Авторлық таңдау курсының бағдарламасы
HTML тіліде web- құжаттар жасау негіздері
8 сынып
34 сағат
Бағдарлама авторы:
Қасымов Берікжан Сырымұлы
дарынды балаларға арналған «Зерде»
мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Астана-2010
«Екпей
егін бітпес,
Ұйренбей білім бітпес»
Түсініктеме хат
Бұл оқу құралы Web-технология пәнінің бастапқы негіздері ретінде дарынды балаларға арналған мектептер мен гимназияларға арналып құорылған. Осы курсты бізде дарынды балаларға арналған «Зерде» мектебіне енгізіп отырмыз. Келтірілген материал оқу стандартына сәйкес пәннің өзгеріп отыратын үрдісін есепке ала отырып құрастырылған. Оқу құралының негізгі мақсаты оқушыларға Интернет желісінде орналасатын құжаттар жасау технологияларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін көрсету негізінде нақты жұмыс істеуге үйрету болып табылады.
HTML тілінде web-құжаттар жасау негіздері 8 сыныптағы «Телекоммуникация технологиясы» тақырыптарын түйіндеп тереңдетеді және «Құжаттардың гипермәтіндік тілдері», «Web беттерін құру» тақырыптарынан алған білімдерін жалғасытыра отырып күрделендіреді.
Бұл курс оқушының информатика саласына деген білімін тереңдетуге, практикада қолдана алуға үйретеді және жаңа компьютерлік технологияларға деген түсініктерін кеңейтеді, сонымен қатар Web дизайнердің бастамаларымен танысады. .
Берілген курс жүктемесі бір оқу жылына аптасына 1 рет өткізуге негізделген және ол тек ақпараттық–технология, математикалық профилдерге ғана емес, әмбебап оқытуларға да бағытталған.
Курстың мақсаты:
Дәріс алушыларды шарт қою арқылы құрлымын жасауға дағдыландыру және дамыту.
-
Компьютердегі гипремәтіндік ақпараттарды түрлендіріп іс жүзінде қолдана алу.
-
Информатикаға деген қызығушылықтарын арттыру;
-
Алған білімдерін қолдана алуға және өзігінен қабылдай алуға дағдыландыру;
-
Шығармашылық жұмыстарды топпен істей білуге ынталандыру; Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Оқушы нені білуі керек
-
Құжаттардың гипермәтіндік тілінің негіздері мен Web – беттерді құру құралдарын (құрылғылық, бағдарламалық, қолданушының деңгейлік көмегін);
-
Web-беттердің объектілерін;
-
HTML тіліліндегі гипермәтіндік құжаттарды құруға арналған басқарушы сиволдарды (тегтерді);
-
Арнаулы бағдарламалық жасақтамалардың алгоритмдерін және олармен жұмыс істеу әдістерін;
-
Компьютер бөлмесінде атқаруды және техника кауіпсіздік ережесін білу;
Оқушы нені үйренуі керек
-
Web-беттің құрлымын құруды;
-
Мәтінді пішімдеуді
-
Бейнесуретті кірістіруді (қою);
-
Гипермәтінді әшекейлеуді;
-
Тізімдерді әшекейлеуді;
-
Пішіндерді қолдануды (мәтіндік алаң, қосқыштарды, тізімдер алаңын, мәтіндік
аймақ);
-
Жалпы және мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы қолдануды (сайттың құрудағы құралдық жүйе, графикалық редакторларды);
-
Web-сайтов сапаптамалау және жарыққа шығару;
Берілген курс теориялық және теория-практикалық сабақтар ретінде беріледі. Дәріс алушы оқушылар мына алгоритмдер бойынша жұмыс атқарады.:
-
Әртүрлі объектілермен жұмыс істейтін алгоритмде (мәтін, символ, абзац, кесте, иллюстрациялар);
-
Негізгі құралдар мен мәліметтерді таңдау;
-
Болашақ интернет-ресурсын құру;
-
Мәліметтерді Web-сайтқа дайындау;
-
Web-сайттарды сараптамалау;
-
Web-сайттарды тіркеуді.
Әдістемелі қолданыстар мен түсініктемелер
Қазіргі таңда информатика пәні ақпараттық қоғаммен байланысты терең дамыпған салалардың бірі, яғни компьютердің көмегімен ақпараттардың берілуін, сақталуын және өңделуін жүзеге арсырып отырады. Информатика қазіргі замандағы мектептік курстардың ішіндегі негізі пәндердің бірі. Ақпараттық қоғамға толық логикалық ойлауы дамыған, қоғамға нышандандырылған,
практикасы бар, теориялық білімін тереңдететін тұлғаны дайындау осы пәннен басталып отыр, өйткені қоғамның бүкіл саласында ақпараттық технологиялар бар.
Оқу-тақырыптық жоспар