Дипломдық жоба Маңғыстау облысындағы аргоөнеркәсіп саланың мәселелерін кешенді зерттеуге арналған



бет3/11
Дата21.11.2022
өлшемі419.97 Kb.
#465377
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
послед — копия

Дипломдық жобада Қазақстан Республикасының Сауда мақсатында теңізде жүзуді реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпараты, акционерлік қоғамның және АӨК нарығының басқа да субъектілерінің құжаттары (даму стратегиялары, есептері, стандарттары), сондай-ақ жеке бақылаулары пайдаланылды.
Дипломдық жобаның ғылыми жаңалығы келесідей:
- Алғаш рет Маңғыстау облысының АӨК ұйымдық құрылымы зерттелді және авторлық позициядан сипатталды, авторлық схемалар құрастырылды;
- Маңғыстау облысының АӨК қолданыстағы құрылымына жан-жақты сипаттама беретін сандық және сапалық зерттеулер дербес жүзеге асырылды.
- жүргізілген зерттеудің нәтижесі мынадай Инновациялар болды: ұсынылатын іс-шаралардың тиімділігін есептеу.
Практикалық маңыздылығы. Теңіз портындағы ұйымдастырушылық басқару процестерін жеткіліксіз зерттеу нәтижелері және оларды жобалау проблемалары осы жобада ұсынылған авторлық зерттеулердің теориялық және қолданбалы маңыздылығын анықтайды. Дипломдық жобаның практикалық маңыздылығы оның ұсыныстары мен тұжырымдарын бизнес әкімшілігі Агроөнеркәсіптік кешендегі басқарудың ұйымдық құрылымын өзгерту және дамыту жобаларын әзірлеу кезінде, сондай-ақ менеджмент жүйесін жетілдіруде қолдана алады.
Айта кету керек, зерттеу барысында қалыптасатын басқару процестерін ұйымдастыруды жобалау кешені артып келеді, сондықтан оны мамандандыруға қарамастан басқа жоғары білім беру ұйымдарында қолдануға болады.
Жұмыс құрылымы. Дипломдық жоба кіріспеден, үш толық тараудан, қорытындыдан, библиографиялық тізімнен тұрады, баспа мәтінінің 62 бетінде баяндалған, 8 кестеден тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30 атаудан тұрады.
  1. АГРОӨНЕРКӘСІП CАЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ





    1. Агроөнеркәсіп саласын мемлекеттік басқаруға байланысты заманауи теориялық тұжырымдар

Агроөнеркәсіптік кешен – экономиканың әлеуметтік маңызы зор секторларының бірі. Себебі ол халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету бағдарламасын жүзеге асырушы бірден-бір сала. Сонымен қатар аграрлық сектор көптеген өнеркәсіп орындары мен қызмет түрлерінің дамуына өз үлесін қосады. Осындай ел экономикасы үшін маңызы зор саланың қазіргі жағдайы кімді болса да ойландырары анық. Агроөнеркәсіпте жүргізілген реформадан кейін жер және мүліктік қатынастар қайта құрылды, шаруашылықтар құрылымдық жағынан өзгерді, олардың ұйымдық-құқықтық тұрпаты жаңаша сипатқа ие болды. Нарықтық үлгідегі шаруа қожалықтары, шаруашылық серіктестіктері, өндірістік кооперативтер құрылды [4].
Агроөнеркәсіптік кешеннің ұйымдық құрылымы ауыл шаруашылығынан, орман шаруашылығынан, балық, су шаруашылығынан, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету станцияларынан тұрады. Агроөнеркәсіпте жүргізілген реформадан кейін мемлекеттің басқару жүйесі жойылып, жоғарыда айтылған салалар арасындағы байланыстар үзіліп, агроөнеркәсіптік кешенде нарықтық күйзеліс басталды.
Агроөнеркәсіптік кешен – халық шаруашылығының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен, сақтаумен, қайта өңдеумен және тұтынушыға жеткізумен айналысатын салалар жиынтығы. Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы үш негізгі салаларды біріктіреді.
Бірінші салаға трактор және ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік пен малды қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, сондай-ақ суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кешені кіреді.
Екінші саланы ауыл шаруашылық өндірісінің салалары – егін шаруашылығы, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық мал азығын өндіру секілді салалар кешені құрайды.
Үшінші сала ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеу мен өткізуді қамтамасыз ететінсалаларменөндірістің жиынтығы болып табылады. Ауыл шаруашылығы шикізаттарынан азық-түлік және басқа да тауарлар өндірісінің жаңа жүйесі бойынша біріншілік өнім өндіру тек аграрлық өндіріс қызметіне жатады. Ал осы өнімнің аз бөлігі ғана тұтынушыға таза түрінде жетеді де көп бөлігі техникалық өңдеуден өтеді. Ауыл шаруашылығы өндірісі оңашаланған өзін-өзі ұдайы өндіретін жүйеден жаңа ұдайы өндірістік жүйенің буынына айналады. Сонымен, жаңа қоғамдық еңбек бөлінісінің арқасында, аграрлық өндіріс қоғамдық капиталдың ұдайы өндірісінің жалпы жүйесіне кіреді және ол осы жүйенің даму заңдарына сәйкес
дамитын болады. Бұған қоса, аграрлық өндіріс, көбінесе тұтыну заттарын өндіретін саладан, өндіріс құралдарын өндіретін салаға айналады (Сурет 1).

– Агроөнеркәсіп кешенінің құрамы


Ескерту – Автормен құрылды [5] қайнар көздері негізінде жасалды.
Агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметлерімен де айқындалады. Ауыл шаруашылық кешені нарықтың әртүрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс- қимылын білдіреді, соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімділігінің әртүрлі үлгілерін ұсынады.
Ауыл шаруашылық өндірісі нарығының бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді: агроөнеркәсіпте – рыноктік құрылым мен қарым-қатынас жүйесі әлі де сақталған, ерікті бәсекелестік нарығының барлығынан жақын тұрған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмендегідей:
Біріншіден, агроөнеркәсіптік нарығында тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп. Айталық, АҚШ-тың агроөнеркәсіптік кешені 1997 жылғы халық санағына сәйкес фермерлік шаруашылықтардың саны 2 млн. 176 мың құрады. Бұл – олардың барлығын сөздің толық мағынасында фермерлік шаруашылықтарға жатқызуға болмаса да, аз сан емес [6].
Екіншіден, ерікті бәсекелестік нарығы болып саналатын агроөнеркәсіптік нарығының белгісі ретінде әрбір жекелеген өндірушінің бағаға әсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені, ешқандай фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға әсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды.
Ерікті бәсекелестік нарығының үшінші маңызды белгісі – өнімнің біртектілігі және қалыптандырылуы. Өндіруші тек қана өз тауарын жарнамалап, тек өз өнімінің сапасын бөліп көрсете алмайды. Іс жүзінде бір фермердің астығы сорты мен сапасы жағынан басқа фермердің астығынан ерекшеленуі мүмкін, бірақ бұл астық бір сорттағы және сападағы қалыпқа түсірілген астық болса, онда одан ешқандай айырмашылықты табу мүмкін емес.
Ерікті бәсекелестік нарығының төртінші ерекшелігі – бәсекелестікке бейімсіздеу жаңа фирмалардың рынокке; келуі үшін кәдімгідей қолбайлау болатын кедергінің жоқтығы.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.
Агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі мақсаты – халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.
АӨК құрамында үш негізгі буын бар:

  • АӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды;

  • бұл ауыл шаруашылығы;

  • тамақ және жеңіл өнеркәсіптері [7].

Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады.
Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн. адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн, ет Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.
Рынокке кіру кедергісі әр түрлі болуы мүмкін. Олигополиялық және монополиялық құрылымдағы салаларда оларға ең алдымен масштабтың жағымды тиімділігі жатады, басқаша айтқанда жоғары қуаттылықтағы өндірісте шығындарды азайту және өнімнің бәсекелестікке бейімділігін арттыру. Жоғарыда айтылғандарға орай көптеген фермерлік шаруашылықтарда мұндай кедергілер агроөнеркәсіптікте жоқ. Рас, ауыл шаруашылығы өндірісі дамыған батыстық елдердің агроөнеркәсіптік өндірісінің концентрациялық өсуіне қарай бағыт байқалады және ірі фермелер шағын, әсіресе қаржы көп кететін агроөнеркәсіптік салаларымен салыстырғанда экономикалық басымдылығы бар екенін анық көрсетуде. Сондықтан да, жақын уақытта мұндай кіру кедергілері агроөнеркәсіптің дамуымен болуы мүмкін, бірақ қазір ол жоқ немесе өзін жеткілікті дәрежеде көрсетіп үлгерген емес [8].
Монополияландырылған рынокқа тән басқа кіру кедергісі – пайдаланылатын техникаға патент алу болып табылады. Кедергілердің мұндай түрінің ерекше маңызы ғылымды керек ететін жоғары технологиялық өндіріс салаларында өте жоғары. Агроөнеркәсіптік өндіріс ғылыми негізделеді, алайда олар әдетте агробизнестің басқа салаларында пайдаланылады. Жаңа ғылыми ұсыныстар туралы ақпараттар мемлекеттік қызметтермен жаппай масштабта
таратылады. Сондықтан да агроөнеркәсіптік өндірісіндегі кедергілердің мұндай түрі де іс жүзінде болмайды. Монополистік бәсекелестік нарығында тағы бір кіру кедергісінің түрі – интенсивті жарнама, оған орасан зор қаржы жұмсалады. Кедергінің мұндай түрінің агроөнеркәсіптік кешенге шектелуі жоғарыда айтып кеткеніміздей, өндірілетін өнімнің біртектілігі мен қалыпқа түсірілгендігі болып табылады [9].
Ерекше кіру кедергілерінің белгілі бір салада болуы заңдық шектеу немесе өндірістік ресурстарды еркін сатып алу және сатуға тыйым салуға байланысты. Дегенмен, агробизнесі дамыған елдерде агроөнеркәсіптік ресурстарының нарығы көп болуына сәйкес агроөнеркәсіптік кешенінде мұндай кедергі жоқ.
Осы айтылғандардың барлығы агроөнеркәсіптік кешеннің еркін бәсекелестік сферасына жақын тұрғанын аңғартады. Бірақ, соған қарамастан олай деп түсінуге де болмайды. Біріншіден, агроөнеркәсіптік мемлекеттік реттеуді керек ететін аймақ болып табылады. Мемлекет белсенді қаржылық және несиелік саясат жүргізіп, салық жүйесін анықтайды және проценттік үстемеге ықпал етеді. Бұдан басқа, қазіргі жағдайда агроөнеркәсіптегі мемлекеттік реттеудің маңызды жағы ауыл шаруашылық өнімдерінің ұсыныс деңгейіне, ал сол арқылы нарықтық бағаға әсер етуі болып табылады.
Екіншіден, қазіргі заманғы агробизнесте агроөнеркәсіптік өндірушілердің өңдеу компаниялары мен агроөнеркәсіптік өнімдерін өткізу жөніндегі компаниялармен тікелей ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қарым-қатынас кеңінен қолдануда. Бұл жағдайда фермерлік өндіріс жалпы алғанда рынокке емес, нақты әріптес тұтынушыға бағдар жасайды. Әрине, сұраныс пен ұсыныс келісімдік баға деңгейіне әсер етеді, алайда келісім-шарттар өндірушінің нақты тұтынушыға мақсаттық бағдарын білдіретін болғандықтан, келісім-шарттық қарым-қатынастың іс-қимыл сферасы еркін бәсекелестік нарығының аймағынан шығып қалады.
Үшіншіден, барлық елдерде белгілі бір дәрежеде мемлекеттік бақылау мен реттеудің объектісі болып табылатын маңызды агроөнеркәсіп ресурсы - жер нарығы шектеулі және ерекше.
Бұған қоса шаруашылық бір мезгілде өндірістің саласы және адамдардың тіршілік сферасы болып табылады. Фермерлік шаруашылық - техникасы, өндірістік үйлері, малы және басқа өндіріс құралдары бар кәсіпорын ғана емес, сонымен бірге фермердің мекен-жайы. Ферманы сату немесе сатып алу тұрғылықты жерін немесе тіпті өмір салтын ауыстыруды білдіреді. Осының бәрі агроөнеркәсіптік ресурстарының салыстырмалы түрде иммобильдігін, белгілі бір дәрежеде рыноктік кедергі мен жеткіліксіз бәсекелестіктің белгісін танытатындай [10].
Ерікті бәсекелестік – бұл, ең алдымен, бағалық бәсекелестік. Бұл бәсекелестік күрестің жалғыз қаруы өндірістің шығындарын азайту және өнім сапасын арттыру болып табылатындығын білдіреді. Өнімнің өзіндік құнын төмендету және өнім өндіру көлемін арттыру – фермер табысын арттыру мүмкіндігінің бірі. Іс-қимылдың мұндай моделі агроөнеркәсіп өнімінің нарығында ұсыныстың деңгейіне мәнді әсер етпей қоймайды. Қатаң баға
бәсекелестігі өндірістің қарқынды өсуінің және агробизнесі дамыған елдердің агроөнеркәсіптік кешенінің жоғары тиімділігінің бірден-бір факторы болып табылады. Бұған мына факті дәлел бола алады: АҚШ-та село тұрғындарының үлесі соңғы 40 жыл ішінде 15%-тен 2%-ке дейін қысқарды. Осы уақыт ішінде фермерлік еңбектің өнімділігі күрт өсті. Бір ауыл шаруашылық еңбеккері азық- түлікпен және шикізатпен қамтамасыз ететін адамның саны 14 адамнан 96 адамға өсті.
Өсудің жоғары қарқыны жоғары техникалық және технологиялық база, өндірістің жалпы мәдениеті арқылы болады. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешеніне техника, жем, тыңайтқыш, жанар-жағар май шығаратын және қызмет көрсететін салалар, ауыл шаруашылығына ғылыми зерттеулер жүргізетін салалар жұмыс істеуі қажет. Дәл осы салалардың жоғарғы қарқынмен дамуы ауыл шаруашылығынның жоғары өнімділігі мен тиімділігін анықтайды. Осы жоғары техникалық және технологиялық потенциалды пайдалану қажеттілігіне фермерлерді мәжбүр ететін бәсекелестік бұл жағдайда күшті ынталандырушы фактор болып табылады [11].
Агроөнеркәсіп кешенінің материалдық-техникалық ресурстар нарығы, яғни агробизнестің бірінші сферасына үш ірі сала кіреді: ауыл шаруашылық машиналарын жасау, тыңайтқыш және химиялық дәрілер шығару, жем дайындау өндірісі. Бұл салалар типті олигополиялық құрылыммен мінезделеді, яғни рынокте бірнеше ірі фирмалар болады.
Міне, осылай жоғары бәсекелестік бейімділігі бар ауыл шаруашылық өндірісі монополияландырылған салалардың өнімін тұтынушы болып табылады. Агробизнестің бірінші сферасының нарығында бағаның өсу мүмкіндігі – өз өнімін бәсекелестік бағадан жоғары сатуға мүмкіндігі жоқ фермерлер үшін үлкен проблема.
Агроөнеркәсіп үшін ерекше көкейтесті мәселе сатып алатын ресурстар мен шығарылатын өнім арасындағы бағалардың қатынасы – баға құрылымының проблемасы болып табылады. Баға паритетін қолдау үшін күрес – фермерлердің экономикалық саясат саласындағы талабының басты элементі.
Өз кезегінде үлкен агробизнестің өнеркәсіптік компаниялары фермерлердің тұрақты қаржылық жағдайын қолдауға мүдделі.
Фермерлерге көрсетілетін қызмет сферасының нарығы – дилерлік, жөндеу- техникалық, агрохимиялық, мелиоративтік қызмет көрсетулер ресурстар нарығымен тығыз байланысты. Қызметті әдетте техника, тыңайтқыш, жем және тағы басқа өнімдер өндіруші компаниялар көрсетеді. Бұл сервистік кәсіпорындар мен олардың филиалының жүйесі өте кең. Айталық, АҚШ-та ауыл шаруашылық машиналары мен құрал-жабдық шығару жөніндегі бір жарым мыңнан астам зауыт өз өнімдерін 16 мың бөлшек сауда нүктелері арқылы таратады. Мұның өзі фермерлерге өндірістік қызметтің кез келген түрін көрсету жөніндегі фирмаларды таңдауына мүмкіндік береді [12].
Агроөнеркәсіптік кешен маркетингтік сферасы өзінің құрамы және атқаратын міндеті жағынан ғана емес, сонымен бірге нарықтық мәні жағынан да барынша әр түрлі болып келеді. Маркетингтік сфера өз ішінде өнімнің мән және фирмалардың бәсекелестік іс-қимылы жөнінен рыноктің төрт үлгісіне бөлінеді.
Бірінші үлгі – шикізаттық азық-түлік тауарлар нарығы ұнжарма, қант шығару сияқты салалар үшін негізгі және мәнді болып табылады. Оған өнімнің салыстырмалы түрде біртектілігі, қалыпқа түсірілуі, тауарларды ірі партиямен сату белгілері тән. Бұл жағдайда жекелеген өнім өндіруші фирмалар үшін өнімді жарнамалау мәселесінде қиындықтар туындайды, ал баға белгілеу бәсекелестікке жақын келеді.
Рыноктің екінші үлгісі – жоғары деңгейде өңделген азық-түлік тауарларының нарығы. Азық-түлік тауарларының осы тобының көлемі дамыған елдерде соңғы он жылдықта барынша интенсивті дамуда. Бұл рыноктік топта сатылатын өнімдер біртектілік емес және барынша теңдестірілгендер қатарына жатады. Олар – консервілер, кондитерлік және темекі өнімдері және басқа қабылдауға дайын өнімдер. Тауарларды саралаудың жоғары деңгейін бір заттың кең көлемдегі сортта және сапасының әр түрлі мәнде болуымен түсіндіруге болады. Алайда, тұтынушылар көзінше тауарларды жиі ауыстырған сайын олардың арасындағы бәсекелестікте күшейіп, баға басымдылығы үшін мүмкіндік аз болады. Сондықтан да өнімге ерекшелік белгілер беруге ұмтылу, оны ұқсас тұтынушылық қасиеті бар тауарлар жиынтығынан бөлу азық-түлік фирмасының рыноктік іс-қимылындағы мәнді белгі болып табылады [13].
Мұндай рынокта бәсекелестік күрестің маңызды қаруы – жарнама және тауарды әртүрлі тәсілмен безендіру және ұсыну. Тауарлардың бұл тобының нарығы бірнеше көш бастаушы фирмалар билік құратын жоғары сараланған өнім болып табылады.
Мұндай рынокке кіру кедергісі өте жоғары екендігі көзге бірден түсіп тұрады. Бірқатар жағдайларда мұнда масштаб тиімділігі және пайдаланылатын технологияға патенттер жұмыс істейді, алайда басты кіру кедергісі ретінде жабыла жарнама жасау болып саналады. Бірқатар өнімдерді жарнамалау үшін кететін шығын өнім құнының 20%-іне жетеді. Әрине, жаңадан пайда болған фирмаға рыноктің молшылық жағдайында өзінің тауарымен рынокке ену өте қиын. Бұл үшін жаңа тауардың көзге көрінетін нақты басымдылығымен қатар жарнама сферасында орын алуы үшін рынокты жаулап алған тауарға қарағанда орасан зор қаржы жұмсауды керек етеді.
Агробизнес сферасының маркетингтік үшінші рыноктік топшасына төмен деңгейде өңделген біртекті топ (мысалы, ет жартылай фабрикаттары және жаңа сойылған ет, сүт өнімдері) жатады. Тауарды өңдеу деңгейі мен оны саралау деңгейінің арасында тығыз байланыс бар. Өнімді өңдеу деңгейі төмен болған сайын оны саралау және интенсивті жарнамалау үшін мүмкіндігі аз болады және керісінше. Бұл рыноктік топқа кіру кедергісі салыстырмалы түрде төмендеу, баға белгілеу мұнда бәсекелестікке сәйкес жүзеге асырылады.
Рыноктің төртінші үлгісі – азық-түліктің сервистік нарығының рөлі дамыған елдерде соңғы он жылдың ішінде арта түсті. Оған қоғамдық тамақтандырудың шағын буфеттен бастап қымбат мейрамханаға дейінгі барлық түрі кіреді. Бұл рынок біртекті емес және өзінің ерекшеліктері көп. Онда жарнама мен монополияландырудың әртүрлі деңгейіндегі баға белгілеуді еркін рыноктіктен монополиялыққа дейін өзгерте беретін бірнеше топшаны бөліп көрсетуге болады [14].
Азық-түлік нарығының тағы бір ерекшелігі ретінде оның бірнеше деңгейде болуын айтуға болады. Рынок нан, сүт және қаймағы алынбаған сүт өнімдері үшін – жергілікті; ет өнімдері, көкөніс және жеміс үшін – аймақтық; консервілер және шеттен әкелінген азық-түлік үшін – ұлттық болуы мүмкін. Тез бұзылатын азық-түліктер рыноктің шекарасын тарылтады, ал мамандандырылған транспорт пен сақтау қоймалары оны кеңейтеді. Рынок деңгейінің есебі оны дұрыс бағалау және фермалардың қызметіне болжам жасау үшін маңызды. Айталық, шағын азық-түлік дүкенінің немесе асхананың сәтті жерде орналасуы оларды қымбат тұратын жарнамасыз-ақ, ұсынылатын азық-түліктің бір қалыптағы жиынтығымен-ақ кішігірім монополистке айналдырады.
Жалпы азық-түлік нарығын талдай келе мынаны айтуға болады: агробизнесі дамыған елдерде бұл рынок – салыстырмалы түрде фирмалардың көп бөлігі қатысатын және жоғары азық-түліктік саралаудағы, монополистік бәсекелестіктегі рынок. Оның үстіне мұнда көш бастаушы фирмалардың тобы бар екенін де айта кету керек. Баға бәсекелестігімен қатар мұнда жаппай жарнамалау, азық-түліктік саралау және жетілдірілген сервис сияқты факторлар да үлкен маңыз алады. Агроөнеркәсіптің нарықтық құрылымы мен маркетингтік сферадағы айырмашылық мынаған алып келеді: агроөнеркәсіптік өнімдерінің жоғары бәсекелестік ұсынысы салалардың және рынок масштабына байланысты монополияландырылған сұраныспен бетпе-бет келеді [15].
Алайда АӨК – бұл тек өндіріс қана емес, сонымен қатар тұрғындардың көп бөлігінің тіршілік ету ортасы. Ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейі тікелей мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына әсер етеді. Ауыл шаруашылығы өндірістік күшінің дамуының ең төменгі сатысында тұрған – статикалық саласы, оған өзгермелі экономикалық және технологиялық жағдайлар баяуырақ әсер етеді. Сондықтан аграрлық сектор дәстүрлі түрде халық шаруашылығының басқа салаларының ішінде ерекше орын алады.
Зерттеуші ғалымдардың бір тобы АӨК-ні жалпы ауыл шаруашылығы экономикасының құрылымында қарастырса, енді бірі керісінше ауыл шаруашылығын агроөнеркәсіптік кешеннің құрылымында қарастыру керек деген пікірді алға тартады. Әрине, қалай алып қарасақ та, бұл екі сала бір- бірімен өте тығыз байланысты, әрі бір-бірінің толықтырушы құрамды бөлігі іспетті көрінеді.
Агроөнеркәсіп кешенінің өндірістік және экономикалық мүмкіндігі аса жоғары. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің пайдалануында барлығы 197,3 млн. га жер, оның ішінде 35,5 млн. га егістік бар. Халық шаруашылығында еңбек ететін халықтың 35%-ы агроөнеркәсіп кешенінде. Ауыл шаруашылығы саласының басқа материалдық өндіріс саласынан негізгі айырмашылығы, жер – басты өндіріс құралы, еңбек заты, еңбек құралы болып табылады. Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі өте шектеулі, олар табиғи және экономикалық құнарлылығы бойынша бөлінеді. Өнімді жерлердің құндылық сипаты олардың бонитеті нәтижесінде белгілі болады. Жер құнарлылығының кейінгі маңызды көрсеткішіне жердің орналасу аумағы жатады [16].
Елімізде 2008 жылы «Агроөнекәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң қабылданып, оны қаржыландыру мәселесі шешілді. Осының нәтижесінде салаға инвестициялар келе бастады, банктердің де аграрлық салаға көзқарасы өзгерді. Мұның айғағы, соңғы жылдары ауыл шаруашылығындағы ЖІӨ көлемі үнемі өсу үстінде. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің 70%-дан астамы халық шаруашылығында (саланың шаруашылық субъектілері 49%) және шаруа қожалықтарында (22,8%) өндіріледі. Ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары жалпы өнімнің тек 28%-ын өндіреді, бұл – негізінен, астық. Шын мәнінде, барлық мал басы жеке аулаларда өсіріледі. Мал басы құрамының барлық түрлері бойынша өсім байқалады, оның ішінде 1990 жыл деңгейімен салыстырғанда толық қалпына келтірілген және түйе өсіру шаруашылығы 10%-ға көбейген. Ірі қара мал , қой мен ешкі, құс, шошқа басы орташа алғанда 90-жылдардың көрсеткіштерінен 40-60% құрайды, жылқы басы 2011 жылы бұрынғы деңгейден 90%-ға өсті. Оның ішінде соғымдыққа ет бұдан екі есе өндірілген [17].
Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуда мүмкіншіліктерді кеңейту, агроөнеркәсіптік кешені құрылымын қалыптастыруға бағытталған ауқымды мемлекеттік инвестициялау, соның ішінде шетелдік инвесторларды ынталандыру бүгінгі күннің талабы.
Елімізде аграрлық ғылым жүйесі де агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында жаңадан реформаланғаны белгілі. Аграрлық салаға қызмет етіп жатқан барлық ғылыми-зерттеу институттары негізінде «Қазагроинновация» АҚ құрылды. Негізгі қызметі – аграрлық саладағы ғылыми ұйымдардың қызметін үйлестіре отырып, аграрлық саланы дамытудың стартегиялық бағыттарын, ғылыми жаңалықтарды коммерцияландыру, ғылыми идеяларды трансферттеу және бүгінгі күнге бейімдеу болып табылады.
Соңғы жылдардағы Қазақстанның АӨК дамуы оң нәтижелерді көрсетті, алайда сыртқы қауіптердің күшеюіне, ішкі тәуекелдердің сақталуына, әлемдік агро-азық-түлік нарығының дамуына қарай мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру, аграрлық өндірісте интеграция мен кооперация үдерістерін ынталандыру, оны табиғи-климаттық және әлеуметтік-экономикалық факторларға сәйкес саралау қажет [18].
Ауыл шаруашылығы құрамы санының өзгергенін атап өткен жөн: мемлекеттік емес кәсіпорындар саны 5 мың бірлік деңгейінде тұрақтанды, шаруа қожалықтары шамамен 175 мың бірлікке жуық, халық шаруашылығы 2,4 млн. бірлікке жуық мөлшерді құрайды. 2009 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі аралықта, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа қожалықтары өнім өндіру мен мал басы өнімділігі индексінің ең күшті қарқынын көрсетті. Оның ішінде шаруа қожалықтары мен жеке шаруалар көкөніс өнімін өндіруде ең күшті қарқын көрсетті. Бұл өндірілетін өнімге, қайта өңдеу инфрақұрылымының даму деңгейіне, өнім шығаруға және өндіріс құралдарының болуына байланысты агротехникалық және технологиялық талаптарды есепке ала отырып, барлық шаруашылықтандыру түрлеріне кешенді негізде дамыту қажеттілігін растайды. Жалпы алғанда, ауыл шаруашылығы кәсіпорындары нарық белгілеріне тез әрекет етеді және азық- түлік балансын болжау жүйесі болғанда АӨК мемлекеттік қолдау жүйесін оңтайландыруға және қаржыландыру тиімділігін арттыруға, инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп үшін тұрақты шикізат базасын қалыптастыруға болады.
Дамыған елдерде АӨК құрылымы фермерлік шаруашылықтардан, шағын, орта және ірі кооперативтерден, акционерлік агроөнеркәсіптік бірлестіктерден тұрады. Кооперативтер (ең алдымен, ірі) және акционерлік қоғамдар белгілі мемлекеттік қолдау кезінде прогрессивтік технологияларды, ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтарды, асыл тұқымды және тұқымдық шаруашылықты дамытуда бас тапсырыс берушілер мен инвесторлар ретінде қатысады, олар АӨК инфрақұрылымының негізі болады, онсыз фермерлік қожалықтар мен шағын, орта және ірі кооперативтер мүлдем әрекет ете алмас еді [19].
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығын қалыптастыруда ең негізгі факторлар шаруашылықтың құрылымы мен оның әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Тәжірибе көрсеткендей, кешенді, тиімді жұмыс жасайтын инфрақұрылымды құру мен оның қызмет етуі шаруашылықты машиналар мен жабдықтарды сатып алу, оларға қызмет көрсету мен жөндеуді жүзеге асырудан, көп еңбекті қажет ететін операцияларды орындаудан, қымбат және ауыр техниканы күтіп ұстаудан, өнімді шығаруды жүзеге асырудан босатады. Сервистік қызметтер инфрақұрылымын дамыту шаруашылықтың әлдеқайда тиімді және пайдалы құрылымын қалыптастыруға жағдай жасайды.
Әлемде экономикалық қауіптер күшейген жағдайда азық-түлік қауіпсіздігін және оның дербестігін тұрақты қамтамасыз етуде еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуда сала саясатын жоспарлау және оны іске асыру маңызды болып табылады. Қазақстан үшін азық-түлік тауарлары, машиналары мен жабдықтарының маңызды үлесін имараттауға тәуелділік түрінде ауыл шаруашылығы және қайта өңдейтін өнеркәсіп үшін азық-түлік қауіпсіздігін нығайту негізі – отандық АӨК мен оның базалық салаларының тиімді қызмет етуін арттыру болып табылады [20].
Елімізде АӨК дамыту мақсаты – оның барлық салалары мен секторларын тұрақты түрде дамыту. Оның ішінде ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту материалдық, еңбек, жер және қаржы ресурстарын тиімді қайта өндіруден, технологиялық жетілдіруді жүзеге асырудан, қоршаған ортаның бүтіндігін қамтамасыз етуден тұрады, бұл ауыл шаруашылығы өнімдеріне қажеттіліктерді қанағаттандыруға және азық-түлік қауіпсіздігіне септігін тигізеді.
АӨК мен ТЭҚ технологиялық, экономикалық және ұйымдастырушылық байланыстарының күшеюі өндіріс көлемінің қысқаруы немесе энергоресурстардың қымбаттауы кезінде агроөнеркәсіп кешеніндегі дағдарыстың тереңдей түсуіне әкеп соғады. Соңғы он жылда мұнай және мұнай өнімдеріне бағалардың өсуі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру шығындарына әкелді, ал 2007 жылдан бастап тіптен инфляциялық спиральды одан сайын шиыршықтай түсті. Бидайға әлемдік бағаның екі есеге өсуі – мұндай тәуелділіктің тікелей дәлелі.
ХХ ғасырда әлемнің барлық дамыған елдерінде азық-түлік өндірісінің дамуы белсенді механикаландырумен және химикаландырумен, яғни энергосыйымдылықпен анықталады. Оның ішінде энергияны тұтыну тікелей түрде – электр, мұнай өнімдерін және газды қолдану арқылы және жанама түрде өндіруде энергияның көп көлемін қажет ететін химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолдану арқылы көрінді [21].
Әлемдік ауыл шаруашылығында энерготасымалдағыштарға бағаның өсуіне қарай энергоүнемдеу технологияларына біртіндеп көшу, топырақты кешенді техникалық және химиялық өңдеу құралдарын енгізу, мал мен құстарды өсіруге ауысты.
Мұнай өнімдеріне бағалардың қазіргі өсуі ауыл шаруашылығы өндірісіндегі кезекті технологиялық жылжуды тудыратыны сөзсіз. Ең алдымен, ол өсімдіктердің генетикалық модифицияланған түрлерін, энергоүнемдеу техникасы мен технологияларын кең түрде енгізумен байланысты болады, бұл өнім бірлігі есебімен алғанда энергия тұтыну мөлшерінің бұдан да қысқаруына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, АӨК инновациялық дамыту селекциялық- генетикалық шығарылымдарды, өндіріс технологияларын, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын және тұрақты дамыту принциптерін ұйымдастыруға және оларды басқаруға байланысты.
Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникасының қамтамасыздығы АӨК-ні тұрақты дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру тұжырымдамасын іске асырудың негізгі мәселесі. Сондықтан ауыл шаруашылығының машина құрау және қарқынды машина технологияларын қолдану салаларында ғылыми- зерттеу және жобалық жұмыстардың деңгейінен АӨК-нің басқа мәселелері шешілер еді. Ол үшін жергілікті жермен айналысу, мал өсіру жағдайларына сәйкес келетін техниканы ойластыру, аграрлық өндірісте энергия көздерін пайдаланудың интеграцияланған технологияларын пайдалану қажет [22].
АӨК инфрақұрылымын дамыту қазіргі заманғы нано-, биотехнологиялардың жетістіктері негізінде жалпы және арнайы пайдалануға арналған экологиялық қауіпсіз, бәсекеге қабілетті азық-түлік өнімдерін өндіру кезінде ауыл шаруашылығы шикізатын сақтау және оларды қайта өңдеудің технологиялық жүйесін құруға байланысты.
АӨК экономикалық дамыту мәселелерін шешу мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыру деңгейіне байланысты, ол бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын арттырудың және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды және басым бағыттарын шоғырландыру негізінде стратегиялық жоспарлау принциптеріне байланысты жүзеге асырылуы тиіс [23].
Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы жолдауында: «Жаңа технологиялар мен бизнес-модельдерді енгізу, агроөнеркәсіп кешенінің ғылымға негізделуін арттыру шаруашылықтарды кооперациялау қажеттігін күшейтеді», деп атап көрсетілгендей, қазір кооперативтер құрылуда. Осыған орай, қолданыстағы заңнамалық актілерді қайтадан қарап, кооперативтерді мемлекеттік қолдаудың шараларын қарастыру қажет [24].
Агроөнеркәсіп кешенінде еңбек өнімділігін арттыру үшін дамыған шетелдік технологияларды батыл пайдалану қажет. Соңғы уақыттары жаһандық азық-түлік дағдарысы жақындап келе жатқаны жөнінде жиі айтылып та, жазылып та жүр.
Алдағы ширек ғасырда планета тұрғындары 9 миллиардқа жетеді деп күтілуде. Соған қарай, азық-түлік тұтыну көлемі де өседі. Бірақ экологиялық дағдарыс салдарынан құнарлы жер азайып барады. Әлемге ашаршылық қаупі төніп келеді. Ендеше аграрлық әлеуеті зор, табиғи жағдайы қолайлы елімізде бұған қарсы тұру үшін бірінші кезекте ауыл шаруашылығын қарқынды дамыту керек.
Қазіргі агросаясат ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттаумен бірыңғай айналысып кетпей, ауыл экономикасына қатысы бар субьектілердің бәрін қамтуы тиіс. Бұл экономикалық өсімге де, демографиялық өсімге оң ықпал етері анық. Бүгінгі таңда Қазақстан көптеген елдерге қарағанда ауыл шаруашылығының таза өнімдерін өндіруші ел болып табылады. Сондықтан, аграрлық экспорттық өнімге сұраныс та көп. ХХІ ғасыр – экологиялық таза тағам дәуірі.
Өзіміздегі шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығарғанда ғана халықаралық нарықта бәсекеге қабілетіміз артатыны сөзсіз. Осы орайда, мал шаруашылығында ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың қалыптылығы мен азық-түлік қауіпсіздігіне кепіл болары анық. Алайда, ветеринарлық салаға реформалау жүргізілгенімен, біршама кемшіліктер бұрынғыша қалып, бірқатар мәселелер әлі де шешімін күтуде. Адамға көбіне ауру малдан немесе оның өнімдерінен келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет