Дубекова Райхан Калкамановна
Бастауыш сынып мұғалімі
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ала ма?
Жасанды интеллект – компьютерді, роботтық технологияны немесе аналитикалық жүйені адам сияқты интеллектуалды ойлауға үйрету жолдарын зерттейтін технология, дәлірек айтсақ, қазіргі ғылымның бағыты. Шындығында, адамдар интеллектуалды робот көмекшілерінің болуын алғашқы компьютерлер ойлап табылғанға дейін армандаған. Негізінде, «жасанды интеллект» тіркесі адамның санасын жасанды жолмен жасау идеясын арқалағандықтан, ол адам сияқты еркін ойлау қабілетіне ие болуы тиіс еді. Жасанды интеллект адам өміріндегі барлық салаға ептеп еніп, өмір сүру сапасын жеңілдетіп отыр. Ол үлкен ақпарат қорымен жұмыс істейді. Мәліметтер болмаса, олардың заңдылығын анықтау мүмкін болмайды, ал ол – ЖИ жұмысының негізі. Енді ойланып қарайық, үлкен мәліметтер қорын қайдан аламыз? Ол біздің күнделікті іс-әрекетіміз, сөйлеген сөзіміз, тіпті көзіміздің жыпылықтауы мен жүрек қағысымыздан-ақ тұр, яғни, ақпараттың айдыны шексіз. Ал жасанды сананы қай жерде қолданамыз десек, күнделікті қажеттілікте жарата аламыз.
Жасанды интеллект тез дамып, күштірек бола түсуде. Кейбір адамдар ертелі-кеш мұғалімдерді оқыту процессінде алмастыра алады деп сенеді. Дегенмен, басқалары ешқашан білім берудегі мұғалімдердің рөлін толығымен алмастыра алмайды деп санайды. Инновациялар дамыту департаменті директоры Дархан Мырзабаев бүгінде жасанды интеллекті мамандарды алмастыратындай деңгейге жетпегенін айтқан.
Бұл қазір әлемдік деңгейде талқыланып жатыр. Мәселен, бүкіл ғұмырын жасанды интеллект саласын дамытуға жұмсаған Джеффри Хинтон секілді азаматтар сәл пессимистік көңіл күйде. ... Жасанды интеллект көп салада, білім саласында, қайталанатын істерді атқару саласында адамды алмастыра алады, бірақ адамзатты алмастыра алмайды. Мәселен, адам заңгер немесе мұғалім, қаржыгер және тағы басқа саланың маманы болса да, нашар маман, жұмысын өз деңгейінде атқара алмауы мүмкін. Жасанды интеллект мұндай адамды оп-оңай алмастырады және өте арзанға түседі.
Жасанды интеллект – кез-келген нәрсеге қабілетті, болжамдардан бастап, кескіндерді жасауға дейін мүмкіндігі бар. Жасанды интеллекттің нәтижелеріне қарап технологиялардың қалай жұмыс жасайтынын, оның қазіргі және болашақ ұрпақ үшін әсерін түсіну маңызды. Негізінен жасанды интеллект тәжірибе үшін маңызды. Себебі, ол мәселелерді шешуге, алдағы уақытты жоспарлауға, білім алуға, жаңа жағдайларды импровизациялау мен жаңа нәрселерді үйренуге көмектеседі.
Білім берудегі жасанды интеллект дәстүрлі оқыту әдістерінен бірнеше артықшылықтарға ие. Атап айтсақ:
- Жеке оқытуды қамтамасыз ету. Жасанды интеллект оқушының мүмкіндіктерін, оның қалауларының ауқымы туралы мәліметтерді жинай алады, іздеу сұрауларын зерттей алады және оның жеке қажеттіліктеріне бейімделе алады.
— Білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз ету. ЖИ қарапайым мектептерге бара алмайтын адамдарға білім беруге көмектесе алады. Бұл тірек-қимыл аппараты бұзылған және жиі ауыратын балалардың оқу үдерісінен үзілмеуіне көмектеседі.
- Оқуды қызықтырақ етеді. Машиналық оқыту алгоритмдері, геймификация, онлайн технологиялар мұғалімге оқытуды тиімді әрі қызықты етуге көмектеседі. Жасанды интеллект оқушының жеке білім алу бағдарын анықтауға қолғабыс етеді. ЖИ оқуды қызықты ету үшін ойындарды және басқа интерактивті элементтерді пайдалана алады. Адамдардың білім берудегі геймификация туралы көбірек айтуы кездейсоқ емес.
Білім берудегі ЖИ бірқатар кемшіліктері бар:
-Жасанды интеллект адам байланысын алмастыра алмайды. Оқушылар оқу және даму үшін мұғалімдермен және басқа оқушылармен өзара әрекеттесуі керек. Мінез-құлықты, әрекетке немесе әрекетсіздікке эмоционалды реакцияны тек мұғалім ғана көрсете алады.
— ЖИ біржақты болуы мүмкін. Ол білім берудегі кемсітушілікке әкелуі мүмкін, оны жасаушылардың біркелкі көзқарастарын көрсетуі мүмкін.
- Аз қамтылған отбасылары үшін ЖИ жүйелерін құру және енгізу қымбатқа түсуі мүмкін. Бұл аз қамтылған отбасыларда жасанды интеллектті қолдануды болдырмайды.
-Жасанды интеллект ақпаратты әлі де толық сапалы етіп өңдей алмайды. Кез келген сапалы ақпарат математикалық модель түрінде ұсыныла алатындықтан, бұл кемшілік белгілі бір уақыт ішінде шешімін табады.
-Жасанды интеллект әлі толық жетілдірілмеген және жиі істен шығып қалып жатады, сондықтан үнемі жасанды интеллект жүйесін басқарып отыратын адам керек.
Қорыта келгенде, қазіргі уақытта жасанды интеллект мұғалімдерді толығымен алмастыра алмайды. ЖИ оқудың тиімді құралы болуы мүмкін, бірақ ол жақсы оқу және баланың жеке дамуы үшін маңызды адам байланысы мен түсінуді алмастыра алмайды. Дегенмен, ЖИ мұғалімнің білім берудегі рөлін жеңілдету мүмкіндігіне ие. ЖИ мұғалімдерді үй тапсырмасын бағалау және сабаққа дайындалу сияқты уақытты қажет ететін тапсырмалардан босатады. Бұл мұғалімдерге оқушылармен қарым-қатынасты дамыту және шабыттандыратын оқу ортасын құру сияқты оқытудың шығармашылық және мазмұнды аспектілеріне назар аударуға мүмкіндік береді.
Болашақта жасанды интеллект әлдеқайда күшті және күрделі болуы мүмкін. ЖИ негізгі математика мен оқуды үйрету сияқты білім берудің кейбір салаларында мұғалімдерді толығымен алмастыра алады. Дегенмен, ЖИ ешқашан жалпы білім берудегі мұғалімдерді толығымен алмастыра алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |