Ә.Е. Жұмабаева, Г.И. Уайсова, А.Т. Тұралбаева
ҚАЗАҚ ТІЛІ
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ
1-бөлім
Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 2сынып мұғалімдеріне арналған
(
Байқау нұсқасы)
Алматы «Атамұра» 2016
3
АЛҒЫ СӨЗ
Бастауыш оқу/оқыту үдерісінде жазу жұмысының көп
теген түрлері қолданылады.
Соның бірі – диктант. Бұл ұғым өз
бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жа
зуды меңзейді. Оның түрлері:
үйрету (әріп, буын, сөз, сөздік,
ескерту,
шығармашылық, көру, өздік, терме, графикалық)
және
бақылау диктанттары.
Үйрету диктанттары күнделікті оқу/оқыту үдерісінде
жүр гізіледі. Аталмыш диктанттың әріп, буын, сөз диктант
тары сауат ашу үдерісінде қолданылатындықтан, бұларға
тоқталмай мыз.
Сөздік диктанты әріп емлесін
өту кезінде белгілі бір
сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Сөздік
диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты мұғалімнің
қалауымен жүргізіледі.
Диктанттың бұл түрі сабақтың кез келген кезеңінде жүр
гізіліп, оқушылардың фонетикалық, орфографиялық, лекси
калық талдауларға жаттығуын мүмкін етеді.
Сөздік диктантының мөлшері бағдарламалық талапқа
сай:
2сыныпта – 5–7;
3сыныпта – 9–12;
4сыныпта – 12–15 сөзден аспауы керек.
Көру диктантын есте сақтау немесе жатқа жазу дик
танты десе де болады. Бұл диктант түрі оқушылардың көру,
есте сақтау, затты тану қабілеттерін дамыту мақсатында
жүргізіледі. Емлені айыра отырып, оқушылардың көру
қабілетін дамыту мақсаты көзделеді.
Көру диктанты үшін
жазылуы қиын сөздер мен сөз
тіркестері және шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар,
жаттауға берілген өлеңдер таңдалып, үзіліс
кезінде тақтаға
4
немесе алдын ала аумақты қағазға жазылып қойылады. Олар
ды оқушылардың 23 рет оқып шығуына, асықпай көріп,
жадында сақтауына 12 минут уақыт беріледі. Содан кейін
мұғалім оны жауып қояды. Оқушылар тақтадан оқыған
мәтінін есіне түсіріп, дәптерге жазады.
Жазып болған соң
мәтін ашылып, тексеру жұмысы жүргізіледі. Қате кеткен
сөздермен дыбыстық, буындық талдау жүргізіледі. Мұндай
материалдардың құрамында жазылуы қиын сөздермен бірге
баса көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса,
мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды.
Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай
меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі.
Мұғалім
диктант мәтінін оқыр алдында қандай ережеге назар аудару
керек екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай,
мұғалім оқып тұрған мәтіннен өздеріне берілген тапсырмаға
лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп
жазады.
Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер
мен сөйлемдер көбірек жазылады, ең бастысы оқушылар
мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға дағдыланады.
Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға бай
ланысты өздері сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлем
дер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақалмәтел
дерді естеріне түсіріп, ойлана отырып, диктантты өз бетінше
жазады.
Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда
маңызы зор. Мұғалім өздік диктанттың қай күні болатынын,
нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп
қояды. Мұндай тәсіл
оқушылардың жаттаған өлең, жұмбақ,
жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келуін мүмкін етеді
.
Бұл диктант түрі мазмұндамаға ұқсас. Бірақ мазмұнда
мадан сәл оңайлау. Мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал оқушылар
мәтінді мұғалімнің оқуы бойынша сөзбесөз емес, естерінде
қалғандарын ғана жазады. Мәтін оқылмас бұрын қажетті ереже
лер еске түсіріледі. Мұғалім мәтінді әуелі тұтас, сонан соң оның
56 жолын оқиды. Әрбір оқылған үзінді оқушылар жаттап ала