Дипломдық жобаны орындау және рәсімдеу бойынша әдістемелік нұСҚаулық


Жұмыстың орындалу барысын бақылау



бет4/13
Дата13.11.2022
өлшемі346.83 Kb.
#464761
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Норма

4 Жұмыстың орындалу барысын бақылау

Студенттердің дипломдық жобаны орындау кестесін сақтауына, олардың жетекші тарапынан бақылау қойылуы тиіс. Студенттердің дипломдық жобаларды орындауын есепке алу мен бақылауды қамтамасыз ету үшін әрбір жетекшінің мынадай мәліметтерді қамтитын есепке алу дәптері (еркін түрде) болуы тиіс: студенттердің аты-жөні, тапсырмалар тақырыптарының атауы, берілген күні және тапсырманы алуын кқрсететін студенттердің қолы, барлық бөлімдерді орындаудың белгіленген мерзімі, жалпы жұмыстың бағасы және олардың аяқталу күні.


5 Дипломдық жобаның бағалануы

Жетекші қорытынды аттестаттау басталғанға дейін апта сайын негізде диплом жобасының орындалуын тексереді және 2 апта бұрын жазбаша пікір береді, онда:


− дипломдық жобаға жалпы сипаттама береді;
− жобаның негізгі бөлімдерін дайындау көлемі мен дәрежесі бойынша тапсырманың сәйкестігін белгілейді;
− жобаның оң жақтарын атап өтеді;
− жұмыстың графикалық (тәжірибелік) бөлігін сипаттайды;
− дипломдық жобаның кемшіліктерін, оның рәсімделуін көрсетеді.
Диплом жобасын орындау туралы жетекшінің пікірін толтыруға арналған бланк Д қосымшасында берілген.
Баға төрт балдық шкала бойынша қойылады: «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз».
Студент дипломдық жобаға пікірмен танысуы керек. Баға қойылғаннан кейін дипломдық жобада түзетулерге жол берілмейді. Дипломдық жоба тапсырманың талаптарына сәйкес келмеген, оны сапасыз орындаған немесе жалпы орындалмаған жағдайда, студент колледж бойынша бұйрықпен дипломдық жобаны қорғауға жіберілмейді.
Дипломдық жобалардың мазмұны мен рәсімделуінің сапасын арттыру мақсатында алдын ала қорғау рәсімі жүргізіледі. Алдын ала қорғау барысында пәндік-циклдік комиссияның оқытушылары студентті тыңдайды, жұмыстың тапсырмаға сәйкестігін және студенттің қорғауға дайындығын анықтайды.
Алдын ала қорғау жүргізілгеннен кейін дипломдық жоба рецензиялауға жіберіледі, оны кәсіпорын, ұйым қызметкерлері, білім беру мекемелерінің оқытушылары, дипломдық жобалар тақырыбына байланысты мәселелерді жақсы меңгерген мамандар жүзеге асырады.
Дипломдық жобалардың пікір білдірушілерді (рецензенттерді) колледж директорының бұйрығымен тағайындалады. Дипломдық жобаға пікір беруде: жоба атауының мазмұны мен мамандығына сәйкестігі; мәселенің өзектілігі; мазмұндама логикасы, материалдың жаңалығы, жоба құрылымы; дипломдық жобаның теориялық-әдістемелік базасының негізіне алынған, пысықталған ғылыми дереккөздердің болуы және сапасы; жобаның мақсаты мен міндеттерін толық ашу, олардың зерттеу нәтижелерімен расталуы, жобаны таңдаудың негізділігі; жобаның мақсаты мен міндеттері; жобаның мақсаты мен міндеттері бойынша олардың зерттеу нәтижелерінің расталуы; жобаның мақсаты мен міндеттері негізінде дипломда зерттелетін объектілердің жұмыс істеу механизмі мен заңдылықтарын ашатын ережелердің болуы; автор ұсыныстарының дәрежесі; дипломдық жобаны немесе оның бөлімдерін іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі мен орны; жобаны рәсімдеу кезіндегі кемшіліктері; дипломдық жобаны бағалау («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») және басқа сұрақтар (пікір білдірушінің қалауы бойынша) (Ғ қосымшасы).
Пікір мазмұны студенттің назарына дипломдық жобаны қорғағанға дейін бір күн бұрын жеткізіледі. Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары жетекшінің сын-пікірімен және пікір білдірушінің пікірімен танысқаннан кейін студентті қорғауға жіберу туралы мәселені шешеді. Диплом жобасын қорғауға рұқсат беру титулдық парақта (В қосымшасы) қолымен растайды және диплом жобасын мемлекеттік аттестаттау комиссиясына береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет