Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: Алаш қайраткерлерінің болашақ тәуелсіз мемлекет құрылымы туралы көзқарасы


Қинамайды түрмесіне жапқаны Қинамайды атқаны



бет3/8
Дата31.05.2024
өлшемі275.38 Kb.
#502141
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
дипломдық жұмыс арман

Қинамайды түрмесіне жапқаны

Қинамайды атқаны

Қинайды тек өз итімнің

Балағымнан қапқаны

34


деп айтқандай түрмені де ,қиануды да ату жазасын да салқынқандылықпен қабылдап, Алаш қайраткерлерінің рухты келбеттері әлі де үлгі өнеге.


Сол кездері халықтың басына қара бұлт үйіріліп,миллиондаған адамдардың облына қалған ,талай жанның қазасын арқалаған-58 статья еді. Осы статьяның алғашқы тауқыметті таңбасы Ахмет Байтұрсынов бастаған ұлт қайраткерлеріне басылды. Қазақтай дархан халықтың адал перзенттері өзіне халық жауы атанып қудалауға ұшырап кете барды. Тәуелсіздік көгін аңсап кеткен Алаш қайраткерлерінің тынымсыз еңбегі мен жан қиярлық істері тарихымызда ерекше орын алады. Осы тұрғыда жас ұрпақты «Алаш» идеясымен кең ауқымда және жүйелі түрде таныстырып, оларды отаншылдық рухта тәрбиелеу қажет.Тіпті мектептерде жекелей пәндік жүйемен «Алаштану» пәнін енгізсе артық емес деген ойдамын. Алаштану саласында зиялы қауым бірлесіп зерттейтін,ғылыми шешімін күтіп отырған мәселелер жетерлік. Және де болашақ ұрпақ елін,жерін сүюіне, патриоттық сезімінің күшеюіне,тарихтың ақтаңдақ беттерін танып білуге деген құштарлығы мектеп сатысынан басталғаны жөн шығар. Алашордашыларды алғашқы қыспаққа алу Алашорда жетекшілеріне қарсы сот процестері 1928-32 жылдары орын алған екен. Бірінші прцестте қырық жеті адам тергеуге алынып, сол кездегі ОГПУ-дың сот шешімімен 35 адамға әртүрлі жаза кесілді. Атап айтқанда ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсынов абстаған он адам өлім жазасына бұйырылып, кейінне ол үкім 10 жылдық мерзімге концлагерге отырғызу үкіміне ауыстырылды. Ал 1932 жылғы сот шешімімен Мұхаметжан Тынышбаев ,Халел Досмұхамедов,ЖаҺанша Досмұхамедов бастаған алашордашылар 5 жылдық мерзімге Россияға жер аударылды. Осы екі үкімнен тірі қалып елге оралғандарын 1937-1938 жылдары «Халық жауы» деген атпен айыпталып ату жазысына кесілді. Міне ұлт мүддесі үшін күрескен қазақ зиялыларының өкінішті ғұмырлары осы екі үкіммен шешілді. Қазақ оқығандары халықтың ортасынан шыққан, оның мақсат-мүддесін жақсы білетін, дүниеауи, заманауи білім алған, өз ұлтына шын жаны ашитын азаматтар еді. Сондықтан олар қызметті, мансап-мәртебені, шен-шекпенді емес, ең алдымен халқының қамын ойлайтын ұлтшыл тұлғалар болатын.
35

Олай болмаса, Алаш қозғалысын қалыптастырған қайраткерлердің қайсысы болсын орыс үкіметінен шен алуға мүмкіндіктері бар азаматтар еді. Бірақ олар жеке басының мүддесінен халықтық мүддені жоғары қойды және оған аяғына дейін аянбай, талмай қызмет етті .Зиялылардың ұлт алдындағы риясыз еңбегі мен қайраты – қозғалыстың жалпыхалықтық сипатқа ие болуына бастады. Кеңестік Қазақ Республикасы болып қайта құрылып, бүгінгі Тәуелсіз Қазақ Елінің мызғымас фундаментін қалап кеткен Алаш Ұлттық Жерлі Аутономиясын «болған жоқ» деп өзімізді өзіміз кемсітуді қашан қоямыз?»,-деп жазады. Алаш зиялыларының маңызын, атқарған жолын ескермей, «Тәуелсіздік» деген асыл ұғымды қоғамның ұғынып-ұғынбауы, бағасына жетуі екіталай. Ендеше тілер тілегіміз сол. Алаш үшін аяулы саналған тәуелсіздікке қол жеткізген соң, оны қастерлеп ұстау, ұлықтау — қазіргі ұрпақтың басты парызы.Ұлттың ғасырлар бойы қалып­тастырып, сақтап, нығайтып, қорғап отырған дүниесін ұлттық мүдде» дейміз. Ұлттық мүдде ғана ұрпақты мемлекетімен, өткен тарихымен және келер уақытпен байланыстырып отырған. Осы себептен, қазақ халқы тарихта ата мекенді, ұлттың тілі мен ділін, дәстүр мен дінді, мәдениетті, тарих пен заңды ел болмысының бойында бірік­тіріп отырған дүние ұлттық мүддеге қызмет етуді ұрпаққа үйретіп отырған. Қазақ қоғамының рухани өмірінде жеке адамның ғана емес, халықтың да тұлғаланғандығын халқымыздың ұлттық мүдде туралы тұтас ұғымынан білеміз.


Алаш зиялыларын тарих сахнасына шығарған қазақ қоғамына қарайтын болсақ, сол кездегі өзге елде білім алып жүрген қазақ жастары қоғамында ұлттық сананы көтеруге, ұлттық идеяны қалыптастыруға бір кісідей жұмылған. Бұның себебі, алаштанушы ғалым М.Қойгелдиев жазғандай, «ХІХ ғасырдың екінші жартысында, яғни, 60-жылдардағы реформалардан соң өз күшіне сенген Ресей әкімшілігі сақтық атаулыны мансұқ етіп, қазақ қоғамын ашық отарлау және орыстандыру ісіне кірісіп кетті. Үкімет ішкі Ресейлік губерниялардан қазақ жеріне орыс шаруаларын жаппай қоныстандыру шарасын іске асыра отырып, қоныс аударушылардың жағдайын заңдық және экономикалық
36


тұрғыдан не­гіздеп, нығайтып қана қойған жоқ, сонымен бірге, олардың санасында өздері туралы қазақ жеріне алдыңғы, дамыған өркениеттің жетістіктерін жеткізуші, жарылқаушылар бейнесін қалыптастыруға күш салды… Осы түсінік ресейлік оқу орындарында білім ала бастаған қазақ жастарының санасына да енгізіле бастады. Бірақ, оқудағы қазақ жастары бұл идеяны сол күйінде қабылдай қоймады. Елі мен жерінің тәуелсіздігі жолында іздене отырып, сол күрес жолында Алаш зиялылары өздерін де, өз замандастарын да, өзінен кейінгілерді де қайраткерлік жағынан да, қаламгерлік жағынан да дайындады, жетілдірді деуге болады Алаш қозғалысы қазақ тарихындағы ерекше кезең десек артық емес. Өткенімізді саралап, бүгінге жеткізу ,оны ұрпақ санасына сіңіріп, Алаш иедологиясын айшықтау әрбір қазақпын деген тұлғаның басты парызы деп білуіміз қажет. Өйткені Алаш жұрты ақтаңдақ тарихтың ақиқатын ақтармаса ,елдің,жердің қасиетін жан жүрегімен ұғынбасы анық. Бұл тақырып зерттелу үсітнде,әлі де зерттеліп жатыр. Алаш тарихының беймәлім ашылмаған сырлары көп шығар. Біз кейінгі ұрпақ соны саралауға ұмытуымыз қажет екенін айтқым келеді.Алаш қозғалысы –біздің халқымыз үшін өліра шақ,дәуір алмастырған тұс іспеттес.Ал ұлт сақталуы үшін болашақ ұрпақ ұлттық рухты,ұлттық сананы иеленіп,білімді деп,білікті бәсекеге қабіәлетті болуы шарт . Ұлттық рух,ұлттық сана деген меніңші қазіргідей пайдасызшерулерге шақыру емес, жоспарлы түрде білімділікпен,айқын мақсатпен қазақ елінің мәртебесін асқатату барысында келелі істерге қозғау салып,ой түрткі жасап,халықтың сана сезімін,ұлтқа деген сүйіспеншілігін намыс пен бірлікке шақыра отырып, іске асыру. «Біз де нан қымбат,ақша жоқ,бензин қымбат немесе бізді қазақтарды басынып жатыр» митингке шығыңдар,алаңға жиналыңдар деген шешімсіз шерулерден пайда жоқ екені бесенеден белгілі нәрсе. Сондықтан ұлтты сүю,патриоттық сезім қалыптастыру үшін Алаш идеологиясын насихаттау жұмыстарын жетілдіру керек. Елін ,жерін ,Отанын қорғайтын жастарға ұлттық рух қажет.

37


Алаш зиялылары қазақ мемлекетінің қазақ қоғамнының негізімен мәдени өрісін сақтап нығайтып отыратын жер, сондықтан ұлт шаруашылығына тәуелді,ұлт шаруашылығына тәуелді және оның тәжірбиелерін жүзеге асыратын эконоиканы,тіл үстемдігін орнатып,дін мен дәстүрге негізделген ғылымды қазақ қоғамында дамыту қажет деген көзқараста болған. Бабадан қалған бір шөкім жер қазақ үшін бағалы құндылық. Сондықтан Алаш зиялылары халыққа атамекен жерден қолүзбеуге қашанда кеңес берген. Алаш қайраткерлері ұлттық сана сезімді жоғары деңгейге көтере білді.Алаштықтардың негізгі ұстанымы осы күнге дейін өзектілгіні жоғалтпаған елдің береке бірлігі еді.Алаш қозғалысының және қайраткерлерінің басты мақсаты мемлекеттік басқару жүйесін құру елдің даму жолын таңдауда ұлттық болмысқа ден қою болатын. Алаш қайраткерлерінің тәуелсіздік жолындағы көзқарастарының негізі ұлттық мектеп, ұлттық әскер құру, қазақты жерге орналастыру, сауда саттық пен өнеркәсіпті өркендету,жастарды тәрбиелеу секілді сан қырлы мәселелермен айналысты.Олар көтерген көптеген мәселелер бүгінде алдымыздан шығып отыр. Бұл қазақ елінің жеңісі болса Алаш қайраткерлерінің еңбегінің жемісі деп тануымыз керек. ХІХ ғасыр аяғы ХХ ғасырдың басы қазақ деген ұлттың мәңгілікке жойылып кетуіне не болмаса болашағы жарқын болып мемлекет болып қалыптаусына аяқ басар қазақтың басы бәйгіге түскен кезең десек болады.Өйткені осы тұста отарлау саясаты күшейе түсті. Сол себепті Алаш қайраткерлері дербестік жолында отарлау саясатын тоқтатуға белсене кірісті. Қай мәселе болсын сөзбен емес іспен шешетін кезең болды. Алаш қайраткерлерінің философиясындағы ұғым тәуелсіздік идеясы заңдағы құқығын азамат ретінде қорғауы,саяси тұрғыда еркіндікке жету болатын. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов өзгенің езгісіне төтеп беретін жалғыз күш-рухани мәдени тұрғыдан жетілу деген көзқараста болды. Ел еркіндігі теңдікпен баршаға бірдей құқық беру тәуелсіздіктің сол кездегі алғашқы қадамдары болатын. Алаш қайраткерлері ұлттық с ана сезімді мемлекеттік деңгейге көтеребілді.Ахмет Байтұрсынов «Басқалардан кем болмас үшін біз білімді,бай Һәм күшті боулымыцз керек.

38


Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек.Осы керетердің жолында жұмыс істеу керек деген еді. Ал Әлихан Бөкейхановтың жазбаларына мән берсек қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн игеріліп,әрбір қазақтың үстіне тоқыма киім болып киілуі керек Яғни мемлекет толықтай өзін өзі қамтамасыз ететін деңгейге көтерілу керек яғни экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі қажет екенін басым айтқан.Алаштықтар сол кездегі Қазақстанның шаруашылық жайында пайымдап,соған орай экономикалық дамудың бірнеше жолын нұсқады. Соның бірі Мұхаметжан Тынышбаев пен Халел Досмұхамедовтың Ақмоланы астана жасаймыз деген идеясы еді.Алаш қайраткерлерінің мемлекет басқарудағы ісінде қаншама озық ойлы тұрпатты құқықтық мемлекет құрудың алғышарттарын жасағандықтарына көзіміз жетеді. Біртуар тұлға Ә Бөкейханов: «Мен өз отанымның ішкі істерімен өмір сүремін. мен үшін оның тағдыры бәрінен артық Егер ол қандай жағдайда екенін білмесем ұйықтай алмаймын деген екен. Ж.Досмұхамедов: Алаш қозғалысының қайраткерлері қазақтардың мемлекеттілігін алу жолында күресті.Біздің мақсатымыз өз тағдырын шешу мүмкіндігін халықтың өзіне беру.Тек автономияға ие болған жағдайда ғана халық өз тағдырын қолына алады деген салмақты көзқарастарды қазақ елінің тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты. Рухымыз көтеріліп Алаш қайраткерлерінің ұстанымды шамшырағы қараңғыда жол нұсқады. Мұхаметжан Тынышпаевтың мына көзқарасы ақиқатты ақтарып салып шындыққа шырылдап қарауды көздейді. «Үкімет,бірінішіден жабайы варварлық репрессиялармен және тілді ,әдеп ғұрыпты,дінді ұлтқа тән көріністің бәрін қуғындау арқылы,жалпы қазақтарды жеке ұлт ретінде құртып жіберіп,аймақты орыстандыруға, екіншіден түрлі әкімшілік шаралар,бұйрықтар ережелер қазақтарды еріксіз,заңннан тыс тобырға айналдыруға, үшіншіден,оларды өздерінің қандары сіңіп,сүйектері шашылған жерден ажыратып, жалаңаш қураған жерлерге өлім құшағына қуып шығуға ұмтылғаны анық. Міне,қазақтар бұрынғы тәуелсіздігі мен бостандығының орнына бейбіт және қантөгіссіз орыстың қол астына кіргені үшін неге ие болды десеңші. Осындан соң сөзбен орақ орып,іс жүзінде ештеңе істемейтін үкіметке қалай сенуге болады.
39

Бүкілхалықтық қозғалыс кезіндегі үкіметтің іс әрекеті мен бұйрықтары қазақтардың қандай болсын манифестке,рестскриптерге сенбеуге толық құқы бар екенін көрсетті деген сөзі әр қазақтың жүрегін жаныштап кеткені анық. Отаршыл империяға бұдан артық қандай саяси талап қойылуы керек. Бұл көзқараста ұлт азаттық қозғалыстың,тәуелсіздікке ұмтылуыға деген ұшқындар жоқ деп кім айта алады. Тәуелсіздіктің бастауы сонау Алаш қайраткерлерінің идеясымен тығыз байланысты. Олардың көзқарас пікірлері кемелді келешектің алғашқы қадамдарына жол сілтеді.

40




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет