20
пайда болғанда сенильді деменциямен шатастырылуы мүмкін.
Егде және қарт адамдардағы пневмония кезіндегі қосарланған
аурулардың клиникалық белгілері
декомпенсация сатысында
алдыңғы орынға шығуы мүмкін. Мысалы, өкпенің созылмалы
обструктивті ауруларымен ауыратын қарт адамдарда тыныс алу
жетіспеушілігінің белгілері артып, созылмалы бронхиттің өр-
шуімен шатастырылуы мүмкін. Пневмония кезінде қосарланған
жүрек жетіспеушілігінің декомпенсация белгілері немесе қант
диабетінің декомпенсациялық белгілері алдыңғы орынға шығуы
мүмкін, бауыр циррозымен ауыратын
науқастарда бауырлық
белгілер күшеюі мүмкін, ми қан айналымының жедел бұзы-
лыстары бар науқастарда неврологиялық белгілер күшеюі
мүмкін, сонымен қатар нефропатиялар және созылмалы пиело-
нефритпен ауыратын қарт науқастарда бүйректік белгілер
күшеюі мүмкін.
- Жүрек қан тамыр жүйесі жағынан бұзылыстар: тахикардия,
артериялық қан қысымының төмендеуі, аритмиялар (экстрасис-
толия, жыпылық аритмиясының пароксизмдері)
қарт адамдар-
дағы пневмония кезінде аса сезімтал, бірақ бейспецификалық
белгілер болып табылады.
- Асқорыту жүйесі жағынан бұзылыстар (құсу, іш өту, іштің
ауырсынуы) және бүйректік бұзылыстар (гематурия) пневмо-
нияның кейбір этиологиялық
варианттарында пайда болуы
мүмкін (легионеллезды пневмония).
- Әр түрлі дәрежедегі геморрагиялық синдром (терілік гемора-
гиялар, мұрыннан қан кету, асқазан-ішек жолынан қан кету)
пневмония кезіндегі ДВС синдромның белгісі болып табылады.
- Рентгенологиялық көрініс. Қарт адамдардағы пневмония кезінде
рентгенологиялық ерекшеліктерде фондық өзгерістерді ескеру
керек: а) бұрын басынан өткерген пневмония салдарынан
локальды
өкпелік фиброздар, сол қарыншаның жетіспеушілігі
салдарынан өкпе іркілісі, диффузды торлы пневмосклероз; б)
өкпе тінінің инфильтрациясының рентгенологиялық белгілері-
нің айқын болмауы; в) баяу сіңірілу тенденциясы (бірнеше айға
дейін).
21
- Лабораторлы белгілер. Науқастардың үштен
бір бөлігінде
лейкоцитоз болмауы мүмкін, бұл қолайсыз болып есептеледі,
әсіресе нейтрофилді жылжу болған кезде.
Достарыңызбен бөлісу: