Өртке қарсы қорғаныс құралдарының тағайындалуы, топтастырылуы және оларға ұсынылатын негізгі талаптар.
Автоматты өрт сөндіру қондырғысы: от сөндіргіш құрал түрі бойынша (сулы, көбікті, газды және аэрозольды, булы, ұнтақты және жинақты); өрт ошағына әсер ету сипаты (сөндіру әдісі) бойынша – барлық беттік бойынша бір уақытта сөндіретін, локальды-беттік, бөлмелерді көлемдік сөндіру, технологиялық аппараттарды локальды-көлемдік сөндіру, жинақты; жіберу әдісі бойынша – механикалық, пневматикалық, гидравликалық, электрлік, жинақты жібергішпен; инерциондылығы бойынша - өте тез әсер етуші ( 0,1 с), тез әсер етуші немесе кіші инерционды (0,1 с 3 с) болып топтастырылады.
Автоматты өртке қарсы қорғаныс құралдарына негізгі талаптар.
АӨҚҚҚ бірқатар тапсырмаларын шешу кезінде жалпыландырылған түрдегі қорғалатын объектілердің маңыздылық және өрт қауіптілік дәрежесін анықтау қажеттілігі пайда болады. Бұл мақсат үшін өртке қарсы қорғанысты нормалау кезінде отандық және шетел практикасында қолданылатын объектілерді топтастыру әдісін пайдалану ыңғайлы деп ұсынылады.
Қолда бар барлық ұсыныстарды жалпыландыра отырып, объектілердің қауіптілік дәрежесі бойынша олардың келесі топтастырылуын ұсынуға болады.
1-ші топ – өрт дамуының кез-келген қауіптілік дәрежесі бар объектілер, бірақ олар материалдық шығындарға соқтырмайды.
2-ші топ – өрт дамуының орташа және жоғары қауіптілік, сол сияқты өрт дамуының аз қауіптілік дәрежесі бар объектілер, бірақ біршама материалдық құндылықтар концентрациясымен.
3-ші топ – уникалды объектілер; қорғанысты тағайындаулы объектілер; сол сияқты өрт жарылыстарды тудыратын объектілер, адамдар өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін объектілер.
АӨҚҚҚ қондырғыларының тиімділігі мен жұмыс қабілеттігін қамтамасыз ету үшін өңдеу, жобалау және монтаждау кезінде бірқатар арнайы және жалпы талаптар сақталуы тиіс.
Жалпы болып келесі талаптар болып табылады:
қондырғы қарапайымдылығы; сенімділік, сақталғыштығы және мәңгілігі, эргономика және техникалық эстетика талаптарына сәйкестігі; минималды өлшемдер, масса және металлосыйымдылық.
Арнайы талаптар келесіге жүгінеді: қорғалатын бөлмеде адамдар болған кезде көлемдік өрт сөндіру қондырғыларын орнату үшін қозғалтқышты қолдық басқаруға ауыстыру; қорғалатын бөлмелерде болатын және қондырғыға қызмет көрсететін адамдар өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі үшін; өртті жоғары анықтау және сөндіру тиімділігі; көлемдік өрт сөндіру қондырғыларын іске қосу сәтінде желдетуді автоматты түрде сөндіру мүмкінділігі; көлемдік өрт сөндіру АӨСҚ іске қосылуы алдында адамдарды көшіру қажеттілігі туралы ескертуші дабылдағыштардың бар болуы; оның іске қосылуынан кейін қондырғының жұмыс қабілеттігін тез арада қалпына келтіру мүмкіндігі. Жоғарыда аталған талаптарды ескере отырып, АӨҚҚ қондырғыларының есептемелері келесі негізгі принциптермен базаланады: іске қосу тездігі; тиімділік; функциялаудың беріктілігі мен тиімділігі; экономикалық тиімділік.
Өрт автоматикасы құралдарының техникалық деңгейін бағалау.
Қайта құрылатын (өңделетін) өрт автоматикасы құралдарының техникалық деңгейі сәйкес келуші өнімдерді өңдеу кезінде отандық және шетелмен салыстырғанда сызба-конструкторлық шешімдердің прогрессивтілігін сипаттайды.
Кез-келген өнімнің техникалық деңгейін бағалау техникалық деңгейдің картасы мен сапалығы картасын, сол сияқты патенттік формулярды құру жолымен өткізіледі. Техникалық деңгейдің кезеңдері мынадай.
-
Тағайындаулы өнім тізімін құру және оның қолданылу аймағын анықтау.
-
Оның техникалық деңгейін анықтау үшін өнімнің берліген түрі сипаттамасын таңдау.
-
Таңдалған өнім түрінің сипаттамаларын сандық бағалау.
-
Таңдалған өнім түрінің техникалық деңгейін бағалау әдістемесін нақтылау.
-
Бірдей тағайындаулы өнімдердің техникалық деңгейін жинақты бағалау.
-
Анализденетін өнімдердің техникалық жетістігін бағалау үшін, техникалық жетістік көрсеткішінің жоғары мәніне ие болатын эталонды таңдау.
-
Қайта өңделетін және эталонды өнімнің техникалық жетістігін салыстыру жолымен анализденетін өнімдердің техникалық деңгейін бағалау.
ҚР ҚНжЕ 2.02.-15-2003 «Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасына» сәйкес анықтамалары бар терминдер келтірілген.
Автоматты өрт сөндіру қондырғысы – өрттің бақыланушы факторы қорғалатын бөлмеде шекті мәндерден жоғарылаған кезде автоматты түрде іске қосылатын өрт сөндіру қондырғысы.
Автономды өрт сөндіру қондырғысы – ішкі тұтыну көздері мен басқару жүйелеріне тәуелсіз өртті анықтау және сөндіру функцияларын автоматты түрде жүзеге асыратын өрт сөндіру қондырғысы.
Аэрозольды өрт сөндірудің автоматты қондырғысы (автоматты ӨСҚ, АӨСҚ) – өртті автоматты құрылғыларды қолдану көмегімен анықтайтын электрлік қосқышы бар от сөндіргіш генератор негізінде жасалған автоматты өрт сөндіру қондырғысы, онда от сөндіргіш зат ретінде от сөндіргіш аэрозоль қолданылады.
Қондырғының дистанционды іске қосылуы – қорғалатын бөлмелерде немесе оның қасында, диспетчерлікте немесе өрт постысында, қорғалатын имараттаың немесе жабдықтың қасында орналастырылатын қосқыш элементтерден іске қосылу.
Дренчерлі өрт сөндіру қондырғысы – дренчерлі шашыратқыштармен жабдықталған өрт сөндіру қондырғысы.
Қондырғы инерционділігі – өрттің бақыланушы факторы сезгіш элементті игеру сәтінен қорғалатын аймаққа от сөндіргіш затты беруді бастағанға дейінгі уақыт.
Өрт сөндіргіш затты беру қарқындылығы – уақыт бірлігінде аудан бірлігіне берілетін от сөндіргіш зат мөлшері.
Қондырғының жергілікті іске қосылуы – сорғыш станция немесе өрт сөндіру станциясы бөлмесінде орнатылған қосқыш элементерден, сол сияқты өрт сөндіру модульдерінде орнатылатын қосқыш элементтерден іске қосылуы.
Өрт сөндіру модулі – корпусында модуль қозғалтқышына қосқыш импульс әсер еткен кезде от сөндіргіш затты беру және сақтау функциялары біріккен құрылғы.
Модульды өрт сөндіру қондырғысы – қорғалатын бөлмеде немесе оның қасында орнатылған өрт сөндіру функциясын өздігінен орындауға қабілетті бір немесе бірнеше модульдерден тұратын өрт сөндіру қондырғысы.
Импульсты өрт сөндіру модулі – от сөндіргіш затты беру ұзақтылығы 1 с дейін өрт сөндіру модулі.
От сөндіргіш зат – жануды тоқтату үшін жағдайлар құруға мүмкіндік беретін физико-химиялық қасиеттерге ие зат.
От сөндіргіш концентрация – Жануды қолдамайтын ортаны құратын, көлемдегі от сөндіргіш зат концентрациясы.
От сөндіргіш заттың есептік мөлшері – нормативты құжаттардың талаптарына сәйкес анықталған және өрттің пайда болу жағдайында тез арада қолданылуға дайын өрт сөндіру қондырғысында сақталатын от сөндіргіш зат мөлшері.
От сөндіргіш зат резерві – қайта тұтану немесе өрт сөндіру қондырғысы өзінің тапсырмасын орындамаған жағдайда тез арада қолданылуға дайын от сөндіргіш зат мөлшері.
Өрт дабылдағыштарының жүйесі – бір объектіде монтаждалған және жалпы өрт постынан бақыланатын өрт дабылдағыштары қондырғысының жиынтығы.
Сумен толтырылған спринклерлі өрт сөндіру қондырғысы – барлық құбырлар сумен (сулы ерітіндімен) толтырылған спринклерлі өрт сөндіру қондырғысы.
Ауалы спринклерлі өрт сөндіру қондырғысы – сумен (сулы ерітіндімен) толтырылған құбырлар, қалғандары – қысым астындағы ауамен келтірілген спринклерлі өрт сөндіру қондырғысы.
Спринклерлі өрт сөндіру қондырғысы – спринклерлі шашыратқыштармен жабдықталған, автоматты өрт сөндіру қондырғысы.
Өрт сөндіру станциясы – арнайы бөлмелерде орналастырылған, өрт сөндіру қондырғысының ыдыстары мен жабдықтары.
Көлем бойынша локальды өрт сөндіру қондырғысы – бөлме көлемінің бір бөлігіне немесе жеке технологиялық бірлікке әсер ететін көлемді өрт сөндіру қондырғысы.
Беттік бойынша локальды өрт сөндіру қондырғысы – бөлме ауданының бір бөлігіне немесе жеке технологиялық бірлікке әсер ететін беттік өрт сөндіру қондырғысы.
Көлемдік өрт сөндіру қондырғысы – қорғалатын бөлме көлемінде жануды қолдамайтын ортаны құратын өрт сөндіру қондырғысы.
Беттік өрт сөндіру қондырғысы – жанғыш беттікке әсер ететін өрт сөндіру қондырғысы.
Өрт дабылдағыштары қондырғысы (ӨДҚ) – өртті, өңдеу, өрт туралы хабарды берілген түрде ұсынуды анықтау үшін техникалық құралдар жиынтығы.
4.2 Автоматты өртке қарсы қорғауды қолданудың қажеттілігін негіздеу
Өрт автоматикасы құралдарын енгізу және пайдалану мол шығынды қажет етеді, оны қолдану қажеттілік мәселесі көп жағдайда терең экономикалық мәселе болып табылады және оны шешу үшін үлкен ұйымдастырушылдық және зерттеу жұмыстарын жүргізу керек.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының өртке қарсы қызметінде АӨҚҚ түрлерін таңдау және қолдану қажеттігі негізінде екі әдіс қолданады: нормативті және есептеу-графикалық.
Нормативті әдіс. Оның негізі мынадай, АӨҚҚ негізінен нормативті актілермен, бұйрықтармен, ведомстволық нормаларға сәйкес басқарылатын үлкен өндірістік бөлмелер, тұрғын үйлер, министірліктер мен ведомоствалардың қызығушылығындағы қоғамдық және әкімшілдік ғимараттар иемденеді. Біздің жағдайымызда «Мега-Шығыс» сауда үйінің сауда залдарына автоматты өртке қарсы қондырғыларды орналастыру ҚР ҚНжЕ 2.02.15-2003 сәйкес жасалады.
Автоматты өртке қарсы қондырғының нормада көрсетілгендей қолдануды талап ететіндіктен, берілген жағдайға тиімді қондырғыны таңдаймыз
Есептеу-графикалық әдіс өте кең тараған. Әдістің негізі мынадай жолдан тұрады:
1 . Ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып бөлменің жалпы өрт қаупін анықтаймыз Ожал:
мұндағы kMv - жалпы өрт күшін (массалық) шамасын ескеретін коэффициент Mv; Kopn – өрттің таралу қаупі бойынша қорғалатын нысан тобын ескеретін коэффициент; Коб – жақын өрт бөлімшесіне арақашықтықты ескеретін коэффициент; Кжан – қорғалатын ғимараттың отқа төзімділік дәрежесін ескеретін коэффициент; Кpn – қорғалатын нысанда өрттің пайда болу қаупі тәуекелін ескеретін коэффициент.
2 . Қорғалатын бөлменің ең маңызды ішкі факторларын және құны көрсеткішін ескере отырып өрт қаупін анықтаймыз Оі:
мұндағы Кп.т – жалын, жоғарғы температура сияқты өрттің қауіпті факторларының әсер ету қаупін ескеретін коэффициент; Кд – уытты жану өнімдерінің және түтіннің адамдарға қауіпті әсерін ескеретін коэффициент; Кс – қондырғылар мен материалдарды қоса отырып ғимараттың жобалық және тепе-теңдік бағасын ескеретін бағалық (құндылық) коэффициенті
Ожал және Оіш коэффициенттерінің мәндерін номограммаға енгіземіз (4.1-сурет) және автоматты өрт қондырғысының түрі мен қажеттілігін анықтаймыз. Есептің шешімі үздік сызықтарымен көрсетілген.
1 аймақ – АӨҚ қажет етпейді; II - аймақ – АӨҚ қолдануды ұсынады; III аймақ–; IV аймақ – өзінің жеке өрттен қорғау қызметі бар нысандар үшін АӨД қолдануды ұсынады, ал өзінің жеке өрттен қорғау қызметі жоқ нысандар үшін АӨСҚ қолдануды ұсынады; V аймақ – АӨСҚ қолдану міндетті деп есептеледі; VI аймақ – АУП қолдану міндетті деп есептеледі, және де нысандық өрттен қорғау қызметті сынады (жеке пост).
Егер де мына жағдайда, номограмманың көмегімен шешілген есептің шешімі альтернативті болса (АӨД – нысандық өрттен қорғау бөлімі болғанда немесе нысанды қалалық өртке қарсы бөлім қорғайтын болса, онда АӨСҚ болу керек), қалалық өртке қарсы бөлім қорғайтын нысан үшін автоматты өрт қондырғысына байланысты салыстырмалы ақырғы шешім тез және дер кезінде өртке қарсы бөлімшенің жетуіне тәуелді қабылданады (бұл жағдайда өрттен келетін шығын минимальді).
4.3 Өрттен қорғауда автоматтық жүйені таңдау
Көбікпен өрт сөндіру қондырғылары біздің республикамызда да, шет елдерде де кеңінен таралған. Олар қарапайым құрылысымен және қызмет көрсету ыңғайлылығымен өте тиімді. Бұл қондырғыларды ұзақ уақыт эксплутациялау тәжірибесі көрсеткеніндей, олар өртке қарсы қорғаудың ең сенімді және тиімді техникалық құралдары болып табылады. Олар өрт сөндіретін автоматты қондырғыларымен жарақтандырылған нысандарда пайда болған өрттердің 96%-ын сөндіруде және оқшаулауда тиімді болып табылған.
Көбікпен өрт сөндіру қондырғылары әртүрлі салаларда қолданылады, олар мақта, лен, ағаш, маталар, пластмасса, резеңке, жанғыш және ұнтақ, заттар, өрт қауіпті сұйықтар бар заттар мен материалдарды қолданатын нысандарды пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл қондырғылар технологиялық қондырғылар, кабельді құрылыстар, мәдениет ошақтарын (театрлар, мәдениет үйлерін,сауда үйлері және соған ұқсас құрылыстар) қорғауда да пайдаланылады. Жұмыс істеу принципіне байланысты сумен өрт сөндіру қондырғысы көбік шашатын түтікті және дренчерлі болып екіге бөлінеді.
Көбік шашатын түтікті қондырғылар жергілікті сөндіру кезінде қолданылады және бөлмеде тозаңдатылған сумен өрттерді оқшаулау үшін қолданылады. Нысанның температуралық жағдайына тәуелді олар үш түрге бөлінеді:
-
Сумен істейтін, барлық жүйе құбырлары жыл бойы сумен толып тұруы керек; ауа температурасы 50С төмен емес жылытылатын бөлмелерде қолданылады;
-
Ауамен істейтін, бақылау-жібергіш орталығына дейін құбырлар сумен толтырылуы керек, ал кезекші тәртіпте тұрған қалған жүйе барлық кезде қысылған ауамен толтырылған болуы керек;
-
тәуліктік орташа температурасы 80С төмен жылытылмайтын бөлмелерде, жылыту кезеңінің ұзақтылығы 240 күнге созылатын аудандарда қолданылады;
-
ауа-сумен істейтін, жыл мезгілдерінің жылы кезінде сумен, ал салқын кезінде – ауамен істейді.
Сондықтан өрт сөндіргіш құрал ретінде суды таңдаймыз, себебі бұл туралы негіздемелер жоғарыда қарастырылған. Бірақ әрбір зат (материал) үшін бірнеше өрт сөндіру құралы ұсынылатындықтан, қорғалатын нысанның өрт қаупін талдау есебінен, бөлменің микроклиматын, конструктивтілігін, көлемді-жоспарлау және коммуникативтік шешімдерін ескере отырып таңдауды суға тоқтатамыз, өйткені бұл өрт сөндіру құралы ең тиімді болып есептеледі.
Өрт сөндіру әдісін таңдауды мүмкін болатын сипатпен, өрттің даму жылдамдығымен және алынған өрт сөндіру құралы есебінен жүргіземіз. Біздің жағдайымызда аудан бойынша сөндіру әдісі ең тиімді болып есептеледі.
Алынған сөндіру әдісі және өрт сөндіру құралының түрлеріне байланысты және өрттің дамуының мүмкін болатын жылдамдығын таңдай отырып сумен өрт сөндірудің көбік шашатын түтікті қондырғысын таңдаймыз. Қорғалатын бөлменің конструктивті ерекшеліктерін ескере отырып, қоздырғыш ретінде ИП 212-41М УС 02 типті түтінді хабарлағышты таңдаймыз.
5. Өрт сөндірудің автоматты қондырғысының гидравликалық есебі
5.1 Есептеуге бастапқы берілімдер
-
2 [4] қосымшасы бойынша ірімшік зауыты 1-ші бөлім тобына жатады.
-
3 [4] кестесі бойынша қарқындылығын анықтаймыз I=0,08л/(с.м2).
-
Бір КАГ-600 қорғалатын аудан f=12 м2 тең.
-
Көбіктүзгіштің арасындағы қашықтықты ҚНжЕ 2.02.15-2003 1-ші кестесінен анықтаймыз: L=3,5 м.
-
Жанбайтын қабырға мен көбіктүзгіш арасындағы арақашықтық L/2=4/2=2м аспауы керек.
5.2 АӨҚҚ көбік шашатын түтіктерінің орналасуы
Қабылданған арақашықтық нәтижесінде ірімшік зауытын қорғау үшін СШ-12 типті 140 көбік шашатын түтік қажет. Берілген су шашатын түтіктерді сауда залы бөлмелерінің жоспары бойынша орналастырамыз (4.1-сурет).
Торапты тасымалдау үшін электр дәнекерлі болат құбырларды аламыз және 6 [4] қосымшаның 3-кестесі бойынша әрбір диаметрге меншікті үйкеліс кедергісі мәнін анықтаймыз, мысалы d=25 мм 0,75 тең. Тораптың жекелеген бөлімшелеріндегі көбік шығынын жуықтап біле отырып құбырдың диаметрін анықтаймыз.
Тораптың гидравликалық есебі
-
Б асқару бөлігінен 1-ші көбік шашатын түтікшесінен ең алыста орналасқан «басқарушының» қажетті қысымын анықтаймыз:
М ұндағы к =0,45, 6 [4] қосымшаның 2-ші кестесінен аламыз.
8 . Осы жағдайға байланысты қатаршалардың өткізгіштігін анықтаймыз:
-
Шар тәрізді тораптың орталығының әрі қарай есептеуді 10 су шашатын түтіктердің бірдей жұмыс істеу жағдайында «а» нүктесінен басқару нүктесіне дейін екі бағытта ретімен жақындау әдісімен жүргіземіз.
Е септеулер нәтижесін 1-кестеге толтырамыз.
5 .1-кесте
№ бөл-ше (нүкте)
|
L,м
|
dрас, мм
|
Кт
|
Кр
|
Н, м
|
q, л/с
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
Оң бағыт
|
а-б
|
4
|
89
|
1429
|
-
|
-
|
1,2
|
б
|
-
|
-
|
-
|
0,69
|
10,484
|
2,24
|
б-в
|
4
|
89
|
1429
|
-
|
-
|
2,24
|
в
|
-
|
-
|
-
|
0,69
|
10,516
|
2,23
|
в-е
|
23
|
89
|
1429
|
-
|
-
|
5,67
|
е (оң)
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
5,67
|
Сол бағыт
|
а-г
|
4
|
89
|
1429
|
-
|
-
|
1,2
|
г
|
-
|
-
|
-
|
0,69
|
10,484
|
2,24
|
г-д
|
4
|
89
|
1429
|
-
|
-
|
3,44
|
д
|
-
|
-
|
-
|
0,69
|
10,516
|
2,23
|
д-е
|
23
|
89
|
1429
|
-
|
-
|
5,67
|
е (сол)
|
-
|
-
|
-
|
-
|
11,03
|
5,67
|
17. Осыдан торап тұтқырсыздығы шығады:
ΔН=Не(сол) – Не(оң) = 11,03 – 11,03 = 0 м
-
Таратқыш құбырлардағы сызықтық шығынды анықтаймыз:
hтар = Hе – H1 = 11,03 – 8,28 = 2,75 м
-
Ортақ шығын кезіндегі Qр тік құбыр қысымының шығынын анықтаймыз:
Qp = qе-д + qе- в = 5,67+5,67 = 11,34 л/с
м ұндағы Кт – 6 [4] қосымшаның 3-ші кестесінен диаметрі 114 мм түтікше үшін аламыз.
Біріктірілген графиктен көретініміздей тораптың нақты шығын мәні Qф=35 л/с тең, ал қысымның нақты мәні Нф = 20 м.
5.4 Қызмет көрсететін және кезекші қызметшілердің нұсқамасы
Қызмет көрсететін қызметшілердің нұсқамасы әдістемелік нұсқауы бойынша және зауыт дайындаушылардың нұсқамалар негізінде жасалады.
-
Күн сайын қондырғының негізгі бөліктеріне (құбырлар, суландырғыш, кері клапандар, ілмекті арматуралар, манометрлер, пневмосиымдылықтар, сорғыштар, электрбасқару шкафы, электроқозғалтқыштар және т.б.) тексеріс жүргізеді, олардың бұзылуының болмауын, коррозиясын, кірлеуін, тесілуін, байланыстардың беріктігін, поломбаларының болуын.
-
Күн сайын қысымды, көбік деңгейін, ілмекті арматуралардың жұмыс жағдайын бақылап отыруы керек..
-
Күн сайын негізгі және қосымша қоректендіру көздерін бақылау жасау және қоректендірудің жұмыс жағдайында қосымшаға автоматты түрде ауысуын тексеру.
-
Ай сайын МӨБ қызметкерлерінің қатысуымен автоматтық режимде қондырғының жұмысқа қабілеттілігін тексеру.
-
Жыл сайын қондырғыдағы және резервуардағы суды ауыстыру.
-
Жыл сайын ООТ-ке метерологиялық тексеріс жүргізу.
-
Үш жылда бір рет электр тізбегінің оқшаулау кедергісін өлшеу.
-
3,5 жылда бір рет құбырлардың герметикалығына және мықтылығына гидравликаық және пневматикалық сынақ жасау.
Өрт сөндіру автоматты қондырғысын регламенттік жұмыс бойынша техникалық қамтамасыз ету және жоспарлы ескерту жөндеуін (ТҚЕ және ЖЕЖ) жылдық жоспар графигі бойынша, зауыт өндірушілердің техникалық документтер есебіне сәйкес және жөндеу жұмыстарын өткізу мерзіміне сәйкес жүргізу керек. ТҚЕ және ЖЕЖ арнайы оқыған қызмет көрсетушімен немесе келісім шарт бойынша лицензиясы бар арнайы мекеме жасау керек.
Қондырғының сөндірілуіне қатысты, ТҚЕ және жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде сауда ойын-сауық орталығының басшысы бөлмелерде қажетті өрттен қорғау жұмыстарын жүргізуі керек.
6. Өрт сөндіруде және өрт дабылдағышы жүйесіндегі спринклерлік қондырғының негізгі орталығына қойылатын талаптар.
6.1 Жалпы талаптар
Көбікті спринклерлік қондырғыларды бөлмедегі ауа температурасына байланысты келесідей жобалау қажет: сумен толтырылған – бөлмедегі минимальды ауа температурасы 5°С және одан жоғары кезде; ауалы – минимальды ауа температурасы 5°С төмен емес жылытылмайтын бөлмелер үшін.
Көбікті қондырғыларды ғимараттар мен имараттар жабындысының конструктивті элементтерін қорғау үшін арналған қондырғылардан басқа бөлме биіктігі 3,2 м артық емес бөлмелер үшін жобаланады. Соңғы жағдайда қондырғы параметрлері биіктігі 3,2 м артық бөлмелерде 1-ші топты бөлмелерге қондыру қажет.
Көбікті қондырғылардың бір секциясы үшін барлық типті 140 спринклерлі шашыратқыштарды қабылдау қажет. Сонымен қоса ауалы қондырғылардың әр секциялары құбырларының жалпы сыйымдылығы 3 м3 артық болмауы қажет.
Басқару орталығының акселатормен қолданған кезде ауалы қондырғылардың құбыр сыйымдылығы 4 м3 дейін артуы мүмкін. Спринклерлі қондырғылардың әр секциясы басқарудың өзіндік орталығын қамтамасыз етуі қажет.
Ғимараттың бірнеше бөлмелерін немесе қабаттарын бір спринклерлі секциямен қорғаған кезде жану мекенін анықтағанда дыбысты беру үшін, сонымен қоса хабарлау жүйесін және түтін шығаруды қосу үшін қоректену құбырында сұйық ағысының сақиналы дабылдағышын орнатуға рұқсат етіледі.
Сұйық ағыны дабылдағышы алдында «Жабық» - «Ашық» күйлері бар бақылау датчиктері бар бекітпе арматураларын орнатуға рұқсат етіледі.
АӨСБ сумен толтырылған спринклерінде сигналды клапан ретінде сұйық ағыны дабылдағыштарын қолдануға болады, оның артында қайтымды клапаны орнатылуы қажет.
6.2 Шашыратқыштарға қойылатын талаптар.
Көбікті спринклерлі шашыратқыштар өрт сөндіру қондырғыларын автоматты түрде қосуға және өрт көзіне көбікпен шашуға арналған. Қорғалатын бөлмедегі температура спринклерлі шашыратқышты (суретте көрсетілген) ашуға қажетті температураға дейін көтерілгенде жеңіл балқитын құлып 1 балқиды, құлып пластинаға түсіп клапан 8 және шайба 9 рычактарымен 4, 5, 7 бірге түседі. Тұтқаларының 4, 5, 7 сақтау үшін жиналмалы түрде рычакты қысатын бекітпе винті 3 болады. Ағыс құлақша 6 бекітілген розеткаға 2 соғылып, өрт көзіне суды шашады. Құбыр өткізгіштерге спринклер бұрандасы бар штуцер 10 көмегімен бекітіледі. «б» суретінде көлемді кеңейтудің жоғарғы коэффициенті бар сұйықпен толтырылған шыны колба 11 тәрізді құлпы бар спринклерлі шашыратқыш көрсетілген.
Соңғы кездерде қабырғалы типті спринклерлі шашыратқыштар жасалынды, «е» типті сурет, олар адамдар көп келетін жоғарылатылған қабатты ғимараттардағы бөлмелерді қорғау үшін арналады (мысалы, қонақ үйлерде).
МЕСТ 14630—91 сәйкес спринклер және дренчер розеткаларын майыстырып жасайды (СМ, ДМ), оларды шашыратқыш розеткаларын жоғары қаратып орнатқанда қолданады, ал жұқасын (СЖ, ДЖ) шашыратқыш розеткасын төмен қаратып орнатқанда қолданады. СҚ тәрізді қабырғалы спринклерлер розеткамен және лопаткамен жабдықталған, оларды еден бетіне параллельді түрде орнатады.
Тігінен орнатылған спринклерлі шашыратқыш розеткаларынан жабынды бетіне дейінгі ара қашықтық 0,08 - 0,40 м құрауы қажет.
Спринклерлі шашыратқыштың горизонтальды розетка бөлігінен жабынды бетіне дейінгі ара қашықтық 0,07 – 0,15 м құрауы қажет. Ілмелі төбелер үшін шашыратқыштар монтажы аталған шашыратқыш түрінің ТД талаптарына сәйкес орындалуы қажет. 1/3 асатын енісі бар бір орамды және екі орамды ғимараттарда спринклерлі шашыратқыштар мен қабырға арасындағы ара қашықтық 1,5 м аспауы керек, өрт қауіпті класы КО жабындыларында 0,8 м аспауы қажет.
Механикалық бұзылуы мүмкін орындарда спринклерлі шашыратқыштар қоршалған кожухалармен қорғалуы керек. Қоршалған кожухалар шашыратқыштардың нормальды функцияларына кедергі жасамауы керек, яғни ауданын және нормативті мәндерден төмен шашырату қарқындылығы болуы қажет.
Бір қорғалатын бөлме шегінде шығару диаметрлері бірдей, бір типті шашыратқыштар орналастыру қажет.
.
7. Автоматты өрттен қорғаудың экономикалық тиімділігін бағалау
7.1 Автоматты қондырғымен өрт сөндіру нұсқасындағы негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау.
Өрт автоматикасы өрттен қорғаудың ең маңызды бағыты болып табылады және халық шаруашылығы экономикасына белсенді әсер етеді. Оның әсері былай түсіндіріледі, оның көмегі пайда болған өрттердің таралуын ірі өрттергі айналдырмауы, нәтижесінде экономикалық шығын мәні төмендейді. Статистика көрсететіндей, өрт автоматикасымен жарақтандырылған нысандардағы өрт шығыны, ондай қондырғысы жоқ нысандар шығындарынан орташа 20 есе төмен. Есептеу көрсететіндей, өрт автоматикасын игеру жыл сайын бірнеше ондаған миллионға экономикалық тиімділік көрсетеді.
Игерілген автоматты өрттен қорғау қондырғысының экономикалық бағалануы негізгі және қосымша көрсеткіштер көмегімен салыстыру базасын құра отырып, сонымен бірге үлгімен салыстыра отырып жүргізіледі
Өрт автоматикасы қондырғысының экономикалық тиімді вариантын таңдауының негізгі көрсеткіштері төмендегілер болып табылады:
Қор салу К, автоматты өрт қорғаудың бар үлгілерін модернизациялауға және жаңа түрлерін құруға немесе қондырғыны игеруге байланысты жұмсалатын шығын.
Өрт автоматикасын енгізуде базалық және енгізілетін қор салу құрайды:
К=КСС+КСУ+КПУ+ККНР+КПК+КОС
мұндағы КСС – сауда үйі ғимараты құрылысның сметалық бағасы, оған тура шығындар, қосымша шығындар және жоспарлық жинақтама кіреді;
КСУ - қондырғының және барлық құралдардың сметалық бағасы, оған қондырғының және барлық құралдардың көтерме сауда бағалары, тасымалдау және дайындау қойма операциясы - 4,2% көтерме сауда бағасы, сала бойынша жоспарлық жинақтаманы қоса, жоба жағдайындағы монтаж шығыны, негізінен монтаж бөлімшелеріне – монтаждық жұмыстың 6% .
КПУ - өрт автоматикасын жобалауға кететін шығын;
ККНР – қондырғымен жұмыс істейтін мамандарды дайындауға жұмсалатын шығын;
КПК – өрт сөндіру қондырғысына керекті өрт сөндіру құралдарының құны.
Өрт автоматикасы қондырғысын ауыстыратын қондырғымен ауыстыру немесе модернизациялау кезінде:
К=КСБ+КУБ+КУ+КОС
мұндағы КСБ – зауыт ғимаратында қондырғыларды орналастыру үшін керек құн тепе-теңдігі;
КУБ – қондырғының тепе-теңдік құны;
КУ – оның жеке қуыстары мен қондырғыға демонтаж жасау құны.
Игерілетін қондырғы үшін
К=КРС+КСУ+КПУ+КПНР+КПК+КОС
мұндағы КРС сауда ойын-сауық орталығын реконструкциялау құны, егер ол керек болса.
7.2 Өрт автоматикасы қондырғысын қауіпсіз, сенімді және тиімді қамтамасыз етуге жұмсалатын шығынмен байланысты пайдаланатын шығын
Зауыт өндірушілердің жаңа бұйым ретінде жинақтау өндірісіндегі кеткен шығынды анықтамаймыз.
Өрт автоматика қондырғысының эксплуатациялық шығынын келесі формула бойынша анықтаймыз:
С=См +Сқж + Са +СЭ
мұндағы См - Қалыпты эксплутация үшін қажетті материалдар, және де сол материалдарға кеткен шығындар;
Сқж – қызмет көрсететін қызметшілердің жалақысына кететін шығын:
м ұндағы N – жеке қызмет тобының саны;
3 нег – негізі жалақы табысы;
3қос – негізгі жалақыға қосылатын қосымша жалақының пайызы;
Qсс – арнайы сақтандыруға аударылған, пайызбен көрсетіледі;
Са – амортизациялық аударым.
Өрттен келетін экономикалық зиян.
Келесі жағдайлар бойынша анықталған зиян:
а) егер де салыстыру базасы ретінде нысанның эксплутация жағдайы АПЗ-сыз қабылданған болса. Бұл жағдайда тура шығын шамасы өрттің еркін дамуының 0,75 сағат уақытынан бастап есептеледі.;
б) енгізілетін нұсқа үшін өрттің еркін даму уақыты қондырғының инерциялығына және өртке қарсы бөлімшенің келу уақытының, ол ҚР үшін – 10 минут, қосындысына тең. Бұл жағдай үшін тура шығын алынып тасталады;
в) Егерде АПЗ жоқ нысанда өрт сөндірудің автоматты қондырғысы енгізілетін болса, тура шығын шамасы қондырғының инерциялығына және өрт ұзақтылығының есептеулерінің қосындысына тең болатын өрттің еркін даму уақытысынан алынады;
г) немесе өрт сөндіру қондырғысы бар нысанда төмен инерциялы және сөндіру ұзақтылығының есетеуі төмен қондырғыға ауыстырылатын болса.
Тура шығын мынаған тең болатын уақыт аралығынан алынады
у= из - ив + (тз - тв),
мұндағы из, тз - ауыстыратын қондырғының өрт сөндіру уақытының есебі және инерциялығы;
ив, тв - қондырғымен сөндіретін уақыт есебі және инерциялық.
Уақыт фактор Т – негізгі көрсеткіштер есебіндегі спецификалық. Ол өрттің шығыны көрсеткішімен тығыз байланысты және өрт автоматикасының енгізілген нұсқасының тиімділігін анықтайды. Бірақ та уақыт факторы АПЗ-ның экономикалық тиімділігін бағалауда пайдалануда және өздік негізгі көрсеткіш ретінде, егер де:
а) регионалдық және салалық масштабта өрт автоматты қондырғысын сатып алу капитал шығынының мерзімін белгілеу;
б) өрт автоматикасы бұйымдарының жаңа үлгілері өндірісіне және негізін қалау жағдайында қосымша капитал салу мерзімін бағалау;
в) Өрт шығының анықтау қиын болғанда, ауыстырылатын және енгізілетін қондырғылардың сөндіру уақыты есебі мен инерциялығын салыстыру;
г) салыстырылған қондырғылар нұсқаларының жұмыс істеу мерзімін бағалау.
Өрт автоматикасының экономикалық тиімділігін анықтау кезінде қосымша көрсеткіштер негізгі көрсеткіштер қалып қойған кезде немесе салыстырылатын нұсқалардың негізгі көрсеткіштерінің айырмашылықтары үлкен болмаған жағдайда, әрбірінің артықшылығы қиын болған кезде қолданылады.
Е кі нұсқаны салыстыру кезінде өрт автоматикасын енгізудегі капитал салудың экономикалық тиімділігінің салыстырмасы эксплутациялық шығын мен экономияның капитал шығыны мен экономиясын салыстыру арқылы мына формуламен анықталады:
мұндағы Е – капитал салудың салыстыру тиімділігінің коэффициенті, 1/жыл;
ЕН – капитал салудың экономикалық тиімділігінің нормативті коэффициенті, 0,15;
С1, С2 – салыстырылған нұсқалардағы тапсырыс берушінің эксплуатациялық шығыны;
У1, У2 – салыстырылған нұсқалар бойынша өрттен келетін зиян.
Егер де қондырғыны енгізу қосымша капитал салумен байланысты болса, мәселен, ауыстыру немесе модернизация кезінде, сонымен қатар қондырғының сенімділігін арттыру жағдайында, тиімділік бағасы сатып алу мерзімімен, яғни экономикалық тиімділіктің салыстыруының кері коэффициенті болып табылатын шама арқылы сипатталады.
Мұндағы Т – бір жылдағы сатып алу мерзімі, ТН - нормативті сала бойынша қабылданған сатып алудың нормативті мерзімі.
Ө рт автоматикасы қондырғысын енгізу кезіндегі екі нұсқаны салыстыру бойынша экономикалық тиімділіктің шамасын мына формуламен анықтаймыз:
мұндағы Эж – экономикалық тиімділік;
Вж – нысанда немесе салада қондырғыны енгізудің жылдық көлемі, нысанда бір қондырғыны енгізу жағдайында В=1.
7.3 Қозғалыс құралдарымен өрт сөндіру нұсқасында негізгі экономикалық көрсеткіштерді анықтау
Өртті қозғалатын күшпен, яғни өрт сөндіру бөлімшелерімен сөндіру кезінде, өртті сөндіру және жанудың таралуын қақпайлап, локализациялауға дейінгі, өрт оқпандарын беруге дейінгі өрттің даму уақыты маңызды орын алады.
Формулаға сәйкес минуттағы өрттің еркін даму уақытын анықтаймыз.
с.г. = бір + қаб + .инф. + сб. + б.р. + сл. =
6+4+3+2=15 мин
Есептеулерге сәйкес 3 минут өрттің еркін дамуынан кейін өрт температурасы 290 0С құрайды. Бұл температурада өрт ауданы 127,1 м2 құрайды.
Өрттен түсетін шығынды анықтаймыз:
У1 = 3000 * 127,1 =381300 тенге
Нұсқаларды салыстыру және экономикалық
тиімділікті таңдау.
Негізгі көрсеткіштердің шамаларын анықтағаннан кейін нұсқалардың экономикалық тиімділігін таңдау анализіне өтеміз. Қолданыстағы типтік әдістемеге сәйкес бұл таңдау салыстырылған бір нұсқаның жіберілген шығынның минимумына негізделеді.
Нұсқаның экономикалық тиімділігін анықтау ЕН және ТН. нормативті мәндердің салыстыру нәтижесіне негізделген
Нұсқаның экономикалық негізділігі есебін анықтағаннан кейін, жылдық экономикалық нәтиже шамасын есептеуге болады.
мұндағы С1 – алғашқы нұсқа кезіндегі инженерлік-техникалық есепті шығару шеңберіндегі күнделікті шығындар – 490 000 т.
Алынған көрсеткіш екінші нұсқаның дұрыстығын, яғни өрт сөндірудің автоматты қондырғысы экономикалық тиімді екендігін растайды.
Техникалық қызымет көрсету және өрт сөндіру қондырғысын күтіп ұстау
Жүйені қолдануға дайын күйінде ұстауға, приборлар мен элементтердің зақымдануының және уақытынан бұрын істен шығуын болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізу сумен өрт сөндіру қондырғысына техникалық қызмет көрсетудің негізгі мақсаты болып табылады.
Өрт сөндіру қондырғысына техникалық қызмет көрсету және жөндеу құрылымы келесі жұмыс түрлерін қамтиды:
● техникалық қызмет көрсету;
● жоспарлы ағымдағы жөндеу;
● жоспарлы күрделі жөндеу;
● жоспардан тыс жөндеу.
Ағымдағы қызмет көрсетуге қондырғының жоспарлы жұмысын бақылау, анықталған ақауларды жою, баптау, реттеу, босату және тексеру жатады. Ағымдағы жөндеудің көлеміне ішінара бөлшектеу, жетектерін және кабельді имараттарды ауыстыру және жөндеу кіреді. Жабдықтарды өлшеу және сынау, сондай-ақ анықталған ақауарды жою жүргізіледі. Сонымен қатар, күрделі жөндеудің көлеміне ағымдағы жөндеумен қарастырылған жұмыстар, қондырғының ескірген элементтерін ауыстыру, жабдықтардың пайдалану мүмкіншіліктерін жақсарту кіреді. Жоспардан тыс жөндеу ағымдағы немесе күрделі жөндеу көлемінде жүзеге асырылады және өрттен, апаттан кейін жабдықтардың қанағаттанарлықсыз пайдалануынан соң немесе оның алдын алу үшін жүргізіледі.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүргізу барысында «Өрт сөндіру және күзет-өрт дабылы қондырғыларын регламенттелген техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу туралы нұсқаулықтың» және «ӨСАҚ, түтін шығару, күзет, өрт және күзет-өрт дабылына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесінің» талаптары басшылыққа алынуы тиіс.
Сумен өрт сөндіру қондырғысына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмысты төртінші разрядтан төмен емес слесарь-сантехниктер жүргізеді.
8.Техникалық қауіпсіздік бойынша негізгі талаптар
Осы жоба келесі құжаттарда баяндалған қауіпсіздік шараларының талаптарына сәйкес әзірленді:
-
тұтынушылардың электрқондырғыларды техникалық пайдалану ережесі;
-
тұтынушылардың электроқондырғыларды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесі;
-
өрт сөндірудің автоматты жүйесіне қатысты бөлігінде белгіленген мерзімде бекітілген қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттама;
-
ӨСАҚ-ға пайдалану құжаттамасы.
Техника қауіпсіздігін сақтау қондырғыны пайдалану кезіндегі қауіпсіз жұмыстың қажетті талабы болып табылады. Техника қауіпсіздігін бұзу бақытсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Қызмет көрсететін персонал техника қауіпсіздігі бойынша кіріспе жалпыламалы нұсқаулықтан және жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне арналған нұсқаулықтан өткенннен кейін ғана жұмысын атқаруға жіберіледі. Кіріспе нұсқаулығы жұмысқа жаңадан қабылданғандардың барлығымен жүргізіледі. Нұсқаулық беру кезінде мамандығы бойынша сол жұмыс орнындағы міндеттерімен таныстырылады. Нұсқаулықтан өту техника қауіпсіздігінің журналында көрсетіледі.
Сумен өрт сөндіру қондырғысын пайдалану «Сумен өрт сөндіру қондырғысын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі. Сулы өрт сөндіру қондырғысымен жабдықталған объектіде жұмыс атқаратын персонал көрсетілген қондырғының бар екендігі туралы хабардар етіледі, оның жұмыс істеу қағидасы мен қауіпсіздік ережелері туралы нұсқаулық беріледі. Қондырғыны пайдалану кезінде оның элементтерінің дұрыс жұмыс атқарып тұрғандығын қадағалау қажет. Ол үшін дабыл құралдарының дұрыстығын бақылау керек. Қондырғыны жөндеу қондырғыны пайдалануға жауапты тұлғаның ұдайы қатысуымен жүргізіледі.
Өрт орын алған жағдайда қорғалатын жайдан шығу жолдары көрсетілуі тиіс, шығу жолдары әрдайым бос болады.
Қондырғыны пайдалану кезінде келесі ережелерді орындау қажет:
-
Жабдықты құрылымдаумен қайта құрылымдаумен байланысты болатын жөндеу жұмыстары жөнделетін бөлшекте қысымның жоқ кезінде жүргізілуі тиіс;
-
Тоқөткергіш элементтерге жақын орналасқан құбырларды тазалауға және сырлауға рұқсатнама рәсімдеумен қатар олардан қысымның алынуы кезінде ғана рұқсат етіледі;
-
Гидравликалық сынақ жүргізумен айналысатын тұлғалар сынақ барысында қауіпсіз жерлерде немесе арнайы қарастырылған экранның сыртында болуы тиіс;
-
құбырларды гидравликалық және пневматикалық сынау ережелеріне және талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс;
-
жұмыс істеп тұрған кезде қозғалтқышты майлауға және механизмдердің қозғалатын бөлшектерінің бұрандамаларын бұрауға рұқсат етілмейді;
-
басқару бөлшектері орналасқан жайда техника қауіпсіздігі туралы нұсқаулық және плакаттар ілініп тұруы тиіс;
-
электржабдықтарды жөндеу жөніндегі жұмыстар электрқоректенуден ажыратылғаннан кейін ғана жүргізіледі;
-
реттеу, жөндеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде қондырғы тұтынушыларының қоректену сұлбасын мұқият зерделеу және қажетті қондырғыларды тоқтан ажырату қажет;
-
электржабдықтармен жұмыс атқару кезінде диэлектрлі төсемдер және қолқаптар болуы тиіс;
-
оқшаулаудың зақымдануынан орын алуы мүмкін болатын электржабдықтың барлық қажетті бөлшектері жерлендірілуі (нөлденуі) тиіс. Қорғаныс жерлендіру (нөлдендіру) ЭҚЕ-ға сәйкес жүргізіледі.
Қысқартулар
- АӨСҚ: Автоматты өрт сөндіру қондырғысы.
- ӨҚТҚ: Өрт хабарын қабылдау-тексеру құралдары.
- ӨБҚ: Өрт сөндіруді басқару құралдары.
- ӨХ: Өрт хабарлағышы.
Қысқаша қорытынды
Бұл дипломдық жобада мен ірімшік зауытының қоймалары мен бөлмерінде мүмкін болатын өрттен қорғауда көбікпен өрт сөндіретін автоматты қондырғыларды ұсынамын. Алынған нысанда АӨСҚ қолдану қажеттігін нақтылау үшін екі әдіс алынды: нормативті, яғни ҚР территориясында жүретін нормативті құжаттарға сәйкес және есептеу-графикалық, өңделіп жасалған. Екі әдісте АӨСҚ қарастырылып отырған нысанда қолданылу қажеттілігі дәлелденді.
Бөлменің микроклиматтық және өрт қаупі жағдайын және өрт сөндіру құралдары түрін таңдау мен сөндіру әдістерін ескере отырып, мен көбікпен өрт сөндірудің көбік шашатын КАГ-600 қондырғысын пайдалануды ұсынамын.Ол осы зауыттағы болған өртті өшірудің ең тиімді әдісі болып саналады. Гидравликалық есептеу соңында қызмет көрсететін және кезекші қызметшілердің өрт сөндіру қондырғысының техникалық жағдайы бойынша нұсқауларды өңдедім.
Дипломдық жобаның соңғы бөлімінде көбікпен өрт сөндіру автоматты қондырғысын қолданудың экономикалық негізділігін көрсеттім. Себебі ірімшік зауыты ғимараты бір қабаттан тұрады. Қазақстан Республикасының ҚН 2.02-11-2002 Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрттік сигналдаудың жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалық құжатына сай автоматты өрт сөндіру қондырғысын қоюды ұсынамын.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
ҚP Aзaмaттық қopғaныc зaңы 11.04.2014 №188-V.
-
Пожарная тактика. Я. С. Повзик. Москва: ЗАО «Спецтехника» 2001 год.
-
УПТ справочник. Я. С.Повзик. Москва: ЗАО «Спецтехника» 2001 г.
-
ҚР ҚНжЕ 2.02.-15-2003. Ғимарат пен имараттың өрт автоматикасы.
-
Эксплуатация установки пожарной автоматики . Н.Ф. Бубырь, В. П. Бабуров и др. Москва: ВИПТШ МВД СССР 1986 г.
-
Установки пожаротушения автоматические. Справочник С. В. Собурь. Москва: ЗАО «Спецтехника» 2001 г.
-
Установки пожаротушения автоматические. Учебно-справочное пособие. С. В. Собурь. Москва: «Пож.Книга» 2008 г.
8. ҚР ҚН 2.02-11-2002 Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрттік сигналдаудың жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары. Астана, 2002.
9. «Пожарная автоматика» 2007, Журнал-каталог.
10. ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі. Астана, 2002.
11. Шурин Е.Т., Юн С.П., Пальцев В.П. Методические указания к курсовому проектированию по дисциплине Пожарная профилактика в строительстве.-М.: ВИПТШ, 1990 - 80 с.
12. Томин С.В., Токарев В.Н. Задачник по пожарной профилактике в строительстве, М 1995 г.
13. Ройтман М.Я. Противопожарное нормирование в строительстве, М/С 1998 г.
14. С.В. Собурь. Справочник «Установки пожаротушения автоматического М., Спецтехника 2001 г.-399 с.
15. Гидравлика и противопожарное водоснабжение. Кошмаров Ю.А. М. 1985 г.
16. Справочник. Пожаро-взрывоопасность веществ и материалов и средства их тушения. Под редакцией А.Н. Баратова и А.Я. Корольченко. М. «Химия», 1990 г.
17. С.В.Собурь, Установки пожаротушения автоматические. Учебное-справочные пособие.-5-е изд. (перераб.).-М., ПожКнига, 2008.-312с.
18. Пожарная техника. Часть II. Пожарное оборудование/Н.М.Дэнкас, К.И.Кравченко, Н.Д.Шебеко и др.-М.: ВНИИПО, 1997.-200с.
19. В.Г.Григорьев, В.И.Горячев, Т.П.Кузнецова. Инженерная графика. –Ростов н/Д: Феникс, 2004.-416с.
20. ҚР СТ 1167-2002 Өрт сөндіру автоматикасы. Жіктелуі. Терминдер мен анықтамалар.
21. ҚР СТ 1187-2003 Өрт хабарлағыштары. Жалпы техникалық талаптары.
22. Чекмарев А.А., Осипов В.К. Справочник по машностроительному черчению. М., 1994.
23. Гаевой А.Ф., Усик С.А. Курсовые и дипломне проектировние. Промышленные и гражданские здания. Л., 1987.
24. ГОСТ «Единая система конструктор ской документации» (ЕСКД). Общие правила выполнения чертежей. М.,1983.
Достарыңызбен бөлісу: |