ДОСЖАНОВ РУСТЕМ АЛЬФРЕДОВИЧ
Кәсіпорын қызметіндегі тәуекел менеджменттің тиімділігін
жоғарылату жолдары
( Қызылорда облысы коммерциялық банктерінің
мәліметтері негізінде)
МАМАНДЫҚ 6M050600 - ЭКОНОМИКА
экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесiн алу үшін дайындалған диссертациялық жұмыстың
рефераты
Қызылорда, 2012 ж.
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Экономика және менеджмент» кафедрасында орындалған
Ғылыми жетекшісі: экономика ғылымдарының кандидаты,
аға оқытушы Шайнұров А.С.
Ресми оппонент: экономика ғылымдарының докторы,
профессор Әмірбекұлы Е.
Диссертация 2012 жылдың мауысым айының «______» күні сағат ______ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қорғалады.
(Мекен-жайы: 120034, Қызылорда қаласы, Айтеке би көшесі, 29 үй, бас оқу ғимараты, экономика және қашықтықтан оқыту институты, 408 дәрісхана)
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге Банк жүйесі өзі жұмыс істейтін негізгі принциптер айтарлықтай бұзылған жағдайда өзі де экономикалық тұрақсыздық көзіне айналуы мүмкін. Банктер жүргізетін барлық дерлік операциялар тәуекелмен байланысты. Банк қызметіндегі тәуекелдер өзінің атқарар қызметі бойынша экономика саласына жатады, алайда шаруашылық субъектілердің қызметіндегі тәуекелдермен салыстырғанда олардың айрықша ерекшеліктері бар. Банктер сәтсіз операциялар немесе нашар менеджмент салдарынан шеккен шығындар оның қаржылық жағдайына ғана емес, сонымен бірге оның абыройы мен беделіне нұқсан келтіреді, сондай-ақ оның бизнестегі әріптестерінің мүдделеріне де кесірін тигізеді.
Әрине, банктер тәуекелдердің сан алуан түрлерінен қорғанудың түрлі тәсілдерін пайдаланады. Әлемдік практика тәуекелдерді төмендетудің және олардың алдын алудың барынша мүмкін әдістерін әзірледі, осыған қарамастан банктерге қаржы нарығының түрлі секторларында жұмыс істей отырып, көптеген тәуекелдермен беттесуге және шығындар мен кірістер алып келетін тәуекелдер арасында таңдау жасауға тура келеді.
Осы проблемаларға байланысты әр банкте тәуекелдерді басқарумен тікелей айналысатын функционалдық құрылым қалыптастыру қажеттілігі туындады. Аталмыш құрылым қазіргі заманғы талаптарға сәйкес тәуекел-менеджменті деп аталады және банкке қаржы нарығының барлық секторында тиімді жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуді, сонымен бірге пайыздық ставкалардың өзгеруі, валюта бағамдарының төмендеуі, қарыз берушілердің банкроттығы және т.б. сияқты қиындықтарды алдын ала уақытында болжап әрі оларға жол бермеуге тиіс.
Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментін дамыту мен олардың жай-күйі жөніндегі қазіргі теориялық және практикалық ережелерді зерттеу тәуекел-менеджменті құрылымын ұйымдастыру әдістерінің толық жетілдірілмегендігін және жеткіліксіз дамығанын анықтады. Екінші деңгейдегі банктердің тәуекел-менеджментінің қолданыстағы жүйесін ұйымдастыру және оның жұмысындағы кемшіліктерге байланысты заңнаманы бұзғаны үшін банктерге ұйғарымнамалар мен түрлі санкциялар табыс ету, кейбір ірі және белгілі банктердің банкроттыққа ұшырауы жатады. Сондықтан тәуекел-менеджментінің құрылымын жоғарылату мен дамыту – банктердің ішкі бақылауының өте қажетті элементі болып табылады. Ол халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктің қалыптасуына ықпал етуге тиіс. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментінің қалыптасуының айта кетерлік ерекшелігі –оның менеджменттің ілім ретінде дамуымен және еліміздің нарықтық ақша-несие жүйесінің қалыптасуымен бір уақытта қалыптасып өркендеуі. Бұл ретте тәуекел-менеджменті жөніндегі мамандар өз қызметінде әлемдік тәжірибенің осы саладағы жетістіктерін барынша пайдаланады. Сонымен бірге даму және қалыптасу, тиімділікті жоғарылату процесі өз мәресіне әлі де болса жете қойған жоқ, ол банк қызметі қауіпсіздігінің жеткіліксіз деңгейіне байланысты.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Күні кешегіге дейін тәуекелдерді басқару ілімі қаржы менеджменті саласына енетін және оған өзіне лайық болатындай мән берілмей келді. Тәуекелдерді басқару, дәлірек айтсақ, тәуекел-менеджментін ұйымдастыру проблемаларына отандық, сондай-ақ шетелдік экономист-ғалымдардың және практик-мамандардың да көптеген еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері П.С. Роуздың, О.И. Лаврушинның, М.Е. Озиустің, Б.Х. Путнамның, Д.Ф. Синкидің, Е.П. Жаровскийдің,
И.М. Балабановтың, В.В. Ковалевтің, Б.И. Лисактың, А.Д. Шелекбайдың,
Р.Г. Ольховойдың, В.С. Пашковскийдің және т.б. еңбектерін жатқызуға болады.
Қазақстан Республикасында тәуекел-менеджменті туралы ілімнің дамуының қайнар көзін жетекші ғалымдар А.Д. Шелекбай, Л.Н. Корнилова,
Ғ.С. Сейітқасымов, Н.Н. Хамитов, С.Т. Міржақыпова, Б.И. Лисак және басқалар ашты.
Отандық және шетелдік ғалымдардың көптеген еңбектері тәуекелді басқару мәселелерін баяндайды, тәуекелдердің түрлері, олардың алдын алу және басқару тәсілдері кеңінен әрі жан-жақты қаралады, алайда, олардың қатарында банк қызметінде тәуекел-менеджментін ұйымдастыруды зерттеу мен қарастыру жөніндегі еңбектердің саны мардымсыз. Банк қызметінде тәуекел-менеджментін дұрыс ұйымдастыру банктің тұрақтылығының пәрменді факторы бола тұра, сол еңбектерде тәуекел-менеджмент құрылымының қызметін оңтайландыру, оның жұмысының негізгі принциптерін енгізу жөнінде практикалық ұсыныстар жоқтың қасы, сондай-ақ теория мен практика арасындағы алшақтық та сезіледі. Тәуекел-менеджменті банк қызметіндегі банктің өзі үшін ғана емес, банк қызметін пайдаланушылардың көпшілігі үшін де маңызы зор. Тәуекел-менеджементінің функционалдық іс-шараларын сапалы ұйымдастырып жүргізуге мүдделі адамдардың саны ойлағаннан неғұрлым көп. Жарияланымдардың айтарлықтай санына қарамастан, тәуекел-менеджментінің банк қызметіндегі қазіргі жай-күйі тым жеткіліксіз зерттелген. Еліміздегі банк бизнесінің осы саласы жеткіліксіз жетілдірілген және тиімділігін жоғарылату жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты және міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты – тәуекелдерді басқарудың теориялық ережелерін қорытындылау, осы процестерді талдау және оның тиімділігін бағалау негізінде қазақстандық экономика жағдайында банк қызметіндегі тәуекел-менеджменті жүйесін жетілдіру болып табылады.
Аталған мақсат келесі міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:
-
тәуекелдерді басқаруға және тәуекел-менеджментін ұйымдастырудың теориялық тәсілдемелерін зерттеу;
-
банктерде тәуекел-менеджментін әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында, банктер қызметіндегі тәуекел-менеджменті жөніндегі қолда бар әдістемелік базаны зерттеу;
-
дамыған шетелдердегі тәуекел-менеджментінің жай-күйін талдау және еліміздің банктерінде жоғары сыныпты тәуекел-менеджменті құрылымын ұйымдастыру жөнінде ұсыныс әзірлеу;
-
тәуекел-менеджменті қызметінің негізін қалаушы принциптерді әзірлеу мақсатында оның жұмысының бағыттары мен әдістерін зерттеу.
Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері болып табылады.
Зерттеу пәні банктерде қолданылатын тәуекелдерді басқару және тәуекел-менеджментін ұйымдастыру жүйесі.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізін қалайтын отандық және шетелдік экономистердің еңбектері, халықаралық қаржы ұйымдарының жекелеген әзірлемелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің нормативтік құжаттары. Зерттеу процесінде монографиялық және статистикалық материал, экономикалық, ғылыми-техникалық және бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Банк қызметінде тәуекел-менеджментті жетілдіру, сонымен бірге банктерде тәуекел-менеджменттің сапасын жақсартуға, сондай-ақ оның тиімділігін жоғарылатуға бағытталған міндеттер кешенін шешу қажеттілігі мәселесін қарастыру және оны теориялық негіздеу болып табылады.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
-
банкте тәуекел-менеджментті ұйымдастыру айрықшылықтары мен салалық ерекшеліктерін ескере отырып, банк қызметіндегі тәуекел-менеджментке авторлық анықтама беру;
– тәуекелдерді басқару тәсілдемелері;
– тәуекел-менеджментті ұйымдастыру сызбасы және оның принциптері;
-
тәуекел-менеджменттің негізгі элементі ретіндегі контроллинг әдістері;
-
тәуекел дәрежесі көтеріңкі актив операциялар бойынша банк тәуекелдерін бағалау жүйесі.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Банк қызметіндегі тәуекел-менеджментін жетілдіру жолдары анықталып ұсынылған. Оның негізгі ережелерін, қорытындылары мен ұсыныстарын іске асыру банкті басқару аппаратына (ішкі бақылау жүйесіне) тәуекелдердің алдын алу процесінің сапасы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ жалпы банк жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға және сенімділігін қолдауға ықпал етеді. Диссертацияның теориялық және практикалық бөлімдері экономика оқу орындарының, қайта даярлау және мамандардың біліктілігін жетілдіру институттарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында қолдануға болады.
Зерттеу нәтижелерінің сыналуы. Зерттеу жұмысының негізгі қорытындылары мен ұсыныстары халықаралық және аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда талқыланды.
Диссертациялық зерттеу жұмысының нәтижелері «kaspibank» АҚ ҚФ-ның практикалық қызметіне енгізілген.
Жарияланымдар.
Зерттеу тақырыбы бойынша 1,2 баспа табақтан тұратын 4 мақала жарық көрді. Олар халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми - практикалық конференцияларда баяндалған.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады, сонымен бірге кесте, сурет келтірілген.
1. Банк қызметінде тәуекел менеджментті қалыптастырудың теориялық аспектілері
Банк үшін тәуекелді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез-келген банктің қалыптасу процесінен бастап бүкіл қызмет ету уақтысында банктің іс-әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен байланысты.Банк ісінде тәуекел деп банктің табысы мен капиталына кері әсер ететін оқиғалардың болу ықтималдығын айтамыз. Тәуекел жағымсыз оқиғаның болу ықтималдығымен сипатталады. Бұл оқиғаларға мыналар жатады: табыстың төмендеуі, берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы, базалық ресурстардың азаюы, баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы басқалары. Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан кез-келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.
Банк жүйесінің дағдарысы тәуекелдерді басқарудағы елеулі кемшіліктерді ашты. Бірқатар банктерде тәуекел-менеджмент жүйесі мүлдем құрылмаған, басқаларында – осы функцияның тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген, үшіншілерде – жоғары басшылық тәуекел-менеджерлердің туындаған проблемалар жөніндегі ескертулеріне құлақ аспаған. Банк жүйесінің жаңа даму кезеңінде басшылық тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін айтарлықтай күш-жігер салуға тиіс.
Банк өзінің іс-әрекеттері нәтижесінде тәуекелдердің сан алуан түріне ұрынады. Мұндай тәуекелдер пайда болу уақтысына, пайда болу жеріне, ішкі, сыртқы факторларға және тағы басқа көптеген критерийлерге байланысты жіктеледі. Тәуекелдің барлық түрлері өзара байланысты болып табылады. Сондықтан тәуекелдің бір түрінің өзгеруі басқа да тәуекел түрлерінің өзгеруіне себеп болады. Осы себептерге байланысты банк үшін әр тәуекелдің түрін талдау, оның басқа тәуекелдің түрлерімен байланысын анықтау қиынға соғады.
Банктің басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу себептеріне аса маңызды көңіл бөледі. Тәуекелдің пайда болуының үш көзін атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді.
1.Нарықтық тәуекел деп әр түрлі активтер құнының өзгеруіне тәуелді қаржылық жағдайды айтамыз. Ол мыналардан тұрады:
-
Проценттік тәуекел – ағымдағы проценттік тәуекелдің өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.
-
Валюталық тәуекел – валюта бағамының өзгеруімен байланысты тәуекелдің түрі.
-
Инвестициялық тәуекел – қор нарығындағы өзгерістермен байланысты тәуекелдің түрі.
2. Контрагент тәуекелі немесе несиелік тәуекел – контрагенттің өз міндеттемелерін орындамауына немесе берілген несиені қайтармауына байланысты тәуекелді айтамыз.
3. Басқару немесе менеджмент тәуекелі. Ол мыналардан тұрады:
-
Оперативтік тәуекел – банктің кейбір функцияларымен байланысты тәуекелді айтамыз. Оларға мыналар жатады: банктің ұйымдастырушылық құрылымы, ақпараттық және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілу дәрежесі, кадрлардың мамандану деңгейі, банктің өз қызметін жедел және нақты орындау қабілеті.
-
Стратегиялық тәуекел – банк қызметінің дұрыс ұйымдаспауымен немесе жіберілген қателермен байланысты тәуекелдің түрі. Олар: шешім қабылдау үшін ақпараттық базаның жеткіліксіздігі, қаржы нарығының математикалық модельдерінің сапасының төмен болуы, болжау және жоспарлау әдістемелерінің толық еместігі.
Тәуекел дәңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп екіге бөлуге болады.
Жоғарыда келтірілген факторлар келесі жиі кездесетін банктік тәуекелдердің пайда болуына себеп бола алады:
1.Өтімділік тәуекелі активтерді тез арада ақшаға айналдыру немесе міндеттемелерді орындау үшін керек ресурстарды тарту қабілетін жоғалтумен байланысты.
2.Проценттік тәуекел нарықтағы процеттік ставканың ауытқуымен байланысты.
3.Несиелік тәуекел қарыз алушының өз міндеттемелерін орындамауымен байланысты.
4.Нарықтық немесе инвестициялық тәуекел бағалы қағаздардың мүмкін болатын құнсыздануымен байланысты.
5.Саяси тәуекел мемлекеттегі саяси жағдайдың тұрақтылығымен сипатталады.
6.Валюталық тәуекел валюталық бағамның жоспарланған деңгейден ауытқуымен байланысты.
7.Операциондық тәуекел төлемдерді жүргізу барысында немесе мәліметтерді электрондық өңдеу кезінде пайда болады.
8.Экономикалық тәуекел өндіріс салаларында және қаржы нарығындағы болатын жағымсыз жағдайларға байланысты пайда болады.
9.Келеңсіз жағдай тәуекелі табиғи апаттармен немесе төтенше жағдайлармен байланысты пайда болатын тәуекелдің түрі.
Банк үшін тәуекелдерді басқару өте маңызды болып келеді. Тәуекелдің жоғары деңгейімен сипатталатын банк қызметтерінің түрлерінде банк табысқа ие болу үшін шешім қабылдаудың ерекше механизмін дамытады. Банктер тәуекелдің мүмкін болатын деңгейін анықтап, оның табысты қандай дәрежеде ақтайтынын есептейді. Осының негізінде банк тәуекелдерді анықтауға өзгертуге, бақылауға, деңгейін төмендетуге байланысты іс-шараларды дайындап жүзеге асырады. Банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесі төмендегі суретте көрсетілген элементтерден тұрады (1 сурет).
Ақпараттық аналитикалық қызмет
Активтерді және пассивтерді басқару
Нормативтер мен лимиттерді белгілеу
моноторинг
Жеке салаларға байланысты шешім қабылдау уақтысында уәкілділікті бөлу
Аудит
Қаржылық талдау мен ішкі басқармашылық есептің жүйесі
Қызметтер мен өнімдерге баға белгілеу
Тәуекелді басқару жүйесінің элементтері
Несиелік саясатты жасау және жүзеге асыру
Құжат айналымына және есеп беруге байланысты талаптарды белгілеу
Қауіпсіздік қызметі
Ескертпе - автор құрастырған
Сурет 1 - Банктердегі тәуекелдерді басқару жүйесі
Банктік тәуекелдерді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асады. Ондай шаралар стратегиялық басқару деңгейінде немесе ұйымдастырушылық деңгейінде жүзеге асуы мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты банктер тарапынан көптеген жалпы және арнайы әдістер қолданылады.
Олардың ішінде жиі кездесетіндер: диверсификация; нәтижелер туралы қосымша ақпараттарды алу; лимиттеу; өзін-өзі сақтандыру;хеджирлеу; сапаны басқару.
Банк қызметін басқарудың бүкіл жүйесі тәуекелді басқаруға негізделген. Банктер актив және пассив операцияларын жүргізе отырып, тәуекелдердің қосымша факторларымен бетпе-бет келеді. Сондықтан тәуекелдерді басқару банкті стратегиялық басқарудың өзекті міндеттерінің қатарына кіреді. Банктің басқарушылық функцияларының табысы бақылау мен менеджменттің жай-күйі мен стратегиясына, оны ұйымдастыру жүйесіне байланысты.
Екінші деңгейдегі банктерде осы процесті сапалы ұйымдастыру үшін арнайы мамандандырылған бөлімдер тәуекел-менеджмент бөлімі ұйымдастырылады, оның қызметі белгіленген принциптер мен ережелерге негізделеді, ал оларды бұзу жекелеген операциялар мен жалпы банк бойынша залалға әкеп соқтыруы мүмкін. Тәуекел-менеджменті бөлімін ұйымдастыру үшін айрықша жағдайларда жұмыс істеп, нақты болжам жасай алатын және қаржы нарығындағы жағдайды қадағалап отыратын білікті мамандарды іріктеу қажет.
Біз зерттеген менеджмент және тәуекел-менеджменті теорияларының негізінде тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі маңызын білдіретін анықтаманы ұсынамыз: тәуекел-менеджмент банк қызметінде ұйымдастырыл-ған жүйе болып табылады. Осы жүйенің мақсаты банк тәуекелдерін барынша қысқарту, олардың алдын алу, қадағалау, оларды бақылау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ жоспарланған пайданы алу және банктің имиджін нарықтың тұрақты қаржы субъектісі ретінде сақтау үшін барынша күш-жігер салу болып табылады.
2. Екінші деңгейдегі банктердегі тәуекел-менеджменттің тиімділігін талдау.
Банк активтері мен пассивтерін күрделі басқару бұл банк қызметінің барлық бағыттарында табыстылықты көздейтін, тәуекелді төмендетуге бағытталған банктің стратегиясын жасауды білдіреді. Күрделі басқару капиталдың жеткілікті шамасын белгілеу, өтімділік пен сезімтал пайыз мөлшерлемелерін анықтау, несиелік тәуекелді бақылауда ұстау, банктің активтерінің сапарын бақылау сияқты шараларды қамтиды. Күрделі басқарудың артықшылығы, яғни ол бәсекелестік стратегияға сәйкес келеді және банктің қабілетін барынша көрсете біледі.
Қазақстанның банктік секторының 2005-2011жылдар аралығындағы экономикадағы рөлін талдаудан соңғы жылдарда коммерциялық банктердің экономикалың өсуін қамтамасыз етуге тигізген ықпалын кереміз (кесте 1).
2005 жылдан бастап, 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін банктік сектордың активтерінің ЖІӨ-гі үлесі 25,1%-дан 87,7%-ға дейін 3,5 есе өскен. 2006 жылдан бастап, экономикалық өсуді жыл сайын орта есеппен 10% тұрақты өсуге ие болуына банктердің активтерінің өсу ықпал еткендігі белгілі. 2005 жылдан 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін несиелік қоржынның ЖІӨ-гі үлесі де 15,9 % -дан 66,6 %-га дейін 4,2 есе өскен.
Кесте 1 - Қазақстан банк секторының экономикадағы рөліне талдау
Көрсеткіштер
|
2005ж
|
2006 ж
|
2007ж
|
2008ж
|
2009ж
|
2010ж
|
2011ж
|
ЖІӨ, млрд теңге
|
3250,6
|
3747,2
|
4 612,0
|
5 870,0
|
7 453,0
|
10 139,5
|
13 315,2
|
Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, %
|
25,1
|
30,6
|
36,3
|
45,8
|
60,6
|
87,5
|
87,7
|
Меншікті
Капиталдың ЖӨ-ге қатынасы, %
|
3,8
|
4,3
|
5,1
|
5,9
|
7,9
|
11,5
|
13,4
|
Несиелік
қоржынның ЖІӨ-ге катынасы, %
|
15,9
|
19,1
|
23,6
|
30,9
|
41,1
|
59,1
|
66,6
|
Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, %
|
25,1
|
30,6
|
36,3
|
45,8
|
60,6
|
87,5
|
87,7
|
Депозитгердің ЖІӨ-ге қатынасы, %
|
15,0
|
18,6
|
21,1
|
27,4
|
33,9
|
46,5
|
48,2
|
Ескертпе – ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау Министрлігінің мәліметтері негізінде автормен есептелген
|
ЕДБ-дің капиталдары 2004 жылы 97,6 млрд теңгені құраса, 2011 жылдың
аяғында салыстырғанда 18 есе өсіп, 1 78,8 млрд теңгені құрап отыр.
Сонымен қатар, Қазақстандық банк жүйесіне қатысты халықтың сенімінің артуын -соңғы жылдардагы банктердегі депозиттердің көлемінің артуынан байқауға болады. Соңғы 8 жыл ішінде банктердің депозиттері 12 есе артып, нәтижесінде 2011 жылы 3480,7 млрд теңгені кұрады. Ал депозиттердің ЖЮ-ге қатынасы 2004 жылы 11,3 % және 2010 жылы 39,1 %-ға дейін ескен.
Несиелік тәуекел несие берілгеннен кейін емес несие беру процесінде ескерілуге тиіс. Банктің қарыз қоржынын және несие қызметін талдау және бағалау банктің жалпы қаржылық жай-күйін анықтаудың аса маңызды құрамдастарының бірі болып табылады.
Несиелік тәуекелдің пайда болуына және оның пәрменділігіне ықпал ететін сыртқы да және ішкі де көптеген факторлар себеп болуда, барлық факторларды төмендегі түрлерге бөлеміз (кесте 2):
Кесте 2 – Банктің несиелік тәуекелінің факторлары
Сыртқы
|
Ішкі
|
- форс-мажор жағдайлары
|
- шарттық міндеттемелерді орындамау
|
- тұрақсыз экономикалық және саяси ахуал
|
- қарыз алушының несиеге қабілеттілігін бағалауға қойылатын талаптарды төмендету
|
- мемлекеттік экономикалық саясаттың қолайсыз өзгеруі
|
- кепілдіктердің төмен сапасы, кепілзатты бағалаудағы қателіктер
|
- ақпаратты бұрмалау тәуекелдері
|
- ырықтандырылған несие саясаты
|
- қызмет бабын теріс пайдалану тәуекелі
|
- банкті басқару тәуекелдері
|
- кредитті мақсатқа сәйкес емес пайдалану тәуекелі
|
- банк олар жөнінде жеткілікті ақпараты жоқ жаңа және жуықта тартылған клиенттердің өзіндік салмағы
|
- жауапкершіліктен жалтару
|
- өзара байланысты қарыз алушыларға берілген қомақты сомалар
|
|
- экономикалық дамудың қолайсыз салалық және өңірлік үрдістері
|
Ескерту – автро құрастырған
|
Несиелік тәуекел құрамынан тәуекелдердің мына түрлерін ерекше бөліп атауға болады, олар:
– несиені өтемеу тәуекелі қарыз алушының несиелік шарттық қарыздың негізгі сомасын толықтай және уақытылы қайтару, сондай-ақ пайыздар мен сыйақы төлеу ережелерін орындамау қаупін білдіреді;
– төлемдерді кешіктіру тәуекелі несиені қайтаруды кешіктіруді және пайыздарды уақытылы төлемеу қаупін білдіреді және ол банктің өтімлік қаражатының кемуіне әкеп соқтырады. Кешіктіру тәуекелі өтемеу тәуекеліне айналуы мүмкін;
– несиені қамтамасыз ету тәуекелі тәуекелдің дербес түрі болып табылмайды және несиені өтемеу тәуекелі пайда болғанда ғана қарастырылады.
Несиелік тәуекелдің несиелік операциялардың кірістілігіне ықпалын бағалау үшін төмендегі коэффициенттер жүйесін пайдалануды ұсынамыз (Кесте 3).
Кесте 3 – Несиелік тәуекелдердің нәтижелілігі бағаларының коэффициенттері
Коэффициенттер
|
Анықтау тәртібі
|
1. Кредиттік маржа
|
Таза пайыздық кірістің несиелік салымдарға қатынасы
|
2. Таза пайыздық маржа
|
Таза пайыздық маржа мен несиелер бойынша шығасылар коэффициенттерінің арасындағы айырма
|
3. Несиелер бойынша шығасылар коэффициенттері
|
Кешіктірілген несиелердің несиелік салымдарға қатынасы
|
4. Несиенің тәуекелдің қорғалу коэффициенті
|
Резервтік капиталдың несиелік салымдарға қатынасы
|
5. Несиелер бойынша уыстан шығарылған пайда коэффициенті
|
Толықтай алынбаған пайыздар сомасының алынған пйаыздардың жалпы сомасына қатынасы
|
Несиелік салымдардың өсу қарқындары
|
Соңғы кезеңде берілген несиелердің ағымдағы жылда берілген несиелерге қатынасы
|
Ескерту – автро құрастырған
|
Біз осы коэффиценттерді есептеу берілген несиелердің тиімділігін дұрыс өлшеуге көмектеседі және банк бас тігетін несиелік тәуекелге тиісті баға береді деп санаймыз.
Банкте тәуекел-менеджмент жүйесін құру тәуекел болуы мүмкін операциялардың ашықтығы мен оларды уақытылы анықтауға ықпал етуі тиіс. Банктердің басым көпшілігі клиенттердің (салымшылардың) қаражатымен жұмыс істейтіндіктен, ішкі тәуекел-менеджмент жүйесінің болуы тәуекелдермен бетпе-бет келуді барынша төмендету және тиісінше банктің залалдарын қысқартуға ықпал етуге тиіс деп ойлаймыз.
Қазіргі уақытта банктердегі тәуекел-менеджмент бөлімінің функциялары айтарлықтай кеңейгенін атап өту қажет. Мысалы, кейбір банктерде тәуекел-менеджменті қызметіне несиелеумен байланысты барлық салымшылардың, яғни заңды және жеке тұлғалардың сондай-ақ банк сатып алуға ниет білдіретін вексельдердің эмитенттерінің, индоссанттардың және авалистердің қаржылық жағдайын талдау жүктеледі. Жекелеген банктер несиелік қызметкерлер мен дилерлерді қаржылық талдау жүргізумен байланысты техникалық жұмысан босату мақсатында тәуекел-менеджмент бөлімінің функциясын осылай кеңейтті. Сонымен бірге актив операциялар жүргізетін құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері өздеріне қажетті ақпаратты оны тәуекел-менеджменті қызметі талдап өңдегеннен кейін алады.
Жүргізілген талдау тәуекелдерді басқаруды келесі жүйеге біріктіру тәсілдемесін жасауға және әрбір элемент шектерінде топтардан тәуекел-менеджмент құралдарын жеке бөліп алуға мүмкіндік береді (Кесте 4):
Кесте 4 – Тәуекелдерді басқару жүйесі
Тәуекелдерді басқару жүйесінің элементтері
|
Операция жүргізуден ішінара немесе толықтай бас тарту
|
Тәуекелдерді болжау
|
Ысырапты материалдық өтеу
|
1. Сенімсіз клиенттер
мен әріптестерді анықтау.
2. Тәуекелі жоғары операциялардан бас тарту.
3. Қисынсыз ысырапқа жол бермеу.
|
1. Ықтимал ысыраптың ба-
рынша көп шамасын және барынша аз шамасын алдын ала есептеу
2. Ысыраптың ықтималдығын анықтау.
3. Ықтимал ысыраптың уақытын есептеу.
|
1. Сақтандыру.
2. Хеджерлеу
3. Ішкі бақылауды күшейту.
4. Тәуекелдер мониторингін енгізу
|
Тәуекелдерді басқару объектілері
|
1. Қаржы тәуекелі
2. Валюталық тәуекел
3. Несиелік тәуекел
4. Инвестициялық тәуекел
|
1. Өтімділік тәуекелі
2. Операциялық тәуекел
|
1. Пайыздық тәуекел
2. Қор тәуекелі.
3. Валюталық тәуекел.
4. Несиелік тәуекел.
5. Инвестициялық
тәуекел
|
Ескерту – Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген
|
Тәуекел-менеджментті талдауда төмендегі факторлар назарға алынады:
– банк басшылығы біліктілігін, басшылық жасау және әкімшілік ету қабілетін көрсетуге тиіс;
– банк басшылығы заңнаманы және белгіленген ішкі ережелерді,
ҚРҰБ-тің және ҚҚА-тің, сондай-ақ ішкі және сыртқы аудиторлардың ұсыныстарын сақтауға;
– банк басшылығы экономикалық ахуалдың өзгеруіне, банк ортасының өзгеруіне бейімделуін (тактика мен стратегияның оралымдылығағын) көрсетуге тиіс;
– банк басшылығы тиісті ішкі жұмыс ережелерінің әзірленуі және олардың орындалуы үшін толықтай жауап беруге;
– банк басшылығы тәуекелдерді басқарудың тиісті біліктілігін қамтамасыз етумақсатында қызметкерлерді оқытуға;
– банк басшылығы пайдакүнем іс-әрекеттердің кез келген көрінісі, әсіресе банкпен ерекше қатынастар байланысты тұлғаларға жеңілдікпен қарыз беруге қатысты сынға ұшырайды.
3. Тәуекел-менеджментті дамыту және оның тиімділігін бағалау әдістемесін жетілдіру. Қазіргі заманғы экономика мен әлемдік шаруашылық жақсы дамыған қаржы нарығынсыз тұтастай толыққанды дами алмайды, ал Қазақстанның қаржы нарығы негізінен екінші деңгейдегі банктерден құралады. Алайда, аталмыш нарықтар бір және соңғы рет қалыптасып қатып қалған құрылым емес. Сондықтан тек жаңа қаржы өнімдері мен қызметтердің пайда болуы ғана барлық өзгерістерге қарамастан нарыққа тұрақтылықты және басқаруды сақтап қалуға көмектеседі.
Инновациялық құралдарды іздестіру мен енгізу макроортадағы, нарық жағдаятындағы өзгерістермен, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен байланысты (Сурет 2).
Елдің, өңірдің қаржы жүйесінің тұрақсыздығы
Қаржы жүйелерін реттейтін ұлттық режимдеріндегі заңнамалық өзгерістер
Ақпараттық технологиялардың дамуы
Банк емес институттар тарапынан бәсекелестік
Банктер
Қаржы инновациялары
Ескерту – автор әзірлеген
Сурет 2 – Банк ортасында қаржы инновацияларының қалыптасу жағдайы
Инновациялардың пайда болуын ынталандыратын жағдайлар банк жүйесіне ықпал етеді, сондай-ақ айтарлықтай өзгерістерге әкеп соқтырады.
Халықаралық қаржы нарықтарына қатысты айтатын болсақ банк мекемелерінің инновациялық қызметінің басты бағыты (тренд) валюталық-несиелік және қаржы құралдары мен операцияларының жаңа формалары мен гибридтерін құру және оларды тарату болып табылады.
Банк тәуекелдерін басқару саясаты банктің жалпы қаржы стратегиясының бөлігі болып табылады, ол түрлі қаржы операцияларын жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің қаржылық салдарын ырықтандыру жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлейді. Алайда соңғы уақытта тәуекелдерді басқару саласында жаңа үрдістер пайда болды: тәуекелдер айқынырақ, тәуекелді мөлшерін анықтайтын әдістер кеңірек пайдаланып, тәуекел жан-жақты бақылай отырып, өлшене бастады, жаңа әдістемелер мен ұйымдастырушылық технологиялар пайда болды. Осының барлығы менеджмент тарапынан да, сондай-ақ тәуекелдерді басқару проблемаларына меншік иелері тарапынан да баса назар аударуына себеп болды.
Сондықтан банк тәуекелдерін басқаруда ең бастысы сол немесе басқа операциялар жасағанда тәуекелдің мүмкіндігін дұрыс бағалап, оны барынша төмен деңгейге дейін қысқарту. Банк менеджментінің ең маңызды міндеті банктің пайдалылығы, тәуекелдігі мен сенімділігінің арасындағы оңтайлы арақатынасты табу. Ал осыған банктің негізгі тәуекелдерін реттеу, яғни несиелік тәуекелді басқару арқылы қол жеткізуге болады.
Пайыздық тәуекелді басқару міндетіне осы тәуекелді банктің пайдалылығы мен мақсаттарының шектерінде барынша төмендету кіреді. Коммерциялық банктер пайыздық тәуекелге жол бермеу үшін:
1) пайыздың ақша нарығының жаңа жағдайларына бейімделу ережесін (несиелік шарттарда) пайдалануға;
2) баланстың құрылымын өзгертуге бағдарланған саясат жүргізуге;
3) пайыздық тәуекелдің өтемақысын белгілеуге тиіс.
Қазақстан банктерінің тәуекелдерін жекелеген банктің микродеңгейде төмендету мәселесін қарастыра отырып, мына шетелдік тәжірибені қолдануды ұсынуға болады:
– банк бөлімшесінің құрылымын өкілеттіктерді қатаң шектеу принципіне сәйкес құру. Аталмыш тәжірибені негізінен шетел капиталының көмегімен құрылған банктер ғана пайдаланады;
– банктің стратегиясын маркетингтік зерттеулер мен банктің алдына қойылған мақсаттардың негізінде әзірлеу;
– банкті аудиторлық компаниялар тарапынан ұдайы тексеру (жиірек болса – банк операцияларын бақылау тәуекелі де аз болады). Осы тәжірибені қазақстандық банктер енгізе бастады. Мәселен, Каспийский банкі 1997 жылы банкті тоқсан сайын аудиторлық тексеруге (аутсорсинг) «Қазақстанаудит» фирмасымен келісім жасады;
– банктің өтімділігі бірнеше клиентке немесе нарықтың жекелеген сегментіне тәуелді болмас үшін банктің пассивтері мен активтерін әртараптандыру. Банктер осы мақсатта филиалдарды көптеп құруға және көбірек клиент тартуға тырысуға тиіс;
– экономиканың нақты секторын несиелеуге ойластырылған тәртіптеменің болуы. Мұның өзінде несиеленетін кәсіпорындардың ең кемінде мына екі талапқа жауап беруі, яғни несие бойынша пайыздық ставканы жабатын деңгейдегі пайдалылығы және нарықтарда жылдам өтетін сапасы бар жеткілікті кепілзаты болуы тиіс;
– нарықтағы әлі бос орынды жаулап алу мақсатында практикаға жаңа құралдар мен қызметтер енгізу;
– ықтимал залал мен шығынды барынша төмендету мақсатында, қаржы және валюта нарығында негізгі операцияларды міндетті түрде лимиттеу. Атап айтқанда банк тәуекелдерін шектеу жөніндегі тиімді шаралардың бірі ретінде ашық жайғасымды лимиттерді, арнаулы лимиттерді және залал лимиттерін қолдану ұсынылады;
– банк қызметкерлерін тұрақты оқыту және қайта даярлау негізінде банк ұйымын басқару сапасын арттыру.
Тәуекелдерді кешенді басқару жүйесі ықтимал ысырапты толықтай болдырмайтын қорғаныс емес, алайда ол олардың жиынтығының ықпалы күтілетін мөлшерден тыс ысырапқа әкеп соқтырмайды деп айтуға негіз береді. Осы жүйе банк бизнесінің тәуекелдер жиынтығын шоғырландыруға және жағдай қолайсыз дамығанда ықтимал ысырапты барынша төмендетуге мүмкіндік береді. Біз осы пікірге арқа сүйеп екінші деңгейдегі банк менеджменттерінде тәуекел-менеджментті ұйымдастыру сызбасын әзірледік (Сурет 3).
Сурет 3 – ЕДБ-те тәуекел-менеджментті ұйымдастыру сызбасы (автор әзірлеген)
Әлемнің ең ірі корпорацияларының тәжірибесін зерттеу негізінде әзірленген сызбадан тәуекел-менеджменті бөлімі банк Басқармасымен бір деңгейде қарастырылғаны көрінеді. Бұл тәуекел-менеджмент бөлімінің функционалдық маңызы банк Басқармасымен бірдей екенін растайды. Егер банк Басқармасы бүкіл банк жұмысын ағымдағы және жедел басқару үшін жауап берсе, онда тәуекел-менеджмент бөлімі тәуекелдерді үйлестіру мен басқаруды Басқарма деңгейінде ұйымдастыруға тиіс. Тәуекел-менеджмент бөлімінің жұмысын ұйымдастырудың ұсынылып отырған біріктірілген сызбасы – банктің басқа барлық басқа бөлімдерімен және бөлімшелерімен өзара тығыз байланысты біртұтас жүйе, сондықтан ол барлық бизнес-процестерді қамтитын банк қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Осы сызбаға сәйкес тәуекел-менеджменті бөлімінің негізгі міндетіне банк басшылығын банктің бизнес-жайғасымы жөнінде объективті және толық ақпаратпен қамтамасыз ету, дағдарыстың алдын алуға немесе тәуелді факторлардың ықпалын төмендетуге бағытталған тиімді шешімдер әзірлеу жатады.
Біздің ойымызша, екінші деңгейдегі банктерде ұйымдастырылған тәуекел-менеджмент бөлімі жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында төмендегі принциптерге негізделуге тиіс, біз оларды сондықтан практикаға енгізуді ұсынамыз:
– тәуекел құнын бағалау принципі, яғни банк белгіленген сәтте бас тігетін жиынтық тәуекел банктің меншік капиталының мөлшерінен аспауға тиіс;
– тәуекелдің салмақтылық принципі, яғни азғана үшін көппен тәуекел етуге болмайды, сондықтан банк мамандары тәуекелдің салдарын барынша есептеп, болжауға тиіс;
– операцияның табыстылығына сенімді болу принципі, яғни сенімсіздік болмаса жағымды шешім қабылдануға тиіс (егер сенімсіздік 50%-ды және одан астамды құраса, онда осы операция бойынша жағымсыз шешім қабылдаған орынды );
– ресурстарды салудың сәйкестік принципі, яғни кірістілік деңгейі бойынша ұқсас қаражат салатын бағыт әркезде табылады оны да қарап талдау, салмақтау және ресурстар бастапқы салынған бағытпен салыстыру қажет;
– тәуекелді жабу принципі, яғни операция сәтсіз болған жағдайда банк оның есебінен ысырапты әркезде жабатын резерв болуы тиіс.
Тәуекел-менеджментті ұйымдастырудың жаңа механизмі жаңа тәсілдемелерді талап етеді, олардың біреуі – шешім қабылдау, математикалық модельдеу теорияларының, жүйелерді, ақпараттық және ұйымдастыруды модельдеу теориялары түйісуінде орналасқан контроллинг жүйесін енгізу болып табылады.
Контроллинг – тәуекел-менеджменттің аса маңызды элементтерінің бірі болып табылады, сонымен бірге ол барлық қажетті ішкі және сыртқы ақпарат жүйеленіп, талданып және басқарушылық шешім қабылдайтын тұлғаларға жіберілетін жағдайды қамтамасыз етеді» .
Контроллинг тұжырымдамасы айналасында тәуекел-менеджментті ұйымдастыру басқарудың өзекті элементтері біріктірілуге тиіс негіз болып табылады.
Жалпы айтқанда контроллинг – жағдайды меңгеру, процестерді басқару әрі реттеу, сондай-ақ оған шығындарды есептеу. Біздің жағдайда конроллинг банк тәуекелдерін бақылауды, олардың математикалық есептеуді, сондай-ақ тәуекелділіктің қажеттілігін және түпкілікті нәтижесін анықтауды қамтамасыз етуге тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Тәуекел-менеджмент жүйесін құруды – коммерциялық банктердің кәсіпкерлік қызметінде кездесетін тәуекелдің барлық түріне объективтік түрде ден қою ретінде қарастыру қажет. Оның белең алуына бизнестің ғаламдануы, бәсекенің шиеленісуі, сонымен бірге қаржы қызметтеріне және банктің делдалдық операцияларына (лизинг, факторинг, форфейтинг) сұраныстың күшеюі ықпал етті. Қазіргі замандағы іскерлік орта жағдайында нарықта барабар іс-әрекет жасауды пысықтау, сондай-ақ тіршілік ету жолдарын анықтап, тұрақты өсіп-өркендеу негізін қалау тәуекел-менеджмент жүйесін құрып, оны дамытуды қажет етеді. Сонымен бірге тәуекел-менеджменті теориясы мен оны ұйымдастырып жүргізу әдістемесін әзірлеудің де маңызы арта бастады. Банктерді әр түрлі қаржы нарықтарында және клиенттермен жасалатын операцияларда ықтимал тәуекелден қорғауға ықпал ететін тәуекел-менеджментін қауіпсіздік деңгейіне жетуге қажетті іс-әрекеттердің жиынтық моделі ретінде қарастыруға болады. Тәуекелдің алдын алу және бизнесті одан қорғау әдістемесі тұрғысынан алып қарағанда тәуекел-менеджменті коммерциялық банктер қызметінің негізгі бағыттарының бірі (маркетингтік, бәсекелік, инновациялық және т.б. бағыттармен қатар) болып табылады. Қазіргі заманғы банк нарығын тәуекелсіз елестету мүмкін емес. Тәуекел кез келген операцияда болады, тек түрлі банктерде тәуекелдің мөлшері әрқалай болуы мүмкін, сондықтан оны бағалау және мүмкіндігінше барынша төмендету қажет.
Іске асырылған диссертациялық зерттеу мынадай қорытынды шығаруға мүмкіндік береді:
1. Макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау қиын және тәуекелге толықтай жол бермеу мүмкін емес. Тәуекелдерді басқару жүйесінің мақсаты сол немесе басқа операцияны жүргізу кезінде тәуекелдің туындау ықтималдығын дұрыс бағалау және оны барынша төмендету. Тәуекелдерді басқару практикасының қалыптасуы әлі аяқталмағанын және көпшілікті қанағаттандыратын әдістеме әлі құрылмағанын атап өту қажет. Әрбір банктің өзіндік ерекшеліктері бар және олардың әрқайсысының нарықта өз орнын қызметкерлерінің мүмкіндіктеріне орай шамалайды, сондай-ақ банктердің байланыстары жылдар бойы пысықталған, негізгі операцияларының шеңбері де белгіленген. Сондықтан бір банкке тән тәуекелдерді басқарудың қолайлы моделі екінші банк үшін әркезде сәтті бола бермейді. Сол себептен осы еңбекте тәуекелдер теориясы мен тәуекелдерді басқару (тәуекел-менеджменті) теориясы зерттелді және банк қызметіндегі тәуекел-менеджменттің анықтамасы берілді.
2. Шетелдік және отандық ғалымдар тәуекелдерді басқарудың бірыңғай бірегей жүйесін әзірлеу үшін көптеген тәсілдеме жасауды ойластырды. Диссертациялық зерттеу барысында несиетік, инвестициялық, пайыздық тәуекелді, өтімділік тәуекелін және операциялық тәуекелді басқарудың ең белгілі әдістері зерттелді. Сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімділігін бағалап талдау жасалды. Осы зерттеулер негізінде біз тәуекелдерді басқару жүйесін әзірледік, аталмыш жүйе, біздің ойымызша, әрбір коммерциялық банкте жұмыс істеуге тиіс.
3. Тәуекелдерді басқару процесінде инновациялар жасап, оларды қолдану қаржы менежментінің ең маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Тәуекел-менеджменті жүйесіндегі банктердің инновациялық қызметін автор төмендегідей сәйкестендіреді:
– тәуекел-менеджменті стратегиясын қалыптастыру негізінде;
– қаржы нарықтарында бәсекелік орта өршіген және жағдай күрделенген жағдайда тәуекел-менеджментінің ең маңызды құралы, қаржы нарығында банктердің жұмысында қаржы инновациялары мен технологиялардың рөлін ескеру қажет.
Еңбекте мақсатты бағдармен – тәуекел-менеджментінің әдістерін жоғарылату арқылы қаржылық тұрақтылыққа жетумен өзара байланысты банктердің қаржылық инновацияларының рөлі мен негізгі тұжырымдамасы анықталған.
4. Коммерциялық банктер тәуекел-менеджментті ұйымдастыру қажет екенін мойындады. Екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментті ұйымдастырудың үлгілік сызбасының болмауына орай, әрбір банк осы ұйымдастыру құрылымын өзі дербес әзірлеп енгізеді. Әрбір банк осы жүйенің мақсаты мен міндеттерін өзі дербес белгілейді. Тәуекел-менеджменттің функциясын жоғарылату әрі оны бірдейлендіру мақсатында, біз екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментті ұйымдастыру сызбасын әзірледік, сондай-ақ тәуекел-менеджері банк қызметінде сүйенуге тиіс принциптер де белгіленді.
5. Несиетік ұйымдардың банктің күнделікті қызметін қамтитын контроллинг жүйесін (әсіресе ішкі) құру тәсілдемелерін жетілдіру Қазақстанда банк ісін дамытудың тиімді элементі болып табылады. Мұның өзінде тәуекел-менеджменттің элементі болып табылатын контроллинг бақылау мен тәртіптемелердің жалпы саясатының жиынтығын білдіреді. Банк басшылығы жалпы саясатты банк жұмысының ашықтығына жету үшін қабылдаған және банк қызметінің ретті әрі тиімді жүргізу, сондай-ақ банктің саясатын қолдау, активтерді сақтау, келеңсіздіктердің алдын алу мен оларды жою, құжаттарды және бухгалтерлік жазбаларды дұрыс және толық ресімдеу, сондай-ақ нақты және сенімді қаржы ақпаратын уақытында дайындау мақсатында жүзеге асырылады.
Контроллинг тәуекел-менеджменттің негізін қалай отырып, оның қаржылық жағдайына, тұрақтылығы мен сенімділігіне ықпал ететін банк қызметінің барлық бағыттарын қадағалауға, бақылауға (мониторинг), тексеріп, талдауға бағытталған.
Диссертациялық зерттеуде контроллингтің және оның элементтерінің рөлі зерттелді, автор жүргізілген зерттеу негізінде тәуекел-менеджментінің негізгі құрамдасы ретіндегі контроллингтің маңызын анықтаған.
6. Тәуекелдерді басқару жүйелері «микротәуекел-менеджменті» және «макротәуекел-менеджменті» деген екі топқа бөлінеді. Микротәуекел-менеджменті жүйесі – тәуекелдерді «жұмыс орны» деңгейінде басқару жүйесі. Макротәуекел-менеджменті бүкіл институт деңгейіндегі тәуекелдерді басқару жөніндегі біріктірілген шешімдерді қарастырады. Диссертацияда бүгінгі таңда банктер тәуекелдерді басқарудың барабар жүйесін қалыптастыруда бетпе-бет келетін негізгі проблемалар анықталған. Тәуекелдерді бағалау жүйесі осы проблеманың бірі болып табылады. Автордың шетелдік және отандық практикада қолданылатын тәуекелдерді бағалаудың көптеген әдістерін зерттеу негізінде тәуекелі жоғары актив операциялары бойынша банк тәуекелдерін бағалау жүйесін әзірледі, сондай-ақ автор жол берілетін ысырап коэффициентін есептеу формуласы ұғымын енгізді және банк ұшырауы мүмкін тәуекел коэффициентін есептейтін формуланы дайындады. Осы әзірлемені іс жүзінде пайдалану банктің тәуекел-менеджерлеріне активтердің ықтимал ысырабын алдын ала бағалауда және қаржы ресурстарын салатын бағытты таңдауда дұрыс шешім қабылдауда көмек көрсетеді.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектердің тізімі
1. Банк ресурстарын оңтайлы басқару жүйесін жетілдіру жолдары. //«Қазіргі Қазақстан - бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы: тәжірибесі мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми - практикалық конференция материалдары. – Жамбыл гуманитарлық техникалық университеті. - Тараз, 2012ж.- Б.57-62.
2. Банк қызметінде тәуекел - менеджментті жетілдірудің негізгі бағыттары. //Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің 40-жылдығына арналған VII аймақтық студенттердің «Жаңа ұрпақ және Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының қазіргі мә-селелері» атты ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. - Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті. - Қарағанды, 2012ж. -Б.18-22.
3. Тәуекел – менеджментті бағалаудың негізгі принциптері мен өлшемдері. //Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті Экономика және қашықтықтан оқыту институтының 20-жылдығына арналған «20-жыл: Экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы» атты облыстық ғылыми-тәжіри-белік конференция материалдары. - Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті. – Қызылорда, 2012ж.- Б.39-44.
4. Тәуекел-менеждменттің жәй-күйін талдау және оның банк қызметіне ықпалы. // Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.- Хабаршы №4(30).- Қызылорда, 2012ж.- Б.91-95.
Резюме
на реферат диссертации на соискание академической степени магистра экономики и бизнеса по специальности 6M050600 – «экономика»
Досжанов Рустем Альфредович
Пути повышения эффективности риск менеджмента в деятельности предприятия (на материалах коммерческих банков Кызылординской области)
Актуальность темы исследования. Банки как посредники на финансовом рынке подвержены рискам потерь вследствие влияния на их деятельность различного рода рисков. Это могут быть риски, связанные как с внешними факторами, так и внутренними факторами.
Банковские риски возникают вследствие непродуманной кредитной, депозитной, учетной политики, неблагоприятных колебаний обменных курсов валют, изменения процентных ставок на финансовых рынках и т.д.
Актуальность проблемы банковского риск-менеджмента первоочередным образом связана именно с интернационализацией хозяйственной жизни, либерализацией межстранового движения капиталов, мировым финансовым кризисом. Ведь финансовые результаты деятельности банков второго уровня РК за последние два года не стабильны, а в некоторых случаях и отрицательны.
Вместе с тем, многие вопросы этой многоаспектной проблемы не до конца изучены. Одним из наиболее важных и нерешенных вопросов является теоретическое и практическое обоснование совершенствования процесса риск-менеджмента банков на казахстанском рынке.
Цель диссертационного исследования состоит в разработке теоретических и практических рекомендаций по совершенствованию механизма банковского риск-менеджмента с учетом особенностей современного развития банковского сектора Казахстана.
Объект исследования - банки второго уровня Республики Казахстан.
-
авторская трактовка понятий «банковский риск» и «банковский риск-менеджмент»,
-
обоснование особенностей классификации банковских рисков в зависимости от факторов, влияющих на риски;
-
методические и практические рекомендации по совершенствованию банковского риск-менеджмента в зависимости от вида риска и применяемого инструментария нейтрализации рисков;
-
предложения по совершенствованию элементов системы управления кредитным и процентным рисками;
-
практические рекомендации по совершенствованию банковского риск-менеджмента в стрессовых условиях функционирования финансового рынка Казахстана на основе дальнейшего развития механизма минимизации финансовых рисков коммерческих банков Республики Казахстан.
SUMMARY
on the autoreferat of the dissertation on getting degree of magistre of economic science by the speciality 6M050600 – economic
DOSZHANOV RUSTEM ALFREDOVICH
Ways of increase of efficiency risk management in enterprise activity (based on documents from second level banks of Kyzylordinsky area)
Actuality of survey. Banks as intermediates in the financial market are exposed to risks of loss because different types of risks affect their activity. Under the current market economy and moreover the global economic crisis banks tends to diversified approach to the banking risk management, that is required improving risk management tools. There is demand for hedging methods what would suppose minimizing risks or guaranteed compensation of losses due to adverse changes at the expense of profits earned. The above mentioned says about the need to improve banking risk management methods in the Republic of Kazakhstan.
Objective of survey is second level banks of the Republic of Kazakhstan.
Subject of survey is a set of economic relations arisen at the time of organization, function and development of the banking risk management methods while minimizing banking risks.
The scope of the thesis is to develop improvement trends for the banking risk management providing stable operation of banks on the basis of theoretical and practical knowledge for the banking risk management in the Kazakhstan banking market.
The scientific novelty of the thesis consists in the development of improvements for the banking risk management in the Republic of Kazakhstan and includes the following:
- author’s interpretation of definitions like ‘banking risk’ and ‘banking risk management’;
- factors those provoke banking risks, their ranging by permissible level measurements, author’s classification of banking risks and management methods;
- comprehensive analysis of second level banks of the Republic of Kazakhstan activities and the most significant risks revealed what are typical for the banking system of the Republic of Kazakhstan, as well proposals to improve the existing practice to minimize credit and interest risks;
- banking risks hedging methods by tools applied to neutralize risks;
- grounds for the necessity of the further development of the banking risks management system for the second level banks of the RK as the basis for the risk management process for the second level banks;
- proved and made suggestions improving banking risk management system while managing separate types of risks, defined specifics and terms of their applications for the second level banks of the RK.
Достарыңызбен бөлісу: |