1.3 Жуып-шаю және кептіру үй-жайларына қойылатын талаптар
Жуып-шаю үй-жайлары кептіруге арналған шкафтармен, жууға арналған ванналармен, қажетті құралдар мен жуатын заттармен жабдықталады.
Газқағарлар мен тыныс алу аппараттарын бір үй-жайда жуып-шайып және кептіруге жол беріледі.
1.4 Химиялық жұтқыш және регенеративті патрондар жарақтарын сақтайтын үй-жайларға қойылатын талаптар
Регенеративті патрондарды жарақтандыру жөніндегі үй-жайлардың жұмыс орындары жабдықтармен қамтамасыз етілулері тиіс, арнайы регенеративті патрондарды жарақтандыруға арналған техникалық құрылғылары мен құралдары болу керек.
ГТҚҚ базасында химиялық сіңіргіштің айлық қоры болуы тиіс. Оның паспорттық мәліметтері немесе оқшаулайтын газқағарларда қолдануға жарамдылығын куәландыратын (кіріс бақылаудың) талдау нәтижесі болу тиіс.
Химиялық сіңіргіш әдеттегідей барабандарда орналасады.
1.5 Толтыратын пункттеріне қойылатын талаптар
Оттегі толтыру пунктінде бір негізгі және бір резервтік тығыздаушы компрессор орналастырылады, ауалы толтыратын пунктінде бір негізгі және резервтік ауалы компрессор орналасады.
Оттегі толтыратын пунктінде компрессорлы жабдықтарды пайдалануға байланысты емес көліктік баллондарын сақтауға болмайды.
Толтыру пунктінің үй-жайы негізгі қабырғасының сыртқы жағынан оттегі (ауа) бар көліктік баллондарда орналастыру үшін отқа жанбайтын қалқа орнатылады немесе баллондарға күн сәулесі мен атмосфералық жауын-шашынның түсу мүмкіндігін болдырмайтын металл шкаф қойылады.
Оттегі бар баллондар тік қалпында кесек ағашқа қойылады және қамытталып бекітіледі.
Компрессорлы жабдықтарды пайдалану шығарушы зауыт құжаттарының талаптарына сәйкес жүргізу керек. Компрессорды әрбір іске қосар алдында ГТҚҚ базасының аға шебері (шебер) жабдықты бақылап оның дұрыстығына көзін жеткізіп, майлау және салқындату жүйесін тексеріп, нұсқаулыққа сәйкес жіберуді жүргізеді.
Толтыру пунктінің үй-жайларында екі есік, оның ішінде сыртқа шығу есігі болуы тиіс. Есіктері мен терезелері сыртқа қарай ашылулары тиіс.
Толтыру пунктінің үй-жайларының едені сіңіруші май мен зиянды буды сіңдірмейтін, тегіс сырғанамайтын, жанбайтын төзімді материалдардан жасалады.
Үй-жайларда өту жолдарын бітеп тастауға, темекі шегуге, ашық от жағуға, оларда жанғыш заттар, майлар және басқа да тез тұтанғыш заттар болмауы тиіс.
Үй-жайларда жабық түрде ысқылайтын материалдарды сақтайтын арнайы орын, сондай-ақ бір аптаға жететін май болуы тиіс. Ысқылайтын материал ретінде қағаз мақталы немесе зығыр материалы пайдаланылады.
Компрессорлы қондырғылардың корпустарын жерге қосу қажет.
Пломбасы немесе белгісі болмаған, тексеру мерзімі өткен, әйнегі сынған немесе оның көрсеткіштерінің дұрыстығын әсер ететін басқа да ақаулықтары бар монометрлерді қолдануға жол берілмейді.
Компрессорлық қондырғыларды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі, олардың нақты пайдалану жағдайлары ескеріліп, пайдалану құжатымен белгіленеді.
Толтыру пункттерінің үй-жайлары табиғи немесе механикалық қоздырғышы бар, тартып алатын желдеткішпен жабдықтау керек. Механикалық түрде қоздырғанда оттегі толтырғыш пунктінде сорғы каналы еден деңгейінен 50 см орналасуға тиіс.
Ауаны әуе компрессорымен жинауды (сорып алу) толтыру пункті үй-жайының сыртынан, жердің деңгейінен 3 м кем емес биіктікте және компрессорлық қондырғыға ауа өткізгіш арқылы токсиндік газдардың түсуін болдырмайтын қауіпсіз аймақта жүргізу керек. Сорып алынып жатқан ауаны шаңнан тазарту үшін компрессордың сорғы ауа өткізгіші ішіне атмосфералық жауын-шашын түсуден қорғайтын сүзгімен жабдықталады.
Әуе сүзгілері бар, өндірілімі 10 м3 /мин әуе компрессорлары үшін толтыру пунктінің үй-жайынан ауаны жинауға жол беріледі, бұл ретте сорғы ауа өткізгіш еденнің деңгейінен 50 см төмен емес алшақтықта орналасуы тиіс.
Баллондарды ауамен (оттегімен) толтыру жұмыстарына қойылатын талаптары 2 қосымшада, сондай-ақ нақты бір компрессорлық қондырғының пайдалану жөніндегі құжаттамада келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |