Саламатсызба, мен
Жубатов Абат Маратович
Ақтөбе Индустриалды-Кәсіптік колледжінің оқушысымын, мамандығым 0805000 «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау»
Менің Дипломдық жобамның тақрыбы
Тұтқырлығы жоғары және тез қататын майларды айдау жобасы
Дипломдық жоба 4 бөлімнен құрастырылған
1. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМІ
2 ЕСЕПТЕУ БӨЛІМ
3 ЭКОНМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
Коррозия жөніндегі ғылым металдардың қоршаған ортамен әрекеттесу процесінің механизмдерін және заңдылықтарын зерттеп, металдардың әртүрлі жағдайларда коррозияға ұшырауынан қорғайтын әдістерді дайындайды.
Коррозия деп - өнімнің ұзақ уақыт өмір сүруінің азаюына алып келетін металдарыдың өздігінен тотығу процесін айтады. Металлдың коррозияға ұшырайтын ортасын агрессивті немесе коррозионды орта дейді.
1. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Қара майлар
Қара майлар – қатты отындарды (тас көмір, қоңыр көмір, торф, сланец, ағаш) құрғақ айдау кезінде алынатын, сұйық және тұтқыр консистенциядағы органикалық байланыстырғыш зат. Гидроизоляция үшін негізінен тас көмір қара майлары кеңінен қолданылады.
Қара майлар негізінен армот көмірсутектері мен олардың күкіртті, азотты және оттекті туындыларынан тұрады.
Қара майлардың топтық құрамы шикізат пен өңдеу тәсіліне байланысты әр түрлі болады. Қара майдың топтық құрамын анықтау үшін оларды фракциялық айдайды. Қара майдың заттық құрамы төмендегідей: органикалық еріткіштерде ерімейтін қатты, көмірлік қиын балқитын заттар (бос күйіндегі көміртек); тек пиридинде ғана еритін қатты, балқымайтын кара май шайырлары; қара майларға эластикалық қасиет беретін және бензол мен хлороформда еритін тұтқыр пластикалық балқитын қара май шайырлары; сұйық қара май майлары (қайнау температурасы 1700С тең жеңіл, қайнау температурасы 170-2700С тең орташа, қайнау температурасы 270-3000С тең ауыр және қайнау температурасы 300-3600С тең антраценді майлар), қатты қалдық – қара күйе.
Достарыңызбен бөлісу: |