17
–
Ақселеу, қаш, әне, ит келіп қалды! – деп, Абыз айғайлап
жүгіре жөнелді.
Ақселеу жерден бір шыбық алып, қашпастан итке қарсы
ұмтылды. Айбар шекті.
Көршілер келіп,
Ақселеуді айырып
алды. Бірақ оның шалбары жырымжырым болды.
Абыз Ақселеудің жанына келіп:
– Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашсаң, сен де аман
қалатын едің, – деді.
– Мен қашсам, денсаулығың жоқ, алысқа жүгіре алмайтын
сен тұтылып, мен құтылатын едім. Сені қорғап қалу үшін әдейі
қашпадым, – деді Ақселеу.
– Ақселеу бала да болса, азамат екен! Оның мұнысы нағыз
достық! – деді екеуінің әңгімесін
тыңдап тұрған бір ақсақал
сүйсініп.
Мәдіхат Төрежанов
Шығармашылық диктант
Мақал
Жаман аттан ая...м артық,
Жаман жолдастан тая...ым артық.
• Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаздыру.
Жұмбақтар
1. Жепжеңіл қара таба...
Шыр көбелек айналады.
Күй тартады,
Ән салады.
(Күй таба...ы)
2. Бөрене тұмсы...,
Емен ая....
Жандар бар
Некенсая... .
(Піл)
18
3. Қол санды...ым жабы...,
Іші тол...ан мамы... .
(Жасты...)
• Көп нүктенің орнына қ, ғ әріптерінің тиістісін қойып
жаздыру.
Дауыссыз
к мен г
Сөздік диктант
Тек, тілек, жүрек, бесік, еңбек.
Достарыңызбен бөлісу: