Ә. Е. Жұмабаева, Г. И. Уайсова, А. Т. Тұралбаева Қазақ тілі диктанттар жинағЫ 1-бөлім



Pdf көрінісі
бет1/23
Дата19.01.2022
өлшемі215.29 Kb.
#454690
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ.2 сыныпpdf



Ә.Е. Жұмабаева, Г.И. Уайсова, А.Т. Тұралбаева

ҚАЗАҚ ТІЛІ

ДИКТАНТТАР ЖИНАҒЫ



1-бөлім

Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 2сынып мұғалімдеріне арналған

(

Байқау нұсқасы)

Алматы «Атамұра» 2016




ӘОЖ   373.3.016

КБЖ   74.208.1 қаз

 

Ж   81


ISBN 9786013066325

ӘОЖ 373.3.016

КБЖ 74.208.1 қаз

 

Жұмабаева Ә.Е., т. б.

Ж 81 Қазақ тілі. Диктанттар жинағы. 1-бөлім. Жалпы бiлiм беретiн мектеп

тiң  2сынып  мұғалімдеріне  арналған/Ә.Е.  Жұмабаева,  Г.И.  Уайсова,  

А.Т. Тұралбаева. – Алма ты: Атамұра, 2016. – 40 бет.

 

ISBN 9786013066325



©  Жұмабаева Ә.Е., Уайсова Г.И., 

  Тұралбаева А.Т., 2016

©  «Атамұра», 2016



3

АЛҒЫ СӨЗ

Бастауыш  оқу/оқыту  үдерісінде  жазу  жұмысының  көп

теген түрлері қолданылады. Соның бірі – диктант. Бұл ұғым өз 

бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жа

зуды меңзейді. Оның түрлері: 

үйрету (әріп, буын, сөз, сөздік, 

ескерту,  шығармашылық,  көру,  өздік,  терме,  графикалық) 

және 

бақылау диктанттары.

Үйрету  диктанттары  күнделікті  оқу/оқыту  үдерісінде 

жүр гізіледі.  Аталмыш  диктанттың  әріп,  буын,  сөз  диктант

тары  сауат  ашу  үдерісінде  қолданылатындықтан,  бұларға 

тоқталмай мыз.

Сөздік  диктанты  әріп  емлесін  өту  кезінде  белгілі  бір 

сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланылады. Сөздік 

диктанты  өтіліп  отырған  тақырыпқа  байланысты  мұғалімнің 

қалауымен жүргізіледі.

Диктанттың бұл түрі сабақтың кез келген кезеңінде жүр

гізіліп,  оқушылардың  фонетикалық,  орфографиялық,  лекси

калық талдауларға жаттығуын мүмкін етеді. 

Сөздік  диктантының  мөлшері  бағдарламалық  талапқа 

сай: 

2сыныпта – 5–7;



3сыныпта – 9–12;

4сыныпта – 12–15 сөзден аспауы керек.



Көру  диктантын  есте  сақтау  немесе  жатқа  жазу  дик

танты  десе  де  болады.  Бұл  диктант  түрі  оқушылардың  көру, 

есте  сақтау,  затты  тану  қабілеттерін  дамыту  мақсатында 

жүргізіледі.  Емлені  айыра  отырып,  оқушылардың  көру 

қабілетін дамыту мақсаты көзделеді. 

Көру  диктанты  үшін  жазылуы  қиын  сөздер  мен  сөз 

тіркестері  және  шағын  мәтіндер,  жұмбақтар,  мақалдар, 

жаттауға  берілген  өлеңдер  таңдалып,  үзіліс  кезінде  тақтаға 




4

немесе алдын ала аумақты қағазға жазылып қойылады. Олар

ды  оқушылардың  23  рет  оқып  шығуына,  асықпай  көріп, 

жадында  сақтауына  12  минут  уақыт  беріледі.  Содан  кейін 

мұғалім  оны  жауып  қояды.  Оқушылар  тақтадан  оқыған 

мәтінін  есіне  түсіріп,  дәптерге  жазады.  Жазып  болған  соң 

мәтін  ашылып,  тексеру  жұмысы  жүргізіледі.  Қате  кеткен 

сөздермен  дыбыстық,  буындық  талдау  жүргізіледі.  Мұндай 

материалдардың  құрамында  жазылуы  қиын  сөздермен  бірге 

баса көңіл аударуға тиісті ережелері бар термин сөздер болса, 

мұғалім олардың астын түрлі түсті бормен сызып қояды.

Терме диктанты белгілі бір ережені оқушылардың қалай 

меңгергенін  байқау  үшін  сабақ  үстінде  жүргізіледі.  Мұғалім 

диктант  мәтінін  оқыр  алдында  қандай  ережеге  назар  аудару 

керек  екендігін  ескертеді.  Оқушылар  мәтінді  түгел  жазбай, 

мұғалім  оқып  тұрған  мәтіннен  өздеріне  берілген  тапсырмаға 

лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп 

жазады. 

Диктанттың бұл түрінде уақыт үнемделеді, қажетті сөздер 

мен  сөйлемдер  көбірек  жазылады,  ең  бастысы  оқушылар 

мәтінді аса зейін қоя тыңдап отыруға дағдыланады. 



Өздік диктантында оқушылар өтілген материалдарға бай

ланысты өздері сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлем 

дер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақалмәтел

дерді естеріне түсіріп, ойлана отырып, диктантты өз бетінше 

жазады. 

Диктанттың бұл түрінің де өткенді қайталап, тіл ұстартуда 

маңызы зор. Мұғалім өздік диктанттың қай күні болатынын, 

нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын ала ескертіп 

қояды.  Мұндай  тәсіл  оқушылардың  жаттаған  өлең,  жұмбақ, 

жаңылтпаштар мен ережелерді пысықтап келуін мүмкін етеді



Бұл  диктант  түрі  мазмұндамаға  ұқсас.  Бірақ  мазмұнда 

мадан сәл оңайлау. Мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал оқушылар 

мәтінді  мұғалімнің  оқуы  бойынша  сөзбесөз  емес,  естерінде 

қалғандарын ғана жазады. Мәтін оқылмас бұрын қажетті ереже

лер еске түсіріледі. Мұғалім мәтінді әуелі тұтас, сонан соң оның 

56 жолын оқиды. Әрбір оқылған үзінді оқушылар жаттап ала



5

тындай, өте қысқа болмауы керек. Оқушылар оқылған үзіндінің 

естерінде  қалғанын  ғана  жазады.  Диктанттың  бұл  түрі  де  тіл 

дамыту жұмысымен ұштасады. 



Шығармашылық  диктант  –  үйрету  диктанттарының 

ішін де  мазмұн,  құрылым,  әдістәсіл  жағынан  ең  күрделісі, 

оқушы лардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен 

өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші. 

Бұл  диктанттың  көп  нүктенің  орнына  тиісті  әріптерді  қою, 

сөздерді  дұрыс  орналастыру  арқылы  сөйлем  құрау,  басы 

жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамай

тын өзгешеліктері болады. 

Шығармашылық диктант балалардың тілін дамыту үшін 

де  өте  қолайлы,  өйткені  оқушылар  мәтін  құрауға  белсенді 

қатысады, сөздерді де өздері ойлап табады. 

Сөйлемді немесе мәтінді балалардың өздері құрастыратын 

болғандықтан, мұны шығарманың кіріспесі деуге де болады. 

Мұғалім  тақтаға  қажетті  сөздерді  жазады.  Кейде  сурет 

немесе бір сериялы картина беріледі: балалар бір тақырыпқа 

сөйлемдер  құрайды.  Шамамен  қолданылатын  ережелер 

беріледі (еске түсіріледі). Балалар сөйлемдегі сөздердің дұрыс 

тұлғада тұрғантұрмағанын байқайды, қажет болса, өзгертеді. 



Графикалық  (сызба)  диктантын  сөйлемдегі  сөздердің 

байланысын сызба арқылы көрсету, керісінше, берілген сызба 

бойынша сөйлем құрау сияқты түрлі нұсқада жүргізуге бола

ды.


Ескерту  диктантында  мұғалім  мәтінді  тұтас  оқып 

шығады.  Балалар  жақсылап  тыңдап  отырады.  Сонан  кейін 

түсініксіз  деген  сөздердің  мағынасы  түсіндіріледі.  Мұғалім 

әрбір  сөйлемді  қайта  оқып  шығады,  оқылған  сөйлемдер 

балалардың  қатысуымен  талданады.  Сөйлемді  жазбас  бұрын 

мұғалім  балалардың  зейінін  ондағы  қиын  сөздердің  жазы

луына,  өтіліп  отырған  ережеге  аударады.  Оқушылар  тиісті 

дыбыстарды  көрсетеді,  ережесін  айтып  береді,  олардың 

қателескен  жері  болса,  түзетіледі.  Осындай  жұмыстардан 

кейін  ғана  балалар  сөйлемді  жазуға  кіріседі.  Алғашқы  кез

де  әрбір  сөйлем  оқылып,  талданып  барып  жазылады.  Кейін 



6

балалар  жұмыстың  бұл  түріне  дағдыланған  кезде,  бірнеше 

сөйлем  бірден  оқылып,  олардың  ішінен  мағынасы  түсініксіз 

сөздер  мен  жазылуы  қиын  деген  сөздер  ғана  талданады,  ал 

онан  әрі  мәтін  тұтас  оқылады  да,  сөздер  іріктеліп,  талдана

ды,  сонан  соң  мұғалім  әр  сөйлемді  оқып,  балалар  жазады. 

Егер  балалар  белсенділік  көрсетіп,  сөздердің  қалай  жазы 

луын, талдануын сұрап, сөздіктен қарайтын болса, онда ескер

ту диктантының тиімді болғаны. 

Ескерту  диктанты  көлемі,  орфографиялық  емле,  сөздік 

қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Мұнда осы 

уақытқа  дейінгі  өтілген  барлық  материал  түгел  қамтылып, 

оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлейді.

Бақылау  диктанты  бұрын  өтілген  материалдарды  оқу

шылар  қандай  дәрежеде  меңгергенін  және  сауаттылық  дең

гейінің қандай екенін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Мұнда 

оқушы өзі білетін ережені қолданып, өз күшін өзі байқай ала

ды. Мұғалім қандай да болмасын бір орфографиялық ережені 

оқушылардың  қалай  меңгергендері  жөнінде  мәлімет  алады. 

Қандай ережені қайталау керек, кімге қандай көмек керек – 

соны анықтайды. Егер диктанттың нәтижесі бүкіл сынып бо

йынша нашар болса, қайталау диктанты жүргізіледі. Мұндай 

жағдайда  сол  мәтіннің  өзі  қайтадан  алынады  немесе  соған 

ұқсас мәтін алынып, қайталанады, диктант жаздырылады.

Бақылау  диктанты  белгілі  бір  бөлімді  оқып  бітіргеннен 

кейін және тоқсанның, жылдың аяғында өткізіледі.

Ол төмендегіше жүргізіледі:

а)  диктант  тақырыбы  тақтаға  жазылады  да,  алғашқы 

сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі. 

Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері 

өтілмеген сөздерді мұғалім үзіліс кезінде тақтаға жазып қояды;

ә)  диктант мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазы

луы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігін ескертеді;

б)  егерде диктант мәтіні жеке сөздер мен сөз тіркесінен неме

се байланысты сөйлемдерден құралған болса, мұндай мәтіндердің 

әрбір  сөзі  мен  сөйлемін  мұғалім  үш  рет  қана  қайталап  оқиды. 

Осыған орай диктантты жазар алдында оқушыларға әрбір сөзді 




7

немесе сөйлемді көңіл қойып тыңдап, олардың мағынасын ұғып 

алғаннан кейін ғана жазуға кірісу керектігі ескертіледі. Мұғалім 

оқушылардың түгелдей жазып отыруын қадағалап, ең баяу жа

затын  оқушы  бітісімен,  келесі  сөйлемді  оқиды.  Бірақ  ол  жаңа 

сөйлем екені айтылмайды;

в)  оқушылар  диктант  мәтінін  түгел  жазып  болғаннан 

кейін мұғалім мәтінді бастанаяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде 

оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. 

Қатесі болса түзетеді. 

Мұғалім диктантты бір орында тұрып оқиды.

Бастауыш  сыныпта  алынатын  бақылау  диктантының 

көлемі төмендегідей:

2сыныпта – 25–30;

3сыныпта – 35–50;

4сыныпта – 55–70 сөзден аспауы керек.




8



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет