Дюсупова А. А., Еспенбетова М. Ж


СЖЖ хирургиялық емдеу әдістері



Pdf көрінісі
бет51/79
Дата04.09.2023
өлшемі4.88 Mb.
#476469
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79
Гериатриянын манызды сурактары Еспенбетова 2013-01-01

СЖЖ хирургиялық емдеу әдістері: 
СЖЖ емінде науқастарда егде жасының болуы жүрек трансплан-
тациясынан басқа хирургиялық әдістерге қарсы көрсеткіш болып 
табылмайды.
СЖЖ хирургиялық емдеуінде келесі әдістер көрсетіледі: 

электрокардиостимуляция, имплантация кардиовертер-дефиб-
рилляторлар имплантациясы; 

жүрек ақауларын түзету;

перикардэктомия, перикардиоцентез;

ісік резекциясы 

Миокард реваскуляризациясы (аортокоронарлы шунтирлеу, тері 
арқылы транслюминальды баллонды ангиопластика).
Ишемиялық этиологиялы СЖЖ бар науқастарда миокард ре-
васкуляризациясы перспективті әдіс болып табылады, сәтті араласу 
болу үшін операцияға дейінгі миокардтың жиырылу резервтерін және 
миокардтың өмірге қабілеттілігін негіздеу керек. Периоперациялық 
өлімділік жоғары және ол 15-20% құрайды. 
СЖЖ емінде жүрек ритмінің жасанды жүргізушісі бірнеше қыз-
метті атқарады. Жүрек ритмінің жасанды жүргізушісін жүрек жиы-
рылу жиілігін төмендеуін түзетуге және жүрек лақтырысын ұлғайту 
мақсатында жүрекше-қарынша интервалын оптимизациялау үшін 
қолданады.
Жүрек ритмінің жасанды жүргізушісін қатаң индивидуалды көр-
сеткіш бойынша жасайды. Мына жағдайды ескеру керек, атриовен-
трикулярлы жиырылудың кезектілігін сақтай отырып 2 камералы 
стимуляция арқылы СЖЖ болжамын жақсартуға болады. Қарын-
шалардың изолирленген стимуляциясы, керісінше ССЖ өршуін ша-
қырады. СЖЖ бар науқастарда, құжатта негізделген тұрақты қарын-
шалық тахикардиясы және қарыншалар фибрилляциясы бар нау-
қастарда кардиовертер-дефибриллятор имплантациялары өмірді бір-
шама ұзартады. Егде жастағы адамдар тобында жүрек ақауының 
түзетуінің баллонды ангиопластика әдісімен жүргізген дұрыс. 
Қорытындылайтын болсақ егде жастағы науқастар арасында СЖЖ 
емдеу күрделі терапиялық есеп болып табылады, бір жағынана ол 
дәлелді медицинаның принциптеріне негізделген стандартты емді 
сақтауды, ал екінші жағынан әр науқасқа жеке қарауды қажет етеді. 


108 
Осы 2 факторды дұрыс біріктіру СЖЖ емдеудегі сәттілікті анық-
тайды.(evidence-based medicine),


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет