ЖОСПАР
|
КІРІСПЕ
|
3
|
|
Республикамыздың орман қоры
|
4
|
|
Екпе орман шаруашылығы
|
|
|
Екпе орман шаруашылығын дамыту
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ
|
|
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
|
|
КІРІСПЕ
Орман шаруашылығы– экономиканың бір саласы. Ормандарды зерттеу; есепке алу; ағаштар мен бұталардың тұқымынан және көшеттерден орман өсіру, орманды жаңартып отыру; орманды күту; сүрек дайындау, оны кесіп, реттеу; питомниктерде көшет өсіру; суландыру; орманды өрттен, зиянкестер мен түрлі аурулардан қорғау; саңырауқұлақ, ағаш шырынын жинау; ағашқа және орман өнімдеріне деген халық шаруашылығына қажеттерін қанағаттандыру мақсатында орманды пайдалану ісін реттеу шараларымен шұғылданады.
Орман тұқым ісі орман екпелері жұмыстарының негізі болып
саналады және көптеген сұрақтарды қамтамасыз етеді: орманды
тұқымдандыруды аудандастыру; өте жақсы ағаш формаларын
сұрыптау; аналық-тұқымдық екпелерді қалыптастырып, құрып және
оларды күту; фенологиялық байқаулар және болатын тұқым өнімдерін
болжамдау; орман тұқымдарын дайындау және оны өңдеу
технологиясын; тұқымдарды құжаттандыру, сақтау және тасымалдау;
егістік сапаларын тексеру; бүрілер, жеміс және дәндердің аурулары
және зиянкестерімен күресу және болдырмау шаралары.
Жоғары сапалы генетикалық құнды дәндерді алу – орман
генетикасы, селекциясы және тұқым шаруашылығының басты
мәселесі. Оны іске асыру кешенді шаралардың негізінде болады, яғни
орман тұқым кешендерін құру, ол орман құрастыратын түрлердің
гентикалық қорын тиімді қолданып сақтауға бағдарланады; ұзақ
уақыттық орман тұқым базасын және дәндердің генетикалық банкін
ұйымдастыру; сорт сынауды жүргізу және жақсартылған сорттық
дәндерді өндіру.
Орманды көбейту және қалпына келтіру, дәндерді дайындаудан
басталады, бірақта олардың сапасын тексеру керек. Дәндер сапасын,
бүрілер мен жемістерді өңдегенде, сақтағанда және егуге
дайындағанда да, бақылайды. Сондықтан дәндердің егістік сапаларын
анықтау әдістерін орман тұқым станцияларының қызметкерлері
білумен қатар, орманшылықтардың инженерлік-техникалық
мамандарыда білу керек.
Селекциялық-генетикалық негізінде құрастырылған ұзақ
мезгілдік орман тұқым базасын құрумен Қазақстандағы орман
шаруашылықтарының жоғары сапалы дәндерге сұранысын
қамтамасыз етуге болады.
Қазақстанда Орман шаруашылығы жұмыстарын Ауыл шаруашылығы министірініңнің Орман және аңшылық шаруа комитеті басқарады. Оның құрылымында 9 мемлекеттік табиғи қорық; 6 мемлекеттік ұлттық саябақ; орман шаруашылығы және биоресурстар жөніндегі 14 облыстық аймақтық басқарма бар. Олардың қарамағында орман және жеке жабайы табиғатты қорғау жөніндегі 138 мемлекеттік ұйым, “Қызыл жиде” республикалық мемлекеттік табиғат қорғау мекемесі, Орман шаруашылығын жобалау жөніндегі Қазақ мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (“Казгипролесхоз”), “Қазақ орман орналастыру кәсіпорны”, Қазақ орман қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету жөніндегі авиацилық база, Алматы орман шаруашылығы селекциясының орталығы, “Көкшетау орман шаруашылығы селекциялық орталығы” республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақ орман шаруашылығы басшылары мен мамандарының біліктілігін көтеру институты, Қазақ республикалық орман тұқымы мекемесі, “Аңшылық зоокәсіпшілік” ӨБ республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жұмыс істейді. Бұлардан басқа Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі әкімшілігіне қарасты Бурабай ұлттық саябағы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің меншігінде орман шаруашылығы тәжірибе станциясы бар.
Республикамыздың орман қоры
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. «Қазақстан — 2030» стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі «Қазорман» шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.
Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз – тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.
Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.
1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.
Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.
Қазақстан ормандарының басым көпшілігі – Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.
Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.
Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында – 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі.
Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында – Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр.
Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.
Екпе орман шаруашылығы
Екпе орман ісінің негізгі міндеті ағаш кесу мен екпе орман құру жұмысының арасын теңестіру болып табылады. Қазақстанда жыл сайын 80 мың га орман қайта қалпына келтірілді, соның ішінде 70 мың га екпе орман отырғызу жұмысы жүргізілген. Біздің елімізде бүгінгі күнде орман қоры азайды, сондықтан орманды қайта қалпына келтіру мен қайта жаңарту жұмысын ұлғайту керек.
Екпе орман жұмысының негізгі міндеті орман заңнамаларының негізінде құру:
ағашы кесілген және өртенген ормандарды қайта қалпына келтіру мерзімін қысқарту, ағаш кесу және екпе орман отырғызу аралығын қысқарту;
орманды қалпына келтіруде шаруашылық-бағалы түрлерге ауыстыру;
аз орманды аудандардың ормандылығын көбейту, қолайсыз жерлерде орман өсіру және т.б.;
санитарлы-гигиеналық, қорғаныш және әсемдік-эстетикалық сапаны пайдалану мүмкіндігін кеңейту.
Екпе орман шаруашылығы-белгілі бір орман өнімдерін үлкен көлемде, қысқа мерзімде, реттелетін тығыздық режимінде өсіру кезінде алу үшін мамандандырылған жоғары өнімді орман ағаш тұқымдарының плантацияларын құру туралы ғылым. Қазақстанда оны дамыту қажеттілігі табиғи екпелер мен кәдімгі орман дақылдарының салыстырмалы түрде төмен өнімділігімен, орман өнімдерінің жоғары өзіндік құнымен, орман шикізаты базаларының сарқылуымен, орман тұқымдарының шаруашылық-құнды белгілерінің биологиялық әлеуеті барынша іске асырылатын топырақ - климаттық жағдайлар бойынша өнімділігі жоғары аумақтардың болуымен байланысты. Екпе орман шаруашылығы ағаш түрлерінің орман-биологиялық қасиеттерін, селекцияны аудандастыруды, мақсатты плантациялық орман өсіру технологиясын білуге негізделген.
3 Екпе орман шаруашылығының дамуы
Қазақстанда плантациялық орман өсіру идеясының дамуы ормандардың сарқылмайтындығы туралы кең таралған идеямен шектеледі, оның құрамында қылқан жапырақты екпелер орман өсімдіктерімен жабылған жерлердің 80% құрайды. Алайда, экологиялық және экономикалық жағдайларға байланысты пайдалануға болатын ағаш қоры аз.
Қазіргі жағдайда орман кешенін дамыту (өнім алу) айналымы қысқарған өнімділігі жоғары орман екпелерінде іскерлік сүрек пен басқа да өнімдердің өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастырумен сүйемелденуге тиіс.
Тәжірибеде кеңінен қолданылатын орман дақылдарын отырғызу мен өсірудің қарабайыр технологиялары, әдетте, табиғи шыққан жас жануарларға қарағанда өсудің артықшылықтарын бермейді және қылқан жапырақты ағаштардың өзгеру процесіне кедергі келтірмейді. 50 жылдық екпелердегі плантацияларда кемінде 300 м3/га теңгерім, ал 70 жастағы екпелерде-кемінде 400 м3/га аралау бөренелерін алуға болады.
Екпе дақылдардың негізгі сапасына (олардың тез өсуіне) белгілі бір факторлар мен жағдайлардың үйлесуі арқылы қол жеткізілді. Олардың ішіндегі ең маңыздыларының қатарына мыналар жатады:
1. Өсірілетін тұқымдардың биологиялық талаптарына жауап беретін жағдайларда жеткілікті құнарлы топырақтары бар алаңдарда плантациялық дақылдарды отырғызу.
2. Аймақтар мен орман-өсімдік жағдайлары бойынша сараланған топырақты механикалық өңдеудің агротехникасы
3. Дақылдарды бәсекелес өсімдіктерден,зиянкестерден және аурулардан профилактикалық қорғау
4. Селекциялық жақсартылған отырғызу материалын пайдалану
5. Өсу энергиясы жоғары ағаштар есебінен ағаштың негізгі массасын қалыптастыруды қамтамасыз ете отырып, сүрекдіңді өсірудің бүкіл циклі бойы оңтайлы тығыздықты сақтау.
Плантациялық дақылдарды өсіру нәтижелерін оларды өндірудің нормативтік шығындарымен салыстыру дақылдарды отырғызу құнының 1,5-2 есе өсуіне қарамастан, экономикалық тиімділік айқын деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Ол қолданылатын орман шаруашылығы іс-шаралары кешенінің оң өзара іс-қимылына байланысты артып келеді.
Плантациялық орман өсіру саласында келесі бағыттар басым болуы мүмкін:
I. Орман-биологиялық зерттеулер: пайдаланылатын ағаш түрлерінің ассортиментін ұлғайту және ағаш-шикізат плантацияларын салу және өсіру кезінде шешілуі мүмкін мақсаттар мен міндеттер тізбесін кеңейту; қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын плантацияларда ағаш шикізатын өндіру үшін білімнің және технологиялық нормативтердің ғылыми іргетасын құру; орман генетикасының, селекцияның және биотехнологияның мақсаттары мен міндеттерін нақтылау плантацияларда ағаш шикізатын өндіру; плантациялық режимде өсірілетін тәжірибелік дақылдардың жаңа кешенді зерттеулерін жалғастыру және ұйымдастыру; экономикалық жетілу жасына жақындаған плантациялық дақылдардың әртүрлі нұсқаларын жан-жақты бағалау. Дақылдардың салыстырмалы сипаттамаларына өнімділік, зиянкестерге, ауруларға және басқа да жағымсыз факторларға төзімділік, сондай-ақ ағаштардың өсу ерекшеліктері, магистраль мен ағаштың сапасы жатады. Бұл жағдайда дақылдарды отырғызу және өсіру кезінде жүзеге асырылатын өсу жағдайлары мен технологиялық шешімдердің түрлеріндегі айырмашылықтарды ескеру қажет; плантацияларға күтім жасау және оларды қорғау үшін биологиялық белсенді заттарды қолдану технологияларын жетілдіру.
Орман-биологиялық зерттеулер: пайдаланылатын ағаш түрлерінің ассортиментін ұлғайту және ағаш шикізаты плантацияларын салу және өсіру кезінде шешілуі мүмкін мақсаттар мен міндеттер тізбесін кеңейту; қараусыз қалған ауыл шаруашылығы жерлеріне салынатын плантацияларда ағаш шикізатын өндіру үшін білімнің және технологиялық нормативтердің ғылыми іргетасын құру; орман генетикасының, селекцияның және биотехнологияның мақсаттары мен міндеттерін нақтылау плантациялардағы ағаш шикізаты; плантациялық режимде өсірілетін тәжірибелік дақылдардың жаңа кешенді зерттеулерін жалғастыру және ұйымдастыру; экономикалық жетілу жасына жақындаған плантациялық дақылдардың әртүрлі нұсқаларын жан-жақты бағалау. Дақылдардың салыстырмалы сипаттамаларына өнімділік, зиянкестерге, ауруларға және басқа да жағымсыз факторларға төзімділік, сондай-ақ ағаштардың өсу ерекшеліктері, магистраль мен ағаштың сапасы жатады.
Бұл жағдайда жағдай түрлерінің айырмашылықтарын ескеру қажет дақылдарды отырғызу және өсіру кезінде іске асырылған технологиялық шешімдерді; плантацияларды күтіп-баптау және оларды қорғау үшін биологиялық белсенді заттарды қолдану технологияларын жетілдіру.
2. Плантацияларды салу үшін жаңа техникалық құралдарды әзірлеу және оларды жетілдіру.
3. Плантациялық орман кәсіпорындарының экономикалық және құқықтық ұйымы.
Достарыңызбен бөлісу: |