Диссертация тақырыбы : Book-crossing арқылы бастауыш сынып оқушыларының отбасылық кітап оқу мәдениетін арттыру



бет1/3
Дата04.03.2024
өлшемі207.8 Kb.
#494231
түріДиссертация
  1   2   3
CРМ




Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті



МӨЖ
Тақырыбы: Подобрать источники по выбранной теме, составить таблицу с кратким описанием содержания и выходными данными

Дайындаған: Қайратова Ақтоты.


Тобы: БОПӘ 1курс
Қабылдаған: Кариев Адлет



Диссертация тақырыбы:Book-crossing арқылы бастауыш сынып оқушыларының отбасылық кітап оқу мәдениетін арттыру.
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев ұлтымыздың оқуға құштарлығын арттыру үшін тиісті шараларды тапсырған болатын. Олар «Бір ел бір кітап акциясы», «Оқуға құштар мектеп» жобасы, «Bookcrossing» акциялары.
«Bookcrossing» Қазақстанда 2005 жылдан бері қолданып келе жатыр. Акция мақсаты балалардың кітапқа деген қызғушылығын арттыру, бір-бірлерімен кітап алмасу. «Bookcrossing» қазақша «кітап сыйла» немесе «кітаптың айналымда жүруі» дегенді білдіреді.
Кітап оқу мәдениетінің маңызды элементі- азаматтық ұстанымды тәрбиелеу. Азаматтық дұрыс ұстанымы қалыптасқан адам – қоғамның белсенді мүшесі ретінде қоғамның кітап оқу ынтасын арттырып, «кітапқұмар қоғам», «ойшыл қоғам» ұғымдарының қалыптасуына әсер етеді. Соңғы жылдардағы белең алған кітап оқуға қызықпау үрдісі – кітаптың қоғамдағы ерекше рөлін, беделін, мәртебесін жоғалтуға әкеп тірейді.
Халық арасында «екінші сауатсыздық» деп аталатын кітапты ежіктеп әрең оқитын, сауатсыз жазатын кітап оқуға ықылас қоймайтын адамдар тобы көбейді. Кітап оқуға енжарлық дағдарысы индустриалды дамыған елдердің барлығында байқалады. Мысалы, бүгінгі таңда АҚШ-та 40-50 миллионға жуық адам, Германияда 3-4 миллиондай адам оқу дағдарысында екен. Ал Франция министрлігінің жұмыс тобы жұргізген талдау деректерінің нәтижесі әлемдегі әдебиетшілер елі болып саналатын Францияның өзінде де еңбекке жарамды халықтың 20%-ға жуығы оқу мен жазуға қиналатынын, яғни әрең оқитын және сауатсыз жазатын адамдар екенін анықтады.
Екінші сауатсыздық құбылысының пайда болуы бірқатар жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеледі. Сондықтан, өткен ғасырдың 80- ші жылдарынан бастап бұл мәселеге ерекше назар аударылуда.
Әлемдік тәжірибеде оқу дағдарысының проблемаларын шешу бойынша үлкен тәжірибе жинақталған. Көптеген елдерде кітап оқуға ынталандыру, кітапты бағалауға, ұқыптап ұстауға байланысты әр түрлі іс-шаралар өткізіледі. Солардың біразынан мысал келтірсек: небәрі 5 миллион халқы бар шағын ғана мемлекет Норвегияда 700-ге жуық балалар кітабы шығарылады екен.
Мемлекет балалардың, ата-аналардың, кітапханалардың, жазушылардың, баспагерлердің, балалардың кітап оқуы жөніндегі және т.б. мамандардың мүдделерін ескере отырып, баланың кітап оқуына әртүрлі тәсілдермен қолдау көрсетеді. Норвег тіліндегі және барлық аударма кітаптар кітапханаға тек мемлекет есебінен түседі. Бұндай саясат жазушыны да, баспаны да қолдайды.
Кітап оқуды енді бастаған балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ Норвегияға жуырда қоныс аударып, тіл үйреніп жүрген балаларға арнап
үлкен әріптермен жазылған, әдемі суреттермен безендендірілген және аз көлемді «оңай оқылатын кітаптар» сериясы барлық ірі баспаларда шығарылады. Бұл желісі мен кейіпкерлері бар, сапалы жұқа кітаптар. Балаларды жаңа кітаптармен таныстыру мақсатында көшеде жылжымалы көлік-кітапханалар да жүреді, кітапханашылар жылына бірнеше рет мектепке келеді, сонымен қатар олар міндетті түрде ата-аналар жиналыстарына қатысып, сөз сөйлейді. Бұл кездесулер ата-аналарға балалар әдебиетімен танысуға және балаларға арналған кітапты таңдауға мүмкіндік береді.
Оқуға деген қызығушылықтың болуы немесе болмауы баланың кітапқа деген көзқарасының негізгі факторы және оны бағалау критерийі болып табылады. Кітапқа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті тәрбиелеу, онымен қарым-қатынас жасауға ұмтылу, көркем мәтінді тыңдау және түсіну, көркем мәдениетті дамыту балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың негізгі міндеті болып саналады.
Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын тудыру және арттыру үшін оқылатын әдебиетті таңдаудың әдістемелік қағидаларын ұстану қажет.
Біріншіден, кітап таңдау барысында тәрбиелік мақсаттарды жетекшілікке алу қажет.
Екіншіден, жанрлық және тақырыптық әртүрлілік қажет: проза және өлең; көркем және ғылыми-танымдық әдебиет; бүгінгі және өткен күндер туралы, яғни тарихи кітап; заманауи авторлардың және классик жазушылардың шығармалары; фольклор – ертегілер, жұмбақтар; кітаптар мен журналдар, газеттер, қазақ, орыс және басқа ұлт авторларының шығармалары және аудармалары.
Үшіншіден, қолжетімділік қағидаларын, балалардың жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Бастауыш сыныпта Отан, еңбек, адам өмірі, жануарлар мен өсімдіктер сынды балаларға қолжетімді тақырыптарға ертегілер, әңгімелер, өлеңдер ұсынылады. Көлемі бойынша (мағыналы және әдемі көрнекіліктерге, үлкен әріптерге ие) балаларға арналған шағын кітаптар.
Жоғары сыныптарда тарихи повестер мен әңгімелер, автобиографиялық, құжаттық, очерктік әдебиеттер, қызық оқиғалы кітаптар, мәдениет және өнер туралы кітаптар есебінен оқырмандардың дүниетанымын кеңейту.
Балаларға арналған кітаптарды таңдаудың төртінші принципі – жеке қызығушылық принципі, білім алушының кітап таңдаудағы тәуелсіздігі.
Бесiншi қағида: балаларға жоғары көркемдiк қасиеттерiмен ерекшеленетін, түпнұсқалық көркемдік, бейнелі кiтаптарды ұсыну қажет (уақыт сынағынан өткендер).
Осы қағидаларға сүйену, білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға және дүниетанымын кеңейтуге ықпал етеді [10].
Мектепке дейінгі жастағы баланың кітапқа деген қызығушылығын бұзбай оқуға үйретудің жолдарын айтпас бұрын, баланың психологиялық дайындығын қалай білуге болатынын қарастырайық:



  • бала сөйлемдермен еркін сөйлейді және айтылғанның мағынасын түсінеді;

  • бала дыбыстарды ажыратады, яғни бұны логопедтер дамыған фонемалық есту деп атайды. Қарапайым сөзбен айтқанда, атаулары арқылы заттарды ажырата алады;

  • бала барлық дыбыстарды айтады және оның сөйлеуінде логопедтік проблемалары жоқ;

  • бала оңға-солға, жоғары-төмен бағыттарын түсінеді (бұл жерде оңға және солға бағыттарын кейде тіпті ересектердің өздері шатастыратынын ескере кету қажет). Кітап оқуға үйрету барысында, баланың мәтін бойынша солдан оңға және жоғарыдан төменге қарай қадағалап отыруы маңызды болып табылады.

Балалардың бойында кітап оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру тиімдірек болуы үшін келесі педагогикалық шарттарды ескерген жөн:
балалардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастырудың бірізділігін (кезеңділігін) белгілеу;
балалардың кітапқа және оны оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру жұмыстарын мектепке дейінгі ұйымның және ата-аналардың, отбасының бірлесіп жүргізуі.


Жобаның мақсаты: Оқу мәртебесін, оқу сауатылығын және оқу сапасын арттыру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында жоғары азаматық және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, отбасылық кітап оқу дәстүрін арттыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет