Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері



бет1/14
Дата03.10.2023
өлшемі268 Kb.
#479681
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Лекция




3
Лекция сабақтарының тезистері.


Лекция 1. Информатика пәні, құрамы және объектілері. Дербес компьютердің классикалық архитектурасы. Фон Нейман принципі. Техникалық және программалық жабдықтау.
Информатика пәні, құрамы және объектілері. Жаңа информациялық технологиялар. Дербес компьютердің классикалық архитектурасы. Фон Нейман принципі. Логикалық құрылғылар.
Информатика – бұл электрондық есептеу техникасымен информацияны жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау әдістері менен заңдылықтарын зерттеуге арналған ғылыми пән.
Информатика термині француз тілінен informatique (информация) сөзінің басы мен automatique (автоматика) сөзінің соңын біріктіру арқылы туындап, «информацияны автоматты түрде қайта өңдеу» деген мағына білдіреді. Ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекеттер «сomputer science» - компьютерлік ғылым терминін қолданады.
Информатика қолданбалы пән ретінде:

  • Информациялық процестердегі заңдылықтарды үйрену;

  • Информациялық коммуникациялық модельдерді құру;

  • Информациялық жүйелерді және информацияны қайта өңдеу технологияларыменен айналысады.

1945 жылы алғаш компьютерлер шыға бастаған кезде, ұлы голланд математигі Джон фон Нейман компьютердің қалай құрылғанын зерттей отырып, ақпараттарды өңдеу үшін ол әр жақты болу керек деп айтты. Осы компьютерлердің негізгі архитектурасы фон Нейманның принципі деп аталады. Қазіргі кезде көптеген компьютерлер фон Нейманның принципі негізінде жұмыс атқарады.


Фон Нейманның классикалық архитектурасы. Нейманның принциптері бойынша, компьютер төмендегідей құрылғыларды қамтуы керек:



Жаңа ақпараттық технология - деп ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығын айтамыз. Жаңа ақпаратты технологиялардың негізін компьютердің аппараттық және программалық жасақтамалары құрайды.
Аппараттық жасақтама (hardware) – деп программалар менен мәліметтерді сақтау, өңдеу немесе жеткізу үшін пайдаланылатын физикалық құрылғылар кешенін айтамыз. Оның құрамына кез келген компьютерлік жүйенің жұмыс істеуіне қажетті негізгі, сыртқы құрылғыларды, терминалдар мен абоненттік бөлімдерді, байланыс құралдарын қамтитын техникалық құралдардың кешені кіреді.



компьютердің аты

компьютерді шығарушы корпорация



микропроцессор платформасы

базардағы көлем(%)

IBM PC

IBM

Intel



90

Macintosh

Apple

Motorola



10

Программалық жасақтама (software) – деп белгілі бір типтегі компьютерлерге арналған алгоритмдер мен программалар кешенін айтамыз.


Программалық жасақтама төмендегі түрлерге бөлінеді:

  • жүйелік программалық жасақтама (system software);

  • қолданбалы программалық жасақтама (application software);

  • программалау жүйелері (programming system).

Жүйелік жасақтама төмендегі түрлерге бөлінеді:

  • операциялық жүйелер;

  • операциялық жүйені толықтырғыштыр;

  • утилиттер;

  • драйверлер;

  • антивирустар;

  • архиваторлар.

Қолданбалы жасақтама төмендегі түрлерге бөлінеді:

  • графикалық процессорлар;

  • кестелік процессорлар;

  • мәліметтер қорын басқару жүйелері;

  • қолданбалы программалар пакеттері (математикалық және экономикалық пакеттер, автоматтандырылған оқыту жүйелері, WEB - броузерлер, жұмыс жүргізудің интегралданған жүйелері, электрондық сөздіктер мен аудармашылар, мультимедиа-энциклопедиялар, электрондық анықтамалар, эксперттік жүйелер, виртуал музейлер, компьютерлік ойындар).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет