Дипломдық жұмысты орындауға тапсырма Студент (аты, жөні)



бет30/37
Дата23.05.2024
өлшемі0.78 Mb.
#501771
түріДиплом
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37
гр8

5.3 Есептеу бөлімі
«Шымкент құс» атындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің шыққан қатты қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін мына формуламен анықтаймыз:
У = γ · К · МТ
бұл жерде γ – қатты қалдықты тастау, орналастыру үшін төлемақы, γ = 770 т.
К – аумақтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші
Оңтүстік Қазақстан үшін К = 3.
МТ – қалдықтың мөлшері, т/жыл.
У = 3 · 770 · 5,3 = 12243 теңге/жыл
Қоршаған ортаға топырақты ластағаннан тигізетін шығын 12243 теңге бір жылға құрайды.
Қорыта айтар болсақ, бұл бөлімде біз мал шаруашылығының қоршаған ортаға әсерін қарастырдық.
Өндірістің қоршаған ортаға аса қауіпі жоқ, мал шаруашылығы тиімді деп есептейміз.


VI. Экономика


6.1 Сайрам ауданы бойынша мал ауруларынан келетін шығындарды есептеу
Малдың өлімінен, мәжбүр союдан, жоюдан келген шығын келесі формуламен есептеледі:
У=МхЖхЦ-Сф,
Мұндағы:
М - өлген, мәжбүр сойылған, жойылған мал саны;
Ж - әр жастық-жыныстық топтағы малдың орташа салмағы, кг;
Ц - өнім бірлігінің орташа сату бағасы, теңге;
Сф – сойылған немесе өлген малдың өнімін сатудан түскен табыс (ет, тері және т.б.), теңге.
Сайрам ауданы бойынша бруцеллез ауруынан 2007 жылғы мүйізді ірі қараның шығынын есептеу:
У = 28х180х500 - (28х24500) = 1 834 000 теңге.
Сайрам ауданы бойынша бруцеллез ауруынан 2007 уақ малдың шығынын есептеу:
У = 50х30х600 - (50х1200) = 840 000 теңге.
Барлығы: 2 674 000 500 теңге.
Мал төлінің (6 айға дейінгі бұзау, 4 айға дейінгі қозы, лақ) өлуі немесе сойылуынан келетін экономикалық шығын көбірек болады, себебі төл алуға және оны өсіруге еңбек және материалдық ресурстар көбірек жұмсалады.
Малдың бұл жастық тобынан келетін экономикалық шығын келесі формуламен есептеледі:
У = М х (Сп + Вп х Т х Ц) - Сф
Мұндағы:
Сп- туған кездегі төлдің құны (туған кездегі төлдің құнын анықтау әдістемесін қара);
Вп – орта тәуліктік тірі салмағының өсуі, кг;
Т- өлген, мәжбүр сойылған, жойылған малдың жасы, күн.
Сүтті сиырлардың төлі:
У = 10 х (25270 + 10 х 21 х 70) – 0 = 399700 теңге.
Етті сиырлардың төлі:
У = 5 х (44000 + 10 х 21 х 500) – 0 = 745000 теңге.
Уақ малдың төлі:
У = 25 х (4587,27 + 2 х 21 х 600) – 0 = 744681,75 теңге.
Барлығы: 1 889 381,75 теңге.
Өнім сапасының төмендеуінен келген экономикалық шығын келесі формуламен анықталады:
У = Вр х (Цзб),
Мұндағы:
Вр – сапасы төмен өнімді сату көлемі, кг, ц;
Цз және Цб – сәйкесінше сау және ауру малдан алынған өнімнің сату бағалары, теңге.
Сүтті сиырлар үшін:
У = 4500 х (70-45) = 112500 теңге.
Етті сиырлар үшін:
У = (43х130) х (500-400) = 559000 теңге.
Уақ малдар үшін:
У = (75х20) х (600-400) = 300000 теңге.
Барлығы: 971500 теңге.
Малдың ауыруына байланысты төлден айырылудың экономикалық шығыны келесі формуламен анықталады:
У = ( Кр х Рв - Рф ) х Сп ,
Мұндағы:
Кр – қабылданған туу коэффициенті;
Рв – мал түрлері бойынша туатын аналықтардың мүмкін саны, бас.
Рф – нақты туылған төл саны, бас;
Си – бір төл басының туылған кездегі шартты құны, теңге.
Алынбаған төл санын 3 әдіспен анықтауға болады:

  • қандайда бір ауру кезінде өлі туған төл санын нақты есепке алу арқылы;

  • біртектілік принципін сақтай отырып, ауру тараған және тарамаған шаруашылықтардағы әр 100 аналықтан алынған төл санын салыстыру арқылы;

  • шаруашылықтағы әр 100 аналықтан алынған төл санын облыстық, республикалық көрсеткіштермен салыстыру арқылы.

Төлдің құнын осы төлдің қалыптасуына қажетті уақыт ішінде шығындалған азық есебінен алуға болатын негізгі өнімнің (сүт, ет, жүн) құны бойынша белгілейді.
Сүтті (Ст1) және етті (CT2) сиырлардан алынған бұзаудың құнын келесі формулалар бойынша анықтайды:
Ст1 = 3,61 х Ц,
Мұндағы:
3,61 – сүтті сиырлардан бұзау алу үшін шығындалған азық есебінен алуға болатын сүт көлемі, ц;
0,88 - етті сиырлардан бұзау алу үшін шығындалған азық есебінен алуға болатын өсім көлемі;
Ц – базалық майлылығы бар 1ц сүттің сату бағасы, теңге, немесе жақсы семірген ірі қара малдың 1ц тірі салмағының бағасы, теңге.
Ст1 = 3,61х7000 = 25270 теңге.
Ст2 = 0,88 х Ц, Ст2 = 0,88 х 50000 = 44000 теңге.
Жүнді (Ся1), жүнді-етті және етті (Ся2) қойлардан алынған қозының құнын келесі формулалар бойынша анықтайды:
Ся1 =0,84 х Ц / Пя
Мұндағы:
0,84 – жүнді қойдың бір аналығынан төл алу үшін шығындалған азықтың есебінен алуға болатын жүн көлемі;
8,41- жүнді-етті немесе етті қойдың бір аналығынан қозы алу үшін шығындалған азық есебінен алуға болатын қойдың тірі салмағының өсім көлемі;
Ц - 1 кг жүннің сату бағасы, немесе жақсы семірген қойдың 1кг тірі салмағының бағасы, теңге;
Пя – аналық басына шаққандағы төл саны, бас.
Ся2 = 8,41 х Ц/ Пя= 8,41 х 600/1,1 = 4587,27 теңге.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет