Дипломдық жұмысы «Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері»



бет1/3
Дата16.06.2016
өлшемі270 Kb.
#139580
түріДиплом
  1   2   3
РЕЦЕНЗИЯ
Дипломант_____________________________________________________ жазған дипломдық жұмысы «Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері» институтының шығармашылық жұмысы болып табылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңдағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Автор өз жұмысында міндеттемелік құқықтың ұғымын, негіздері және түрлерін анықтаған.

Студент ________________________Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптеріне баса назар аударған.

Дипломдық жұмыс жаңа арнайы әдебиеттерді пайдаланып міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы мәселелері, міндеттемені бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымы және негіздерін Қазақстан Республикасы заңдары мен нормативтік актілерін пайдаланып жазған.

Негізгі қарастырылып жатқан міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне анализ жасалынған.

Дипломдық жұмыстың айта кететін жеріне міндеттемені тоқтатылудың түсінігі және құқықтық реттелуін анықтаған.

Дипломдық жұмыс әдістемелік талаптарды дұрыс пайдаланған және жақсы деген бағамен бағаланады.

«Заң»

факультетінің деканы, з.ғ,қ.



Студент __________________________ жазған

дипломдық жұмысына
ПІКІР.

Дипломант __________________________ өз жұмысын «Азаматтық істер бойынша міндеттемелерді орындау негіздері» тақырыбына арнаған. Тақырып аясында 3 тараудан тұратын жоспар түзілген. Бірінші тарауда міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері қарастырылған. Екінші тарауда міндеттемелерді орындау, соның ішінде міндеттемелерді орындау ұғымы мен принциптері, міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты мәселелер, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативті заң актілерін пайдаланып жазылған. Ал үшінші тарауда міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы мәселелері, міндеттемені бұзғаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлері және мөлшері, міндеттемені тоқтатудың түсінігі және құқықтық реттелуі жазылған.

Тақырып бойынша тәжірибелік мысалдар жеткілікті. Жалпы алғанда дипломдық жұмыс жақсы жазылған және қорғауға жіберілсін.
Дипломдық жұмыс

жетекшісі «Азаматтық құқық»



Жоспар
Кіріспе............................................................................................................3

1 тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері.

1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері....................................6

1.2. Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері.......................15

2 тарау. Міндеттемелерді орындау.

2.1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері.................18

2.2. Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты

мәселелер.............................................................................................21

2.3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету...................................27

3 тарау. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің

жалпы мәселелері.

3.1. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін азаматтық құқықтық

жауапкершіліктің ұғымы және негіздері...........................................37

3.2. Міндеттемелерді бұзғаны үшін азаматтық - құқықтық

жауапкершіліктің түрлері және мөлшері...........................................44

3.3. Міндеттемені тоқтатылудың түсінігі және құқықтық

реттелуі.................................................................................................46

Қорытынды.................................................................................................48

Қолданылған әдебиеттер...........................................................................51
К і р і с п е

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының өзіндік мәні бар және қасиеті болғанымен, оларды міндеттемелер деп бөліп қарауға болмайды. Құқықтар мен бостандықтар міндеттермен өте тығыз байланысты. Азаматтар өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындағанда ғана құқықтары мен бостандықтарын толығынан жүзеге асыра алады. Сондықтан міндеттердің орындалуы жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 12 бабының 3 тармақшасында былай делінген: «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып міндетгер атқарады».

Осы тармақта адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі ерекшеленген. Егер адам құқығы тумысынан жазылған болса, азаматтың құқықтық кепілі пайда болады. Азаматтың құқықтық мәртебесінен табиғи түрде адам құқығы, сондай—ақ жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігі негізіне қызмет ететін, азамат пен оның мемлекеті арасындағы ерекше билік қатынастарын қоғамдық шарттар түрінде белгілейтін саяси құқықтары мен міндеттер кешені кіреді. Азаматтың мәртебесі, осы аталғандарға қоса тек құқықтар ұғымын ғана емес міндеттер ұғымын қамтиды. Айталық азамат иеленген саяси биліьске деген құқығы. Осы адамға қатысты құқығының екінші жағы ретінде арнаулы міндетінің болуы қажеттігімен де ерекшеленеді.

Осыған орай азаматтық зандар Конституцияларға негізделіп қабылданады. Бұлар Қазақстан халқының ой — еркін білдіреді, мемлекетіміздің тәуелдсіздігінің негізін қалап, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын баянды етеді.

Құқықтық мемлекет құру барысында қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі зандармен реттеледі, соның ішінде азаматтық заңдар мен мүліктік және мүліктік емес жеке қоғамдық қатынастары реттеледі. Соның бір институты ретінде міндеттемелер жатады.

Ғ.И.Төлеуғалиев міндеттемелік құқықты былай тұжырымдайды: "Міндеттелмелік қатынасты реттейтін азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық-құқықтық норомалардың жиынтығы — деп аталады" — дейді.

Міндеттемелік құқық өте күрделі болып келеді, оны біз жүйелі түрде, зандарды, әдебиеттерді пайдалана отырып күрделі мәселелерді қарастырамыз. Біздің мақсатымыз осы азаматтық құқықтағы міндеттемелерді тереңірек талқылап, оның мән -мағынасын тану. Міндеттемілік құқықтың бір ерекшелігі, ол қоғамдағы қалыпты қатынастарда және де қандай да бір қарым қатынастың бұзылғанын реттейді. (Қорғалатын міндеттемелер, міндеттемелердің орындалмауына жауапкершілік, міндеттемені қамтамасыз ету).

Міндеттемелер, азаматтық қарым қатынастарда, қоғамда маңызды рөл атқарады. Олсыз құқықтық тәртіпте, даму да болмас еді, бір һауыс (тәртіпсіздік) орын алар еді.

Қазіргі уақыттағы Қазақстанда міңдеттемелік құқық тоқтаусыз ұлғаюда, қоғамдық қарым - қатынастың үлкен шеңберін реттеуде.

Нарықтық экономикаға өткенде, қаңдай — да болмасын барлық маңызды институтт ардың өзгеруіне әсер етуде, өмірге жаңа міндеттемелерді шақырады, бұрынғы бар, болған міндеттемелердің түбегейлі өзгеруіне ықпал жасайды.

Азаматгық құқыққа бүрын мәлім болған бір жақты шарт түрі, конкурс, мемлекеттік меншікті жекешелендіруде, жылжымайтын мүліктің ипотекасы, мемлекеттік тапсырыс ұсынуда, банкроттық жағдайда қолданылуын табуда. Біз міндеттемелердің теориялық мәселелерін және оның қолданылуын ашып көрсетеміз.

Азаматтық кодексте міндеттемелік құқық екі бөлімге бөлінген. а)"Міндеттемелік құқық" (екі бөлімшеден: "Міндеттеме туралы жалпы ережелер" және "шарт туралы жалпы ережелерден тұрады"). ә)"Міндеттемелердің жекеленген түрлері".

Сонымен міндеттемелік құқықтың қосалқы саласы азаматтық-құқықтық нормалардың белгілі - бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың қосалқы саласы азаматтық - құқықтық нормалардың белгі — бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі бар, ол барлық немесе көптеген міндеттемелерге қолданылатын ережелерді бекітеді. Ерекше бөлімнің әр тарауы міндеттеменің жекеленген түрлерін реттейді. Міндеттемелік құқықтың ерекше бөлімінің нормалары қосалқы заң құжаттарынан тұрады. Оның өзі азаматтық кодекстің тиісті тараулар мен қаралмай қалған міндеттеменің бір қатар түрін реттейді.

Міндеттемелік құқықтың көптеген қатынастары азаматтық кодекске тәртіптелгенін айта кету керек.Осыңдай нормалардың саны мейлінше көп, олар меншік, мұрагерлік, авторлық және тағы басқа қатынастарды реттейтін азаматтық - құқықтық институттар құрамына енеді.

Біз міндеттемелік құқықтың ұғымын, негіздерін және түрлерін міндеттеменің орындалуын оның бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы мәселелерін және міндеттеменің тоқтатылуын қарастырамыз.



I тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері
1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері
Міндеттеменің ұғымы. Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл туралы Азаматтық кодексінің 268- бабында: «Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан аз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті», - деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме — азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап етумен міндеттеме несие беруші мен борышқорғау өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты: құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда — талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.

Заңгерлер: талап етуді «Міндеттемелік құқық» деп атайды. Бұл — «екі жақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше құқылы» деген сөз. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар — субъект, мазмұн және объект.

Ал, енді міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы азаматтық кодексін тағы да сол 268 — бабында тайға таңба басқандай: «Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие беруші» — деп жазылған. Осы екі субъектіге нактылы анықтама беретін болсақ, борышқор — белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға міндетті, немесе, тұратын жақ; несие беруші — борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар — азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттің мігндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік атаулар мен нұсқаланады.

Азаматтық кодекстің 269 — бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде міндеттемеге бірмезгілге бірнеше адам ат салады. Мұның аты — көп тұлғалармен жасалған міндеттеме.

Мұндай жағдайда, Азаматтық кодексінің 286 — 288 баптарында көрсетілгендей, үлесті ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады.

Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға өздерінің ортақ менешік құқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше жеке тұлға бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі басқа біреуте зиян келтіргенде және т.б. осыған ұқсас жағдайларда жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер занды түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышқор, не болмаса, несие беруші ретінде қатысалды.

Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені орыңдау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.

Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын өтеген борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар күшін де қала береді.

Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодексін 287 — бабына сәйкес, борышқорлардан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жақ қатысатын міңдеттемені — ортақтасқан міндеттеме деп атайды. Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады:

1) Бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны — ортақтасқан міндеттеме;

2) Бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны — ортақтасқан талап етуші;

3) Бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар қатысқаны - аралас ортақтасу, - делінеді.

Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы көрсетілмесе, сонымен бірге, міңдеттеменің мәні бөлек — жарып анық нұсқаланбаса — ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады. Кәсіплкерлік қызыметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан міндет болып табылады. Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке —жеке алғанда олардың кез келгеннен де, сондай — ақ, түгелдей де, бөлшектеп те борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне толық қанағаттанбаған несие беруші алымдарын олдардың қалғандарынан талап етуге де құқығы бар. Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді. Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындауы қалғандарын несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады. Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы. Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады. Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге осынай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ. Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушілердің беруінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ. Азаматтық кодекстің 288 — бабына сәйкес негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орлындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.

Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни борышқор өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктейді. Мысалы, субсидиялық міндеттемеде занды тұлға құрылтайшысының (меншік иесінің) жауапкершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне банкротқа ұшыраған ондай заңды тұлғаның ауыртпалығын негізі қоғам өзіне көтеріп алады. Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын кейінгі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде жүзеге асады. Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да сондай құқықтарының бірінен нақты міндеттемесі де кіреді. Заң міндеттемедегі тұлғаны ауыстыруға жеке құқық қабыддаушылық жағдайында рұқсат береді, яғни белгілі бір адамнан екіншісіне қандай да бір міндет еткен кезде беретін тұлғаның басқа қалған мүлкі сақталады. Міндеттемедегі тұлғаның ауысуы мұндай жағдайда арнайы мәміле негізінде жүзеге асырылады, бұл талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады.

Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі. Несие берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім шарт арқылы жүзеге асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа ұзақ уақытқа кеткенде інісіне қарыз алушыдан алған қарызды қайталауына талап ету құқығын қалдырады. Талап етуді берге беру (мұны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады, мұның күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Ол сонымен бірге талап беруді жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке басына тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніңдегі және азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толықтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді.

Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап етілмейді.

Дейтұрғанымен талап етуді беру шарты жасалғанда еске салынуы тиіс. Егер несие беруші осьщан туындайтын өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге міндеттеменің орындағанын тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады.

Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған көлемде және сондай-ақ жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге міндеттеменің орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықтар, соның ішінде алынбаған сый ақыға (мүддеге) құқықтар талап етуде байланысты құқықтар ауысады. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орындамауға құқылы.

Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын куаландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті. Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезіңде бастапқы несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы. Азаматтық кодекстің 344 бабына сәйкес, міндеттеме жөніңдегі несие берушінің құқықтары заң құжаттары және срларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізінде:

1. Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде;

2. Заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;

3. Міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы нәтитжесінде;

4. Сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушінің құқықтарын алып берген кезде;

5. Заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.

Борыштың ауысуы дегенді былай түсінген жөн - несие беруші, борышқор және үшінші тұлға арасындағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі келісім-шарты. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі. Бұл түсінікті де, өйткені, несие берушіге борышқорының кім екендігін білу маңызды ғой. Сондай-ақ борышқорының тындырымды әрі төлем төлей алатын қабілетті болғанын қалайды. Оның үстінен бұрынғы борышқордың міндеті жаңасына айна қатесіз ауысуы шарт, жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы. Борыштың ауысуымен бірге үшінші жақтың тағайындаған кепілімен кепіл болушылық өзінің күшін тоқтатады. Ол тек кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышқор үшін жауап беруге келісілген жағдайда ған күшін жоймайды. Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің нысаны жөніндегі мәселе талап етілуі беруі нысанасына сәйкес келуге тиіс. Міндеттемелік құқық қатынастарында регрестік (шегерме) міндеттеме ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап қоюға құқылы, осыны регрестік міндеттеме деп атайды.

Азаматтық кодекстің 289 бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеуді талап етуге құқылы. Ортақтасқан міндеттемені орындалған борышқор қалған борышқорларының әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шеберлік, тең үлеспен кері талап қоюға құқылы. Борышқорлардың бірі ортақтасқан міндетті орындаған борышқорға төлемегені осы борышқорларға және қалған борышқорларға тең үлесте түседі.

Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие беруші басқа несие берушілерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше дау туындамаса, оларға тиесілі үлестерін өтеуге міндетті.

Азаматтық кодекстің 268 бабына сәйкес міндеттеменің объектілері мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға байланысты келеді (немесе белгілі бір әрекет жасауды тартынуды айтуға болады). Міндеттеменің пәні ретінде әрекет зандық мүддені білдіреді немес міндеттеме құқық аясында өзіндік маңызға ие болады. Сөйтіп, міндеттеменің негізінде заттық, айрықша немесе өзіңдік құқық жатуы тиіс. Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы несие беруші мен борышқордың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды. Мысалы, мүлікті жалға алудың міндеттемелік құқық қатынасында жалға алушы жалға берушіден мүлкін әкеліп беруді талап ететін субъективті құқыққа ие екендігі көрсетіледі. Сондай-ақ берушіге мүлкін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшердще ақысын төлеуге міндетті. Жалға беруші жалға алушыға мүлкін пайдалануға міндеттеледі. Әрі жалға алушыдан мүлікті пайдаланғаны үшін ақысын төлеуді талап ете алады, бұл оның субъективті құқығы болып табылады. Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардың құқығы арқылы, сондай ақ міндеті арқылы айқындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі. (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.).

Азаматтық кодекстің 238 бабында көрсетілген тізімнен соны көруге болады.Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асырудан да білінеді. Мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге сәйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланбауын талап етуге құқылы. Мүлікті жалға алушы (борышқор) оны басқа біреуте жалға бермеуге міндеттеледі. Кейде міндеттемелік құқыққа мүліктік емес сипаттағы әрекеттер де жатады. Мысалы, театр драмалық шығарманың авторымен жасаған шартқа сәйкес жарнамада автордың аты-жөнін көрсетеді. Мұндай мүліктік емес құқық пен міндет мүліктік әрекетке байланысты болатын міндеттеме мазмұнында қосалқы рол атқарады.

Міндеттемелер айқындалған, факультативтік және баламалық мазмұнмен ерекшеленеді. Айқындалған мазмұндағы міндеттемеде борышқордың жасайтын әрекеттерінің сипаты біржақты бекітіледі. Мұндай әрекеттерді басқасымен ауыстыру әр жақтың келісімімен ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеттемені борышқордың бұзғаны деп бағаланады. Несие беруші атқаруға тиісті нәрсенің бұрмалануымен келісе алмайды, нәтижесінде міндетін бүрмалағаны үшін санкция қолданылады.

Факультативтік мазмұнындағы міндеттемеде борышқордың белгілі бір әрекеттерді жасау міндеті бекітіледі, ал мұның өзі мүмкін болмаған жағдайда басқа әрекет қолға алынады. Мысалы, мердігерге жиһаз жасауға материал бөлінсе оны дайындауды міндеттейді, егер әлгі материялдар жоқ болса, онда ғимараттың қабырғасына құрастырылмалы нәрсені жасауды тапсырады. Факультативтік міндеттеменің бір ерекшелігі бастапқы ойға алған нәрсе жүзеге аспаса, әрекет тоқтатылмайды, қайта жаңа мазмұндағы іс жалғасын табады. Демек міндеттеменің тек мазмұнына ғана өзгеріс енгізіледі.

Балама мазмұндағы міндеттемеде борышқордың екі немесе одан да көп әрекеттерді тен дәрежеде жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленеді. Балама міндеттеме уәкілетті тұлғаның қай әрекет тандауына тәуелді келеді, яғки таңдап алынған нұсқа міндеттеменің нақты мазмұнына айналады.

Екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышқорға, егер заңдардан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, тандау құқығы беріледі. Мысалы, сатып алушы дүкенге келіп қасында жод баласына екі заттың бірін сатып алады, бұл жағдайда оның қалағаның алуға ерік беріледі. Ал қалған жағдайда тандау құқығы балама міндеттемеде борышқордың еншісіне тиеді.

Құқықтық қатынастарға сәйкес міндеттеме заңмен қорғалады. Борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда оған мемлекет тарапынан мәжбүр ету шарасы қолданыла алады. Сол арқылы міндеттемені талапқа сай орындауы қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде — несие берушінің бұзылған мүддесі қалпына келтіріледі. Міндеттемені бұзған кезде қолданылатын мәжбүрлеу шарасына санкция жатады, сол арқылы міндеттемеге қажетті толықтыру енгізіледі. Бұл мәжбүрлеу шарасының түп қазығы болып табылады. Ол тек міндеттеме бұзылған жағдайда ғана жүзеге асады. Санкция қолдану нәтижесінде борышқордың міндеттемені бұзуына жол бермейді. Немесе орын алған кемшіліктің жйылуына жағдай жасалады, ал несие беруші жеткен ағаттықтан болған залалдың орнын жабады. Бірақта, санкцияның әр түрлі бұл міндеттерді әрқалай шешеді.

Кейбір санкциялар міндеттеменің дұрыс орындауына қызмет етеді. Бірақ ал жарамсыз борышқорға қосымша мүмкін мүліктік төлем төлетуді өзіне мақсат етіп қоймайды. Мұндай түрлерін оперативтік санкция деп атайды. Ол атқаруды жүзеге асыруға қолданылатын тұтқа болып табылады. Міндеттеменің мазмұнына өзгерістер енгізеді. Бұрмаланған тұстарды анықтамаған соң, міндеттеме бойынша жасалуға тиісті мәселелердің орындалуына мәжбүр етеді. Борышқордан атқару құралын алып, несие берушіге беру, басқа тұлғаның күшімен борышқор есебінен жұмыс істеу тәрізді борышқор атқара алмаған жұмыстар жүзеге асырылады.

Санкцияның екінші тобына борышқордан қосымша мүліктік залалды өндіртіп алу және несие берушінің міндеттемесін орындауға байланысты болған залалға өтемақы төлеу жатады. Бұлар мынадай мүліктік санкциялар: міндеттеменің бұзылуынан пайда болған залалды қалпына келтіру, айып төлеу.

Кейбір санкцияларда мүліктік төлем төлеу алименттері мен оперативтік сипаттаға шаралар кездеседі. Оларды оперативтік мүліктік деп атайды. Оған, мәселен борышқордың өз кінәсін мойындап, ақауы бар затты сапалы затпен алмастыруды айтуға болады. Санкцияның ерекше түрі деп міндеттемені тоқтатуды айтар едік.

Бірқатар жағдайда міндеттеменің санкциялардың бірнеше түрін біріктіруді қолдануды қажет етеді. Азаматтық кодекстің 9-бабында құқық қорғаудың қажетті санкциялары келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет