132
ӛтеді, организмнің денеге түскен ауыртпалықтан алатын әсері, бейімделу
динамикасы әртүрлі. Дене тәрбиесі жүйесін құрған
кезде индивидуалдандыру
проблемасы ӛзара байланысты екі бағытта – жалпы және мамандандырылған
дайындық бағыттарында шешімін табады. Балабақша, мектеп, жоғары оқу
орындары, т.б. бағдарламасы бойынша жалпы дене тәрбиесі ӛмір үшін маңызды,
міндетті қимыл-қозғалыстық дағдыларды, білімді игеруге және дене қасиеттерін
дамытуда бір деңгейге жетуге бағытталған. Мұндайда индивидуалдандырудың
мәні - жалпы бағдарламалық талаптарды орындаудың индивидуалдандыратын
қосымша
құралдарды пайдалануда, үйрету мен тәрбиелеу әдістерін іріктеуде.
Мамандандырылған бағыт (мысалы, ересектердің спорттық мамандандырылуы)
мамандануды жетілдіруді қарастырады. Мұнда сабақтардың бар мазмұны
индивидуалдық
дарындылықты
есепке
ала
отырып,
құрылады.
Индивидуалдандыру белгілі бір баланың типологиялық ерекшеліктерін есепке
алуға ғана тәуелді емес: оларды оптималды үйрету және тәрбиелеу мақсатында
ескермей кетуге болмайды,
дегенмен, бәрін анықтаушы да олар емес. Міндет
туа біткен нышандарды күшейте түсуден, жаңа жағымды қасиеттер, қабілеттер
тәрбиелеуден, қажет болған жағдайда жүйке жүйесінің типологиялық
ерекшеліктерін мақсатты бағытта ӛзгертуден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: