Реферат Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері. Орындаған: Айтмуха Аяжан



Дата03.01.2022
өлшемі18.52 Kb.
#451891
түріРеферат
дж тарих реферат



Реферат

Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Азия елдері.



Орындаған: Айтмуха Аяжан

Қабылдаған: Абитаева Г.Т.

Екінші дүниежүзілік соғыс өмірдің барлық жақтарына үлкен ықпалын тигізді, сонымен қатар, ол отар және тәуелді халықтардың өздерінің тәуелсіздіктері үшін күресін ары қарай жандандырып, дамытуға мүмкіндік тудырды. Басты рөлді КСРО атқарған демократиялык күштердің фашизмді жеңуі Азия, Африка мен Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды кеңейтіп дамытуға оң ықпалын тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыстан сон халықтардың тәуелсіздік үшін күресінде жаңа дәуір басталды. Отарлық жүйе біртіндеп құлдырай бастады. 60-жылдары, Шығыс және Орталық Африка елдері бостандығын алды. Олардың қатарында бұрынғы британ иеліктері Кения, Уганда, Занзибар, Ньясленд, Солтүстік Родезия. Ал Оңтүстік Африка елдерінің тәуелсіздік алуы біраз кідіріп қалды. Бұл кездейсоқтық болған жоқ. Оңтүстік -Африка континентінің ең бай аймағы. Бұл жерде отарлаушылардың қолынан жібергісі келмеген алтын, платина, алмаз, уран және минералды байлықтардың қоры шоғырланған. Ангола, мысалы, тәуелсіздігін тек 1975 жылы ғана алды. Дербестік алғаннан кейін Африка елдерінің көбінде тынышсыздық болды. Отарлаушы билік бай отарлардан айырылғысы келмеді. Табанды күрес Конгода өтті. Азамат соғысы Анголада өрістенді. Басқа елдерде, сонымен бірге Сьерра-Леонада уақтылы - уақтылы қарулы күреске ұласқан қақтығыстар болып тұрды. Эфиопия мен Сомали арасында бірнеше рет қарулық қақтығыстар болды. Африкалық мемлекеттердің алдында тұрған басты міндеттердің бірі-күштерді біріктіру болды. Тек бірге ғана африкалық мемлекеттер сәтті дамып, алға қарай жүре алды. 1963 жылы ұзаққа созылған келіссөздерден соң тәуелсіз африкалық мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшыларының конференциясында Африкалық Бірлік Ұйымы (АБ¥ немесе ОАЕ) құрылды. Бұл Ұйым өзіне 50 мемлекетті біріктірді. 1955 жылдың сәуір айында Бандугада конференция өтті, оған Азия және Африка елдерінің 29 мемлекеті катысты. Оның шешімдері отарлыққа қарсы күресті одан әрі дамытып, халықтардың жағдайларын қорғау үшін маңызы зор болды. Мұнда қабылданған декларацияла мына мәселелер қарастырылды: конференция қатысушылар адам кұқын сыйлау принциптерін БҰҰ Жарғысының мақсат принциптерін, барлық мемлекеттердің егемендігі мен территориялық тұтастылығын, ұлттар мен нәсілдер теңдігін қолдау; басқа елдерге қарулы қысым жасаудан, басқа елдердің ішкі тәртіптеріне (істеріне) кірісу мен интервенциядан бас тарту, ұлы державалардың кез келгенінің қызығушылығында ұжымдық қорғанысты пайдалану туралы келісімнен бас тарту. Принциптер демократиялық отарлыққа қарсы қозғалыстың негізІне алынды, сонымен бірге қосылмаудың Қозғалысы деген атпен белгілі болған дамушы Азия, Африка және Латын Америка елдерінің мемлекет аралық бірігуінің негізіне алынды. Бүл Үйым Жарғысыз қызмет атқарады. Оның қызметі соғысқа қарсы, империалистікке қарсы, отарлыққа қарсы және нәсілдікке қарсы бағытпен сипатталды.



Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Азия және Африка елдеріндегі отарлық жүйенің күйреуімен Жаңа Дербес мемлекеттердің құрылуы туралы бірнеше ғалымдар өз кітаптарында жазған. Г.В.Ефимова, А.Д.Новичева, Д.А.Ольдероггенің кітабында «Уақыты бойынша бірінші болып Оңтүстік-Шығыс Азия елдері еркіндік ала бастады. Соғыс жылдарының өзінде Индонезия халқы жапондықтармен күрес жүргізді, олар елді жаулап алдып еркіндік үшін болған кез келген құлшыныстарды аяусыз басып шаншып отырды» деп жазған . Таяу және Орта Шығыс елдерінің отарлауға қарсы күресі соншалықты ұзақ болмаса да, өте маңызды, өткір болды. Сирия мен Ливан, Египет пен Ирак, Йемен мен Иордания тәуелсіздігіне қол жеткізді деп А.А.Губер, Г.Ф.Ким, А.Н.Хейфец өз еңбектерінде жазды . 50-жылдары тәуелсіздікті Ливия (1952 жылы қаңтарда), Судан (1956 жылы қаңтарда), Тунис (1956 жылы наурызда). 1958 жылдағы маусым төңкерісінен кейін Ирак еркін, тәуелсіз мемлекет болды. Осылайша 50-жылдардың аяғында Таяу және Орта Шығыс елдері мен Солтүстік Африка елдері еркіндік пен тәуелсіздігін алды деп Ю.Н.Розалиев өзінің кітабында жазған . Бирманы оккупациялаған жапондықтарға қарсы операция жүргізген ағылшындар ағылшын әскерлеріне көрсеткен көмектеріне қарамастан бирма патриоттарына, ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуына кедергі жасауға тырысты. Саяси маневрлармен билікті бирма халқына өткізбеуге тырысқан ағылшын саясатына қарамастан бүкіл елде азаттық қозғалыстар өсіп жатты. Бүкіл билікті толығымен халыққа беру және Құрылтай жиналыста сайлау өткізу туралы талаптар жалпылық болды. Ақырында ұлттық күштердің қысымына түскен ағылшын үкіметі Бирмаға доминион статусын беруге мәжбүр болды. Қыркүйекте Құрылтай жиналыс Конституция қабылдады, ол жаңа республика - Бирма Одағын жариялады деп И.В.Можейко, А.Н.Узяновтар өзінің еңбектерінде жазған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет