Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биология және биотехнология факультеті
Биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
тақырыбы: «Жоғарғы сынып оқушыларының мамандық таңдау барысындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеу»
7М01504 – «Биология»
Орындаған: ______________________ Тұрсын Ә.Ғ.
(қолы)
Ғылыми жетекші: ______________________ Жаманбаева Г.Т.
аға оқытушы, PhD (қолы)
Қорғауға жіберілді:
Хаттама № , «» 2023ж.
Кафедра меңгерушісі
б.ғ.к., профессор ______________________ Кустубаева А.М.
(қолы және мөрі)
Нормобақылау ______________________ Жаманбаева Г.Т.
(қолы)
Алматы, 2023 ж.
ТҮЙІНДЕМЕ
Магистрлік диссертация кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, 70 беттен 7 суреттен, 5 кестеден, 112 пайдаланылған әдебиеттер көзінен тұрады.
Түйін сөздер: психофизиология, күйзеліс, емтихандық күйзеліс, оқушылар,ҰБТ, сессия.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жоғары сынып оқушыларының ҰБТ-ға дайындық кезіндегі психо-физиологиялық көрсеткіштеріне баға беру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Жоғары сынып оқушыларының ҰБТ психо-эмоционалдық жүктеменің деңгейлеріне баға беру;
- Психофизиологиялық тесттердің нәтижесінде алынған деректердің динамикасын және олардың оқу кезеңдеріне байланысты өзгеруін салыстыру;
- Психофизиологиялық және физиологиялық күйзелістердің арасындағы тұрақтылықты өткізу;
Зерттеу материалдары мен әдістері: Түркістан облысы, «Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі» КММ өтті. Оқушылардың психоэмоциялық күйін бағалау үшін Ч.Д. Спилбергер-Ю.Л. Ханиннің реактивті (ситуативті) және тұлғалық қобалжу шкаласы, қобалжуды өзіндік бағалау, фрустрация, агрессивтілік және ригидтілікті бағалау методикасы пайдаланылады. Оқушылардың қобалжу жағдайындағы жүрек-қантамыр жүйесінің күйі жүректің жиырылу жиілігі, систолалық, диастолалық артериялық қысым көрсеткішітері бойынша бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |