Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Күндізгі оқу факультетінің курсанты: З. Салмырзаұлы Бакалавр



бет28/29
Дата20.05.2022
өлшемі1.26 Mb.
#458274
түріДиплом
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
salmirzayli

Обьект өкіліне ұсыныстар

  • өрт сөндіру жүргізуге рұқсат береді;

  • өрт сөндіру бөлімшелеріне нұсқау береді;

  • өрт сөндіру барысына әсер ететін мәселелер бойынша ӨСЖ кеңес береді;

  • 5сағаттан артық жұмыс жағдайында өрттен қорғау жеке құрамының тамақтануын ұйымдастырады;

  • Жұмыс жасап жатқан өрт сөндіру техникасына ЖЖМ құюды қамтамасыз етеді.


6 - Бөлім. Ұсынылған инженерлік-техникалық шаралардың экономикалық тиімділігі

Екінші бөлімде айтылғандай, сұйыққоймаларды қатпайтын мембраналы дем алу клапандарымен және өрт тосқауылдармен жабдықтау «үлкен» және «кіші леп» кезінде мұнай өнімдері буы шығуының өрт қаупін ғана емес, экологиялық қаупін де төмендетеді.


Бұл техникалық шешім ең алдымен герметикаланбаған газ кеңістігінен будың булануы себебінен кеткен шығынды толықтай жоюға және одан басқа «кіші леп» кезіндегі шығынды жоюға мүмкіндік береді.
Есептеуге сәйкес, көлемі 3000 м3 бензинді сұйыққоймадан күні бойы 15° С температура айырмасынан «кіші леп» кезінде 23,54 кг бензин буы жоғалады. *6
құны K = 150000 теңге дем алу клапаны орнатылса, әр ай сайын келесі сома үнемделеді:
S = Gм·Ц·30 теңге, мұнда
Gм – тәулік бойына мұнай өнімдері буының шығыны;
Ц –1 кг мұнай өнімінің бағасы;
30 – айдағы тәулік саны.
S = 23,54·30·30 = 21186 теңге.
Осылайша, осындай дем алу клапанын орнату К/S = 150/21,186 = 7 айда орнын толтырады.
Сонан соң жыл сайынғы экономикалық әсер мынаны құрайды:
Э = S·12 = 21,186 ·12 = 254 мың теңге (әрбір сондай сұйыққоймадан).

Дипломдық жоба бойынша қорытындылар
Берілген дипломдық жобада мұнай базасында сақталатын мұнай өнімдерінің өрт-жарылыс қауіпті қасиеттерінің және негізгі технологиялық аппараттардың өрт қауіптілігінің технологиялық процестерін қарастырады.
Осы жобада өндіріс құрылғыларын сақтау барысында мұнай өнімдерін ауыстыра құю мен құю төгу барысында қауіп- қатерлер көптеп туындайтыны анықталды. Өрттің шығу себептері анықталып, соларға қарсы алдын-алу шаралар жүргізілді. Мұнай базасының өртке және жарылысқа қарсы алдын алумен құрылғылардың параметрлері анықталды.
Технологиялық анализ барысында ЖЖМ қоймасында қауіпті жағдайларды төмендету үшін келесі іс-шараларды орындап отырған дұрыс болады:

  • үлкен және кіші дем кезінде туындайтын жағдайларды азайту қажет;

  • мұнай құбырларының химиялық әсер нәтижесінде технологиялық құрал – жабдықтардың зақымдалуы мүмкін;

  • жер астында,жер үстінде орналасқан құбырларды жылы қалпында ұстау міндетті;

  • мұнай мен мұнай өнімдерін сұйыққоймаларда және сұйыққоймалық парктерде сақтау процестерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет;

  • аппараттар мен құрылғыларды бұзылудан сақтап қалу;

  • жанғыш ортаны жою мақсатында іс – шаралар ұйымдастырылып отыру қажет;

  • сұйыққойма парктерінде құрғақ от бөгеттері орналастыру қажет;

Дипломдық жобалау кезінде ақшыл мұнай өнімдері сұйыққойма паркінің найзағайдан қорғауына сараптама жасалды. Сонымен қатар стационарлы сумен суыту қондырғысын тексеру есебі жүргізілді.
Жобада мұнай базасының бас жоспарына сараптама жүргізілді. Анықталған ҚНжәнеЕ және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша сәйкесінше инженерлі-техникалық шешімдер ұсынылды. Сұйыққоймаларда қатпайтын мембраналы дем алу клапандарын пайдаланудың экономикалық тиімділігі есептелді. Экономикалық нәтиже 254 мың теңге құрады.
Резервуарлар паркі, ЖЖМ қоймасының ең маңызды бөлігі болып табылады. Өздеріңіз көріп отырғандай, резервуарлар паркінде сақталатын мұнай өнімдері, тез тұтанғыш сұйықтық болып келеді және жұмыс температурасында бу жиналып, жанғыш қоспа түзеді. Мұнай өнімдерін құбырлар арқылы тасымалдау барысында, құбыр тесіліп ағуы әбден мүмкін, осы кезде тұтану көздерінің әсерінен өртке әкеліп соғуы мүмкін.
Берілген дипломдық жоба инженерлі-техникалық өртке қарсы іс-шараларды енгізу мұнай базасының өрт қауіптілігін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді. Осы өңделген дипломдық жобаны енгізу, әртүрлі көлемдегі мұнай базаларындағы өрт оқиғасының алдын алуға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет