Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы


Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалануда психологиялық-педагогикалық жағдайды есепке алу



бет3/8
Дата19.05.2022
өлшемі79.84 Kb.
#457404
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Бейнелеу өнері және технологиялы сабақтарында инновациялық білім беру технологияларын қолдану мүмкіндіктері

1.2 Технология пәнін жоғары сыныпта оқыту барысында интербелсенді оқыту әдістерін пайдалануда психологиялық-педагогикалық жағдайды есепке алу
Әр адамның меңгерген білім деңгейімен мазмұнына байланысты жүзеге асырылады. Қоршаған дүниені білу танымдыққа байланысты. Таным- адам санасының дамуының негізі және ол арқылы адам өзін қоршаған ортаны игеруді де үйренеді.
Білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары, философияның негізгі мәселесі — рухани материалдарға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін" ілім - таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориядан түрлі айырмашылығы бар. Ол білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, оның ақиқаттылығының жалпы шарттарын, объективті қатынастарды қалыптастыру. Сондықтан Аристотель: «Сыртқы дүние заттары алғашқы, көзқарастармен, танымдық белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негіз салу болып табылады».
Табиғат - дүниедегі барлық орын алған құбылыстардың бастауы, күллі тіршілік атауының қоныс мекені, алтын ұясы, бесігі, құт берекесі. Өмірдің алғашқы бастауы да содан басталған. Адам оның тылсым қасиеттерімен күштеріне әруақытта үңілген, соңы білсем, түсінсем деп армандаған. Тек үздіксіз, тұрақты ақыл-ой әрекеті арқылы ғана бір ой екінші ойды тудырады, яғни екінші бір ой пайда болады. Сана мен ақыл процесінің ең жоғарғы баспалдағы, тек осы қасиеттер ғана дамиды, жан иесі ести алады. Ақыл адамның барлық қасиеттерін басқарады, оның да басқа адами қасиеттері ақылға бағынышты.Сана, ақыл арқылы ғана объективті шындықты таниды, ғылымды меңгереді, қас пен досты, ізгілік пен зұлымдықты ажыратады: санасыз немесе ақылсыз ешнәрсе танылмайды, білінбейді. Сана адаммен бірге туылмайды, ол оның практикалық іс-әрекетінде пайда болып, өсіп жетіледі. Абайдың ілімі бойынша ақылды адам көргенін, білгенін сынап, орындысын, орынсызын үнемі тауып, өзінен-өзі есеп алып отырады, өзіне-өзі ылғи баға беріп отырады.
Бірқатар әдебиеттерді талдау жасау нәтижесінде байқағанымыз философияда «таным» ұғымы жалпыадамзаттық шығармашылық, қабілеттілік ретінде қарастырылады.
Педагогика ғылымы үшін танымның логикалық, психологиялық, социологиялық, философиялық мағыналарының барлығы да маңызды болып табылады. Педагогикалық аспектіде қарастырғанда танымдық процесс ұғымын түрлі ғылымдардың интеграциялануы тұрғысын қарау, пайдалану тиіс. Оқушыға оның ойлауының мәнін ашып көрсетпей, оның қозғаушы күштерін түсіндірмей тұрып, оның өзінің жеке басының ақыл-ойын дамытудың субьектісі ретінде белсендіру мүмкін бе? Педагогиқалық әдебиеттерде, білімді меңгеру - балалардың ойлау іс-әрекетін белсендіруді талап етеді де, ол оқушы дамуының басты шарты болып табылады, басқаша айтқанда, ойлау - оқып-үйренудің құралы және нәтижесі ретінде қарастырылады, бірақ оқушылар мұны аса саналы түрде сезіп, біле бермейді. Ал оқып-үйренудің өзі оқушылар мен педагогтардың бірлесе отырып, жүзеге асыратын, білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған іс-әрекеті ретінде анықталады.
Психология танымдық психикалық үрдістерді зерттейді (оның көмегімен адамдар қоршаған ортаны танып біледі): түйсіктер, қабылдау, ес, ойлау, қиял; ол адамның сезімі мен ерік-қайратын және жеке тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттейді; атап айтқанда, темперамент, мінез, қабілеттілік, қажеттілік, қызығуы. Психология ғылымы сонымен қатар адамның іс - әрекетінің ерекшеліктерін зерттейді (дағдылары, әдеттері, еңбек және
шығармашылық қызметі, кез-келген іс-әрекеттің қажетті саласы ретінде зейінді қарастырады).
Танымдық әрекет оқу әрекетіне негізделеді. Оқу әрекетінің кұрылымы төмендегілер:
- оқу міндеттері (немесе тапсырмалар);
- оқу әрекеті (баланың қолданатын практикалық және ой-тәсіл амалдары);
- бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы);
- бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі беретін бағасы).
Тұлға үшін адамзат баласы жүзеге асыратын іс-әрекеттердің ішіндегі ең бір күрделісі - танымдық процесс болып табылады. Жеке тұлғаның қалыптасуының мәнін анықтайтын ең басты мәселе - іс-әрекет, оның қоғамдық өмірдегі орны, жаңа ұрпақтың дамуына ықпалы болып табылады.
Педагогикада оқушылардың «танымдық», «оқу-танымдық іс-әрекеті», «ойлау іс-әрекеті» ұғымдары жиі пайдаланылады. «Ойлау» және «таным» ұғымдарына анықтама берер болсақ, философиялық энциклопедиялық сөздікте «ойлау» ұғымы объективтік шындықтың белсенді бейнелену формасы ретінде сипатталады. Ал бұл бейне айнала қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың мәнді байланыстары қатынастарының бейнесі болып табылады. Адамзат баласы осы байланыстар бейнесін одан әрі дамытады, осы байланыстар дамуын болжайды шығармашылықпен жаңа идеялар ойлап табады, оқиғалар мен әрекеттерді болжайды, өз алдында мәселелер қояды және осы мәселелерді шешеді. Ойлау адамзат баласы танымының ең жоғарғы сатысы болып табылады. Демек «таным» процесі «ойлау» процесіне қарағанда әлдеқайда кеңірек ұғым болмақ. Философиялық сөздікте «Таным - объективті шындықтың бейнеленуінің жоғарғы формасы» ретінде сипатталса, ал бейнелеу - материяның жалпыға бірдей, ортақ қасиеті ретінде сипатталып, оның мәні бейнеленуші объектінің белгілерін, қасиеттерін, элементтері арасындағы қатынастарын, басқа объектілермен байланыстарын қайта жаңғыртуда, қайта елестетіп, көрсетуде болып табылады. Осы іс-әректтің бәрі ішкі іс-әрекет, мидың бейнелеу әрекетінің нәтижесі болып саналады. Ал осы ішкі іс-әрекет сыртқы практикалық іс-әрекеттің негізінде пайда болады. Сондықтан ішкі іс- әрекеттің жанама сипаты, оның сезімдік танымнан пайда болып, ойлауға дейін жетуімен, ойлаудың дамуына түрткі болуымен сипатталады. Ой жасампаздық іс-әрекетінің тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін пайда болатын құбылыс.
Оқу іс-әрекетінің ең жоғарғы мотиві танымдық қызығушылық болып табылады. Ішкі іс-әрекеттің өзгеруі ойлау логикасын қамтамасыз етеді де, бастауыш сынып оқушылары өзінің ақыл-ойының дамуын басқара алатын болады. Сондай-ақ, ойлаудың ең маңызды қасиеттерінің біріне интеллектуалдық актың динамикалық аспектісі жатады. Бұл әрекет өзінің өтуімен (болуымен), оның белгілі бір уақыт ішінде жүзеге асырылуымен,
бағдарламалардың орындалуымен, бір бағдарламадан екінші бағдарламаға ауысуымен, бір ғана операцияның орындалуымен сипатталады.
Танымдық іс-әрекетінің құрылымдық жақтары (ойлау типі, ойлауға берілген есептерді шешудің тәсілдері, операциялық құрам және т.б.) мен динамикалық жақтары өзара тығыз байланысты. М.А.Асылжанова ойлауды психикалық процестердің ішінде баланың оқу іс-әрекетінің барысы мен нәтижесіне әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі ретінде атап өтіп, үлгермеушіліктің ең көп тараған себептерінің бірі - осы ойлау дамуындағы кемшіліктерден деп санайды. Ойлар дамуының кемшіліктер оқушылар үлгермеушілігі көбінесе олардың зейіні мен есте сақтауының дара кемшіліктеріне байланысты деген пікірге мүлде қарсы.
Осындай күрделі оқу әрекетіне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті қалыптасады. Ойлау — баланың таным әрекетінің ең жоғары формасы. Ойлау арқылы оқушылар көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстардың арасындағы күрделі себептік байланыстарды ұғады. Ойлау — сөйлеу әрекеті арқылы іске асады. Ойлау - нақты сұрақтар қоюдан, соларға жауап іздеуден басталады. Ойлау — белгілі міндетті, теориялық немесе практикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды. Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау процесі өзіне тән логикалық амалдардан (операциялардан) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау жөне т.б. Ойлау үстінде адам бір ниеттен, екінші ниетке ауысып отырады. Бұл — процессуалдық құбылыс. Осындай бірінен соң бірі болып тұратын процестер негізінде адамда тапқырлық, ептілік қасиеттері дамиды.
Әл-Фарабидің еңбектерінде ақыл-ой қасиеттеріне байланысты мынадай құнды пікірлер айтылған: "Тек қана білімдіге тән болатын ақыл-парасат (түрі) әрекет үстінде жүзеге асыруға емес, танып-білуге жағдай туғызатын өнерлер арқылы ғана сол білімге ие болады.
Ал білім мен әрекетке тән болатын ақыл-парасаттың (түрі) басқа да өнерлерге тән болады. Бұл өнерлердің де екі түрі болады. Мұның бірінші түрі арқылы біз тек ғылыммен ғана танысамыз. Екінші түрі арқылы біз не істеуге болатынын және соны істеуге қабілетіміздің бары -жоғын білеміз".
"Жанның басты бөлшектері мен күштері бесеу: "нәрлендіру, түсіндіру, елестету, ұмтылу және ақыл-парасат".
"Ақыл-парасат күші — адамның ойлауына, пайдалануына, ғылым мен өнерді ұштастыруына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш".
"Ойлау күші — біз бір затты жасағымыз келгенде, оны жасауға бола ма, жоқ па, егер жасауға болса, бұл істі қалай орындауга тиісті болатынымызды білуімізге, оны ойша елестетуімізге көмектесетін күш". Ал ойлау процесінің сәтті болуы тікелей адамның интеллект деңгейіне байланысты. Оқушыға оның ойлауының мәнін ашып көрсетпей, оның қозғаушы күштерін түсіндірмей тұрып, оның өзінің жеке басының ақыл-ойын дамытудың субьектісі ретінде белсендіру мүмкін бе? Педагогиқалық әдебиеттерде, білімді меңгеру - балалардың ойлау іс-әрекетін белсендіруді талап етеді де, ол оқушы дамуының басты шарты болып табылады, басқаша айтқанда, ойлау - оқып-үйренудің құралы және нәтижесі ретінде қарастырылады, бірақ оқушылар мұны аса саналы түрде сезіп, біле бермейді. Ал оқып -үйренудің өзі оқушылар мен педагогтардың бірлесе отырып, жүзеге асыратын, білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған іс-әрекеті ретінде анықталады.
Оқушылардың жеке басының жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін ақыл-ой іс-әрекеті практикалық іс-әрекеттен ерекшеленбейді. Олардың ойлауы қажеттілігіне қарай индивидтің тұтас өмірінің сәті іспеттес болып шығады. А.П.Карповтың пікірінше, іс-әрекеттің іштей және сырттай жақындасуы, өзара бірінен екіншісіне ауысуы, олардың бірдей ортақ құрылымының болуына байланысты. Алайда педагогикалық практикада, теориялық жұмыстарда бұл байланыс ескеріле бермейді, керісінше, теория практикаға қарама-қарсы қойылады.
Адамзат баласы іс-әрекетінің негізгі формуласы - танымдық іс-әрекет болып табылады да, соның нәтижесінде субъектінің объективті реалды дүниемен өзара әрекеттесуі жүзеге асырылады. Сондықтан педагогика үшін күрделі объектілермен алгоритмделмейтін іс-әрекеттерді философиялық, социоло гиялық, психологиялық тұрғыдан талдаудың нәтижелері өте маңызды. Мұндай іс-әрекеттерде объектімен өзара әрекеттесу процесіне басқа адамдармен қарым-қатынас та (мұғалімнің, оқушының іс-әрекеті) енген кезде адамның индивид, іс-әрекет субъектісі және тұлға ретіндегі мәнді қасиеттерінің барлығы да көрінеді.
Б.В.Бондаревский, М.Ф.Талызина сияқты психологтардың зерттеулері оқу іс-әрекетін мұғалімнің қажетті бағытқа бұруы мүмкін екендігін көрсетті. Оқу іс-әрекетінің әдістері мен тәсілдерін, сол сияқты іс-әрекет мотивтерін мұғалімдер сабақта сауатты пайдаланатын болса, онда олардың едәуір нәтижеге қол жеткізетіндігін дәлелдеді. Балалар үйге берілген тапсырмаларды дұрыс орындай білетін болады, оқу материалын жақсы меңгереді, оқып-үйренудің мотивациясы артады. Дегенмен, мұның күнделікті өмірдегі, кәсіби іс-әрекеттегі ойлау қызметін қамтамасыз ететіндігіне кепілдік беруге болмайды.
Таным индивидтің біртұтас процесі ретінде:
1) өзінің объектісі болады;
2) индивид даму үстінде болады (таным объектісіне байланысты болады);
3) таным әр уақытта субъективті (ол субъект танымның белсенділігіне тәуелді);
4) таным әр уақытта мақсатты процес; танымның әртүрлі объектісінің мақсаты да әртүрлі;
5) таным динамикалық сипатта болады, яғни уақыт өткен сайын қозғалыста дамуда болады;
6) таным қарама-қайшылықтардан туындайды, танымның дамуына қарама-қайшылықтар ықпал етеді.
7) таным процесінің өз әдістері мен құралдары бар;
8) танымның шығармашылық бағыты бар;
9) танымның қоғамдық табиғаты бар.
Танымды қай уақытта іс-әрекет, қай уақытта процесс ретінде түсіну керек? Оны біртұтас танымдық процестің жалпы құрылымымен салыстырып, қалай оған ендіруге болады?
Оқып үйренуде танымдық актінің нәтижесі оның предметтік әрекетке сәйкестілігіне байланысты. В.Г.Бондаревский предметтік әрекеттерді қажетті денгейде жүзеге асыру үшін әрекетті тікелей қызмет ететін тәсілдер, операциялар, дағдылар мен біліктер деп аталатын «құралдар мен аспаптардың» ең бір жарамды әрекетшіл топтамасы деп есептейді. А.П. Карповтың пікірінше, мектептегі оқушының танымдық іс-әрекеті - оны өмірге даярлаудағы қажетті кезең. Мектепте оқып жүрген жылдары жүйелі, үнемі оқып үйренуден қол үзген адамның санасы толыққанды бар мүмкіндігінше дамымайды, дүниені қабылдаудан, халықтың құндылықтарын игеруден құралақан қалады.
Педагогтар мен психологтар шығармашылық қабілеттің адамның бүкіл өмірі бойында қалыптасатындығын дәлелдеді. Алайда, оның қалыптасу генезисінің онтогенінде оптималды, тиімді, сензитивтік жас шақтарына тәуелді кезеңдері бар.
Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын қанағаттандыру керек.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың бірлескен әрекет ережелерін мойыгндай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып, ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекеи дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің сыртқы көрсеткіштері ретінде оқушылардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде оқушылардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп, өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.
Интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым - қатынасқа негізделе отырып, "жеке тұлғаны дамытуға бағытталғанын ескере отырып, қарым- қатынас өзара әрекет етуін талдаймыз.
Бұл мәселені қарастырғанда қарым - қатынастың екі жақты салалары — интерактивті (өзара әрекет) және перцептивті (тікелей сезімдік) қатынастарға тоқталуды жөн көрдік.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы бұл адамдардың өзара байланысын, олардың бірлескен іс - әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым - қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс - әрекетінің қажеттілігін бейнелеу. Бұл жерде қарым - қатынас тұлғааралық өзара әрекет жүйесіне қатысады, демек, олардың біріккен іс-әрекетінде қалыптасқан адамдардың байланысы мен өзара әсерінің жиынтығы. Тұлға аралық өзара әрекет адамдардың бір - біріне әрекет етуінің бірізділігі. Оны мынадай үлгімен көрсетуге болады: индивид А - ның қылығы индивид В - ның тарапынан кері жауап реакция шақырады, ол өзінің кезегімен, А - ның мінез құлқына әсер етеді.
Сонымен, қарым - қатынастың жетістігінің бастапқы шарты өзара әрекет етуші адамдардың мінез құлқының бір - бірінің күткеніне жауап беру болып табылады. Әлеуметтік бақылау өзара әрекет ету үрдісінде бір-бірімен қатынас жасайтын адамдардың орындалатын рөлдерінің репертуарына сәйкес, іске асып отырады. Әрбір адам әртүрлі рөлдерді атқарады. Рөлдердің көптігі кейде қарама- қайшылық туғызады, рөлдік конфликтілерге әкеп соқтырады. Рөлдерді орындау әлеуметтік бақылауға тәуелді және міндетті түрде қоғамдық бағасын алады, үлгіден ауытқушылық болса, жазасын алады. Психологиялық өзара әрекет ету кез - келген түрде әруақытта да белгілі түрткілерге негізделеді және нақты мақсаттарды көздейді.
Жоғарыда айтылғандай, өзара әрекет ету өзара түсінушіліксіз мүмкін емес. Қарым - қатынаста әріптес қалай қабылдайды, басқаша айтқанда бір адамның басқа адамды қабылдауы қалай іске асады, бұл — қарым - қатынас психологиясында өте маңызды мәселелердің бірі. Бұл үрдіс қарым - қатынастың міндетті, құрамды бөлігі ретінде қарастырылады және шартты түрде қарым - қатынастың перцептивті жағы (тікелей сезімдік) деп аталады. Бұл жерде адамды адам қабылдау, яғни тұлға аралық перцепцияның ерекшеліктері туралы айтылады. Қабылдау термині жалпы психологиялық мағынада қолданып отырған жоқ. Сөздің шын мәнінде, мәселе қабылдау туралы емес, басқа адамды тану туралы болып отыр. Басқа адамды тану барысында бір уақытта басқа адамның эмоциялық бағасы іске асады. Басқаны тану үрдісінде негізінен ең азы екі адам қатысады, оның әрқайсысы белсенді субъект болып табылады. Демек, өзіңді басқамен салыстыру екі жақты іске асады: әріптестердің әрқайсысы басқаға ұқсас болуға ұмтылады. Сонымен, өзара әрекет ету стратегиясын құруда басқаның тек қана қажетттіліктерін, түрткілерін және ұстанымдарының әрқайсысын есепке алумен қатар, сол басқа адам қалай менің қажеттіліктерімді, түрткілерді және ұстанымдарымды түсінеді.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады екен:
-дайын білімді қабылдап алу,
- зерттеу барысында жаңалық ашу,
- әр түрлі жағдайда әсерді сезіну,
- синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім жасау.
Интерактивті оқыту әдістері оқушыларға рөлдік ойындар арқылы әр түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық ашуға көбірек мүмкіндік береді.
Топтың сандық құрамы оқыту немесе өзара әрекеттестіктің сапасын анықтамайды. "Өзара әрекеттестік” әдісінің өзекті ерекшелігі - ол АШУ ҮРДІСІН білдіреді, оның мәні - оқушылардың оқыту дағдыларын өзара әрекеттестік арқылы меңгеруі.
Біз оқытуды және білім беруді, егер сабақ барысында мұғалім мен оқушы арасында өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізсе, "интерактивті” деп атаймыз. Интерактивті сөзі - ағылшын тілінен аударғанда, іпіег - аралық, бірнеше, асііоп- әрекет дегенді білдіреді. Өзара әрекеттестік әдетте, белгілі бір мәселені шешу, ол шешімнің тиімділігі туралы әңгімелесу, талқылау түрінде өтеді.
Ең бастысы, мұнда мәселені шешу процесі жауапқа қарағанда маңызды екендігін түсіну қажет. Бұл интерактивті әдістің м а қ с а т ы - тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетінше табу дағдысын меңгерту екендігімен байланысты.
Интерактивті оқыту әдістерін қолданатын мұғалімдер, тек ақпарат беретін және өздерінің қатысуынсыз берілген тапсырмаларды оқушылардың есте сақтауы нашар болады, оқушылар қолдарындағы көтермелеуші қор - құрдастарының идеяларын пайдалана алмайды деп есептейді. Зерттеулердің "біз қолымызбен істегеннің 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын, естігеніміздің 10 пайызын ғана есте сақтаймыз”, - деген қорытындысын жиі естиміз.
Біздің тәжірибе - соның дәлелі. Атқа шабу дағдысын меңгеру үшін, оны қалай жасау керектігін біреудің түсіндіргені немесе оны кітаптан оқып алу әлі жеткіліксіз. Ол үшін шындығында атқа мініп барып, дағдыларды меңгерген абзал. Бұлай болатын себебі, іскерлікті практика жүзінде дамыта отырып, біз білгенімізді қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі:
- балаға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру,
-балаларға топтасып оқып-үйренуге жағдай жасау,
-оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату,
-іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
"Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып-үйренуге бағытталуы керек.
Интерактивті негізде оқу мақсаты - білу емес, үйрене білу
Оқушылардан, шешу үшін кейбір нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелерді неге беретіндігін сұрағанда, олар:
- өзіне деген сенімге тәрбиелейді;
- шешендік өнерін жетілдіреді;
- танымның мәнін түсінуге көмектеседі (яғни, кейде абсолютті шындық болмайтынын);
- сыни ойлау дағдыларын дамытады;
- өз пікіріне деген құқығын түйсінуі артады;
- пікірлердің көптігін түсінесің және т.б. деп жауап берген.
Жоғарыда аталғандарды "үйрене білу” деген ұғыммен жинақтауға болады. Яғни, үйрене білу - қажетті дағды, өйткені ол интеллектуалды тәуелсіздіктің негізі болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегі азаматтар үтттін қажет.
Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты оқушының да екі сүйеніші бар: бірі - оқи алуы болса, екіншісі - оқығысы келуі. Бірінші тірек баланың дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді.
Өзара әрекеттесуге бағытталған үрдіс барысында бала істеп жатқан ісінің мәніне енеді. Оқушыларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде, олардың танымдық белсенділік деңгейі жоғары болмайды. Ал, өз ойын тиянақтап, оны қорғау кезінде танымдық белсенділік деңгейі күрт артады.
Өзара әрекеттесу үрдісінің негізгі мәні өзара тәжірибе алмасу болмақ. өйткені, сыныптағы оқушылардың белгілі бір салада ортақ білімдері бар болғанымен, олардың тек өздері ғана білетін білімдері де бар екені айқын.
Танымдық іскерлікті қажетті интеллектуалды дағдылар деңгейіне қарай жіктеуге болады. Тиімді оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегі іскерліктерін практикада қолдануды көздейді, олар:
- фактілерді есте сақтау (аса көп күшті қажет етпейді);
- құбылыстардың мәні мен маңызын түсіну;
- білімдерді дағдылы және жаңа жағдайларда қолдану;
- анализ (біз бір нәрсені құрамдас бөліктерге бөлу);
- синтез (идеяларды жаңа нәрсе жасау үшін топтастыру);
- бағалау (бір нәрсенің сапасы туралы пікір бөлісу).
Қоғамның дамуы осы аталған іскерліктердің барлығының болуын талап етеді, дегенмен білімдерді қолдану, синтездеу мен бағалау ішіндегі аса маңыздылары болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет