Диссертация ғылыми жетекшісі : филология ғылымдарының докторы, профессор Ж. А. Манкеева Алматы, 2008 мазмұНЫ


«Қазақ әйелі» концептісінің психофизиологиялық негізі



бет2/14
Дата09.06.2016
өлшемі1.01 Mb.
#123803
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

«Қазақ әйелі» концептісінің психофизиологиялық негізі

Қазақ әйелінің рухани дүниесінің, төл мәдениетінің тілде қай деңгейде көрініс тапқанын айқындайтын, ол туралы ұлттық деректерді келешек ұрпаққа жеткізуші лингвомәдениеттану ғылымы психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланысты. Атап айтқанда, «қазақ әйелі» концептісінің кілтін ашуда әйел табиғатын, тілін оның психофизиологиялық жақтарымен қарастыру тиімді болмақ. Әрине, бұл аспектіде терең зерттеу қазақ тіл білімінде кенжелеу қалып жатыр. Ал жалпы тіл білімінде (орыс тіл білімінде) ол біршама қалыптасып қалған.

Ерлер мен әйелдердің даму эволюциясы олардың жағдайлары әртүрлі болуына байланысты түрліше жүрген. Ертеде ерлер аң аулап, әйелдердің жеміс тергені тарихтан мәлім. Еркектер қорғау қызметін атқарса, әйел бала бағумен айналысқан. Осы бағыттағы дамудың нәтижесінде олардың денесі мен санасы түрліше қалыптасқан. Алға қойылған міндеттерді тиімді жүзеге асыру барысында олардың денесі қалыптасуымен бірге ойлау қабілеті де өскен. Соған байланысты еркектер әйелдерге қарағанда биік және қайратты бола түскен. Миллиондаған жылдар бойы олардың ми құрылымы да бір-бірінен ерекшеленетін талаптарға байланысты өзгеріп отырған. Кейінгі кездегі ғылыми тәжірибелер балаларды адамдардан, ұйымдасқан қоғамнан, ата-аналарынан жырақ аралда тәрбиелесе де, қыздар бәрібір қуыршақтарын киіндірумен, жұбатып, тәрбиелеумен айналысатыны, ал ұлдардың бір-бірімен күш және ақыл-парасат жағынан бәсекелесе жарысқа түсіп, айқын иерархиялық топ құратыны анықталған. Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың пайымдауынша, бұның себебі, біздің ми жасушаларының қызметі ана құрсағының өзінде-ақ біздің ойлау жүйеміз бен мінез-құлқымыздың сипатын айқындайтын етіп ұйымдастырылған [15]. Сол себепті о баста дүниеге бала әкелу, ана болу үшін жаратылған нәзік жыныстылар қандай жағдайда да өзінің аналық табиғатынан жырақтай алмайды. Бұл ғылыми болжамды төл әдебиетіміздегі тілдік деректер де растай түседі:

Сақыпжамал кимешегінің етегіне орап алып, сәбиді алдына жатқызды.

Ойбүй, ұмытып барады екем-ау, – деп қайтадан жалаңаштап бір қол, бір аяқты кергіштеп- созып, тартқыштап- тигізіп отырып: Өс! Өс!– деп қояды.



...Құлнияз кемпіріне бүгін ырза. «Құдай­ау, пұшпағы қанамаған жазған шіркін, осының бәрін қайдан үйреніп жүр?Тап бір он баланың анасы болғандай қолы қолына жұғар емес. Әлде табиғат – тәңір әйел баласына аналық құдіретті іштен сіңіріп, қанына құйып бере ме екен? Құдды бір тұмса келіншектей жасарып алғанын қарашы!»( С.Сматаев. Елім­ай).

Шешесінен көзін ашпай жатып айрылып, бет­бейнесінің қандай екенін ұмытып қалған кішкене бала мынау қастарынан қалмай ербеңдеп жүрген ебіл-себіл әйелді: «Апа!» дейтінді шығарды. Бауырына басын тығып ұйықтайтынды шығарды. Қараңғы түнде омырауына тұмсығын тығып пысылдап жатқан кішкене сәбидің кекілін сипап кемсеңдеп жылап шығатын атымен бөтен бейтаныс әйелдің көкірегіне сүт жүгірді (Ә. Кекілбаев. Үркер).

ХХ ғасырдың 90­жылдары ғалымдар біз дүниеге келген сәтте миымызға базалық бағдарламалардың ендіріліп қойғанын дәлелдейтін бұлтартпас ғылыми деректер ұсынды. Ықылым заманда ерлердің – аңшы, әйелдердің – тәрбиеші болғандығы күні бүгінге дейін сол екі жыныстың мінез-құлқы, басымдылықтары мен көзқарастарына өз үстемдігін жүргізеді. Ерлер мен әйелдердің өздерін түрліше ұстауы ми қызметінің өзгеше ұйымдастырылуында. Бұл екі жыныстың дүниені екі түрлі қабылдауының, басқа басымдылықтар мен өзге құндылықтарды дұрыс санауына әсер етеді. Мысалы,



Әйел табиғаты да – құпиясы мол, жұмбақ, сырлы дүние ғой. Әйелдің құдіреті – сол сұлулығы мен нәзіктігінде. Еркектер ерлігімен, батырлығымен жеңе алмаған нәрсені әйелдер кейде назды бір күлкісімен-ақ жаулап алады. Егер әйелдер өз күйеулерін шынжырлап ұстаса, оны кез келген еркек үзіп кетер еді. Соны түсінетін ақылды әйелдер еркекті, көбінше, сезім қылымен арқандайды. Ол – темірден де берігірек (Қ. Жұмаділов. Саржайлау).

Әйел өзге әйелдің біреуге ренжігенін, түрлі көңіл толқуын бірден сезеді, ал ерлердің мұны түсінуі үшін бірнеше физикалық дәлел қажет: әйел көз жасын төгіп жылау керек, ыдыс-аяқ сындыруы немесе шапалақпен тартып қалуы тиіс. Бұл көптеген сүтқоректілердің ұрғашылары тәрізді әйелдердің ерлерге қарағанда сезімдік қабылдауының өте нәзік болуымен түсіндіріледі. Аталған қасиет әйелге – ошақ пен бала-шаға амандығын сақтаушысына – өзге адамдардың көңіл-күйі мен қарым-қатынасындағы болмашы өзгерісті де жіберіп алмау үшін қажет. Мысалы,



Киеван шалдың мұндай сәттерде шектен тыс шікәмшіл, шектен тыс мейірімсіз, қатыгез боп кетерін жақсы білетін Қыжымкүл артық-ауыс сөз айтпай, аяғының ұшымен құрдай жорғалап, үлкен, бүйірлі шайнекке шай демдеп дастарқан басына әкеп қойды да: «дайын болды», – деді (Д. Исабеков. Тіршілік).

«Әйелдік интуиция» деген атпен белгілі бұл қасиет, шын мәнінде, айналадағылардың сыртқы келбеті мен әрекетіндегі ұсақ-түйекке дейін байқау сияқты өткір қабілетті білдіреді. Мысалы,

Балам, сен ренжіме. Өңкей қыздардың арасында өскен бала көңілге қарағыш, елжіреуік келеді. Қыз деген сайтан, бәрін аңғарғыш келеді. Еркек бала ештеңені елемейді (Ж.Шаштайұлы.Жаңғырық).

Еркектің миы мен әйелдің миы түрлі қабілет пен дарын бағытында екі түрлі жылдамдықпен қалыптасқан. Аң аулаумен айналысқан ерлер алыс қашықтықтағы іс-әрекетке бағытталған, жемтігін өлтіруге қажетті тактикалық шеберлікке, нысананы жоя алу қабілетіне жауапты ми бөлігін дамытқан. Олардан біреулермен сұхбат құру, өзгелердің эмоционалды қажеттіліктерін қабылдау икемділігі талап етілмеген, сол себепті тұлғааралық қарым-қатынасқа жауап беретін ми бөлігі жеткілікті дәрежеде дамымаған. Әйелдер, керісінше, оларға қарағанда айналадағы жағдайдың бәрін барлау үшін қысқа қашықтықта, бірақ кең ауқымдағы көру бағытына икемделуі, бірнеше жұмысты бірдей жүргізуіне және тиімді қарым-қатынас жасау қабілетіне ие болуы тиіс-ті. Аталған тілдік дерек осы ғылыми болжамды дәйектей түседі:



Тоғыз қатынның толғағы қатар келгеніне жүзінен реніштің болымсыз табы білінбей қоймайды. Сөйтсе де бәрін жайғап үлгеретін тап мынадай әйел бір үйдің ырысы-ау. Ақаңның кемшін тұсын әйелінің адамшыылғы толтырып тұр.

Құдайым-ау, сен Сағынышсың ба, ал мына батырдың аты Жайлау ғой, – деді де әлденеге алаңдап әбігерленіп тұрғанын байқатпай, балаларға күлімсірей төніп келіп, екеуінің беттерінен алма-кезек сүйді (Ж. Шаштайұлы. Жала мен нала ).

1962 жылы Роджер Спери атты ғалым мидың әрқайсысы өз бетінше әрекет ететін екі жартышарының қызметін анықтағаны үшін Нобель сыйлығына ие болған. Оның зерттеуіндегі жаңалыққа сәйкес, шығармашылыққа жауапты мидың оң жақ жартышары дененің сол жақ бөлігін басқарады, ал логикаға, себепті байланыстар мен сөйлеуге жауап беретін сол жақ жартышары дененің оң жағын билейді. Ерлерде мидың сол жартышарында тіл мен сөздік сақталса, оң жағында көру ақпараты жиналады. Әйелдердің ми көлемі ерлермен салыстырғанда аздау, бірақ ол әйелдің ми қызметіне өз әсерін тигізбейді. 1997 жылы Копенгаген госпиталіндегі неврология бөлімінде қызмет жасайтын дат ғалымы Берте Паккенберг ерлердің миы әйелдердікінен орта есеппен 4 млн. ми клеткасына артық екенін анықтаған. Алайда әйелдерде мидың тығыз орналасуы олардың ерлерге қарағанда ойлау қабілеті 3 пайыз жоғары екенін соңғы ғылыми тестер нәтижесі дәлелдеуде [15].

«Мир» орбиталық стансасы ғарышкерлерінің реакциялық әсерлерін зерттеген американдық ғалымдар әйел санасының барынша икемділігін, тәртіптілігін және іргелік негізі мықты екенін атап өткен. Ақыл-парасат басымдылығымен қоса әйелдер сыйымды және жұмсақтау [14, с. 682-683].

Американдық профессор Дорин Кимура еркектерде сөйлеу қабілетінің бұзылуы мидың сол жағына зақым келуінен болады, ал әйелдер сөйлеу қабілетін мидың оң және сол жақ жарты шарының фронтальды бөлігі бірдей зақымданғанда жоғалтатынын анықтаған [15, c. 70 ].

Мидың оң және сол жағы «сүйелді дене» деп аталатын нерв шоғырымен біріккен. Бұл кабель мидың бір жағына екінші жағымен хабарласуға, екі жарты шарға бір-бірімен ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Екі иығыңызда кабельмен байланысатын екі компьютер бар деп елестетіңіз, сол кабель «сүйелді дене» деп аталады. Американдық невролог Роджер Горский әйелдерде «сүйелді дене» қалыңырақ, тығызырақ және әйелдің еркекке қарағанда мидың сол және оң жақ жартышарын байланыстырушы заты 30 пайызға артығырақ екенін анықтаған. Ол сондай-ақ ерлер мен әйелдердің бір міндетті атқару үстінде мидың жартышарының екі түрін пайдалануы да ерекше екенін дәлелдеген [16]. Зерттеулер нәтижесінде әйелдің эстроген атты гормонының екі жартышар арасындағы біріктірушілердің санын көбейтетіні анықталған. Оның нәтижесі жылдам сөйлеу екеніне көз жеткізген. Сондай-ақ аталған ерекшелік әйелдің бір-бірімен байланысы жоқ жұмыстарды атқара беретінін және әйелдік интуицияға жауапты екенін дәлелдейді. Сол себепті әйелдердің адамдар туралы пікірлері дәл және тез, жағдаят туралы интуиция деңгейінде [15, c. 74-75 ].

Мен қаңлының падишасымын. Патша алаңсыз іс жасасын, падиша кімнің дос, кімнің жымысқы екенін сырттай бақылаушы, тарықса рухын көтерер досы болсын. Алдарыңнан жарылқасын! Құдай қолдасын екеуіңді... (Э. Төреханов. Ескендір мен Роксана).

Шын мәнінде ерлер ірі, ауқымды істер барысында ұсақ­түйек мәселелерге мән бере бермейді. Ал әйелдердің интуициясы сұхбаттасушы адамның қандай ниеттегі адам екенін аңғарғыш келеді. Ежелгі Афинаның гүлденіп,өркендеуі Периклдің билеу кезеңіне (б.з.д. 490-429 жж.) тұспа-тұс келген көрінеді. Бұл кезең тарихта грек өркениетінің алтын ғасыры деген атқа ие болған. Перикл ел үшін маңызды шешімдерді қабылдау алдында өзінің сүйіктісі (кейіннен әйелі) Аспасиямен жиі ақылдасатынын және өмір бойы одан шешендік өнерді (риториканы) үйреніп өткенін мойындаған екен.

Ал енді еркек ақылдырақ па, әйел ме? Нейробиологтардың зерттеулеріне сәйкес ми салмағы әйелдерде шын мәнінде еркектерден азырақ (ерлердің миының салмағы орта есеппен – 1,4 кг, ал әйелдердегі орташа көрсеткіш – 1,3 кг), бірақ олардың ми иірімдері артығырақ. Сондай-ақ, әйелдердің миы олардың дене салмағының 2,5 пайызын, ал еркектердікі 2 пайызына тең екені, ерлердің миының алдыңғы жағы көлемдірек, әйелдердікінің артқы бөлігі үлкенірек екені және әйелдерде екі жарты шарды байланыстыратын ми бөлігінің тығызырақ екені де анықталған. Ресейдің белгілі анатомы Л.Этинген миды анатомиялық жыныстық ерекшелігі бар ағзаға жатқызбайды, алайда оның мінез-құлық ерекшелігіне әсер ететінін жоққа шығармайды. Себебі, ер балалар, әдетте, жақсы санайды, ал қыздар сөйлеуге, оқуға тез үйренеді, шет тілдерін үйренуге барынша икемді, сондай-ақ түр-түсті жақсы ажырата алады. Әйелдердің миы генетикалық жағынан бала сүюге ерлерден жоғарырақ бағытталған [16 ,с. 381]. «Ана болу, ана бақытын сезіну» қазақ әйелінің де жаратушыдан бұйырған сыйы. Қазақ қоғамында әйел бауырындағы баласымен сыйлы екенін дәлелдейтін дәйек көп. Мысалы,

Ойында бір өнбойын өртеп кететін толқыныс бар. Ол – пісіп жеткен әйел мұңы – бала. Ұл бала! .. Бойға бітпей жүрген баланы сағыну деген азап екен. Түсінде бала емізіп, бала ойнатып отырғанын көреді. Қуанып оянады, ұзамай ағыл­тегіл жылап алады (Ғ.Мүсірепов. Ұлпан).

Арнайы тәжірибе жасаған шетел нейрохирургтары әйел миының екі жартышарындағы сөйлеу және ойлау қабілетін байланыстыратын нейрондардың қоюлығы ерлермен салыстырғанда 23% артық деп көрсетеді. Ал көрнекті психолингвист Н.И.Жинкин осы нейрондардың бала психологиясына, физиологиялық дамуына әсер етуімен бірге тілдік белсенділігін жетілдіруге де көп ықпал ететінін дәлелдеген болатын [17, c.67-68]. Ерлер миының оң жақ жартышары сол жақ жартышарының қалай қызмет атқарып жатқанынан барлық уақытта хабардар бола алмайды. Әйелдердің миының жарты шарлары бір-бірімен үндесетіндіктен, тоқтаусыз әңгімелесе алады. Сонымен қатар әйелдердің сөйлеу жылдамдығы ерлердікіне қарағанда басымдау болуы сол нейрондардың қоюлығына байланысты болуы керек.

Қойылған сұраққа бір сөзбен ғана қысқа жауап берудің орнына жол-жөнекей болған оқиғаны да, оған деген өзінің көзқарасын да баяндап шығатын әйелдің көпсөзді болуы, ал ер адамдардың сұраққа қысқа да нақты жауап беруі осы ерекшелікке байланысты.

Әйел табиғатына тән осындай заңдылықтар, ерекшеліктер қазақ әйеліне де ортақ. Оны тілдік деректермен дәйектеуге болады.

Е,е, көптен бері хабарласпаған болдыңыз ғой. Ағайынысыз ба, жақынысыз ба?

Жиенімін.

Жиенімін. Ойбай-ау, бізге де алыс болмадың ғой. Ошақтыға тиген әкемнің інісінің қызы бар деуші еді, сол сіз болып шықтыңыз-ау. Е,е, құда екенсіз ғой. Менің де бір сіңлім ошақтыға тұрмысқа шыққан. – Қымқа орнынан көтеріле берді де, әлдене есіне түсіп, ерніндегі күлкісін тыя қойды. – Кешір, айналайын, –- деді даусын бәсеңдетіп. – Қу тіршілік адамда ес қалдыра ма, ойымнан шығып кетіпті, – ол отыра қалып әлдене деп күбірлеп бетін сипады да қайтып тұрды. – Нағашыңыз армандап жүруші еді, қарындасым мен күйеу баламның иманы үйірусіз кетті деп. Құдай иманын саламат қылсын, өзіңе өмір берсін.

Рахмет, жеңгей (Д. Исабеков .Тіршілік).

О баста еңбек бөлінісіне байланысты пайда болған ерекшеліктер қазақ әйелінің де табиғатына, болмысына әсер етпей қоймады. Мысалы,

- Өзің біл, отағасы,- деді ақ кемпір.- Әйел сорлының жүрегіне суылдауды, маңдайына шырылдауды жазған да. Әйел сорлы әлденені сезбесе, шырылдап нетсін. Жүрегімнің әшейін суылдағанын айтам, көз келтелігін айтам. Әйтпесе жер тірегi , ел тірегі ерменен сөз шайқысар жөнім жоқ-ақ қой. Табаныңа төсек боп өткеніме өкініп емес, тоғайып айтқан бір базыналығым да. Басынды деме, отағасы (А.Сүлейменов. Бесатар).

Шындығында, әйелдер ерлерге қарағанда, физиологиялық жағынан нәзік, әлсіз, көп сөзге бейім, тым эмоционалды, әсершіл болғанымен, оларда руханилық басым, олар кемшілігін тез түсініп, бастапқы райынан тез қайтады.




    1. «Қазақ әйелі» концептісін әлеуметтік лингвистика тұрғысынан сипаттау

Қазіргі таңда тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жіктелуінің өзара байланысын, әйел мен ер адамның тілдік бірліктерді қолдану айырмасын т.б. зерттейтін әлеуметтік лингвистиканың «қазақ әйелі» концептісін сипаттауда рөлі ерекше. Осы мәселелерге бағытталған лингвистикалық еңбектердің арасында гендерлік зерттеулерге айтарлықтай мән берілуде. Ғалым A.Чекалинаның көрсетуінше, «гендер әлеуметтік психологиялық мағынадағы жыныс, әйелдер мен еркектердің әлеуметтік мінез-құлқын анықтайтын арнайы мәдени және мінезқұлықтық сипаттардың жиынтығы. Гендер аясында әйел және еркек жынысына қандай психологиялық қасиеттер тән, әйелдер мен ерлерге қатысты қандай мінезқұлық қалыпты, күдікті немесе нормадан ауытқушылық саналады, сондайақ жыныс әлеуметтік жағдайға, жеке тұлға мәртебесіне қалай әсер етеді деген тәрізді мәселелер қарастырылады»[18, 30-31 c.].

Демек, гендер тек әйел мен еркекке қатысты жалаң ұғым ғана емес, олардың арасындағы қарымқатынасқа, сол қатынастардың әлеуметтік жағынан қалай құрылғанына байланысты ұғым. Ал гендерлік рольдер –жеке тұлғалардың белгілі бір жынысқа жатуына байланысты қызмет, мәртебе, құқықтары мен міндеттері жағынан ажыратылуы. Осымен байланысты адам айналадағылардың мінезқұлқынан аталған рөлде атқаруға міндетті немесе атқармауы тиіс сәйкестіктер күтеді. Мысалы: а) еркекке қатысты сәйкестік: Жә, жетеді. Жылама! – деді арқасынан қағып. – Қанша жыласаң да Қанағат бізге енді жоқ... Сен әкеңнен айрылсаң, мен адал досымнан айрылдым. Еркек емессің бе? Жігіт адам қайғыны еркекше көтеру керек (Қ.Жұмаділов. Соңғы көш).

ә) әйелге қатысты сәйкестік: Әйел емес пе, ызаланып жылап та қалатын.

Оһо, жарандар­ау, күйеуінің мешкейлігінен бұл Бифатыма не көрмеді? Не істемеді? Әйтеуір, бәріне де төзіп бақты ғой, неге де болса, төзімі темір, жаны сірі әйел заты емес пе? (Т.Нұрмағамбетов. Айқай).

Адамның өзінөзі бағалауы өз кезегінде оның қалыптасқан гендерлік рөлін орындау сипатына байланысты. Американдық ғалымдардың зерттеулерінде әйелдің өзінөзі бағалауы әлеуметтік қатынастардың әсеріне байланысты болса, еркектердің өзінөзі бағалау дәрежесі істеріндегі табысқа жету деңгейіне тығыз байланысты екені анықталған.

Алайда гендер рөл және жынысқа байланысты қоғам талап еткен рөлдер жиынтығынан ғана тұрмайды. Сонымен қатар жыныстың мәдени құрылымының түрлі көрінісін танытатын «гендерлік дисплей» ұғымы ендірілген болатын. Гендерлік дисплей қоғамда әйел мен еркекке танылған норма көрінісінің алуан түрлілігі, олардың әлеуметтік қарымқатынаста өзін танытатын, көп жағдайда айқын байқалмайтын мәдени кодтар болып табылады [18, c.34].

Демек, гендер – білім, кәсіби қызмет, билікке қол жеткізу, жыныстық тартымдылық, отбасылық роль мен ұрпақ жалғастырудың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін анықтайтын әлеуметтік мәртебе. Ал әлеуметтік мәртебелер аталған қауымдастықтың мәдени кеңістігі аясында өмір сүреді. Бұл гендерге гендерлік мәдениет ұғымы мәртебе ретінде сәйкес келетінін білдіреді.

Қазақ тіл білімінде антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің арасында тіл мәселелерін гендерлік лингвистика аясында қарастырған еңбектердің қарасы молайғанын атап өткен жөн. Олардың қатарына Б.Хасанұлы, Г.Мамаева, Қ.Жанатаев, Г.Шоқым, М.Ешимовтің т.б. зерттеулерін жатқызуға болады.

Соңғы уақытта гендер мен тілдің бір­бірімен байланысын зерттеу мына бағыттар аясында жүргізіледі:



  • әлеуметтік – лингвистикалық – тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жіктелуінің өзара байланысын, әйел мен ер адамның тілдік және бейтілдік бірліктерді қолдану айырмасын т.б.зерттеу;

  • психолингвистикалық – жыныс психикасына сәйкес әйел мен ер адамның тілдік қарым-қатынасы үрдісіндегі тілдік және бейтілдік ерекшеліктерді ажырату, бала тілінің гендерлік дамуын зерттеу, психолингвистика мен нейролингвистиканың байланысын анықтау,

  • идентификациялық – авторы жасырын (аноним) мәтіндерді тексеру арқылы автордың тілдік тұлғасын анықтау, жынысын ажырату;

  • лингвомәдениеттанулық және мәдениетаралық зерттеулер – белгілі бір кезеңде түрлі тілдер мен мәдениеттердің андроортақтық деңгейін белгілеуде гендердің алатын орны, тіл мен мәдениеттің қоғамдағы рөліне сәйкес гендердің жалпы және айрықша белгілерін анықтау;

  • тілдегі феминистік сын;

  • маскулиндік зерттеулер т.б. [19].

Ғалым Г.Шоқымның көрсетуінше, «лингвомәдениеттанулық бағытта фемининдік және маскулиндік таптаурындардың (стереотип) тілдегі көрінісі, «еркектік» (мужественность) және «әйелдік» (женственность) тұжырымжасам, гендерлік метафоралар қолданысы (еркектік немесе әйелдік мағынасының жынысқа қатыссыз заттар мен құбылыстарға ауыстырылып қолданылуы) және мәдениетаралық қатысым деңгейінде т.б. зерттеулер жүргізілуде» [20, 23 б.]. Қазір сәнге айналып, өміріміздің бір құрамдас бөлігі саналатын жарнама тілін зерттеуші И.А.Гусейнова, М.В.Томская қазіргі жарнамалық дискурста гендерлік стереотиптердің ақпарат таратуда зор мәнге ие екенін атап көрсетеді [21, c.79].

Әйел мен ер адамдардың лексикасын арнайы зерттеумен айналысқан Е.А.Земская, М.А.Китайгородская, Н.Н.Розанова олардың арасындағы айырмашылықтардың бірқатарын былайша атап көрсетеді:



  1. ерлер тілінде экспрессивті, стилистикалық мәні төмендетілген сөздер жиі қолданылады;

  2. ерлерде дөрекі, қарапайым сөздерді әдейі қолдану жиі кездеседі; Мысалы, «Қортық, араның ашылсын!»

  3. ерлер өз араларындағы жеңіл-желпі әңгімеде инвективті лексиканы көп қолданады;

  4. әйелдер гиперболалық тәсілдегі сөздерді көп пайдаланады; Мысалы, Той керемет қызық өтті.

  5. ерлердікіне қарағанда, әйелдер тілінің эмоционалды бояуы басым [22, c.136].

Ал зерттеуші Е.И.Горошко ерлер мен әйелдер тілінің ерекшеліктерін төмендегідей саралайды:

1. Ерлер әйелдерге қарағанда, түрлі мағынадағы сөздерді көбірек қолданады;



  1. Ерлер таңдаған сөздердің басым бөлігі жануарларды сипаттауға, ал әйелдердікі киім мен мата түрлерін, тамақ пен ас әзірлеу тәртібіне қатысты;

  2. Әйелдер қолданатын сөздердің көпшілігі оларды тікелей қоршаған заттармен, олардың жеке сезімдері мен психологиялық күйлерімен байланысты, ал ерлердің әңгімесі өзіндік «менінен» алшақ, еркектің ішкі әлеміне бағытталмаған;

  3. Ерлер таңдаған сөздер көбіне өзара аллитерацияланып, ұйқасып тұрады, олар әйелдерге қарағанда сөздердің акустикалық жағынан үйлесуіне көбірек мән береді [23, c.130 ]

Қазақ тілінде де инвективті лексиканы қолданудың гендерлік ерекшелігі бар. Мысалы,

  • Атаңның аузын ұрайын, сүмелек неме, әбден есіріп біттің (Ж. Шаштайұлы. Жала мен нала). Ой, ата-бабаңның... – деп, Бөкенбай шалт қимылға көшетіндей Назымға ақырын таяп келді (Cонда).

Осы орайда қазақ тіліндегі ерлер мен әйелдердің сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді арнайы зерттеген Г.Мамаева [24] мен З.Нұржанованың [25] әйелдерге қарағанда ер адамдардың инвективті лексиканы жиі қолданады деген пікірлерімен келісеміз әрі оны көркем әдебиеттен алынған мысалдар да дәйектей түседі. Әйелдердің көбінесе қарғыс мәнді сөздерді көбірек қолданылатыны байқалады. Мысалы,

  • О, қаншық? Жалғыз бауырыңды албастыңның соққысына жығып, төбемізге әңгіртаяқ ойнатуың қалған екен. Есебіңді тапсын, есебіңді тапқыр? – деді кемпір. (Ж. Шаштайұлы. Жала мен нала).

  • Ант ұрғанның қарғысы қандай жаман еді!

  • Өз басына келсін!

  • Жер жастанғыр, балалары қандай сотқар еді! (Ғ. Мүсірепов.Ұлпан).

Гендерлік лингвистика саласына қатысты зерттеу жүргізіп жүрген белгілі ғалым Б.Хасанұлы: «Гендерлік фактордың көрінісі тілдің барлық деңгейінде зерттелуі шарт,» – дей келіп, қазақ тіл білімінде гендерлік бағытты қалыптастырудың жолдарын былайша атап көрсетеді:

  1. Салыстырмалы және салғастырмалы гендерлік лингвистика (мысалы, морфология деңгейінде адамның есімі мен тегіне, әкесінің атына белгілі бір жұрнақтың, жалпы жұрнақ атаулының бір түрінің қолданылу-қолданылмауы, тек (род) категориясының қазіргі тілде, оның тарихында болу-болмау белгісі т.б)

  2. Гендерлік паралингвистика. Бұл бағыт қазақ тіілндегі ым-ишара белгілері негізінде қалыптасуы тиіс. Қазақы гендерлік паралингвистика тұрғысынан жүргізілген зерттеулердің өмірдің түрлі салаларын (өнер, көпшілік алдындағы сөз т.б.) дамытуға септігі тиер еді.

  3. Гендерлік лексикография. Бұл бағыт қазақ тілі мен өзге тілдердің негізінде жүзеге асуы тиіс.

  4. Гендер және тіл игеру. Бұл бағыттағы зерттеулер тілді жоспарлау ісіне аса қажет [26].

Сонымен, гендер әлеуметтік белгілерде; еркектік және әйелдікке қатысты мәдени стереотиптерде; тілдік қарым-қатынаста көрінетін әлеуметтік-мәдени құрылым болып табылады.


      1. «Қазақ әйелі» концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік стереотиптер арқылы анықтау


«Әйел», «еркек» концептілері кез келген мәдениетте кездесетін концепт болғандықтан, әмбебаптық сипатқа ие, алайдаолардың белгілі бір қоғамға тән нақты ерекшеліктері де бар екені анық. Ю.Д.Апресянның идеясына сай, «специфические коннотации неспецифических концептов – это источник знания о наивной картине мира, запечатленной в языке, помогающий открыть «стереотипы» языкового и более широкого культурного сознания» [27, c.300]. Американдық әлеуметтанушы У.Липпман «стереотип» ұғымын «біздің санамыздан бұрын сезімімізге әсер ететін дүниені тану мен қабылдаудың ерекше формасы ретінде» таниды да, алғашқылардың бірі болып «стереотипті дүниедегі шым­шытырық, күрделі белгілерді қабылдауды жеңілдететін, адам санасында қалыптасқан, реттелген, терминделген «әлем бейнесі» деп түсіндіреді [28]. Әлеуметтанушының пайымдауынша, стереотиптердің ұрпақтан ұрпаққа тұрақты табандылықпен үздіксіз берілетіні соншалық, қажетті, нақты дәйек ретінде қабылдана бастаған. Сол қасиеттеріне сәйкес стереотиптер ұлт мәдениетіне тереңдей бойлап, логикалық тұрғыда ұғындыруға көнбейтін әрекеттер мен деректерді түсінуге мүмкіндік береді.

Зерттеуші В.А.Маслованың пікірінше: «Стереотип – это такое явление языка и речи, такой стабилизирующий фактор, который позволяет, с одной стороны хранить и трансформировать некоторые доминантные составляющие данной культуры, а с другой проявить себя среди «своих» и одновременно опознать «своего» [29, c.110].

Демек, гендерлік зерттеулердің басты назарға алатын мәселелері – қоғамдағы ерлер мен әйелдерге деген қарым-қатынасты айқындайтын мәдени және әлеуметтік факторларды анықтау, индивидтердің белгілі бір жынысқа жатуына байланысты мінез-құлық ерекшеліктерін, олардың еркекке және әйелге тән негізгі қасиеттерінің стереотиптік сипаттарын ашу. Осымен байланысты И.А.Гусейнова мен М.В.Томская: «Гендерные стереотипы, представляющие собой стандартные, часто упрощенные и обобщенные мнения о представителях обоих полов, складываются и закрепляются в обществе посредством институализации и ритуализации пола» [18, с.81] деп атап көрсетеді. Қоғамымызда қалыптасқан әйел мен еркектің отбасындағы міндеті, қызметі төмендегі гендерлік стереотиптен көрінеді:


  • «Қатын алсаң отын ал, бір құшағын артық ал», - дейді қазақ. Үйді асырау еркектің міндеті дегенді аңғартады ол сөз. Ал ғашықтар үйленген соң, үйдің ішкі жарасымдылығы әйелге байланысты. Меніңше, махаббатпен орнаған семьяны құлатпай сақтау – ең алдымен әйелдің міндеті. Үй болған әйелге ең алдымен үйдің қамын ойлау қажет. Еркектерде кездесетін еренсіздік, атүстілік - әйелге кешірімсіз, үй ұстаған әйел ол үйді адалдығымен ғана ұстай алады. «Еркек күнәсын далаға тастап кетеді, әйел күнәсын үйге алып кетеді», - дейді екен орыс халқы. Әйелден адалдық кеткен соң, адалдық үйден де кетеді. Әйел семьяның ұйытқысы болмаған жерде семья ұзақ өмір сүрмейді. Еркектен әйелдің бір артықшылығы сонда, өткінші бір қателікке бола үйдің іргесін құлатып алмаудан ең алдымен әйел сақтану керек (Б.Нұржекеев. Ерлі-зайыптылар).

Тілде ұжымдық «қарапайым» санаға сәйкес келетін гендерлік стереотиптер беркіген. Осыған орай «әйел», «еркек» концептілерін зерттеу оларға қатысты стереотиптерді анықтаумен бірге аталған стереотиптердің тілдегі көрінісін зерттеу дегенге саяды. Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйене отырып, стереотиптер білім мен бағалауды сақтаудың айрықша формасы, яғни бағдарлаушы мінез-құлық концептілері болып табылады деп айтуға негіз бар.

Гендерлік мінез-құлық белгілі бір мәдениеттегі жыныстың әрқайсысына тән міндетті нормалар мен бағалаудан құралады. Ал екінші жағынан, өмір сүру жағдайы, түрлі әлеуметтік топқа кіруіне, білім дәрежесіне, ұлттық ерекшеліктеріне байланысты жыныстың санқырлылығы да ұшырасады.

Соңғы ғасырларда қазақтар, орыстар және ағылшындар сол бұрынғысынша әйелді сыртқы келбетіне қарап бағалап келді, оларды сұлулық, тартымдылық, нәзіктік, мейірімділік, қылықтылық, баурап алушылық, т.б. сияқты әйелге таңылған стереотиптік қасиеттер арқылы ғана сипаттады. Гендерлік лингвистика мәселелерін бірнеше тілдегі көрінісі аясында зерттеген Д.Масалимова бұларға қоса орыс қоғамында әйелге тән еңбекқорлық, шаруаға икемділік, қарапайымдылық, ал қазақ қоғамында әйел адалдығы, қыз абыройы тәрізді қасиеттерді атап көрсетеді де, қазіргі ағылшын әдебиетінде олардың тіпті кездеспейтінін айтады [30, с. 139 ]

Қазақ қоғамында әйелдің ерлермен бір сатыда тұрғанын жоққа шығаруға болмайды. Г.Д.Гачевтің көрсетуінше, көшпелі халық отырықшыға қарағанда әйелдерді жоғары бағалайды. Ол: «... өзбектер де, қазақтар да ислам дінін қабылдады. Алайда қазақ әйелдері жүзін паранжамен жасырған емес, олар барынша көп мәселені өздерінше шеше алатын белсенді тұлғаға айналды» деп жазады [31, с. 67-69] .

Көшпелі қоғамда әйел тек қарапайым үйдің ғана емес, көшіп-қонатын, қайта жығылып, қайта тігілетін шаңырақтың сақтаушысы болды. Оның дүниені қабылдауы жалаң тіршілік кешумен ғана емес, өзіндік сана-сезіммен, ең бастысы табиғилықпен астасып жатыр. Осымен байланысты қазақ әйелдері ерлеріне ежелден құрметпен қарайды, алайда ол құлдық санадағы табынушылыққа жатпайды. Оны төмендегі көркем мәтіндер арқылы дәйектеуге болады:

Сонымен алпыс үйлі ауылдан елу тоғыз әйел жесір қалды.

Бір кереметі, осы ерлерінен ерте айрылған әйелдердің қай-қайсысынан да өз күйеулерін «алпамсадай арысым ең» деп сұңқылдай жоқтағанын естір едіңіз. Ақтан әсіресе Зибаш деген әйелге таңқалушы еді. Жұрттың айтуына қарағанда оның күйеуі күйкентайдай ғана тәпене адам болса керек. Зибаш оны бір қолтығына қысып алып жүре беруші еді, деседі. Әркім өз тайлағын үкілемей ме, әсіресе осы Зибаш «алпамсадай арысым, арманда кеттің-ау» деп зарлады.

(О. Бөкей. Мұзтау).



- Сіздерден бөлек, бізге жекелеп қоятын қандай бақыт ол? Бәрінен де ер-азамат аман болсын десеңізші. Сіздердің көңілдеріңіз бүтін, мерейлеріңіз үстем болып жүрсе, біздің де жүзіміз жарқын, - деді келіншек толқи сөйлеп (Қ.Жұмаділов. Соңғы көш).

Шынында да, қазақ әйелінің мінез-құлқы табиғи, ол ешқандай боямасыз, тұрпайылық көрсетпей-ақ бақытты, шынайы және қарапайым, тіл табысқыш, ешбір дөрекіліксіз-ақ кез келген адамның тілін таба біледі.



«Еркек» және «әйел» концептілері барлық мәдениетте кездесетіні белгілі, оларға әдет-ғұрып, фольклор, мифтік санада, «дүниенің қарапайым ойсуретінде» айтарлықтай орын берілген. Алайда гендердің стереотиптік және аксиологиялық бағасы түрлі мәдениетте бірдей емес. Сондай-ақ әйелдер мен ерлердің әлеуметтік рөлі де бір-бірінен ажыратылады. Мысалы:

Ең соңынан кірген кішкене денелі қазақ әйелі ауыз үйдегі орыс жұмыскерлері мен орыс әйелдеріне қарап таңырқап тұрып қалыпты. Мойындарына дейін ашық, жалаң бас, еркектермен қатар отырған орыс әйелдері Күнзилаға, тіпті, таң көрінді. Шашын желкесіне қырыққан жас келіншек Елизавета Быкованың барлық еркектерден жоғары отырғаны ерсі де көрініп кетті. Жас әйелдің құлағы көрініп қалса, кесіп алардай тыйым салып қойған мұсылмандық күні әйелдің еркектермен қатар отырып сөйлесуі, даусын еркін шығарып күлуі деген нәрселерді білмейтін еді. Күнзила төр үйге қарай өте беріп, көз қиығымен Елизаветаға тағы бір қарап кетті... (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).

Байынан қорқатын бар қазақ әйелінің сасқалақтығына басып, камзолының қаптырмаларын жүгіріп келе жатқан бойы шалыс-шалыс лектіріп Жұбай шыға келді (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).

Қазақ қоғамында үстемдік еткен әлеуметтік ерекшеліктерге байланысты қалыптасқан гендерлік стереотиптер де бар. Мысалы.



Еркектері бірыңғай, әйелдері бірыңғай қосылып, қазақ жігіттері де өлең айтты. Қазақтың әйелі мен еркегі қосылып өлең айта алмайтынына Елизавета Быкова қатты таңданып қалды. Оны ұғынып тұрғаны да осы арада еді.

Неге? Неге қосылуға болмайды? Түсіндіріңізші... – деп ол Алшағырға қадалды. – Сіз өзіңіз де өлеңді жақсы айтасыз, әйеліңіз де солай екен. Қосылып айтуға неге болмайды? – деді.

Қазақта еркек пен әйел қосылып ән салу жоқ... Бір жіңішке, бір қоңыр дауыс қосылмайды бізде... – дегенді Алшағыр бұралап әрең түсіндірді. Еркек пен әйелдің екі сатыда тұратын халінен болар деп түйді Елизавета. Онысы дұрыс та еді (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).

Көптеген тілші ғалымдар әйел тілінің барынша нормаға сай екенін, себебі әйелдер болашақ ұрпақ тәрбиесіне молырақ ықпал ететіндіктен, үлгі-өнеге көрсетуші тұлға ретінде олардың әдеби нормаға сай сөйлеуге барынша тырысатындығын атап көрсетеді.

Қазіргі кезеңде қоғамдағы әйел мен еркектің орны туралы түсініктер мен құндылықтар, осымен байланысты стереотиптер мен әлеуметтік үрдістер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.

Әрбір қоғамда, әсіресе көп мәдениетті және көп ұлтты қоғамда гендерлік алуан түрлілікке назар аудару керек. Гендерлік мінез‐құлық адам мінез‐құлығының белгілі бір гендерге қатысты көрінетін рольдерге, мәртебеге, стереотиптерге, нормалар мен құндылықтарға сәйкес болуын білдіреді. Еркек пен әйелге тән нұсқаулар мен оларды орындау жағдайы түрлі ұрпақта, этномәдени және діни топтар мен қоғамның түрлі жіктерінде алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Мысалы,



  • Ай, әже-ай! Жігіт киімін қанша кигенмен затың әйел болғасын қиын екен. Нәсілің жібермейтін көрінеді. Бұрын баларақ кезімде ештеңе емес еді. .. Жасың келген сайын кемді күнгі алданыштың да жолы тарыла түседі. Жігіт болсам, осы елдің бұғағынан үзілейін деп тұрған қыздарын өзім таңдар едім. Қыз болғасын кіріптарсың, жігіттің көзіне түсіп, қашан сөз айтқанша сарғайып бітесің. Ал жігіттер шалбар киген қызды қайтсін, – деп сырын да сықаққа айналдырып, кәрі әженің иығына бетін басып, сықылықтап күлді (Ә.Нұрпейісов. Қан мен тер).

Еркектер мен әйелдер өздерінің мінез- құлқын гендерлік стереотиптерге, яғни ерлер мен әйелдердің өзін қалай ұстауы жөніндегі мәдениетте қалыптасып, орныққан көзқарастарға сүйене отырып, түзеді. Оны шартты түрде кесте арқылы былай көрсетуге болады:




1­­кесте: Әйел мен еркекке байланысты қоғамда қалыптасқан таптаурындар (стереотиптер) кестесі.




2 – кесте: Гендерлік стереотиптерге сәйкес мінез-құлық, әрекеттер ерекшелігі.

Байқап отырғанымыздай, әйелдер мен еркектерге тән стереотиптерге сәйкес олардан күтілетін әрекеттер, мінез-құлық та бір- бірінен ерекшеленеді.



Кемпірі жаққа көз қиығын тастап: «Жыла, жылай түс. Қатын деген кеуліндегісін жыласа да сыртқа шығара алады. Еркек жазған жылайын десе қатын емес, жыламайын десе күйік жеп барады» –деді (Ж.Шаштайұлы. Жала мен нала).

Ауылда өскендіктен бе, маған ер адам үстем болуға тиіс секілденеді де тұрады. Күні бүгінге дейін күйеуінің бетінен алған әйелді көрген емеспін. Ондайларды ауылда сан-саққа жүгіртіп, сырттай табалап, сырттай жерлеп жататын. Мұқамеди көрші келіншегін шырқыратып сабаса да, ол беттен алып, төске шаппай, кінәсіз бола тұра кешірім сұрап күйеуіне жалынып жүреді. Күлдәрі мықтап таяқ жесе де, оның қиянатын ертесіне-ақ ұмытып, екеуінің арасында ешқандай кикілжің болмағандай рай танытатын. Мұнысын былай қойғанда, ертесіне «Біздің Мұқаң» деп, ол кісіні аспанға көтеріп отырушы еді (Б.Мұқаев. Мазасыз маусым).

Төмендегі авторлық қолданыс та әйелдің қоғамда қалыптасқан, одан күтілетін мінез ерекшелігінен туындайтын гендерлік стереотипке сәйкес туғаны анық.



Аңдап сөйле, ағайын

Сөз дегенің әйел сынды көкайыл:

Бір күш алса, менмендігі оянып –

бет қаратпай қояды ( Ж.Нәжімединов).

Барлық халыққа ортақ гендерлік стереотиптен бөлек ұлттық стереотип те кездесетіні белгілі. Мысалы, өзін көзге мақтағанды барлық әйел қалайды, киген киіміне, таққан әшекейіне, істеген тамағына, сыртқы келбетіне қатысты мақтау, қошемет сөз есту әрбір ұлттың әйелінің құлағына жағымды естіледі.



Әйелдің өңі қайтадан алабұртып, алаулап шыға келді. Көзі тым ойнақы, отты екен.

Енді түсіндім, енді ұқтым. әйел затында мақтауды сүймейтін бір де бір шүйке бас пен шөпжелкенің жоқ екенін әбден біліп алған екенсіз,– деді Мария (С.Бақбергенов. Ақ боз атты ару).

Ал қазақ әйелдеріне тән ұлттық стереотиптің бірі де бірегейі – ерін пір тұту, сыйлау, қандай жағдайда да оның бетіне ашық қарсы келмеу, айтқанын заң деп ұғыну, балаларының алдындағы әке беделін көтеру. Бұның тілдік дәйегін төмендегі мәтіндер арқылы танытуға болады:


  • Ал, қатын, мен кеттім.

  • Бізді тастама, өзіңмен бірге ала кет.

  • Жаз шықсын, оған дейін шыдаңдар.

  • Қорқам...

Кәлен суық қабақ астынан шаншыла қарап еді, осы кезге дейін безектеп, болмай отырған Жамал жым болды (Ә.Нұрпейісов).

Ұлттық тәрбие қанына сіңген қазақ әйелдері ерлері дастарханға отырмай, балаларына тамақ бермейді. Бұнда да ер адамды қадірлеу, әке беделін жоғары қою мақсаты жатыр. Мысалы:



Өзің де ес білгелі көріп келесің, мен үйде отырғанда, ол сендерге менен бұрын тамақ беріп көрген емес. «Әй, әкелеріңді шақыр, сонан соң жейсіңдер,» - дейді де отырады (Б.Нұржекеев. Ерлі-зайыптылар).

Енді көз жіберіп қараса, балалары алдында әке айбарын айшықтандырып, пайғамбардың туындай желбіретіп көрсеткен де марқұм анасы Хадиша екен- ау. «Әкең ұйықтап жатыр. Ақырын жүр. Әкеңнен ұят болып қалмасын. Әкеңнен сұрап көрелік рұқсатты. Әкең ренжісе, не болады?» – деп әке қабағын бағуға тәрбиелеген екен-ау... (Б. Тіленшина. Сұрқия).

Қазақ әйелдерінің күйеулерінің атын тікелей атамай, жанамалап, сыпайылап атауын да сыйластықтың белгісін білдіретін ұлттық стереотип деп тануға болады:

Жол ауыр соқпады ма, басием? – Күнбегінің мұндайда бірінші көретін адамы да, өзінің бабын табатын да бәйбішесі Ефриниса (Э. Төреханов. Ескендір мен Роксана).

Апақтың әкесі-ау, неге аунақши бердің?.. Төресі құрғыр бірдеме деді ме?.. – деген әйеліне Байжан ұрса жауап берді:



  • Байжан Омбы төрелерінің алдын да көрген! Байжанға не келуші еді! – деді. Өз үйіне келе жатқан бәле-жаланың исі байқалмаған соң, әйелі сонымен тыншығып та қалды (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).

  • Төкеннің көкесі-ау, жазған қара кешке дейін бір тыным таппады ғой, – деп Назым қаймыға килікті (Ж.Шаштайұлы. Жала мен нала).

Отбасындағы береке­бірлікті, татулық пен жылылықты сақтау мақсатында ерін өзінен жоғары қойып, оған кешірімділікпен қараған қазақ әйелдері оны ана сүтімен немесе ана, әже ақылы арқылы қыздарының санасына сіңіріп отырған:

«Қой, қызым, – деді анасы қызына басу айтып, – еркекпен шажайласып абырой таппайсың. Нәсілінде артық жаратылған жанмен деңгейлесемін деуің де әбестік. Рас, бүгінде еркек пен әйелдің «құқысы тең» дейтін көрінеді. Құдай теңестірмеген нәрсені заңмен, законмен теңестіргенді қайдан көрдің? Рас, әйел ақша табатын шығар, жұмыс істейтін шығар, тіпті шылым тартып, арақ ішсін дейік, одан еркек болып кетпейді. Қайта масқарампаз болады. Өз жаратылысын жарақаттайды. Өзін­өзі алдап, құр босқа әуре тірлік жасайды. Ал еркектің аты – еркек! Ол өзі еркекпін демесе де, табиғат оны солай жаратқан. Ол тіпті арақ ішіп, құлап жатса да, қатын жіберіп қарақан басы қалса да еркек! Оны әйел деп дәлелдеп көр, күшің жетсе! Бір күні арағын тастайды да, әп­әдемі адам боп шыға келеді. Қатын жіберсе, тағы бір қатын алады. Еркектің не құдірет екенін білгің келсе, жұбайыңсыз жалғыз үйде жатып көр, жұрттың бәрі ағылып төгіліп барып жатқан тойға қатысып бағыңды бір сына... Еркек деегн ырыс­ несібесі артық жаратылған жандар ғой, ақылсыз тірлік жасамас... » (Л. Омарова. Қырық бестегі қыз).

Сонымен, «қазақ әйелі» концептісінің шынайы табиғатын гендерлік, этномәдени стереотиптердің мәнін ашу арқылы тануға болады.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет