Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)


Бруцеллаларды микроскоппен зерттеу



бет19/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
гр8

2.3 Бруцеллаларды микроскоппен зерттеу
Сарып қоздырғышын көзбен көру үшін, ауру малдардан алынған патологиялық заттардан шыны бетіне бірнеше жағынды дайындалады: Бруцеллаларды баска микроорганизмдерден таза ажырату үшін жағындыға алдымен эртүрлі тэсілдермен (Грамм, Козловский) бояп, кептіргеннен соң микроскоппен көруге болады. Боялмаған жағындылардан сарып қоздырғыштарын микроскоптан көру мүмкін емес. Сондықтан малдәрігерлік лабораторияларында жағындыларды түстеге бірнеше әдіс қолданылады, соның ішінде кең пайдаланылатыны Грамм және Козловский тәсілдері екені анық.
Сарып қоздырғыштарын микроскоппен көріп дәл анықтап зерттеу үшін алдымен тексерілетін қоздырғыштарды Грам, Козловский, Романовский және де басқа әдістермен бояулап барып микроскоппен көріп анықтауға болады. Грам әдісімен бояулау. Шыны бетіне жұғынды жасалынып оны спиртовка жалынында ұстап сүзгіш қағазбен жауып үстіне кристаллдиалектің (генсианвиолет, метилвиолет) карболданған ерітіндісін құйып 2 мин көлемінде бояулайды. Сосын әлгі бояуларды төгіп, қағазды алып тастап Люголь ерітіндісін тамызып 1 мин ұстайды да артынша түссіздендіру үшін шыныны 30 сек уақытқа 96°спирті бар стаканға батырады. Содан соң спиртті сумен шайып тастап шамалы кептіріп Пфейфер фуксинімен 30-60 сек әрі қарай бояулай түседі. Ең соңында бояуды сумен жуып жіберіп, кептіріп болған соң микроскоппен көріп тексере болады.
Козловский әдісімен бояулау. Спиртовка жалынын ұсталынған жұғындыны софраниннің 2%-тік малахит көгілдірінің су ерітіндісімен тағы да 1 мин уақыт ішінде бояулап, содан кейін сумен жуып кептіріп микроскоп арқылы тексере беруге болады.
Әдетте бұл әдіспен түспегенде сарып қоздырғыштары ашық-қызыл түске бояланады.


2.4 Сүтті шеңбер реакциясы мен Розбенгал сынағымен зерттеу
Бұл реакция негізінен ірі қара мен қой және ешкі малдарының қаймағы алынбаған жас сүтін сарыпқа қарсы зерттеуге негізделген. Сондай-ақ әдейі формалин қосып сақталған сүттерді де реакцияға қолданылуға бола береді. Ол үшін 10 мл сүтке 1 тамшы - 0,03мл 10%-тік формалин ерітіндісін қосқан жөн. Сонымен бірге желінсаумен ауырған малдардың, сүтін суалып кеткен немесе тууға жақын қалған және туғаннан соң алғашқы 12-тәулік аралығында алынған сүттерді бұл реакциямен зерттеуге болмайды.
Реакцияны қою үшін негізінен қанның сарысуын Розбенгал әдісімен зерттегендегі құрал-саймандар қолданылады және оған қосымша мына дәрмектерде қажет:
- тексерілуге алынған сауын сиырдың сүті;
- бенгаль қызғылтымен бояуланған сарып антигені;
- 7%-тік ас содасы (натридің сукабонаты);
- ірі қара малдың сарыпқа оң реакция көрсететін сары суы;
- физиологиялық ерітінді;
- тазартылған су.
Реакцияны таза әдейі арналған, бір немесе бірнеше ойық шұңқыры бар, ақ пластинкаларда, бөлме температурасында қояды. Пластинканың әр бір шұңқырына 0,03мл тексерілуге алынған сүтті микропипетканың жәрдемімен тамызады. Әр бір жеке сүтті тамызып болғанан соң микропипетканың ұшын үш рет таза дистерленген сумен немесе ауыз сумен шайып соңынан сүзгіш қағаздармен кептіріп отырады. Содан соң әр бір шұңқырдағы сүттер ұйып қалмауы үшін жеке түтікшемен 0,015мл (бір тамшы) 7%-тік натрийдің сукарбонатын тамызады. Содан соң сүт пен ас содасының ерітіндісін қолдан жасалған 25 араластырғыш таяқшалары бар құрал арқылы мұқият араластырады да әр шұңқырдағы қоспаларға таза түтікшемен 0,015мл Розбенгал антигенін қосады. Реакцияның барлық қоспаларын жоғарыда айтылған құрал арқылы тағы бір рет тыңғылықты біртүсті болғанша араластырып шығады. Бұдан кейін 4 минут уақыт бойы реакцияны қолмен немесе автоматтық құралдың көмегімен қисайтып қозғап араластырып тұрады. Арналған уақыт өткеннен соң реакцияның көрсеткішін жай көзбен көріп оқиды. Ол үшін реакция қойылған пластинка сәл ғана қисайтып ұстаса болғаны.
Егер де реакцияның сұйығы сәл мөлдірленсе және де оның ішінде үлкенді-кіші аглютинациялық қызғылт түсті түйіршіктер пайда болса, онда реакцияны «оң» деп есептейді.
Ал реакция шұңқырларында әлгіндегідей өзгерістер болмай, сол бұрынғы қалпында қала, берсе ондай реакцияны «теріс» деп есептейді.
Дегенмен де, реакцияның кейбір шүңқырларында түсініксіз, анық байқалмайтын тіптен майда аглютинациялардың болуы мүмкін, ондай нәтиже көрсеткен сүттерді соңынан жинап алып 5-шұңқырға тамызып реакцияны қайтадан қояды да соның нәтижесімен тиісті диагнозды анықтайды.
Негізгі реакцияның дұрыс жүруіне қадағалау үшін 3-шұңқырға тексеру реакциясын жүргізеді.
1) сүттің ұюын тексеру (0,03мл сүтке 0,015мл натридің, сукарбонатын қосып араластырады да үстіне 0,015мл антиген тамызады).
2) Антигеннің кездейсоқ, ішкі себептерден болатын аглютинациясын тексеру (0,03мл антигенге 0,03мл физиологиялық ерітінді қосады).
3) Сүтті тексеру (1 мл сау сиырдың сүтіне 2 тамшы сарыпқа оң реакция беретін қанның сары суын қосады).
Бұл әдіс мал дәрігерлік тәжірбиесінде кең таралған өте қарапайым, және оңай қойылатын реакция. Реакцияның көлемдігін сауын сиыр арқылы сүтін тексеру арқылы дер кезінде диагнозын анықтап отыруға өте ыңғайлы. Пробиркаға, тексеруге әкелінген қаймағы алынбаған 1 мл сүтті құяды да оған 1-2 тамшы арнайы бояуланған сары антигенін қосып біркелкі шайқау арқылы сүтпен араластырады. Араластырып болған соң пробиркаларды термостатқа немесе су моншасында 1 сағ уақыт 37°-та ұстайды. Егер де зерттеуге алынған сүттің құрамында сарыпқа тән аглютиминдер бар болатын болса онда, кейінен қосылған сарып антигендері олармен тікелей байланысқа түсіп, пробиркадағы сүттің ең жоғарғы қабатында көкшіл шеңбер пайда боады, ал сүттің төменгі жаңғы тұнықтанып тұрады. Керісінше, сүттің құрамында сарып ауруына өзіндік, тән аглютиминдер жоқ болатын болса онда, боялған антигендер бос күйінде қалады. Сондықтан пробиркадағы сүттің түсі көкшіл болып оның ең жоғарғы қабатында ақшыл шеңбер түзелді (қаймақ).
Негізінен бұл әдіс бағдарлаушы әдіс болып есептелінеді. Бұл реакциямен желін сауға ұшыраған сиырдың сүтін және жаңадан туған сол сияқты су алуға жақындаған сиырдың сүтін зерттеуге болмайды, өйткені ондай кездерде сол малдардың сүті көп жағдайларда оң әсер беріп қалады. Сарыпқа жатпай тексеру үшін сүтті жаңадан сауып алған өте-мөте ыңғайлы болады. Ол үшін пробиркаларға алдын-ала бір-бір тамшы боялған антигендер құйып қою керек. Содан-соң шетінен алып оған сауынған сүттен шприцпен 1 мл алып қоса салса болды. Барлық пробиркаларды штативке салып су моншасына 37°С тем-да 1 сағ уақыт ұстау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет