі өңдеу кезеңдерін айшықтайтындығы мэлім. Бұл әдіс отандық па-леолиттануда кеңінен қолданылып келеді. Оның техникалық-типологиялық, салыстырмалы-типологиялық баламалары да бар. Яғни, аталмыш әдіс басқаларымен тығыз байланыста қарастырылады да, еңбек құралдарының шаруашылықтағы рөлі жалпылама сипатгалынып, тек кей жағдайда ғана нақтылана түседі.
Аталмыш әдістер бірқатар нәтижелерді пайымдауға қол жеткізгенімен, олардың кейбіреулерінің азды-кемді кемшіліктері де бар екендігін айта кету керек. Алдымен, тәжірибе жүргізуші ғалым алғашқы адам дайындаған қару қызметіне қатысты ежелгі тұрғыйдар ойын аса дэлдікпен жеткізе алады деуге толық сенім жоқ. Функциональдық эдіс те әрдайым ерте жэне орта палеолит қүралдар қызметінің нақты қолданысын ашып бере алмайды. Себебі, көптеген төменгі палеолит бұйымдары (әсіресе, аридтік аймақтарда) түрлі табиғи өзгерістерге үшыраған. Сонда да болса, бұл әдістер рөлін толығымен жоққа шығаруға болмай-ды, эйтсе де басқа әдістер тұжырымдарын нақтылайтын көмекші әдіс ретінде қолданып отырған дүрыс тәрізді. Сол кезде тарихи шындыққа біршама қол жеткізеріміз анық.
Типологиялық әдіске маңызды толықтырулар мен өзгертулер енгізетін әдістің бірі - статистикалық әдіс. Типологиялық және статистикалық зерделеу жұмыстарының айқындайтын басты бағыты - әрбір ескерткіштегі негізгі техника мен құрал-жабдықтар ерек-шеліктерін жэне оның қоғамдық-экономикалық табиғи сипатын ашып көрсету болып табылады. Егер кез келген ескерткіш толыққанды қазылып одан шыққан материалдардың статистикасы жасалынатын болса, онда сол кешен жайлы толымды ақпарат алуға болады. Әдетте, кейбір ескерткіштердің кешенді түрде қазылмауынан оқырман археологиялық нысан жайлы толымды мэліметалаалмайжатады. Бұл өз кезегіндестатистикалықақпарат кеңістігін кемітіп отырады. Ыждахатты түрде зерттелген археологиялық нысандар артефактыларына, сонымен қатар ескерткіш сипаттамасына қатысты статистиканы қолдансақ, байырғы адам-дар еміріне қатысты мол ақпарат аларымыз анық. Бүгінгі күні статистикалық эдіс математикалық модельдеумен де ұштасып жатады. Нақты ғылым болғандықтан, оның археологияға қосары өте көп екендігі белгілі.
Статистикалық зерттеу типологиялық белгілерге негізде-леді де, индустриялар мен түрлі терминдерді жэне ұғымдарды жүйелеп, күрделі тарихи үрдістерді шешуге ат салысады. Оның негізін салушы - Г.А.Бонч-Осмоловский.
Типология мен өңдеу техникасын пайдалана отырып бүл эдістің басты принциптерін Франсуа Борд жасады. Кейінірек ол Морис Бургонмен бірігіп аталмыш әдісті онан әрі жетілдіре түсті. Ф.Борд ұсынған техникалық және типологиялық эталондар жүйесі мен статистикалық талдау тәсілі бүгінде тас құралдарды саралаудың басты негізін құрайды.Ұзақ уақыт бойы көптеген палеолиттанушылар оның типтік-парақтарына сүйеніп барлық аймақтарға қолданып келеді. Алайда археология жетістіктері типологиялық қатарды одан ары көбейте түскендігі, кей заттар типтік-парақ (тип-лист) аясынан шыға алмай басқа топқа жатқызылып жүргендігі жасырын емес. Батыс Еуропа объектілері негізінде құрылған бұл жүйе барлық ескерткіштер түріне, территорияларға эрдайым сай келе бермейтіні де анық. Сондықтан да эрбір зерт-теуші немесе мектеп өкілдері оздерінің жүмыс істеуіне ыңғайлап тас құралдарына қатысты техникалық-типология суреттемесін жасауға мэжбүр болған. Мәселе археологиялық ескерткіш материалдарын көпшілікке түсінікті етіп жеткізуде болғандықтан қандай тәсіл қолданылса да артық етпейтіні анық. Сол себепті бэрін болмаса да басты-басты мектеп өкілдерінің тұжырымдарын бір жүйеге түсіру қажет-ақ.
Кезінде С.А.Семенов негізін салған трасологиялық зерттеулер де тас құралдарының қызметі жайлы таным мен археологтардың интерпретациялық мүмкіндігін кеңейтті. Г.Ф.Коробкова, В.Е.Щелинский, А.К.Филиппов, А.Е.Матюхин, Е.Ю.Гиря, П.В.Волков ж ә не басқа да мамандардьщ еңбектері археологиялық мәдениеттер генезисін, байырғы тұрғындардың шаруашылық қызметін анықтауда соны мағлұматтар берді [35; 36].
Бұл ретке шетелдік ғалымдар да Л.Кили, Д.Федже, П.С.Андерсон-Гефандт, М.Е.Мансур, К.Кнатсон, т.б. елеулі еңбек еткені белгілі. Олардың зерттеулері көбіне Батыс Еуропа ескерткіштеріңдегі артефактылармен байланыста болып келеді. Осы еңірде шикізат көзі ретінде қолданылған шақ-пақтас жаңқалауға өте қолайлы екендігі белгілі. Тас құралдарда жалған түзету тез арада жасалына қояды. Сондықтан да мұндай материалдарға жургізілген трасологиялық зерттеулер методикасын тек еуропалық археологиялық коллекцияларға ғана қолдануға болатын сияқты. Шетелдік ғалымдардың электронды сканер микроскоп көмегімен тастың үстіңгі қабатындағы молекулалық кұрылымдар өзгерісін анықтауын зор жетістік деуге болады. Ол арқылы еңбек құралдарының қызметі нақтылана түсті. Қолданыстағы рөлі айқындалып, негізгі функциясы ашып көрсетілді.
Сөйтіп, құралдардың әмбебап болғандығы, оларды алғашқы адам баласының сан алуан мақсаттарға пайдаланылғандығы анықталды. Дегенмен, көп жағдайда белгілі бір құралдардың өзіндік бір қызмет атқарғандығын да жоққа шығаруга болмайды. Мәселе, құралдың табиғи жағдайларға байланысты қолданы-луында болып отыр. Яғни, басым бөлігі қуаң аймақты алып жатқан Қазақстан палеолитіндегі құралдардың қызмет аясы бір ғана міндетпен шектелмегендігі анық. Бұл ретте отандық археологтар әлемдік археология тарихнамасының жетістіктерін, трасологияның мүмкіндіктерін кеңінен қолданатындығын айта кетуге тиіспіз. Республика мамандары көбіне тас құралдарының қолданыс-тағы мәнін емес, оның нақты қандай бұйым екендігіне назар аударып отырады. Мұның өзі қазақстандық палеолиттану мектебінің енді ғана қалыптасып келе жатқандығын да айғақтаса керек.
Шөлді және шөлейтті аймақтарда жалғыз археологиялық д-рек көзі ретінде көбіне тас бүйымдар қарастырылады. Сондықтан да бүл мэселе ерекше зерттеу методикасын қажет етеді. Бұған ресейлік мамандар да кезінде көп көңіл бөліп, негізгі проблемаларын айқындауға үмтылған еді.
Аталмыш аймақтагы артефактылардың үстіңгі бетіне елеулі әсер ететін табиғи фактордың бірі – дефляция. Ресейлік тарихнамада дефляцияланған артефактылар лабораториялық жағдайда төрт сатыға бөлініп қарастырылады: 1)қатты, 2) орташа, 3) әлсіз, 4) толығымен дефляциялы. Осыған орай қуаң аймақтардағы кешендердің жас мөлшері анықталып отырады.
Мұндай көрсеткіштер негізінде құралдар отандық тарихнамада да сипатталынады. Бұл корсеткішке байланысты ескерткіштер шамалап әр дәуірге жатқызылады. Айталық, Қаратаудағы (Қызылтау-1, Соркөл-la, т.б.), Солтүстік Балқаш төңірегіндегі (Семізбұгы-2, 4, 10), Мұғалжардагы палеолиттік кешендердің материалдары қазақстандық-ресейлік археологтар тарапынан осылайша сараланған. Бір айта кететін жайт, Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері ел территориясында жүзден аса палеолит орындары зерттелсе, солардың түгелге жуығы «аралас мәдени кешендердің құрайды. Олардың материалдары Орта Азия, Кавказ, Сібір жерлеріндегі стратиграфиясы сақталған ескерткіштер бұйымдарымен, артефактыларымен байланыстыры-ла қарастырылуын, шөлді жэне шөлейтті аймақтардағы кешен-дердегі тас қүралдарын зерттеудің басты әдістемесі деуге болады. Болашақта еліміздің территориясынан мәдени қабаты сақталған ескерткіштерді арнайы кешенді түрде іздестіріп зерттеуіміз қажет. Бұл тұрғыдан келгенде, Республикамен іргелес, шекаралас жатқан мәдени қабаты біршама сақталған кешендерге бірінші кезекте назар аудару керек.
Ашық жатқан кешендерді зерделеу жұмыстарының отандық тарихнамада өзіндік бір жүйесі қалыптасқан. Алдымен, тас құралдар коллекциясына техникалық-типологиялық және статистикалық талдау жүргізіледі; келесі кезекте - еңбек құралдарының сыртқы қабатына әсер еткен табиғи факторлар дәрежесін ажыратып көрсетіледі; одан кейін - артефактылардың сыртқы қабатындағы деструкция дәрежесі мен техникалық-типологиялық сипаттама арақатысы нақтыланады; сонан соң салыстырмалы талдау арқылы өндірістердің даму кестесі, хронологиясы мен кезенделуі анықталады. Сонымен қатар ескерткіштің геоморфологиялық жағдайы да ескеріледі.
Техникалық-типологиялық талдау жүргізуді А.П.Деревянко, В.Т.Петрин, т.б. ресейлік-қазақстандық ғалымдар негізгі-негізгі үш кезеңге бөліп қарастыруды ұсынады. Бірінші кезең - алғашқы жаңқалану, бірнеше іс-әрекеттерден тұрады. Олар: а) шикізатты сұрыптау бастапқы тұрпат (преформа) пен өзектас бойынша жүргізіледі; ә) әуелгі тұрпаттан бастапқы өзектасты (пренуклеус) ажырату; б) өзектас жаңқалануын анықтау.
Қазіргі танда тас дәуірін зерттеудің өзіндік әдіс-тәсілдері қалыптасқан. Айталық, тас ғасыры ескерткіштері мен құрал-саймандарын зерттеу әдістемесіне келер болсақ, отандық палеолиттану проблемалары дәстүрлі әдістемеге сай зерттеледі. Бірақ республиканың көп бөлігін шөлді және шөлейтті аймақ алып жатқандықтан ескерткішті зерделеудің өзіндік методологиясы қалыптаса бастады. Ол белгілі бір жүйелі іс-әрекеттерден тұрады:
1) тас дәуірі кешендеріне археологиялық талдау жүргізу;
2) кешендердің адам өміріндегі қызметіне қарай қоныс, тұрақ, т.б. деп бөлу;
3) коллекцияларға техникалық-типологиялық тал­дау жасау;
4) статистикалық-салыстырмалы талдау жұмыстарын атқару;
5) артефактыларды үстіңгі қабатындағы дефляциясы бойынша (өте қатты, орташа, жаңадан түскен) жіктеу;
6) «аралас» немесе «ашық» жатқан кешендер материалдарын стратигра-фиясы сақталган ескерткіштер құрал-саймандарымен салыстыра отырып, зерделеу;
7) іргелес өңірлердің археологиялық нысандарымен өзара байланысын ашып көрсету.
Тас құралдарының да негізгі түрлерін ажыратып көрсетуге бо­лады. Республика аумағындағы Бөріқазған, Тәңірқазған, Қазанғап, Ақкөл, т.б. ежелгі палеолит объектілерінде ұшырасатын негізгі тас бұйымдары шапқы, бифас, унифас, үлкен көлемді тас жаңқа, дөрекі жасалған шапқы, дөңгелек бұйым, өзектас тұрпатты шапқы болып та­былады. Мұнымен қатар клектон типіне, леваллуа тас тілігіне жақын құралдар да жеткілікті. Шикізатқа байланысты әр өлкеде тас индустриясының өзіндік ерекшелігі де ұзақ жылдар бойы қалыптасқанды. Мысалы, Қошқорған-Шоқтас кешендерінде микроиндустриялық тас бұйымдары жасалды. Оған басты себеп болған осы өңірдегі шағын тас жыныстарынан тұратын шикізат көздері еді. Көптеген тұрақтардың негізгі технологиялық кескіні жаңқалау үрдісінде ұзынша дайындама (заготовка) жасау бағытына бет бұрғаны байқалады.
Зерттеушілер алдында тұрған күрделі мәселелердің қатарына хронология, кезендеу, ескерткіштер корреляциясын анықтау сынды ауқымды жұмыстар кіреді.
Палеолитану саласындағы тағы бір күрделі мәселелердің бірі Қазақстан территориясын адамзат баласының алғашқы қоныстануы мәселесі болып табылады. Ол жұртшылық назарын көптен бері өзіне аударып келеді. 1957 жылғы ұжымдық «Қазақ ССР тарихының» 1-томында адам баласы еліміздің аумағына бұдан 100 мыңжылдықтар шамасында қоныстанған деп жазылса, 1980 жылғы ұжымдық еңбекте алғашқы гоминидтердің шелльге дейінгі кезеңде қоныстанғаны айтылды. Бұл өз кезегінде сол уақыттардағы палеолиттік ескерткіштер деңгейінің зерттелуінен де хабар берген еді.
Қазіргі танда жылма-жыл зерттелініп келе жатқан тас ғасыры нысандарының саны артуда. Соған байланысты ежелгі адам қоныстануына, жеріміздің түкпір-түкпірлеріне таралу динамикасын анықтауға қатысты мәліметтер де шоғырлана түсуде. Дегенмен, бұл сауал әлі ұзақ уақыт бойы зерттеушілердін пікірталасын тудыратындығы анық.
Республика жерін қоныстануға қатысты Х.А.Алпысбаев тұжырымына келсек, зерттеуші қоныстану кем дегенде негізгі екі орталықтан - Оңтүстік Азия және Оңтүстік-Шығыс Африка арқылы жүрген деп пайымдады.
Ал, А.Г.Медоев Қазақстанда ең алғашқы адам Маңғыстау мен Қаратау жотасында плиоцен кезеңінде өмір сүрген деп топшылады. Ол осыдан 2 млн. жылдай бұрын Азия жерінде адам әулеті жабайы патшалықтан адамдық қалыптасуға ойысқанын алғаш рет болжам етті. Зерттеуші кезінде В.И.Громовтың Азия түкпірінде адам баласы Батыс Еуропаға қа­рағанда ертеректе пайда болды деген ойын қолдады. Оны В.С.Во­лошин да қолдай келе республика территориясын адам баласы будан 1,5 млн жылдан астам бұрын қоныстанды деді. Әзірге бұл ғалымдардың пікірі археологиялық материалдармен тиянақты негізделген жоқ.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының аумағында адамдардың бұдан 1 млн жыл бұрын мекендегені айқындала түсті. Мұның өзі әлі де соңғы шек емес екендігі белгілі. Болашақтағы ғылыми-зерттеу ісі бұл мерзімнен де ертерек уақыттарда Қазақстан далаларын алғашқы адамзат мекендегендігін дәлелдері анық.
Негізгі проблемалардың тағы бірін палеогеографиялық мәселе құрайды. Палеолит кезеңіндегі табиғи ортадағы басты өзгерістерді ежелгі адам өміріне сай қалпына келтіру өте күрделі болып, Солтүстік Қазақстан, Торғай даласы мен Ертіс алабындағы плей­стоцен кезіндегі табиғи орта эволюциясы нақты анықталмай келеді. Қазақстан аумағындағы басқа өңірлерде палеолитті зерттеуге және ежелгі адамның өмір сүрген ортадағы палеоэкологиялық жағдайды қалпына келтіруге байланысты табиғи орта тарихы біршама қарастырылған [24, 19 б.]
Сондай-ақ, отандық тарихнамада археологиялық мәдениеттерді бөлу де аздап күмән туғызады. Мамандардың есептеуіне қарағанда, кезінде тас дәуірін зерттеумен шұғылданған кейбір археологтар белгілі бір тұрақты «мәдениет» ретінде көрсетіп отырған. Айталық, палеолиттік «арыстанды», «саяқ», «құдайкөл» мәдениеттері бір ғана тұрақ бойынша алынған.
Археологиялық ескерткіштер санының көбеюі әрі ұлғаюы отандық зерттеушілерге көптеген ғылыми сауалдарды шешуді жүктеп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет