Дістемелік кабинеті



бет1/15
Дата12.06.2024
өлшемі0.58 Mb.
#502549
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
7 алгебра 24.03.20 (1)


ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ


Алгебра пәнінен 7 сыныпқа арналған жиынтық
бағалау тапсырмаларының жинағы

Тараз - 2020

ББК 22.14
УДК 512(07)
А39

Баспаға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы оқу - әдістемелік кабинетінің Әдістемелік кеңес отырысының шешімімен ұсынылған (хаттама № 2"14"наурыз 2019 жыл)




Пікір жазғандар:


А. А. Ниетбаев - Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті, ф-м.ғ.к.;
Редакция алқасы:


Ш.А.Усерова - Жамбыл облысыәкімдігінің білім басқармасы оқу - әдістемелік кабинетінің басшысы,төрайым;Б.Х.Тажибаев - облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің басшысының орынбасары,төрайымның орынбасары;
Ш.М. Жамалбекова - облыстық оқу - әдістемелік кабинетінің бөлім жетекшісі, редактор; Г.Д.Султашева - Жуалы ауданы№1 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі, Тараз педагогикалық шеберлік орталығының штаттан тыс тренері, сарапшы;Г.Қ.Телеуова - Облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің математика, физика пәндерінің әдіскері,хатшы.

Құрастырғандар:
С.С.Қалдарбекова, Г.С. Алимбекова А.Е. Нуралиева, Г.К.Телеуова.
«АЛГЕБРА ПӘНІНЕН 7 СЫНЫПҚА АРНАЛҒАНЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ» 7- сынып, алгебра пәнінен, Тараз, 2020ж –58 бет.

Жинақ жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектептердің өңірлік үйлестірушілеріне арналған.


ББК 22.14


УДК 512(07)
А 39
© Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті

Кіріспе
Әдістемелік ұсыныстар 7-сынып білім алушыларына «Алгебра» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде жасалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.


Әдістемелік ұсыныс мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.


Жиынтық бағалау белгілі бір оқу кезеңінде оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін анықтау және тіркеу үшін жүргізіледі. Тіркеу барысында оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың білімі мен білік дағдыларын көрсететін дәлелдер жинау негізінде жүзеге асырылады. Жиынтық бағалау тоқсан ішінде (бөлім/ортақ тақырып үшін жиынтық бағалау), тоқсан соңында (тоқсандық жиынтық бағалау) және білім беру деңгейі аяқталғаннан кейін (негізгі орта, жалпы орта) өткізіледі. Жиынтық бағалау нәтижелері бойынша балл/деңгей/бағалау туралы шешімді мұғалім бағалау критерийлеріне сәйкес анықтайды. Әрбір білім алушыға қатысты объективті шешім қабылдауда мұғалімге көмек көрсетуде бөлім/ортақ тақырыптар үшін жиынтық бағалау тапсырмаларына дескрипторлар әзірленген.


МАЗМҰНЫ


1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.......... 5


«бүтін көрсеткішті дәреже» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ...................5
«көпмүшелер» .................................................................................................... 9
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.........12
«функция. Функцияның графигі» бөлім бойынша жиынтық бағалау........ 12
«статистика және мәліметтерді талдау» бөлім бойынша жиынтық бағалау ..17
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.........21
«қысқаша көбейту формулалары» бөлім бойынша жиынтық бағалау ......21
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары.........24
«алгебралық бөлшектер» бөлім бойынш жиынтық бағалау.......................27
1 тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясы .. .....................27
2 тоқсан бойынша жиынтықбағалау …................................34
3 тоқсан бойынша жиынтықбағалау ..................................44
4 тоқсан бойынша жиынтық бағалау ...............................49
Қорытынды....................................................................................................... 55
Пайдаланған әдебиеттер тізімі......................................................................56





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет