Духовная преемственность абая, шакарима, мухтара ауэзова



Дата08.10.2022
өлшемі22.47 Kb.
#462193
түріСабақ
Султанова Н.К. статья 2


СУЛТАНОВА Н.К.
«ALIKHAN BOKEIKHAN UNIVERSITY» ББМ «Педагогика және психология» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.


АБАЙ, ШӘКӘРІМ, МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ РУХАНИ САБАҚТАСТЫҒЫ


ДУХОВНАЯ ПРЕЕМСТВЕННОСТЬ АБАЯ, ШАКАРИМА, МУХТАРА АУЭЗОВА


SPIRITUAL SUCCESSION OF ABAI, SHAKARIM, MUKHTAR AUEZOV


Мақалада қазақтың қоғам қайраткерлері Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезоатың тағдырлары мен шығармашылығындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар ашылады. Олардың есімдері үнемі бірге аталады: іні мен іні, рухани туыстар, ұстаз бен шәкірт, қоғамдық жұмыстағы идеологиялық әріптестер және рухани сабақтастықтары баяндалады

В статье выявляются сходства и различия в судьбах и творчестве казахских деятелей общественной интеллигенции Абая, Шакарима и Мухтар Ауэзова. Их имена всегда упоминаются вместе: брат и младший брат, духовные родственники, учитель и ученик, идейные сотрудники в общественной работе и духовной преемственности




The article reveals the similarities and differences in the fates and work of the Kazakh public figures of the intelligentsia Abai, Shakarim and Mukhtar. Their names are always mentioned together: brother and younger brother, spiritual relatives, teacher and student, ideological collaborators in social work and spiritual succession

Абай, Шәкәрім, Мұхтар Әуезов рухани мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан - ұрпаққа жалғасатын, маңызын жоймайтын зерттеудің қайнар көзі. Бұл күндері Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев және Мұхтар Әуезов есімдері ұлттық сана сезімде мәңгі аталатын ұлы тұлғаларға айналды.


Абай, Шәкәрім және Мұхтарды дүниеге келтірген қасиетті Шыңғыстау өңірі. Селеулі дала төсінде өскен самал өзі естіген жаңалықты дүниенің төрт бұрышына таратуға тырысып асыға соғады. Олар ХІХ ғасырдың аяғы және ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаған.
Дана Абайды қазақ халқының рухани ұстазы ретінде тануымыз ұлы ақынның өз мұрасы ғана емес, сонымен бірге әлемдік көркем ойдың алтын қазынасына айналған Мұхтар Әуезовтың тарихи эпопеясы арқылы жүзеге асты. Ғылыми зерттеулердің басты методологиялық принципі - Мұхтар әлемінің ұлы Абай әлемімен, Шәкәрімнің ұлы ұстазы Абай өмірімен рухани сабақтастық мәселесі.
Қазақтың қоғамдық ой алыптары Абай, Шәкәрім, Мұхтар тағдыры мен шығармашылықтарында ұқсастық пен айырмашылықтар бар. Олардың есімдері ылғи бірге аталады: аға және іні, рухани туысқандар, ұстаз және шәкірт, қоғамдық жұмыстағы идеялық қызметтестер Абай мені ағартушылық жолына, ғылым жолына әкелгендер деп ағасы Халиолланы, әжесі Зерені, орыс достарын атап кеткен. Шәкәрім шәкірттік ризалығын атасы Құнанбайға, ағасы Абайды айтса, Мұхтар болса атасы Әуезді және Ұлы адамның «Ақ батасын» алғанын жадында мәңгі сақтап, Абай мен Шәкәрімнің педагогикалық ықпалын бағалаған.
Абай өз мұрасымен классик ретінде танылып қана қоймай, өзіне тән дәстүрі бар ақындық, адамгершілік, ағартушылық мектебін ашқан, өз маңайындағы шәкірттерін қанаттанып ұшуына үлкен ықпал жасаған, ұстаз ретінде танылады. Шәкәрімде ұлы Абайдың тәрбиесінде болып, оның дәстүрін келешек ұрпаққа жалғастырады.
Белгілі Абайтанушы М. Әуезов көрсеткендей, қазақ еліндегі басқа ақындармен салыстырғанда Абайдың үлгісін алған шәкірттері болуы тарихи жаңалық. Ақылбай, Әріп, Әубәкір, Кәкітай, Көкбай, Шәкәрім - Абай мектебінің мақтанышы, жаңашыл, ойшыл, ағартушы тәлімгер болған тұлғалар. Қанымен, жасымен, рухымен, ұстазына жақын болған - Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Тақырып, мазмұн жақтарының ұстаз бен шәкірттің өлеңдері, қара сөздері ұштасып жатады. Абайдың тәлімдік, тәлімгерлік таланты Шәкәрімнің сегіз қырлысында өз көрінісін табады. Абайдың Қара сөздері қазақ философиясының негізгі ой түрткісі болса, Шәкәрімнің «Үш анығы»- қазақ философиясының шыңы. Ал, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман эпопеясы арқылы бүкіл әлем қазақ халқының философиялық жүйесін педагогикалық көзқарасын таныды.Ойшылдарды қызықтырған жан, адам, қоғам мәселесі. Табиғат өлсе де, жан өлмес деген Абайдың пікірін Шәкәрім түрлендіреді. Оның пайымдауынша, дүниедегі барша нәрсенің жаны бар, жан өлмейді, өзгереді, өзгерген сайын өседі, жоғарлайды. Мысалы: «көбелек гүлге құмар, себебі гүлдің шырынына мұқтаж. Ал гүл болса, күн нұрынан қуат алады, күн сәулесі болмаса, гүл өспейді. Екеуінің де жаны бар, айырмашылықтары – көбелек қозғалып ұша алады, ал гүлдің жаратылысы: күнде ашылып түнде жабылғанымен орнынан қозғала алмайды» [1.64].
Адамның болмысы мен өмірі туралы Абайдың жетінші қара сөзінде өте қарапайым және нақты түрде талдап береді: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біріншісі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса тән, жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі – білсем екен демелік ұмтылып, одан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп «ол немене?», «бұл немене?», «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп көзі көрген, құлағы естігеннің бәрән сұрап, тыныштық көрмейді. Бұның бәрі жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екенә» деген [2].
Әрбір айтқан сөзіне тоқталып, мұқият зер салып тағы да бір ой көзімен оқып шығатын болсақ, кішкене ғана ой –тұжырымнан қаншама мағлұмат алуға болады. Жан мәселесін зерттегенде Шәкәрім Абай ойын одан әрі қарай жалғастырады.
Басында жан мен дене екі басқа,
Жан шыдап тұра алмайды қпзғалмасқа.
Дене сауыт сықылды жанның орны,
Оған да күту керек бұзылмасқа.
.
Жан құмары – істемек, біліп алмақ,
Бөгет болса береді дене салмақ.
Асыл іздеп асылды ала сұрар,
Амал барма денесіз қайда бармақ?

Жан талпынар талайды көрмек үшін


Әр сырын дүниенің білмек үшін.
Дене байғұс салмақ боп баса берер,
Жаралған ғой түбінде өлмек үшін.
Дене өлу үшін жаратылған дейді атамыз. Бұл нәпсінің бір белгісі, ал рух пен нәпсіні түгел белгілерімен қасиеттерін білу үшін алдымен олардың табиғатымен танысып алу қажет. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр. Абай мен Шәкәрім аталарымыз оны: жүрек көзі, көкірек көзі, ой көзі, көңіл көзі және ақыл көзі деп атайды.
Жүректен көзі ашылса,
Хақтықтың түсер сәулесі,
Іштегі кірді қашырса,
Адамның хикмет кеудесі [3].
(Абай)
Жасырып тұр жар өзін
Бас көзімен қарама.
Жүрегіңнің аш көзін,
Жанның сырын арала [4].
(Шәкәрім)
Абай, Шәкәрім, Мұхтар ортақ ой – діндердің бәрі шатақ, үшеуі де соқыр дінге, жұртты жеген молдаларға қарсы шыққан. Бірақ, негізгі діни қағида - ларды жоғарғы рухани – құлықтың моральдық түйіні деп түсіндірген.
Абай қазақ поэзиясына бірінші болып пейзажды енгізіп, табиғатты өлеңдерінде жеке кейіпкер етіп көрсетіп, адам мен табиғат мәселесін көтерген. Бірінші дүниеижүзілік соғыстың куәгері болған Шәкәрім экологиялық тәрбие негіздерін салып, адам құлқы және табиғат, табиғатты сақтауға ғалымдардың жауапкершілігі туралы ойларын жариялаған. Ел мұңын шертіп, ел тағдырына қайғырған Абайдың әуендерін Шәкәрім қайта жаңғыртты. Соңғы жылдары жазған шығармаларының түп- тамыры қоғамдық ірі оқиғалар, үш орыс төңкерілісі, азамат соғысы саясатының нәтижелері қоғам қайраткерлер ретіндегі Абай, Шәкәрім, Мұхтар қызметтерінде үндестері мол, үшеуі де болыс болған, ағартушылық қызмет атқарған, әділ шешімдер қабылдаған. Үш алып та ғылым, білім жолына түскен, әдебиетпен шұғылданған. Ел тану, жер тану ортақ арман болған. Шәкәрім Абайдың алғашқы ғұмырнамашысы. Ол 21 жасында Абайға арналған «Жастарға» өлеңін жазған, өлеңінде 34 жасар Абайдың өмірбаяны, негізгі шығармашылық қоғамдық қызметі жөнінде мәлімет алуға болады. Ал, Мұхтар Әуезов өз шығармаларында Абайды жете таныған биіктен көрінеді, Абай ойларын өзіндік бағытта жалғастырады.
Абайдың:
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,
Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме,- [3]
дегені пешенеге не жазса, соған риза болу керек деп, Шәкәрім болса, осы бір ойлар ұшқынын:
Кім де кім қайғы тартып, бейнет көрсе,
Сұм жалғанның қылғаны бұл дей берсе.
Әлбетте, бұл – тағдырға наразылық,
Түбі Аллаға қарсылық, ондайға ерсе,- [4]
деп адамның ой - санасына бағыт сілтейді.
Абайдың қай ойларын дамытсада Шәкәрім мен Мұхтар оны міндетті түрде педагогика саласына, оқу – ағарту жүйесіне алып келеді.

Қолданған әдебиеттер:



  1. А.Игенбаев. Адамгершілік сабақтары. Алматы. 2001.

  2. А.Құнанбаев. Қара сөздер. Алматы. 2003.

  3. А.Құнанбаев. Өлеңдер мен аудармалар. Шығармаларының екі томдық толық жинағы.Алматы.2005.

  4. Ш.Құдайбердиев.Өлеңдер мен поэмалар.Алматы.1988.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет