Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Батыс Қазақстан облысы халқының ауруларының аймақтық ерекшеліктері» 5В011600 мамандығы «География»



бет9/9
Дата03.03.2022
өлшемі365.03 Kb.
#455927
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
диплом Асланбеккызы Жансезим

Індетті жұқтырғандар
Қайтыс болғандар саны

Батыс Қазақстан облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдай негізінен халық тығыздығына байланысты орын алуда. Әсіресе Облыс орталығы, Бәйтерек ауданы, Теректі ауданы, Бөрлі ауданы, Шыңғырлау ауданындарын атап айтуға болады. Аталған аудандарда коронавирустық жағдайларының көптеп таралу себептері біріншіден, Облыс орталығына көршілес орналасуы, екіншіден транзиттік жол торабында орналасуы (мысалы, Бәйтерек ауданы, Ақжайық ауданы, Теректі ауданы), үшіншіден, вахталық жұмыс орындарының болуы(мысалы, Бөрлі ауданы), сонымен қатар, себептер қатарына зерттеу жұмысында мысал келтірілген факторларды көрсетуге болады.


Қорытынды
Батыс Қазақстан облысы ҚР-ның солтүстік-батысында орналасқан және Батыс экономикалық ауданының бөлігі болып табылады. Облыстың қазіргі аумағы 151,3 мың км2 құрайды, бұл Қазақстан Республикасының бүкіл аумағының 5,9% құрайды. Халқы - 603,9 мың адам. Батыс Қазақстан облысы - бұл ауылдық елді мекендер басым болатын Қазақстанның аймақтарының бірі.
Облыс статистикасы бойынша соңғы жылдары әсер етуші экологиялық мәселелер азайып келсе де халықтың аурушаңдығына әсер ететін көптеген жағымсыз факторлар өз септігін тигізіп отыр.
Біріншіден, бұл сулардың қанағаттанарлықсыз табиғи сапасы, негізінен пайдаланылған судың сапасын атап өту қажет. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батыс бөлігі табиғи су сапасының қанағаттанарлықсыз аудандарына жатады. Облыстың арналық желісі суларының негізгі бөлігі қалыптасатын су жинау беті ластануда. Сонымен бірге жер асты сулары сапасының төмендеуі байқалады.
Екіншіден, қазіргі уақытта облыс тұрғындарының назары газды өндіру мен тасымалдауға бағытталған. Бұл қоршаған ортаға қауіп төндіретін шынымен де күшті фактор. Соңғы жылдары байқалған климаттың құрғауы тері аурулары мен респираторлық аурулардың көбеюіне алып келеді. Туберкулезге шалдығу мәселесі ерекше алаңдаушылық туғызады, осыған сәйкес облыс Қазақстан Республикасының басқа аймақтарының арасында 4-ші орында. Бұл мәселеде қолайсыз әлеуметтік-экологиялық және экономикалық жағдайлар рөл атқарады.
Үшіншіден, табиғи ресурстарды, соның ішінде ауылшаруашылық жерлерін пайдалануды күрт тоқтату табиғи ортаны жақсартуға емес, оны одан әрі жоюға әкеледі, өйткені көп жағдайда табиғи орта өзін-өзі сауықтыру қабілетін жоғалтуда. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын жерлердің азаюы арамшөптермен өскен алып бос жерлердің пайда болуына алып келді, мұнда әртүрлі инфекциялық және паразиттік аурулардың тасымалдаушылары көбейе бастады. Бұл осы топтың ауруларының даму қаупінің жоғарылауына әкеледі.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың жалпы деңгейі мен халықтың туберкулезбен ауруы, ас қорыту жүйесі мен қан айналымы аурулары арасындағы ең маңызды байланыстар атап өтіледі. БҚО-ның Жәнібек және Бөкейорда әкімшілік аудандарында өте қанағаттанарлықсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайлар байқалды, онда әлеуметтік- экономикалық даму мен тұрғындарды медициналық қамтамасыз ету деңгейі өте төмен. Бұл аймақтар туберкулезбен, ас қорыту жүйесінің ауруларымен және қан айналымы жүйесі ауруларымен ерекшеленеді. Табиғи жағдайлардың салыстырмалы жайлылығына және медициналық қолдаудың қанағаттанарлық деңгейіне қарамастан, БҚО Тасқала ауданында халықтың денсаулығының өте төмен деңгейі байқалады. Тасқала әкімшілік ауданы халықтың денсаулығының өте төмен деңгейіне жатады, ол ауру санының көптігімен және өлімнің жоғары деңгейімен сипатталады.
Сонымен қатар, Елімізде орын алған санитарлық-эпидемиологиялық жағдай негізінен халық арасында коронавирус инфекциясының таралуына басты себептерінің бірі халық тығыздығына байланысты орын алуда. Әсіресе Облыс орталығы, Бәйтерек ауданы, Теректі ауданы, Бөрлі ауданы, Шыңғырлау ауданындарын атап айтуға болады. Аталған аудандарда коронавирустық жағдайларының көптеп таралу себептері біріншіден, Облыс орталығына көршілес орналасуы, екіншіден транзиттік жол торабында орналасуы (мысалы, Бәйтерек ауданы, Ақжайық ауданы, Теректі ауданы), үшіншіден, вахталық жұмыс орындарының болуы(мысалы, Бөрлі ауданы).
Қорыта келе, Батыс Қазақстан облысы бойынша халықтың аурушандығы негізінен халық және қоршаған орта арасындағы түрлі байланыстардың, табиғи және антропогендік жағдайлардың,әлеуметтік-экономикалық факторлардың нәтижесінен көрініс табады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет