Әлихан Бөкейхан атындағы Семей
инновациялық гуманитарлық
заң университеті
ДИПЛОМДЫҚ
ЖҰМЫС
тақырыбы:
Алаш қайраткерлерінің болашақ тәуелсіз мемлекет құрылымы туралы көзқарасы
Взгляд деятелей Алаша на структуру будущего независимого государства
Vision of Alash figures on the structure of the future independent state
Тарих және
география факультетінің 6В01606 Тарих
(қазақ тобы)
Орындаған: Қалихан Арман
ДИ-101С мамандығы
Ғылыми жетекші: А.Б Байғапанова
КІРІСПЕ:
Біз қазақпыз тәуелсіз елміз. Осындай ұлы жетістікке жетуімізге себепкер болған кешегі Алаш қайраткерлерінің ерен еңбегі десек болады. Өткен тарихымыз ұмытылмайды. Бүгінгі ұрпақ Тәуелсіздіктің қадір қасиетін ұғына білуі үшін Алаш қайраткерлерінің даңқты күрес жолдарын айшықтап,олардың көзқарастары мен идеяларын жеткізе білуіміз қажет. Сондықтан бұл жұмысымды Алаш қозғалысы мен Алаш қайраткерлерінің идеяларынан бастағым келіп отыр. Әрбір ұрпақ қай заманда да өмірді жаңадан бастап кете алмайды, ол өзінен бұрынғыдан қалған мұраның иесі, өзінің тәрбиесімен, қалыптасқан мәдениет, дәстүр, ойлау деңгейімен оған тәуелді. Қазақ елі Алаш идеясына,Алаш көсемдерінің ұрандарына жалпы Алаш қозғалысының қазақ ұлтына беретін жақсылығына сенді. Кейбір көзі ашық көкірегі ояу азаматтар Алаш арыстарының соңынан еріп, өздері де азаттық жолындағы көрнекті қайрат керлерге айналды. Бұл күнде есімдерін мақтанышпен айтып,ұрпақтарымыз шамшырақ тұтуда.Тәуелсіздік туралы Алаш қайраткерлерінің көзқарастары мен тұжырымдарын зерделеп,жеткізу біздің баста парызымыз. Алаш қозғалысы жайлы әрбір ұрпақ білуі тиіс. Өйткені қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы алғашқы баспалдығы осы Алаш қайраткерлерінің идеясымен бастау алған. Заманында бар қазақтың қамқорына, сүйенішіне айналған «Алаш» партиясының саяси тұжырымдамасына, алашордашылардың саяси өмір жолы мен қызметіне қарап отырып, сол дәуірдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелердің бүгінгі таңда да өзектілігін жоймағанын байқауға болады. Алаш қайраткерлерінің бірі Қошмұхаммед Кемеңгерұлы 1924жылы Мәскеуде жарық көрген «Қазақ тарихы» очеркінде: Үкіметтің қара қуғын жасаған күндерінде айдауына да,абақтасына да шыдап, ел үшін басын құрбан қылған ат төбеліндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған-Әлихан. Әлиханның қазақ еліне істеген тарихи қызметі:әдебим тіл тууыфна себеп болды.өзіне ерген топты діни фанатизмге тәрбиеледі.Бұдан барып татардан іргесін аулақ салған қазақ ұлты туды. деп жазды. Қазақ халқының азат ел ретіндегі тағдыры, тарихы, мемлекеттік дербестігі, жері мен шекарасы, тілі мен діні туралы мәселелер арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, өзектілігін жоғалтқан жоқ.
1
Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше, әрбір азамат осы жүз жыл бұрынғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгіТәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына мүдделі болуға тиіс. Өйткені Алаш идеясы – ұлттық идеология! Ол отаншылдыққа, мемлекетшілдікке, бірлікке үндейді. «Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш – халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш – ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зиялылардың Алаш атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт. Алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді. Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақсат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да – солар болды. Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы. Алаш қозғалысының тарихи негізі әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түкпірінен орын тепкен.Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.
2
Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пайда болуымен тұңғыш ұлттық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қорғау бойынша бірізді бағыт ұстанды. Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты құжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі. Алаш қозғалысы, идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы – тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Тарихтан білетініміздей, 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында Бірінші жалпықазақ съезі өтті. Осы съезде Алаш партиясының бағдарламасы жарияланды. Ал оның негізгі ұстанымдары: Біріншіден – Ресей демократиялық федеративтік республика болуы керек. Оның құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз түрде әрекет етеді. Екіншіден – Ресей республикасында тең құқықтық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар ерікті болады. Үшіншіден – дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең құқылы. Төртіншіден – билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажет, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі шарт, т.б. Алаш қозғалысының, Алашорда жетекшілерінің аса ірі тарихи еңбегі қазақ жерін сақтап қалуымен байланысты. Осы күнгі Қазақстан Республикасы жерінің тұтастығы мен сақталып қалуында Алаш қайраткерлерінің орасан зор еңбегі бар. Олардың кеңес үкіметінің басшыларымен келіссөздері, әсіресе Ахмет Байтұрсынұлының осы бағыттағы қажырлы еңбегі кейін, Қазақ автономиялық советтік социалистік республикасын құру кезінде осы автономияның аумағын белгілеуде шешуші маңызға ие болған.
3
Қозғалыс көшбасшысы Ахмет Байтұрсынов: «басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек! Бай болуға – кәсіп керек! Күшті болуға – бірлік керек! Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» деген екен. Қазақ елінің осындай кең құлаш жайып өркендеуіне,тәуелсіздік жолындағы айшықты күрес жолдарына Алаш қайраткерлерінің көзқарастары оң әсер етті. Намыс пен қайратты, күш пен жігерді ,ұлтын сүйген патриоттық болмыстары жас ұрпаққа өнеге болды.
4
Достарыңызбен бөлісу: |