Жұмабаева А. Е



бет1/8
Дата28.01.2023
өлшемі72.71 Kb.
#468868
  1   2   3   4   5   6   7   8
Элективті курс Оспанова Акбота (1)


БАҒДАРЛАМА
элективті курс
ШЕШЕНДІК ӨНЕР
11 - сынып оқушыларына арналған
аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат

Оспанова Акбота Ахметжановна «№152 мектеп- гимназия» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Пікір жазғандар:



  1. Жұмабаева А.Е., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, п.ғ.д.

  2. АқжоловаА.Т., Абай атындағы ҚазҰПУ ассоц. профессоры, ф.ғ.к.

  3. ТемірғалиеваМ.Б., №156 ЖББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер

Түсініктеме хат
Қазақ шешендік сөздері бата-тілектен бастап, өнегелі өсиет сөздерді, өмірде кездесетін жер дауын, ер құны секілді дау-талас келіссөздерді қамтитын атадан балаға мирас болып келе жатқан қайталанбас дүние болып табылады. Зайырлы қоғамда шешен сөйлеу әрекеті -кез-келген адамның қоғамдық табысының кілті.
Шешендік сөздерді дербес жанр ретінде ала отырып, оқушының тілдік қарым-қатынас, өзін-өзі ұстау мәдениеті мен тыңдау және сөйлеу әдебін қалыптастыратын шешендік өнер ретінде қарастырамыз.
Қазір ақпараттық қоғам өмірде жаңа үрдістерге жол ашты, шешендіктің жаңа түрін туғызды. Бұл шешендіктің жаңа түрі сөздік қорымыздағы барлық сөздерді өмірдің қай саласы болмасын қолдана алу мүмкіндігін жүктейтін,терең ойлап, ақылға салып, айтылған сөзді тез қабылдап, оның мағынасын дұрыс түсінуге ықпал ететін қосымша білім өзегі болып табылады.
Халық шешендік өнерінің дамуына, қазақ тілінің тазалығы мен табиғилығын сақтауға «Шешендік өнер» элективті курсы бірден-бір таптырмас құрал ретінде ұсынылады.
Тапқыр ой, көркем тілмен айтылған сөз қай заманда да құнды.Шешен де , тапқыр сөзбен қаруланған бүгінгі оқушы- ертеңгі күннің білім бәсекесіне қабілетті тұлға.
«Шешендік өнер» элективті курсының мақсаты:
Оқушыларға жалпы шешендік өнер туралы жан-жақты мағлұмат бере отырып,қоғамда өзіндік көзқарасын білдіре алатын ,моральдық, этикалық, стильдік сипаты қалыптастқан тұлға тәрбиелеу.
Міндеті:
-оқушыларға шешендік өнердің құдіреті мен мәнін, маңызын, әйгілі шешендердің өнері мен мұраларын үлгі ету, шешендік өнердің тарихын таныту;
– шешен сөйлеуге, тіл тазалығын сақтауға дағдыландыру;
– оқушы бойына ынта, жігер, шабыт, сыни көзқарас, түпкі ой шоғырландыру.
Өзектілігі:
Қазақтың шешендік сөздерін жинап, оны зерделеген ғалымдардың түпкі мақсаты- атадан балаға мұра болып келе жатқан хас өнерді ұрпағына насихаттау.Сондықтан да халқымыздың дүниетанымын, мәдениетін, тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, философиясын тұтастай қамтитын шешендік өнер салаларын оқып, білу- бүгінгі білім мазмұнының өзекті тақырыбы .
«Шешендік өнер» элективті курсы шешендік өнердің тарихын, даму кезеңдерін, қазақтың би-шешендерінің шешендік сөздері, көсем сөздің мән-мағынасын терең ұғындырарлық пән болып саналады. Сонымен қатар Грек шешендік өнері мен Ресейдегі шешендік өнер үрдісін салыстыра отырып, оны кең көлемде оқытады.
Шешендік сөз -сөз мәдениетінің ең жоғары формасы болғандықтан, сөздің дәлдігі, фигураның түрлері, тіл көрнектілігі жөнінде білім ала отырып, түрлі ғылым салаларына қатысты шешендік өнер иелерінің пікірлерінен мағлұмат алып, өміршеңдігіне көз жеткізеді. Мән-мағынасыз сөз айтудан арылып,табан астында тауып айтуға төселеді. Бүгінгі таңда әрбір саналы, білімді қазақ азаматы халқымыздың жүріп өткен сара жолынан шешендеріміздің тұлғаларын танып қана қоймай, олардың тауып айтқан тапқыр сөздерін терең түсініп, өздері де ойлы, сыни, шешен сөйлеулері қажет екені даусыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет