Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау қорытындысына анықтама 6 мамыр 2015 жыл Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы»



Дата25.02.2016
өлшемі63.84 Kb.
#24898
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына

ішкі бақылау қорытындысына

АНЫҚТАМА
6 мамыр 2015 жыл
Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» № 88-V Заңы 11 бабының 12 тармақшасына сәйкес 2015 жылдың 6 мамыр күні, Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Д.Сағыров және аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімшесінің басшысы Г.Ахметова, осы бөлімшенің бас маманы Б.Төрежанов мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау және Мұғалжар ауданы бойынша бағаланатын атқарушы органдармен ұсынылған есептік ақпараттарындағы мәліметтерді қайта тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізіліп, келесі деректер анықталды:



1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі (бұдан әрі – Бөлім)

Бөлім басшысы – А.Үрістемова.

Бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауға жауапты қызметкер ретінде 2014 ж.12.09 № 134 бұйрығымен Т.Бисаутова тағайындалған. Алайда, мемлекеттік қызметтерді көрсететін бөлімнің бас маманы А.Садықов болғанымен, бөлімнің есепшісіне жүктелген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013ж. 18.09. № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015ж. 09.02. № 45 (2015 ж.14.02 күшіне енді) қаулысына сәйкес, бөліммен мемлекеттік қызметтердің 5 түрі көрсетіледі:

1.Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру;

2.Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру;

3.Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру;

4.Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелерi мен жабдықтарды өзгертпей, қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру;

5.Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру.

Бөлімнің жылдық жоспарында мемлекеттік қызметтер көрсету сұрағы қарастырылмаған.

Баламалы негізде тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтердің 3 түрі көрсетіледі.

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді тіркеу журналы бар,бірақ тігілмеген және нөмірленбеген. Ағымдағы жылдың 4 айы бойынша өтініштер түспеген.

Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелерi мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегi үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру мемлекеттік қызметіне өтініштерді тіркеу журналы сызылған, боялған түзетулер бар және құжаттары тігілмеген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.13.03. № 237 қаулысымен бекітілген «Тiреу және қоршау конструкцияларын, инженерлiк жүйелерi мен жабдықтарын өзгертпей, қолданыстағы үйлердегi үй-жайларды (жекелеген бөлiктерiн) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының 9 тармағы бұзылып, барлық мемлекеттік қызмет алушылардан артық құжат (жеке куәлік көшірмесі) талап етілген және өтініш толтырған күні көрсетілмеген.

Ал, 29.04.2015 жылы қызмет алған М.Казихановтың өтініші журналға тіркелмеген және бөлімнің есептік ақпаратында көрсетілмеген.

Ағымдағы жылдың 4 айы бойынша отчет бойынша 35 қызмет, ал нақты факт 37 көрсетілген. Бұл қызметтердің 75% ХҚКО арқылы көрсетілуі тиіс. Алайда, 35 қызметтің барлығыда мемлекеттік мекемеде көрсетіліп отыр. Бөлімдегі баламалы негізде көрсетілген мемлекеттік қызметтің үлесі 0 %-ды құрайды.

2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген 2015 жылға арналған мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарының 9 тармағының мүлдем орындалмағандығын көруге болады.

Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру мемлекеттік қызметіне өтініштерді тіркеу журналы бар, бірақ тігілмеген және нөмірленбеген.

2015 жылдың 4 айында ХҚКО арқылы 19 қызмет көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.13.03. № 237 қаулысымен бекітілген «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының 9 тармағы бұзылып, «Юбилейное» ЖШС атынан А.Елеусізовадан артық құжат (жеке куәлік көшірмесі) талап етілген.

«Коммунальщик» атынан Г.Алдабергенова ХҚКО тапсырған құжаттар тізімінде (опись) өтініш, сенімхат, тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрмен расталған жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі делінген, алайда тігілген құжаттардың ішінде сенімхат жоқ.

«Тал сай» ЖШС атынан А.Шалимов, «Горно-рудные технологии» ЖШС атынан М.Алферьев, «Везерфорд ОФС» ЖШС атынан А.Байтиковалардың ХҚКО тапсырған құжаттар тізімінде (опись) тапсырыс беруші бекіткен, жобалаушының қолы қойылған және мөрмен расталған жобалауға арналған тапсырманың тұпнұсқасы делінген, алайда тігілген құжаттардың ішінде көшірмесі тұр.

Тек қана ХҚКО арқылы және электронды түрде тізілімге сәйкес мемлекеттік қызметтердің 2 түрі көрсетіледі.



Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру мемлекеттік қызметіне өтініштерді тіркеу журналы бар, бірақ тігілмеген және нөмірленбеген, мөрмен бекітілмеген.

2015 жылдың 4 айы бойынша ХҚКО арқылы 300 қызмет көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 ж.13.03. № 237 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандартының 9 тармағы бұзылып, А.З.Сагиевтен осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш толтырылмаған және де өтініш жазған күні көрсетілмеген.

Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру мемлекеттік қызметі бойынша өтініштерді тіркеуге журнал арналмаған және өтініштері мемлекеттік қызмет есебінде тіркелмеген.

2015 жылдың 4 айында ХҚКО арқылы 185 өтініш түсіп, оның 121 қызметі бас тартылған. Алайда есептік ақпаратқа ұсынылмаған.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М.Құсайыновтың 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 бұйрығымен бекітілген Елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру мемлекеттік қызметі стандарт талаптарының орындалуы бойынша бірқатар кемшіліктер бар, алайда бұйрық ҚР Әділет министрлігінде нормативтік-құқықтық акт болып тіркелмегендіктен, заңды күшіне енген жоқ, сондықтан да қызмет көрсететін жауапты тұлға ешқандай жауапкершілікке тартылмайды, бірақ алдағы уақытта кемшіліктердің жіберілмеуін қатаң бақылау ескертіледі.

Ақпараттық стенд бар, бірақ бөліммен көрсетілетін 5 мемлекеттік қызметтер стандарттарының 4-еуі ғана ілінген, 1-еуінің стандарты және 5 мемлекеттік қызметтің де регламенттері ілінбеген.Өтініштерді толтыратын үстел мен отырғыштар қойылмаған.

Мемлекеттік орган аудан әкімдігі ғимаратының 1-ші қабатында орналасқан. Дене мүмкiндiктерi шектеулi адамдар үшін пандус ғимараттың жанында орналасқан. Мемлекеттік қызметтерді алушылар үшін күту бөлмесі қарастырылмаған.
Қорытындылар:


  1. 2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» тармақтары орындалмаған.

  2. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалар, мемлекеттік қызметтер көрсету туралы заңын, мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерінің талаптарын тиісті деңгейде білмейді.

  3. Ақпараттық стенд бар, бірақ бөліммен көрсетілетін 5 мемлекеттік қызметтер стандарттарының 4-еуі ғана орналастырылған, 1-еуінің стандарты және 5 мемлекеттік қызметтің де регламенттері орналастырылмаған.

  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша ақпаратты ұсынылмау фактілері анықталды.

  5. Мемлекеттік қызметтер көрсету барысында мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттерін бұзу фактілері бар.

  6. Мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша сұрақтар мекеме басшысы отырыстарында қаралмаған.

Ұсыныстар:

1.2015 жылдың 16 қаңтарында аудан әкімімен бекітілген «2015 жылға арналған көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспары» тармақтарын тиісті деңгейде орындау.

2.Мемлекеттік қызметтерді көрсететін жауапты мемлекеттік қызметшілердің біліктілік деңгейін арттыру.

3.Ақпараттық стендтерді қалыпқа келтіру, қажетті ақпараттарды орналастыру.

4.Көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны және мемлекеттік қызметтерді алған адам саны бойынша дәл мониторинг жүргізу.

5.Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкестендіру.

6.Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері талаптарының сақталуын қатаң бақылау.

7.Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, мемлекеттік қызметтерді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуді қамтамасыз ету.



8.Электрондық қызметтердің әйгілігін арттыру және олардың алға жылжуы үшін, қолданушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыстар жүргізу.

9.Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мәселелерін үйлестіру бөлімшесіне анық есептік ақпараттарды ұсынуды қамтамасыз ету.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет