Дєріс тезистері


Мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын арттыру,  қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру.  Міндеттері



Pdf көрінісі
бет49/217
Дата04.10.2023
өлшемі2.95 Mb.
#479808
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   217
ДШТӘ лекция

Мақсаты: дене шынықтыру жаттығуларына қызығушылығын арттыру, 
қозғалыс ептілігі мен дағдыларын жетілдіру. 
Міндеттері:
-жүру, жүгіру, лақтыру, қағып алу, еңбектеу және ӛрмелеу жаттығулары 
арқылы қозғалыстың негізгі түрлерін орындаудың қарапайым дағдыларын 
қалыптастыру;
-сапқа тұру мен қайта тұрғызудың қарапайым дағдыларын дамыту; 
-дене күшінің қасиетін дамытуға, ептілікке, шыдамдылыққа, тепе-теңдікті 
сақтауға дағдыландыру; 
-қол мен аяқ қимылдарын үйлестіріп, басын тік ұстап, аяғын сүйретпей нық 
басып жүруге үйрету; 
-балалардың барлығы бірге, бір қарқында қозғалуына үйрету; 
-жеке гигиеналық дағдылар мен денсаулық сақтау негіздерін қалыптастыру; 
-дербестікке, қимылдарының мәнерлілігі мен икемділігіне, табиғи және еркін 
жүру мен жүгіру ептілігіне, кеудесін түзу ұстауға, тепе-теңдігін сақтауға, 
топтағы қатарда ӛз орнын таба білуге, қозғалыс пен ептілігін дамытуға 
дағдыландыру; 
-балаларды спорттық ойындармен және жаттығулармен таныстыру. 
Мазмұны:
Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары 
Жүру: 
-сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, жұптасып; 
-тізені жоғары кӛтеріп; 
-тоқтап, отырып-тұрып, бұрылып, «жыланша» ирелеңдеп, заттарды айналып 
ӛту, аттау арқылы түрлі тапсырмаларды орындау; 
-адымдап алға; 
-адымдап артқа; 
-тӛбешікке мініп, түсіп; 
-еркін жүруге, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіруге, аяқтарын сүйретпей, 
басын жоғары ұстап жүруге үйрету. 


70 
Жүгіру: 
-сапта, арақашықтықты сақтап, әр бағытта; 
-жіптен және қолдарынан ұстап, шеңбер бойымен; 
-түрлі бағыттарда; 
-алаңның бір жағынан келесі жағына; 
-тура және айналма жолмен; 
-жүгіруді жүрумен кезектестіріп, тоқтап, бағытты ӛзгертіп; 
-бір-бірін қуып, ұстап алу; 
-тез қарқынмен (10-20 м дейін); 
-баяу қарқынмен үздіксіз (50-60 сек бойы); 
-балаларды еркін жүгіруге, қол мен аяқ қимылдарын үйлестіруге, аяқтарын 
сүйретпей, басын қалыпты ұстап жүгіруге үйрету. 
Секіру: 
- екі аяқпен (аяқтары бірге және алшақ); 
- белгілі бір затқа басымен жанап ӛтіп жоғары секіру; 
- арақашықтығы 2-3 метр жерге дейін қос аяқпен секіру
- бір орыннан ұзындыққа, жерде жатқан шығыршыққа секіру; 
- биіктігі 15-20 см тереңдікке; 
- биіктігі 5-10 см заттың үстінен; 
- аяқты бүкпей, бір аяқты екінші аяқпен кезектестіріп секіру. 
Дәлдеп лақтыру, домалату, қағып алу: 
- бір-біріне 1,5-2 метр арақашықтықта отырып, аяқты алшақ қойып, малдас 
құрып отырып допты домалату; 
- допты тұрып домалату
- қақпадан ӛткізіп допты домалату; 
- допты екі қолымен кеуде тұсынан, бастан асыра, жоғары лақтыру; 
- допты екі қолымен жоғары, тӛмен еденге ұрып (жерге) лақтырып, қағып алу; 
-кӛлденең нысанаға лақтыру, алысқа; 
-нысанаға тігінен оң және сол қолымен лақтыру 
Ӛрмелеу және еңбектеу:
-арақашықтығы 4-6 метр жерге тура бағытта, «жыланша» ирелеңдеп, қойылған 
заттардың арасымен еңбектеу;
-еденнің үстіне қойылған тақтайшалармен; 
-жіппен биіктігі 40 см доғаның астынан
-гимнастикалық қабырғаның екінші баспалдағына бекітілген кӛлбеу тақтайдың 
бойымен;
-бӛренеден аттап ӛту; 
-орындықтың астымен жорғалау; 
-еденге тігінен орналастырылған шығыршықтың арасынан жорғалап ӛту; 
-кӛлбеу сатымен ӛрмелеп ӛту; 
-гимнастикалық қабырғаға ӛрмелеу және түсу; 
-сатымен және гимнастикалық қабырғамен (биіктігі 1,5 м) ӛрмелеу. 
Тепе-теңдікті сақтау: 
-бір шетінің биіктігі 20-30 см кӛтерілген кӛлбеу тақтаймен жүру; 
-тегістелген бӛрененің үстімен жүру; 


71 
-бір орында аяқтың ұшымен кӛтерілу және тұру; 
-бір орында тұрып екі бағытта да шыр айналу. 
Cапқа тұру және сап құрылымын ӛзгертіп қайта тұру : 
-бүкіл немесе шағын топтармен сапқа, шеңберге, қатарға тұру;
-орнында адымдап, бұрылу арқылы қатардағы ӛз орнын табу. 
Музыкалық- ырғақтық жаттығулар 
Музыка әуенімен бірлесіп, жекелей сап түзеп жүру. Музыканың басталуы мен 
аяқталуын ырғақты қозғалыспен кӛрсету. Жануарлар мен ертегі кейіпкерлерінің 
қимыл-қозғалысын кӛрсету. Би қимылдарын жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   217




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет