Лекция Тау-кен қазындылары



бет1/4
Дата24.01.2022
өлшемі120 Kb.
#454771
түріЛекция
  1   2   3   4
Лекция 4.рус Тау кен қазындылары


Лекция 4. Тау-кен қазындылары

Тау-кен қазындылары - тау- кен қазба жұмыстары негізінде жер беті немесе жер астында пайда болған қуыстар. Олар сынаманы алуға, пайдалы қазбаны өндіруге, жабдықтар мен материалдарды тасымалдауға, су шығаруға немесе вентиляция жүргізуге, адамдарды тасуға және т.б. мақсаттарға арналған.
Тау-кен қазындысының басталар беті - сағасы, ал соңы -түбі деп аталады.
Тау-кен қазындысының кеңістіктегі орналасу орнына қарай горизонталь, тік және еңіс болып бөлінеді.
Горизонталь тау-кен қазындылары

Горизонталь тау-кен қазындыларға штольня, квершлаг, штрек, қосымша көлденең қазынды (просеки), орт және т.б.жатады.

Горизонталь тау-кен қазындылар 3° -тан аспайтын еңіс бұрышы бар, ол судың жиналмай өздігінен кетуіне жағдай жасайды.



Сурет 1. Тау-кен қазындылары:

1 - тік бағана; 2 - еңкіс не тік бағана (восстающий); 3 - шурф; 4 - штольня; 5 - квершлаг,

6 - далалық штрек; 7 - кенді штрек; 8 - орт; 9 - бағана қасы ауласы;

10 – соқыр тік бағана; 11 – соқыр еңкіс бағана

Штольня — пайдалы қазбаның кенорындарын ашуға немесе барлауға арналған және жер бетімен байланысы бар горизонталь тау-кен қазындысы.

Тоннель — жер бетімен екі жағында да байланысы бар тау-кен қазындысы. Ол бойынан тасымалдау мақсатына арналған өтпелі қазынды.

Квершлаг — тау жыныстарының бойына көлденең түскен және жер бетімен байланысы жоқ горизонталь тау-кен қазындысы.

Штрек — тау жыныстарының еңкіс жатысына сәйкес бойына түсетін , ал горизонталь жатысында кез-келген бағытқа түсетін және жер бетімен байланысы жоқ горизонталь тау-кен қазындысы.

Штрек басты, вентиляциялық, аралықконвейерлі және т.с.с. болады. Кәдесіз бос жыныстар бойымен өткен қазынды далалық штрек деп аталады.



Просек — штрек бойынан жұмыс өту кезінде кеңістік ауасын тазалауға немесе бүйірдегі жыныстарды бұзбай штрекке параллель түсетін горизонталь тау-кен қазындысы.

Орт — қалың қабат бойымен немесе горизонталь қалыңдығынан шықпайтын кенді жыныста жүргізілген горизонталь тау-кен қазындысы.

Сбойка — еңкіс келген, жақын орналасқан тау-кен қазындыларының арасынан жүргізілген горизонталь тау-кен қазындысы. Көлденең жүргізілген горизонталь тау-кен қазындысы түрлі пішінде болады - тіктөртбұрыш, трапеция, қисық бұрыш, күмбезді және т.б.

Камера  көлденең қимасы үлкен, бірақ ұзындығы біршама кіші, жабдықтар мен машиналарды орналастыруға арналған тау-кен қазындысы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет