Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту


а. Екінші ұстаз Әл-Фарабидің интеллект (сөзінің)



бет2/12
Дата23.02.2016
өлшемі1.24 Mb.
#9653
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
1.3 а. Екінші ұстаз Әл-Фарабидің интеллект (сөзінің)

мағынасы жайындағы пайымдамасы - дидактиканың негізі
Интеллект деген сөзді түрлі мағынада қолдануға болады. Бірінші, қарапайым сөзде, адам жөнінде, парасатты адам жөнінде айтқан кезде колданылады. Екінші, әркім оны өзінше түсініп, мутакаллимдердің үнемі айтысқа түскеңде айтатын мағынасында. Олар былай дейді: «Бұл өзі парасат теріске шығарған кезде айтылады. Интеллект сөзінің үшінші мағынасы Аристотельдің «Дәлелдеме» деген трактатында айтылған. Төртінші мағынасы тағы да сол Аристотельдің «Этика» деген еңбегінің алтыншы кітабында айтылған. Бесінші - «Жан туралы» трактатында. Алтыншысы «Метафизикада» айтылған.

1. Ал еңді қарапайым сөзде қолданылатын, ол өзі парасатты адам дейтін кездегі мағынасына келсек, мұны интеллекция актісі деп түсінеді. Сонымен, қосымша мысал ретінде кейде оны (адамды) парасатты деп атайды, ал кейде оны бұлай атаудан тартынып қалады. Олар былай дейді: «парасаттыға сенім керек», ал олардың пікірінше, сенім дегеніміз қайырымдылық. Олар парасатты деп қайырымды адамды, жақсылыққа асық, жамандықтан қашық адамды айтады.


Потенциалды интеллект
Потенциалды интеллект бұл өзі әлдебір жан, жанның бір бөлшегі, жан қабілеттерінің бірі немесе материядан дүниеде бар заттардың парқы мен формасын абстракциялай алатын немесе соған даяр әлде бірдеңе. Материялық емес бұл формалар потенциалды интеллект формаға айналу үшін ғана өздерінің өмір сүруі тәуелді болып отырған субстанциядан абстракцияланады. Солардың субстанцияларынан абстракцияланған формаларына айналған формалар интеллекцияның танып білетін объектілері болып табылады. Бұлардың аты интеллект деген сөзден шыққан, өйткені дүниеде бар заттардың формаларын абстракциялағанда, олардың өздері сол заттардың формаларына айналған. Сөйтіп, потенциалды интеллект дегеніміз формаларды жүзеге асыратын субстанция болып табылады. Егерде сіз әлдебір денелі материяны, мысалы, бір кесек балауыз алсаңыз, оған таңба түсірілсе, түсірілгенде ол таңба оның сырт жағы мен тереңдігін алып жатқан болса, және форма субстанцияны қамтып жатса, қамтығанда субстанция формаға тарап, түгелдей сол формаға айналатын болса және соңда бұл парықта заттардың формаларының қалай пайда болғанын түсінуге жақындайсыз. Өйткені парық форма үшін бейнебір субстанциясы өз бойына сыйдырушы болып табылады, бірақ денелі материядан айырмасы ол форманы өзінің тереңімен емес, тек бір қырынан қабылдайды.
Актуальды интеллект
Егер субстанциядан абстракцияланған интеллекцияның пайымдағыш объектілері осы парықта жүзеге асатын болса, онда бұл объектілері интеллекцияның актуальды объектілеріне айналады. Субстанциядан абстракцияланудан бұрын бұлар интеллекцияның потенциалды объектілері болып еді ғой, ал субстанциясынан айрылып, олар актуальды объектілерге айналды, өйткені сол парықтың формаларында жүзеге асты. Сонымен, бұл парық интеллегенцияның актуальды объектілері арқылы актуальды интеллектіге айналады. Демек, интеллекцияның пайымдалғыш актуальды объектілері мен актуальды интеллект, сайып келгенде, бір нәрсе. Сөйтіп, біздің сөздеріміз тек мынаны ғана: (парық) интеллекцияның пайымдалғыш объектілерінің өзі соның формаларына айналғандығын, өйткені бұл объектілер формамен бара-бар болғанын білдіреді. Демек, актуальды танушы (парық) пен актуальды интеллект және интеллекцияның актуальды зерде жетерлік объектісі - бұлар бір нәрсе.
Әрекетшіл интеллект
«Жан туралы» трактатының үшінші кітабында Аристотель айтқан әрекетшіл интеллект дегеніміз ешуақытта да материяда болмаған және онымен мүлдем байланысы жоқ абстракцияланған форма. Бұл интеллект қайсыбір жағынан қарағаңда актуальды интеллект болып табылады және жүре келе дарыған интеллектіге өте жақын. Потенцияда болатын парықты актуальды интеллектіге айналдыратын және интеллекцияның пайымдалғыш потенциалды объектілерін тиісті актуальды объектілерге айналдыратын да осы.

Актуальды интеллектінің потенциальды интеллектіге қатысы күннің көзге, қараңғы уақытта тек потенциалды жанары болатын көзге қатынасы сияқты. Қараңғылық дегеннің өзі әрі потенциядағы мөлдірлік те, әрі сонымен бірге актуальды мөлдір еместік қой; ал мөлдірлік дегеніміз қарама-қарсы тұрған жарық көзінен түскен жарық. Жарық көз жанарында, ауада, сол сияқты бір нәрседе жүзеге асқан кезде, сол кезде көз жарықты қабылдаған бойда ол актуальды көрген жанарға айналады, сондай-ақ түстер де актуальды көрінгіш түстерге айналады. Ол ол ма, біз көздің актуальды көреген болуы жарық пен мөлдірлік көз жанарына актуальды жүзеге асқандықтан емес, көз актуальды мөлдірлікті қабылдап, көздің өзі де көрінетін нәрселердің формаларына ие болды және тек осының нәтижесінде ғана актуальды көргіш болды.

Біз белгіліден белгісізге қарай жүрегін болғаңдықтан, ал өзіндік кемелді болмыс біз үшін белгісіздеу болмыс болғаңдықтан, басқаша ол туралы біліміміз мейлінше мардымсыз болғандықтан, актуальды интеллектіде бар нәрселердің тәртібі осы нәрселер үшін әрекетшіл ингеллектіде белгіленген тәртіпке қарамастан қарсы болуы қажет . Әрекетшіл интеллект дүниеде бар нәрселердің ішінен алдымен ең жетілгендерін таниды, ал материялық формалар әрекетшіл интеллектіде материядан абстракцияланған формалар болып табылады. Мұның себебі олардың бұрын субстанцияда болып, кейін абстракцияланғандығынан емес, олардың әрқашан да осы күйде болып келгендігінен.

Дидактика нысанасының интеллекциялық әрекет әдісі біреу, ол - жинау. Интеллект - жинау әдісімен келетін сапа. Олай болса, Әбу Насыр Әл-Фараби әлемдегі бірінші ұстаз Аристотельдің ғылыми тұжырымына тоқталса, дидактиканың пәлсапалық анықтамасын, рухани шығу тарихын біздер түркі жұртының ғана мақтанышы емес, әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фарабидан іздеуіміз орынды құбылыс. Бірақ, оны дидактика объектісін ерекше зерттеді деп айту қиын.

А.Қасымжанов пен А.Әліновтың (10) танымымен берілген интеллектінің дидактикамен қандай байланысы бар деген табиғи сұрақ туары сөзсіз. Интеллектісі жоқ адам дидакт бола алмайды.

Дидактиканың өдебиеттегі орны оқыту үрдісінде кездеседі. Ал оқыту үрдісіс ұстаздың жеке басының бернелерінің интеллектісі деп қабылдаған жөн.

Сонымен Әбу Насыр Әл-Фараби «интеллект» ұғымына пәлсапалық тұжырым жасап, оның ішінара бөліктерге жіктеліп кету себептерін ашқан. Оған қысқаша интерпретация жасасақ, мынандай түйіндер шығады:

- потенциалды интеллект формаларды жүзеге асыратын субстанция;

- актуальды интеллект - тек осы форма жөнінде актуалды;

- жүре келе дарыған интеллект бірінші материядан бірте-бірте өрлеп, нәрселердің (иерархиясы) аяқталатын шегі бірінші материя және материя болып табылады.

Адамның қатысым құралдардан жиған интеллекциясы.

- Әрекетшіл интеллект - бар нәрселердің ішінен ең жетілгенін танитын қасиет.

Ойымызды қорытсақ, дидактика нысанасы оқытушыдан екі салихалы қасиетті талап етеді:

Қабылдаушы субъектіге жеткізер нысаналарды тақырып, мұрат-мүддесіне, құрылым-жүйесіне, көркемдегіш құрал-әдістеріне жіктеп, оның парқына терең бойлап, бәрін тұтас жүйеде автордың көздеген «дамудың жақын алаңын» дұрыс меңгергеңдікті;

Оқыту үлгісін Ізгілікті піпіінге үйлестіріп, интеллекцияны өзінің интеллектісіне айналдырып, барлық Тұлға-болмысымен, Бітім-пошымымен өн бойынан Нұр сәулесі шашырап тұру;

Міне, осындай қасиеттерді өзіне дағды, машық ретінде ширатқан. Адам жәуанмәрттіктен пайғамбарлық деңгейіне жетеді деген түйіңді біздер сонау ежелгі дәуір заманасының әлемдегі екінші ұстаз Әбу Насыр Әл-Фарабидың ғылыми тұжырымынан аңғардық.


1.3 ә. Қожа Ахмет Иасауи шығармаларындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
Қазақ елінің түп-тамыры - түркі жұрты. Қат-қабат қайшылығы мол, күрделі кезеңде өмір сүрген Қожа Ахмет Иасауи - ақылдың, даналықтың, кемеңгер парасаттың ақыны.

Қожа Ахмет Иасауидың «Диуани хикмет» кітабы арқылы көздеген түптілікті мақсаты мұсылманның діни қағидаларын түрік тектес халықтарға кеңінен насихаттап, саналарына жіліктеп жеткізу еді. Сол кездегі талапқа сай ақынның даналық тұжырымдары өлең өрнегімен бейнеленеді. Мұсылмандық шарттарын даналықтың дидактикалық үлгісінің тартымды бір пішіні деп қабылдау орынды. Бұл шығарма тек Қазақстан мен Орта Азия көлемінде емес, кіші Азия арқылы бүкіл ислам әлеміне таралып, үлкен құрметке ие болды. Е.Бертельс Қожа Ахмет Иасауидың жырлары күні бүгінге дейінгі қазақ даласынан Кіші Азияға дейін кеңінен тараған фольклорлық лириканың түрлерімен сырттай ұқсас деген. Бұл жерде «фольклор» деген сөзді ұғымды ежелгі дәуір деген мәнде түсінген жөн.

Қожа Ахмет Иасауи - мистик ақын. Кешегі тоталитаризм мен волюнтаристік-мемлекет жүйесінде адамгершілік, имандылыққа үндейтін оның асыл жырларын жариялау, сөйтіп халықтың санасын ізгіліктің ақ жолына бұру мүмкін болмады. Сол себепті бұл еңбек халық арасына тарамай, керек десе жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру, тарих бетінен өшіру саясаты қолданылды.

Қазақ еліңде «Алтын, қап түбіңде шірімес» деген мәтел бар, Алтын мұра халқына қайта оралды. Қожа Ахмет Иасауи өмірнамасы мен шығармашылығын зерттеуші М.Е. Массон [9] ақынның Түркістан қаласы орналасқан мекендегі Иасыда көзге түсіп, түрік шайхы Арыстан Бабтың тәрбиесін алғанын, әкесі Ибраһимнің түрік нәсілінен шыққанын айтады. Ал академик В.А. Гордлевский Қожа Ахмет Иасауидың арғы аталарының имам Әбу Ханифаға барып қосылатынын айта отырып, Ахмет Иасауидың зерттейтін қожалар Заравшан өлкесіндегі Исабу, Тоқшы дейтін қыстақтарда тұрады деген пікір айтады [10]. Дәл осы пікірге түбірлес келетін түйінді түрік профессорлары М.Ф. Көпірлі де, К.Ераслан да айтқан. Ақынның арғы тегінің Хазырет Ғалидің Мұхамеды Ханафиясынан басталатынын ертеректе Ақсақ Темірдің жорықтарын баяңдаған Шарафаддин Ғали Иазди де жазып кеткен. Ол жаңа санақ бойынша 1424-1425 жылы жазылған «Зафарнама» атты кітабыңда, 'Темір Сейхуннан өтіп, Ахангаран, Шыназ төнірегінде қыстау үшін тоқтап, әскеріне арнап үй салдырады. Содан кейін «Иассы» ауылына барып, сондағы Иасауи бейітіне зиярат етеді. Иасауидің Мұхамет Ханафияға туыстығы бар еді» деп жазады [11] . Міне, Ж.Аймауытовтың тегіне тартады деген тұжырымын Қожа Ахмет Иасауидың өмірнамасынан көреміз. Тектіден тектектілік туады.

Сопылық жайлы әр ғалымның әр түрлі ой-түйіндері бар. Сопылық әр кездің талап-мүддесі мен санасына орай ой мен жан-тән тазалығы болса керек. Сол себепті Қожа Ахмет Иасауи тұсындағы сопылық - діни мұраттар мен қағидалардан туған ұғым. Мұның арғы шығу тегі «Суфия» паргиясы мен Ас-Сари-Ас-Сакати (ескі мата жинаушы деген ұғымда) тобындағылар өз жұмысын тастап, Аллаға деген Жан тазалығын, махаббатын білдіру үшін, ел-жұрт, үй-ішін тастап, азап-қиыншылығы мол кезбелікті тандап алады. Бұл материалды дүниенің қолы еместігінің дәлелі.

Айта кететін бір жәйт осы ғылыми (діннің тұрғысында) тұжырым А. Құнанбайұлының 38-сөзінде де кездеседі. Осы қара сөзіндегі Аллаға махаббат жүректен шығуы мен тіліңді арабша сөйлегеңде, құран тілін бұрмаламай кәлимаға келтіру керектігіне Абай Құнанбайұлы ерекше мән береді. Бұдан адамның ішкі және сыртқы құбылысында үйлесімділіктің Аллаға деген сүйіспеншілік нүктесінде түйісуі деп ұққан жөн.

Жоғары тұжырымды келтіргендегі мақсат не? Сол кездегі Қожа Ахмет Иасауи тұсындағы сопылық дәстүрдің адамға ең қажетті субъективті үрдісінің ізгілікті желіге ниеттенуінің гаптырмас моделі бүгінгі таңға да жат еместігін зерделеу болып табылады. Бұл ұғым белгілі бір ұлтқа, ұлысқа тән емес, керісінше бүкіл адамзаттың ізгілік моделінің әлемдік иерархиясы дейміз.

Қайтадан сопылық жайлы ұғымға оралайық. Сопылықтың ең ірі өкілдерінің бірі - Әл Жаһиз (255-869). «Дін ақыны, ең алдымен, сопы болуы керек, - дей келіп, - «Мен де өзгелер секілді не айқай салушы едім, не асида оқитын едім», - деген екен. Сол секілді жас Ахмет те ақыңдықпен әуестенгенде осы сопылық мұраттар мен шариғатты ақыл өрісіне бағындырып, өлең жолдарына шақтап халқына жеткізуді көздеген. Шығармашылығының негізгі мұраты -данышпандық дидактиканың озық үлгісі.

Данышпан өзінің осы Ақыл кітабының беташарында мұсылман дінінің негізгі қағида-шарттарын, парыз-қарыздарын байыппен баяндайды. Мұндағы ой-тұжырымдары сегіз жүйеден тұрады. Олар: Тәубашылық, Ғибадатшылық, Махаббат, Сабырлық, Шүкіршілік, Ризашылық, Заһидшілік (анықтық), Ғаріптік. Бұларды біздер бір нүктеге түйістіріп айтсақ, адам табиғаттың кілтін басқарып тұрған Құдіретті Алланы танып-білу үшін не істеу керек, қандай уажіп, парыздарды орындау қажет дей отырып, сондай-ақ адамгершілік, әділдік, адалдық, мейірім, рахым, Аллаға деген сүйіспеншілік сияқты мәселелер сөз болады. Әсіресе, Мұхаммет пайғамбар ұстанған ғаріптік жолына ерекше мән береді. Оның мән-жайын сараптан өткізеді. Бұдан тұжырым қорытып, осы талаптарға сәйкес: «Өз тапқанын мүсәпірге бермесе, ол харам. Тіріге қол бер. Шариғатты білмесе, шариғат үйрет, тарихатты білмесе, тарихат ғылымымен жолға сал, егер мағрипатты білмесе, мағрипат ғылымымен үйрет, хақиқат жолымен жүрмесе, хақиқат жолымен мүріттерге жол көрсет» - деді. Ислам дінінің осы төрт құбыласы Жүсіп Баласұғында: «Әділет, Дәулет, Парасат, Қанағат деп беріледі. Мұның бәрі дерлік Адамның Ізгілік әлеміне ниет бұруының тірек-бағандары. Кей жағдайда бұл тірек ұғымдар қабылданса, адамдардың деңгейлік сапасына айналып кетеді. Өкінішке орай, аталған тіректік ұғымдарға сәйкес адам деңгейі бағамдалмай келеді. Бұл күрделі де өзекті мәселенің жалғастығы Қожа Ахмет Иасауидың жақында табылған «Рисала» атты трактатында терең қамтылған. Маңыздылығы жан-жақты ашылған. Бұл шығармасында да аталған төрт тірек ұғымдарын жіліктеп, талдап, олардың әрқайсының он-оннан сарын-мақамы бар екенін ашып көрсетеді. Сол арқылы дін ақиқатына жетудің сырларын талдап әңгімелейді. Адамды имандылыққа, басқаша айтсақ, сенімділікке (өзінің өзіне), бауырмалдыққа, ізгілікке тәрбиелемек ынтасы білінеді.

«Диуани хикмет» - бір жағынан философия, антропология, физика, математика, сөз құдіреті т.б. жайлы Құдірет тілінде жазылған Ата Мұра, Асыл Қазына, Рухани Азық. Дәл осы мәселелер ел тарихының беттерінде Қожа Ахмет Иасауиға дейін де, кейін де ұрпақ мүддесіне өшпестей насихатталып келеді. Міне, біздер сол тарих іздерінен ең қажетті деген Асыл мұрадан қажетімізді ала білуіміз керек-ақ дейміз. Қожа Ахмет Иасауи көшпелі қыпшақ, оғыздардың тұрмыс-тіршілігін, көзқарас-танымын ескере отырып, сол жұрттың өз тілінде төгілте жырлайды.

Қазақ поэзиясындағы жас мерзімдерін шалқыта жырлау туралы пікірді бұл шығарманың сарынына айналдыру теріс қақпай пікірге жетелейді. Себебі, шығарманың негізгі тұжырымынан жас мерзімдері арқылы кез-келген субъектінің таным, сезім деңгейліктерінің өнімдік, не қалыптық, не хайуандық нышандарын пішіндеп беру сезіледі. Сондықтан, Қожа Ахмет Иасауиды басқа, кейінгі ақын-жыраулармен салыстыру артық. Өйткені әр шығарманың негізгі мұраты - сопылықтың мән-жайын халық ұғымына жеткізу. Шығармадағы «көңіл бағы», «көңіл құсы», «топырақ сипаты» «күйген көбелек», «махаббат бостаны», «махаббат базары», «көзі сынық», «бостандағы бұлбұл», «ізіңе гүл өнсін», «ит нәпсіні өлтіру», «қызыл жүзін салдырар» тәрізді бейнелі сөздерді жеке-жеке бөліп-жарып талдау дұрыс емес. «Диуани хикмет» - тұтас дүние. Оның ішкі кіші жүйелері мен бөлік-бөлшектерін «жұлып» алуға, оған жеке бағам беруге болмайды. Себебі, пәлсапалық тұжырым мен диалектикалық тағылым-еңбектің негізгі субстанциясы.

Шығармадан жүрегіңізге ұстап калар негізгі мақсат - Жұмақ пен Тамұқ, Жұмақ пен Тамұқ туралы көптеген адамдардың қалыптасқан түсінік-тұжырымдары философиялық (философияға қайшы) тұрғыдағы түйіндері бар

Дәлірек айтсақ, «Жұмақ» пен «Тамұқ» бұл фәнидің ұғымы мен еншісі еместей, о дүниенің, бақидың үлесі сияқты қабылданады. Діннің ішіндегі ғылыми тағылымның мәнділігі де осы ұғымдарға қатысты. «Диуана, хикметте» осы ұғымдардың жас мерзімімен үйлестікте берілуінің өзі аталған ұғымдар екі дүниенің де еншісі екенін пайымдау болып табылады. Әйтпесе, «Мен өлгеннен кейін не болса ол болсын!» дейтін тоғышарлық пікір көптеген денелердің дамуына «жанның» (образды), «рухтың» кедейленуіне, жүдеп-жадауына әкеліп отыр. М.Қашқаридың «Диуани лұғатындағы» Қыс пен Жаздың айтысында да Жұмақ, Дозақ кезектесе қарсыласып, басымы Жұмақ болып келеді.

Қожа Ахмет Иасауи айтар ойын үдемелетіп, еселеп айту бағытын ұстанады.

Дидактиканың негізі пәлсапа деген тұжырымның дәйекті дәлелдерін Қожа Ахмет Иасауидан байқағандаймыз. Әбу Насыр Әл-Фараби дидактиканың өзегі, интеллектінің анықтамасын түбірлеп берсе, оның түрлерін, әдіс-құралдарын жіліктеп айқыңдап баяндаса, Қ.А.Иасауи таза дидактиканың үлгісін пәлсапалық пайымдар тұрғысыңда зерделеген. Мұның өзі классикалық үлгіде берілген. Тіршілік бар жерде интеллект де, дидактика да өмір сүре бермек. Олай болса, бұл рухани құңдылықтар - бақилық. Соның ішіңде Қожа Ахмет Иасауидың ақыл туралы тұжырымында тәубашылық, ғибадатшылық, махаббат, Сабырлылық, Шүкіршілік, Ризашылық, Заһидшілік, Ғаріптік сияқгы қасиеттердің салмағы сипатталған.

Дидактика білім меңгертудің үлгісі десек, бір жағынан интеллект, екінші жағынан ақыл секілді сапалық көрсеткіштерге данышпан бабаларымыз ерекше тоқталып, Ізгіліктің сүрлеуіне сілтеп тұрғандай әсерленесіз. Әрине, дәл осы сапаларды меңгерген, не сол сапаларды әдеби арналармен іс-әрекетте жүзеге асыруға бағыт алған субъекті қай қоғамның болмасын сүйікті данасы.



Берілген тұжырымды түйіндесек, мынандай жүйе шығады, алдымен Нұрлы іске берген сипаты:

- 78. Хақтан өзге бір сөз де сөйлемше болдым.

- 79. От іздеген көбелектей шәкірт болдым [12].

- 81. Жалған атақтан арылып сәби болдым.

- 83. Аллаға бар жаныммен адал болдым.

- 92. Нәпсіні көңіл найзасымен шаныштым міне [13].

- 134. Жалтақтардан сөз сұрама жолда қалған [14].

- 191. Құдайсыздарды көріп едім жолда калды [15].

- 242. Тағатым жоқ жалған іс пен дәукестікке [16].

- 308. Ғашықтарға хақтың нұры түсті, достар!

- 311. Таң сәріде зар илеп еңіремедім.

- 312. Тәуба қылдым қожам қабыл қылды, достар [17].

- 367. Шайтан «өліп», нәпсі-құйын өзі кетті.

- 375. Түрлі-түрлі жаңа көрдім, мойынсұндым..

- 388. Бір және Барым, дидарынды көрермін бе?!

- 567. Надаңдарға айтқан сөзің қабыл болмас [18].

- 578. Асыл тегің су менен күл, тағы айналып боларсың күл [19].

- 657. Залымдарды айыптама, залым өзің [20].

- 793. Надандар сорласа, жүре бер халін білмей [21].

- 809. Дана кепті, надан қалды көп өкініш [22].

- 835. Құл Қожа Ахмет, тіленші болсаң хаққа болғыл [23].

- 1069. Тарихатқа бастаушы, адал болған Мұхаммет.

- 1070. Хақиқаттың ақ жолын бастап берген Мұхаммет [24].

- 1208. Ізгі тілегін үзбеген ғалым болды [25].

- 1327. Алла деген шын ғашықтар пырақ мінді [26].

- 1435. Ұстаздарға қызмет қыл еркіңменен.

- 1436. Күнәлі ол өз бетіммен келдім деген.

- 1437. Жақсы білсең тарихаттың қатері бар.

- 1438. Қалмасаң осы жолға түспе, достар [27].

- 1511. Ей, ғашық, бұл дүниеде мехнат тартқыл.

- 1512. Сол тартқан жолдарды рахат білгіл.

- 1514. Басын тіккен мұратына жетер, достар.

- 1516. Мехнат тартып жапа шеккен көрер рахат.

- 1521. Сапар шекпе жол мәнісін түсінбей.

- 1522. Жолға түскен мұратына жетер, достар [28].

- 1841. Нәпсі жолына кірген кісі рәсуа болар.

- 1845. Нәпсің сені ақырында торға салар [29].

- 3091. Иманы жоқ халайықтан әркім қашса.

- 3092. Білімділер кеңесінен безер болар [30].

Түпнұсқадан ұғарымыз не? Бұл жүйеге салынған хикметтерден аларымыз не?

Бұл сауалдарға жауап беру өте қиын. Өйткені ол жұмбақтың сыры - Қожа Ахмет Иасауи бабамыздың көкейіндегі ғалам жайлы өзінің топшылау-тұжырымдары. Десек те, сол топшылау тұжырымдарды тануға талпынып көрелік.

Біріншіден, «Алла» деген сөзді біздер микрокосмос, табиғатты реттеуші құдіретті күш деп түсінеміз.

Екіншіден, «Бірім», «Барым» деген ұғымдарды өзіңмен тұстас пенделер мен жалпы табиғат қойнауындағы материалды деректі һәм дерексіз заттардың бәрінің иесі деген мәнде ұғамыз.

Үшіншіден, «Пірмұған» [31] құдіретті күшті мойындаған Адам қиыншылыққа мұқалмай, қасиетті жандардың зәмзәм суын тосушы, асыл мұрат иесі деп берілген.

Төртіншіден, Қожа Ахмет Иасауидың ой-тұжырымдарының, Тәубашылық, Ғибадатшылық, Махаббат, Сабырлылық, Шүкірлік, Ризашылық, Заһидшілік (анықтық), Ғаріптік сияқты сегіз сипатының субстанциялары төрт құбыладан тұратынын ұмытпағанымыз жөн. Бұл «Екінші дәптердің» барлық маңыздылығы - осы төрт құбылада. Ол құбылалардың анықтамасын былай жіктейміз:

- Мағрифат [32] - сауаттану, ағарту, ғылым, білім.

- Тариқат [33] - жол, жүйе, сенім, қағида.

- Хақиқат [34] - хақ, шындық, дәлел-факт.

- Шариғат [35] - ісләм дінінің заңы, жолы, қағидасы.

Көптеген адам бұл қасиетті еңбекті тек ісләм дінінің тұжырымы деп қабылдайды. Негізінде әлемдік иерархияда З. Фрейд өзінің данышпандық ойында аталған ілімді дамытып отырғандай сезінесің. Тіпті әріге бармай, бүгінгі халықтардың назарына ілігіп отырған С.Н. Лазаревтің «Диагностика кармы» еңбегінде Қожа Ахмет Иасауи еңбегінің тұжырым-түйіндерін кездестуге болады. Бұл ойды нақтылау мақсатында С.Н.Лазаревтің енбегіне үңіліп көрелік: «Любовь в отличие от морали, унизить невозможно. Если мы любим кого-то, и он нас предает, то на любовь это не влияет, если мы сами не попытаемся вытоптать это чувство. Значит, если Вы исходите из идеалов, морали и нравственности, помогая другим. Вы зависите от этого чувства, не выдержите, если в ответ Вас оскорбят или не выслушивают» [36].

Құдіретті сүймей, адамға байлана сүюдің өзі үлкен кесапатты іс-әрекет екенін автор ерекше мән бере ұғындырып отыр. Байлану іс-қимылы, балаңды құдіреттен артық көру, жолдасынды құдіреттен артық көру, жұмысынды құдіреттен артық көру, дүниенді құдіреттен артық көру, міне бұндай сүюлердің соңы тек трагедия. Сол себепті біздің лиро-эпикалық жырларымызда, («Қозы Корпеш - Баян Сұлу», «Қыз Жібек» т.б.) екі жастың өлшеусіз бір-біріне деген сүйіспеншілігі трагизмге әкеледі деген ойды меңзейтін шығар. Бұл – дидактиканың пәлсапалық қыры. Қандай тауқыметті бел-белестерден өтсек те, адам жүрегіндегі әлемге, құдіретке деген, табиғатқа деген ғашықтық сөнбеу керек. Трагедиялы сәтте өмірге тәубашылық ету қажеттігін түсінген адам өзінің мақсатына жетеді деген тұжырымды аталған еңбектен аңғарамыз.

Бұл ойды тереңірек тану мақсатынды С.Н.Лазаревтің еңбегінен тағы бір үзінді келтіріп өтейік: «Значит, чем наша способность сохранять любовь и прощать любимого человека, оскорбившего наши светлые и благородные чувства, тем больше гармоничных отношений («Таспен атқанды аспен ат»), способностей и интеллекта и того, что мы называем «человеческим счастьем», нам позволено будет выжить и остановить распад, который начался весной 1996 года. И это позволило мне помочь другим людям, тяжелейшие болезни которых были результатом неумения спасти любовь в сложной ситуации» [37].

Келтірілген үзіндінің үңдестігін «Екінші дәптерден» де табамыз:

- 1155. Ғашық жолына пана болар Құдай бар.

- 1156. Не қылсаң да ғашық қылғыл пәруардігар.

- 1161. Ғашық болмай танып болмас, Алла сені [38].

Ғашықтық сезімнің тек бір субъектісіне ғана емес, Абайдың үш сүюінің де негізі осында, олар: Алланы сүй, хақ жолы ғадылетті сүй, адамзаттың бәрін бауырым деп сүй дей отырып, оған «Имани гүл» деп ат берген. Осы және осыған үндес келер дидактиканың пәлсапалық қырлары жайлы тұжырымдарды ежелгі түркі жұрты мен қазақ ұлтынан жиі кездестірсек те, қисындық киім кигізілмегеннен» кейін әлемдік иерархия діттетіп отырған ғылыми сүрлеуге түспей келеміз. Өкінішті-ақ!

Баяндалған тұжырым бүгінгі іскер адамдардың бағының өнімі мен өсіміне де ықпалдастық рольде. Оған көзімізді жеткізу үшін Н.Хилдің мына бір тұжырымына назар аударайық: «Среди полезных открытий, упорядоченных человеком, он открыл и занес в каталог более восьмидесяти физических элементов, из которых во Вселенной состоит все материальные формы.

Путем изучения, анализа и точных измерений человек открыл «огромность» материальной стороны Вселенной, представленной планетами, солнцами и звездами; о некоторых из них известно, что они в миллионы раз больше маленькой Земли, давшей ему жизнь» [39].

Адам танымы - құдіреттің бір бөлшегі. Соңда да адамның мүмкіндігі зор. Міне, осы мүмкіндік жайлы ғылыми тұжырымды Н. Хилл түйіңдей отырып, құдіретті күштің сырын ашуға талпынған ғалым ғаламды сүйе отырып, аталған мәреге жетеді деген ойды білдіреді. Мұның да барар тірегі - дидактиканың пәлсапалық қыры. Аталған ой-түйіндерді Н. Хилл былай қорытады: «Я хорошо понимаю, что многие сочтут Божеский и человеческий закон относиться к другим так же, как хотите, чтобы другие к вам относились, не практичных для нашего корыстного века. Если обе стороны будут им руководствоваться, каждый увидить, несколько благотворно окажутся результаты.

Қарап отырсақ, жек көретін қарсыласыңның да бағының озуына қамшы салмасаң, керісінше кедергі жасасаң, өзің оңбайсың деген Ізгіліктің нышанын байқаймыз.

Әрине, данышпан бабаларымыздың дидактиканың пәлсапалық тіректерінің кейінгі қоғамда жалғастығын тапқанына көптеген мысалдарды келтіріп өтуімізге болады. Бұл күңде көптеген ханымдар мен бикештердің «киіз кітабына» айналған, әлеуметтік иерархияда өзінің еңбегімен, ғаламға, құдіретке ерекше сүйіспендік дүниетанымымен мәшһүр болған, 23 тілге аударылған Луиза Хейдің дидактикалық пәлсапасына көңіл бөліп көрелік: «Читая книгу, вы обнаружите, что я употребляю множество сходных терминов: Сила, Разум, Беспредельный Разум, Высшая Сила, Бог, Вселенская Сила, Внутренняя Мудрость и тому подобные. Я делаю это, чтобы показать вам: вы можете выбрать любое название для той Силы, которая правит Вселенной и живет внутри вас. Если вам не нравится какое-либо название, замените его другим... Обучая людей любить себя, я создаю мир, в котором они могут открыть, как потрясающие они прекрасны... Любовь к себе не означает себялюбия. Она очищает нас, и мы обретаем способность, любить себя настолько, чтобы любить других. Когда мы переходим на индивидуальный уровень из пространства, наполненного великой любовью и радостью, мы действительно можем помочь всей нашей планете.

Силу, создавшую эту удивительную Вселенную, часто называют любовью. Бог есть любовь. Нередко мы слышим утверждение «Любовь движет миром». Все это верно. Любовь - связующее звено, обеспечивающее единсгво Вселенной» [40].

Қорытып жинақтасақ, Қожа Ахмет Иасауи өмір сүрген уақыт пен кеңістік қай кез, кейінгі еңбектерді жазған заман қай кез? Өмір өте қызық. Қожа Ахмет Иасауидың Аллаға ғашықтық дүниетанымы «Вселенная Сила» деген атқа ауып кетті. Айырмашылығы сыртқы атауы, ал ішкі мазмұны мен мәні сол қалпында. Пендешіліктің қамытын киген, нәпсісін еркіндіктің Сарайына бос жіберген пұшайманның Бақыттан дәмесінің жоқтығын берілген дидактиканың пәлсапалық көздерінен бағамдаған сияқтымыз.

Біздер дидактиканың пәлсапалық тірегінің Ізгілікке бастар Нұрлы пішінін данышпан Қожа Ахмет Иасауи ілімдеріне сүйене отырып, оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Әр тұжырымның қайшылықты сыңары бар екені бүгінде жаңалық емес. Ендеше, Ізгіліктің «қарсыласы» не? Оған Қожа Ахмет Иасауидың «Екінші дәптері» арқылы жауап береміз:

- 33. Ділім қатты, тілім ащы, өзім Залым.

- 34. Құран оқып, бойсұнбас жалған ғалым [41].

- 237. Отыз үште сақи болып шарап үлестім.

- 299. Әскер түзеп шайтанмен мен ұрыстым [42].

- 653. Дүние малын түгел бердім, тоймас көзін [43].

- 740. Дау-дамаймен о дүниеге озып кетті.

- 763. Дүние боқ, соңынан итше жорттым.

- 764. Іздеп оны артынан күн-түн қудым [44].

- 800. Хақтан қорқып аза тұтсам күлер қа-қа.

- 801. Аузы ашық, нәпсі ұлық, мешкей лақа.

- 804. Қараңғыда бірге жүрсең жолға салмас.

- 808. Надандардан естімедім бір жақсы сөз [45].

- 1195. Үлкен, кіші адамдардан әдеп кетті.

- 1196. Қыз, келіншек, нәзік жаннан ұят кетті.

- 1197. «Ұят барда иман бар» деп Расул айтты.

- 1198. Арсыз қауым бүлдіріп бітті, достар [46].

- 1199. Мұсылман мұсылманға болды қатал.

- 1200. Нақақ істеп хақ жұмысын бұзды батыл [47].

- 1201. Мұрат пірге жылы жүзбен болмай жақын.

- 1202. Ғажат сұмдық замана болды, достар.

- 1203. Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ.

- 1204. Патша менен уәзірлерде әділет жоқ.

- 1205. Дәруіштердің дұғасында қасиет жоқ.

- 1206. Түрлі бәле халық үстіне жауды, достар.

- 1207. Ақырзаман ғалымы залым болды.

- 1213. Өзін өзі көтеріп мақтаған жоқ [48].

- 1280. Танымасын тас лақтырып оған күлер.

- 1281. Дуана деп басын жарып қанға бояр.

- 1283. Сүймегенде жан да жоқ, әрі иманы.

- 1285. Неше айтсам да естуші жоқ, білген кәне.

- 1290. Ар, иманын соқыр тиынға сатар, достар.

- 1299. Заманақыр болды да пейіл кетті [49].

- 1352. Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.

- 1353. Ақиқатсыз мағрифатқа бата алмадым.

- 1354. Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар [50].

Берілген нұсқадан аңғарғанымыз, белгілі бір білімді қабылдату үшін оқытушының өзі Ізгілік пен оған қайшылықта келетін Надандық, оның қасында қабаттаса тұратын Зұлымдықтың «шекарасын», ара жігін ажыратарлық өлшемдіктер керек. Міне, осы қажеттіліктен туған өлшемдіктерді біздер даналарымыздың шығармашылығынан жүйелеп алуымыз, бүгінгі күннің ұлттық рухының гуманистік моделін құруға бірден-бір тіректік ролін айқындай түспек.

Бабаларымыздың дидактикалық данышпандық тұжырым-түйіндерінің оң жалғастылығын бүгінде Еуропа елдерінде жарық көрген біраз еңбектерден кездестіретініміз жайлы әжептәуір дәйекті дәлелдемелер келтіріп өттік. Дәйектемелерде ізгілікті іс-қимылдың моделінен ой-түйіңдер сипатталды. Еңді керісінше Ізгіліктің жауы Зұлымдыктың, Құт пен Бақтың кастасы, жолы болмағыштықтың сапалары жайлы нендей ой-түйіндер айтылғаны жайлы да мағлұмнаманы білу артық болмас.

Нақты дәлел ретінде С.Н.Лазаревтің мына бір ой-түйініне назар аударып көрелік: «У Вас зацепки - объясняю женщине, - за личное «эго», волю, желания - раз. За принципы, цели, идеалы, - два. За способности, волю, интеллект, - три. Это дает самую большую гордыню, т.е. неприятие потери человеческих ценностей. В библии это называется дъяволизмом. Попробуйте сначала сделать свое человеческое «Я» менее значимым через пост, голодание, дыхательные упражнения, физическую работу и усталость, через ограничение желаний. И попробуйте молиться дома, становясь на колени, это символ унижения вашего «эго».

Когда лбом в молитве касаетесь пола, - это унижение Вашего сознания. Но, пожалуйста, молясь, помните, одну простую вещь: Вы унижаете свое человеческое «Я» и отстраняетесь от человеческих ценностей.. .» [51].

Бұл ой-түйіннен адамның жаман пиғылының өзі, құдіреттен өзінің мүддесін, мақсатын, ойын т.б. қасиеттерін жоғары қою екендігі көрінеді.

Аталған харакеттер адамның шайтандығын үдетіп, оның өзімшілдік мінез-құлқын өрбітіп, тіпті ауруға дейін апаратыны, надандығынан Тамұқты тандап, тілеп алатыны жайлы Ресейлік ғалым өз еңбегінде дәйекті түйін айтқан. Сол пеңдешіліктің емі тек Аллаға сыйыну, былайша айтсақ, бақытқа, құтқа, жұмаққа қол жеткізу тек - өз-өзіңнің нәпсіңді тізгіннен шығармау деген Қожа Ахмет Иасауи тұжырымына түйісетіні сөзсіз. Сол секілді адамның материалдық қырының өніміне оның терісқақпай ниетінің қырсықтығы жайлы Наполеон Хиддің мына бір пікірін келтіріп өтелік:

«На переднем плане находятся и всегда были слабости, ставящие барьер на пути людей к успеху: Нетерпимость, Вожделение, Алчность, Зависимость, Подозрительность, Мстительность, Эгоизм, Высокомерие, Стремление снять урожай там, где не сеял и привычка расходовать больше, чем заработал [52]...

Каждое искажение истины представляет собой не только что-то вроде самоубийства для лжеца, но и удар в сердце для человеческого общества» [53].

Өтіріктің аяғы адамның өз-өзін тығырыққа апаруына соқтырады. Әйтеуір, адам бойындағы көлеңкелі әрекеттердің қай-қайсысы болмасын білімді дұрыс меңгеруіне, не қабылдаушыға меңгертуіне ерекше тосқауыл екенін дидактиканың пәлсапалық тұжырымынан ұққан жағдайда дидактика нысанасын оңтайлы бағытта ұстаймыз.


1.3.б. Хас Хажиб Жүсіп Баласағұни еңбегіндегі дидактиканың пәлсапалық негізі
Нұр, Құт, Бақ, Дәулетке қатысты адам болмысында қандай касиеттер мен әдіс-тәсілдер қажет деген сауалға дидактиканың пәлсапалық негіздемесіне сүйеніп, Жүсіп Баласағұни кейінгі ұрпақ үшін өмірлік, Зақилық, классикалық тұжырым-түйінді өзінің «Құтты білік» еңбегінде жан-жақты сипаттап берген.

Адамның танымы үнемі құбылып отырады, себебі қоғамдық құндылықтар өзгерісте болып, уақыт пен кеңістік өзінің таңбасын дүниетанымның «шымбайына» батырып жібереді.


Халқымыздың ырысы болған ілім
«Болашақ - өткен өмірді қорыту» деген ұлағат сөз сонау орта ғасырлық данышпан Ж. Баласағұнның «Құтты білік» бәйітінен бері белгілі. Бірақ бұл дана сөзді растайтын ісіміздің жоқтығын жасыруға болмайды. Академик Манаш Қозыбаев Қазақстан тарихын тек империялық деңгейде Қытай мен Ресей жазған деп тегін айтпаған.

Ықылым заманнан түркі халықтарының ішінен тараған қазақ халқының төл жазбасынан айрылып қалуы ескексіз қалған теңіздегі қайықпен тепе-тең еді. Бұл - өкініштің өкініші. Осы бір өткен өкінішімізді серпілтетін бүгіндегі ғылыми зерттеулер демекпіз. Орта ғасырда түркі тайпалары іштей сараланып, әрі территориялық, әрі этникалық, әрі тілдік ерекшелігіне қарай халық болып қалыптасқан. Жазба дәстүрі халқымызда бұрыннан бар екенін ғалымдар зерттеп, дәлелдеді. Көркем әдебиеттің жазба үлгісі X ғасырда қалыптасқан. Түркі тілдеріндегі жазба көркем әдебиеттің озық үлгілерінің бірі Жүсіп Хас Хажибтың «Құтты білігі» болып саналады.

Осы «Құтты білік» дастанында мемлекет басқару жүйесі толық әңгіме болады. Егер бүгінгі таңға дейін дастанның мәнділігі мен мәнісін түйсініп, тәлімді тек осы кітап бағдарына сәйкес алсақ, халқымыз ешқашан тығырыққа тірелмеген болар еді. Дастанды тек хан сарайының салтын жырлайтын шығарма деп қарау дұрыс емес. Онда түркі тайпаларының салт-санасы да көрініс тапқан. Кейбір жыр деректеріне қарағанда қараханидтар мемлекетінде әділетсіздіктің орын алғаны байқалады. Елдің жағдайын жақсарту Бограханның қолында екенін Жүсіп Баласағұн ашық аңғарталы.

Е. Бертельс Жүсіп Баласағұнды бұқара халыққа арқа сүйеген ақын деп бағалайды. Өзінің ақыл-парасатымен Бограхан секілді мемлекет басшысын табындырып, оның өз көмекшісі болуын қалағаны бүгінгі күні де мемлекет басшыларын ойландыратын жәйт. Кісілік деңгейді Ж. Баласағұн бабамыз былай жіктейді:

1.Әділ (заң).

2.Дәулет (құт, бақ).

З.Ақыл-парасат (интеллект).

4. Қанағат- ынсап.

Білімнің тұжырымына тірек боларлық негіздер.

Егер біз де отбасы, мектеп қабырғасында берілетін тәлімді осы бағьттарға сүйене отырып, ұлттық сипатта бергенде «Қара шал», «Қара кемпір», «Бозторғай» секілді өзегіңді өртеп, намысыңды қоздырып, көзімізге жас әкелетін қайғылы өлендер тумаған болар еді. Әкеге баланың, анаға қыз баланың жатбауыр, тасбауыр, безбүйрек болып кету себебі өзіміздің табиғи даму қалпымыздан шығып, орта жолдан еуропаша «ілгершіл» болғымыз келген қисық тағылымсыздыққа әкелді.

Аталған ежелгі дәуір мөдениетінің менділігі тек ел басқарушы бектердің арасындағы қарым-қатынас емес, жоғарғы деңгейден төменгі деңгейге дейінгі (аспазшы, төменгі қызметшілер, халық сияқты кейіпкерлерді де қарым-қатынас заңдылықтары берілген) мәдени қарым-қатынас эталоны баяндалған. Мәселен, Жүсіп атамыздың: «Ел басқарушы әкімге алдымен қандай қулық керек?» деп, жауабын «сақтық» деуі бәрімізді де ойлаңдырады.

Сонда Әкім болу үшін сақтық бірінші, негізгі қасиет те, оған қосымша:

1.ақыл, парасат

2.ниеті түзу

З.сөзі шырын

4.өнерлі


5.білімді

б.қолы ашық

7.пейілі кең

8.көзі тоқ

9.кек сақтамайтын асыл құлықтар

болғанда ғана Әкім дамыған өреде болатынын сипаттайды. Сол секілді дастанды оқып отырғанда Әділ дегеніміз не дей отырып, оның құрамы, сипаты, мәні, құбылысы деп жүйе-жүйесімен жіктейді. Сөзім дәлелді болу үшін Әкімнің халқыи дұрыс басқаруы үшін әділ болуды уағыз еткен данышпан Жүсіп Хас Хажиб мына бір шумағын келтірейін:

1... Адамдықты пір тұтқан өмірі ұдай,

Көзі қарақты, сөзі шын, көңілі бай.

Шындық жасын қуған ер, түкті жүрек,

Атақ-даңқы күн сайын өсті үдеп.

Атқарады ісін ақылмен, саясатпен,

Саясатқа сай келер парасатпен...

Ерлік, даңқ жарасар нағыз ерге...

Ессіздерді қуды елінен қаралап,

Жарамсызды ұрды қолмен күйретіп...

Қырағылықты, шыншылдықты, көңілі бай болуды, атқарған ісін әділ заңға бағындыруды, саясатты парасатқа жүгіндіруді, ессіздер мен жарамсыз - еңбек етпейтін тоғышар адамдарды - қууды меңзейді. Сонда ғана Әділет заңы салтанат құрады дейді. Мұнан «жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат» деген халық даналығы осы ата-баба тәлімінің нәтижесі екенін түйсіну ойша шығару қиын емес.

Аталған ежелгі дәуір мәдениетінің мәнділігі - дәулет жинауды игеру. Кешегі кеңестік қоғамда дүниеқұмарлықпен (вещизм) күресті кіші халықтардың санасына қалыптастырып, барлық басқа «ұлы халықтар» өз дәулеттерін өрістете бергені де бүгінге белгілі болып, олардың көпшілігі миллионерлік дәрежеге жетіп, тағы да жоғары билікте отырғанын қалай жасырмақпыз. Бұл да өкініш. Көне дәуір жазбасында дәулеттің негізгі қасиеті төмендегідей беріледі:

1.Жомарт, 2. жұғымды,

2-көңілі зерек, 4. ойлы,

3.ұғымды, 6. сөзі майда, бал тамған,

4.өнер-білімді.

- Егер аталған қасиеттер келмей, құр дәулетті жеке қарасақ, - дейді, ақын, - онда мынадай ғана құлықтар қалады:

1.кезбемін (дәулет - баянсыз деген мағынада)

2.көзім соқыр (жақсыға да, жаманға да қонамын)

З.айтысып кетемін

4.құтты кісі лепірсе, тұрақсыз.

Аталған дәулеттің қасиеттеріне көлеңкелі ісім ілігіп қалмас үшін мына секілді құлықтарды меңгерген жөн дейді Хас Хажиб:

1. Іздеген жан жібектей мінезді болсын.

2. көңілі таза.

3. тілі майда.

4. жігерлі.

5. мекерлікті білмесін.

6. жауыз істің маңынан да жүрмесін.

7. құрмет қыла біл.

8. кішіпейілдік жаса.

9. шарапқа әуес болма

10. нәпсіңді тый.

11. қол мен тіліңді бос ойыннан сақта.

12. көңіл - арсыз көрінгенге лақпасын.

Міне, бұл бүгінгі тілмен айтсақ, мектеп қабырғасында тәлім алатын оқушыларға диагностика өлшемі секілді. Мұнымен бірге ата-баба салған тәлімнің ең құндысы ақылдылық пен біліктілікті дамытуға және сыртқы ортаға көрсетуге қырсығын тигізетін қасиеттер: 1. ашу, 2. қызбалылық екенін ерекше меңзеген.

Әділдіктің қасиеті мен нышаны бар екенін де бағдар ретінде берген:

1. тілі, ділі бір сөзден шығу керектігі,

2. тысы-ішіне, іші-тысқа жараса келуі,

3. шыншылдығы,

4. әділдік-құт,

5. кішіпейілдік,

6. көңілі ашық, әділ ер,

7. адалдық.

Осы жолға түсіретін тек ізгілік екені баса айтылады.

1. Анадан ізгі болып туады.

2. Ессізге ерсең, ессіз болып шығасың,

- деуі Жүсіптің түйсік пен ізгіліктің көзі жаратылысында, нәсілінде дегені. Сөйтіп, нәсіліне қарай адам өзіне не бақ, не сор жияды деп ұққан жөн. Құда түсу рәсіміндегі құдаласу, қыздың ата-анасының тегіне қарау секілді ізгі дәстүрімізді жоғалтып алғанымыз өкінішті.

Білік болмай, сес болмайды дегенді түйсініп өссек, бүгінгідей барлық өндіріс орнын бөтен, жат ел тізгініне бермеген болар едік.

Қорыта келгенде, шығарманың негізгі түйіні даму деңгейіне жету жолдарының өрісін данышпан Жүсіп лұғат дастаны арқылы баяндап бергенін басты нысанаға алу. Біздер, келешектің тізгінін ұстайтын жасұландар тәрбиесін отбасымен үндесе отырып, осы ата-баба салған ізгілікті тәлімнің құрылымымен жоспарлауды ниет етпекпіз.

Бәйіттер дегеніміздің өзі өлеңнің екі жолдан құрылатын түрі, біздің қолға жеткен көркем шығармаларда бәйіт жоқтың қасы. Бұл да өткенімізді өмірге қайта әкелгеніміздің куәсі.

«Құтты білік» - халқымыздың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға, адамға бақыт берген, құт әкелетін білім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу ұрпаққа адалдык, азаматтық қасиеттерін, әдеп-адалдық дәстүрін сіңірген кітап. Әсіресе «Егер ашу-өкпең келсе, қатулан, сабыр қыл, сабыр кісінің сүйініші алдында», - деген жолдардан қазақ мақал-мәтелдерін салыстырғанда, ескертетін ерекшелік тек әдеби шығармаларда ғана кездесетін поэтикалық көркемдік әдіс, тәсілдердің біртектілігі, төркіндестігі десек, үстірт кететініміз анық. Мұның түп-тамырында бүкіл ой-толғам желісінің, ойлау табиғаты мен таным-білім қасиетінің тұтастығы, ғылыми-әлеуметтік тамырластық жатыр.

Осы қасиетті Құт дастанының әр сөзінің ой-толғамының жиырма бірінші ғасырда болашаққа тамыр жіберіп, тілге емес, санаға, жүрекке сүтпен сіңуін тілейміз.

Тоталитаризм тұсындағы көп зерттеулерде автордың мұраты мен мүддесін айқындайтын өз ойының тілдік құралдарын әр оқытушы өз деңгейінің өрісінде интерпретациялағаны бізге жаңалық емес. Осы бір кемшілік қайталанбас үшін барлық данышпан бабаларымыздың еңбектерінен дидактиканың пәлсапалық негіздерін жинап, жүйелеп, белгілі бір арнаға сұрыптау максатында көбіне зерттеушілердің (өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін «Әдістеменің субстанциясы – дидактиканың пәлсапалық негізі» - деген тұжырымды зерделеген бірде-бір ғалым жоқ десем, шындықтан алшақ кетпесін) тұжырымдарын алға ұстанып отырмай, авторлардың дидактиканың пәлсапалық негіздерін тізбелеу әдістері мен амаддарына назар аудару приоритетті мәнге ерекше көңіл аударуды жөн көрдік.

Хас Хажиб Жүсіп Баласағұнидың еңбектерінде дидактиканың пәлсапалық негізінің ізгілікті желісі қалай жіктелген? Оның моделін автордың бәйіттерінен табамыз:

Ақыл - шырақ, қара түнді ашатын,

Білім жарық, қара түнді ашатын.

Білім жарық, нұрын саған шашатын,

Тілесең сен есендікте жүруді,

Жаман сөзге қимылдатпа тіліңді.

Кісілерге мирас ата сөзі ғой,

Ата сөзі ұқсаң - құттың көзі ғой.

Ей ақылды! Өкпе-сорға шалдырма!

Сақтап атты, ашуға бой алдырма!

Өкінерсің ренішті істе сен

Адасарсың қызбалықпен істесең.

Ренішті істің соңы - өкініш...

Ерге керек төзімділік күш-қайрат,

Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап,

Жомарттық һәм салмақтылық қажетті,

Білімділік, ақылдылық қажетті.

Барлық іске зерек болса, парықтап,

Ала білсе өз керегін анықтап,

Сонда толық болар ісің, пішінің,

Білімді асты жейді баппен пісіріп...

Біраз нәрсе кісінің қас-дұшпаны,

Білсе оларды өзін қинап қысқаны.

Бұның бірі - тілдің жалған айтқаны,

Бұдан басқа - айтқан сөзден қайтқаны.

Үшіншісі - шарапқа аңсар ауғаны,

Шәксіз - текке өтер өмір қалғаны,

Тағы бірі жүгенсіз іс-қылығын,

Сүймес ешкім, алған жанды шырығын.

Енді бірі - зымияндық бықсыған,

Кісі үйін түтіндетіп тықсырған.

Және бірі: ашулы тіл - у, ашық...

Бұлар жетсе, бір-бірімен қосылып,

Одан Құт, Бақ безер аулақ жосылып.

Жақсы күнде жабар жаңа бір тілек,

Жаман күнде мұңмен сөнер біртіндеп...

Білім құнын біліктілер біледі,

Білікті тек ақылды ұғып жүреді.

Асыл-дара, кім жарысар, таласар!...

Ессіздіктен тек жауыздық туады,

Ал жауыздық ізгілікті буар...

Ізгі іс - елдің мақтаны,

Тек ессіздер сөйлеп, сөгіп жатқаны.

Достық үшін құшақ жайса мәрт-жігіт,

Кісімсініп, біреу жасар әккілік.

Ұсақ-түйек кінәмшілдік - бір қайғы, [54]

Асыл ердің ақ ниетін былғайды.

Кең бейілі күйкілік пен өкпеге ерік бермейді...

Ізгілік - Оң; Ессіздік - Сол; Жүгің - Ар

Мехнат, жапа, күйініш, көз жасы

Бұлар жамандықтың жолдасы.

Рахат, Даңқ, Қуаныш, һәм Салтанат -

Ізгі ниет еншілейтін мархаббат.

Қызмет қылмас, қалтыраған сараңға,

Қапаланып, қор боларсың аранда.

Сауал берсе - шеш тіліңді - жасырма!

Сұрамаса - ділмарсыма, тасынба!

Ақылды адам қарын бақпас, ой бағар,

Жан семіртер, ой семіртер, ойланар.

Тән семіртер - нәр ауыздан сіңеді,

Жан семіртер - сөз құлақтан кіреді.

Жүйелі сөз - ұлылық, ессіз сөз - жер түбіне жіберер.

Көп тыңдай біл, сөздеріңді таңдай біл.

Қожа Ахмет Иасауи шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізін екі жүйеге – Ізгі, Сұрлы (зұлымдық) деп жіктесек, Жүсіп Баласағұни шығармашылығына ондай әдісті қолдана алмаймыз. Оның басты себебі Ізгілік пен Зұлымдық жайы бәйіттердің мәтінінде үнемі қайшылықта рет тәртібімен келіп отырады. Мұнда метафора, метонимия, сарказм, кейіптеу т.б. троптық түрлері аталған қасиеттерді сипаттауға басты қызмет атқарып отырады. Еңбегіміздің негізгі мақсаты әдістер мен амалдардың генезисін данышпандардың еңбектері арқылы саралау болғандықтан, біздер әдебиеттің қисынына терең бойлай талдауды мақсат етпейміз. Әрине мүлдем тоқталмауға тағы да болмайды, себебі, әдебиет ғылымын меңгермеген адам дидактиканың пәлсапалық негізін шығарып, оны парадигма деңгейіне жеткізе алмайды.

Ж. Баласағұнның «Құтты білігін» тек ел басқарған өз заманының хандары, бектері, не әкімдеріне ғана емес, әлемдегі адамзат үшін дидактиканың пәлсапалық негізі деп қабылдаған орынды. Бұған тереңірек көз жеткізу мақсатында тағы да шығармадан үзіндіге көңіл бөлейік:
Қор толғанша кара шашың ағарар,

Тәнім тозар, ой мен жылдар жаңарар!


Диалектика

Жатқан – тұрар,

Жанған – сөнер,

Не істесең де,

Толық толса,

Тола-толса жіңішкеріп

Жазыл жазың

Эпитет


көтерілген – жығылар,

шаршаған – тынығар,

толық істе бүгіл ер,

жіңішке өзі-ақ үзілер!

Ай қалды,

Кәрлі қысқа айналды!

Метафора

Келтірілген мысалдардан байқағанымыз, мәңгіліктің жоқтығы, адамның төзімділігі мен сабырлылығы және салихалылығының өзі аталған сипаттамаға бағынышты екендігіне көз жеткізеді. Жүсіп Баласағұни отбасы ішіндегі бала тәрбиесінің Ізгілікті мазмұнына ерекше тоқталып өткен:

Болса кімнің қатыны һәм ұл-қызы,

Ол байғұстың тыныш болмас ұйқысы!

Ұл-қызды ата көрде тыныш жата алмас,

Атасының атын ұл-қыз атамас!

Жапа қылды, алды дүние құтымды...

Ата жолын көрген бала тегінде,

Төзе алады ауырға да, жеңілге.

Жаны жұмсақ - қапты ұстаған баланың,

Жарық жүзі атауменен ананың.

Қолдан ерте шығарсаңыз сіз егер,

Ұлдан қайыр жоқ, үмітіңізді үзе бер!

Кім ұл-қызын шолжандатса бетімен,

Тартар күйік, ет кескендей етінен.

Бейбастақ қып өсірсе ұлдың қылығын,

Кінәлі әке, жазығы жоқ ұлының.

Құдай кімге берсе инаят, ықылас,

Екі дүниеде құт ұялап, ұмытылмас.

Кім құдайды шын пейілмен жақтасын,

Пәле, қайғы ашпас оның қақпасын!

Отбасындағы дидактиканың пәлсапалық негізін келтірілген бәйіттердің тұжырым-түйінінен аңғарамыз.

Бұдан байқағанымыз не? Ол - әдістер мен амалдардың жалаң өмір сүре алмайтыны. Әдіс пен амал белгілі субстанцияға қызмет етеді. Ол субстанция адамның кәсіп меңгерудегі мақсат-мүддесі мен ұстанған жолына тікелей бағынышты. Сондықтан да зиялы мен наданның, Ізгілікті мен зұлымның, ғалым мен пенденің арақатыстық қайшылығы ажыратылса жіктеліп, оның әр сападағы болмысын тани, сезіне алатын субъектілер қоғамға қажетті. Мұндай талаптар сонау ежелгі Түркі жұртынан басталғанын, қала берсе, б. ғ. д. V ғасырда әлемдік иерархияда пайда болғанын алдыңғы сипаттамалар мен топшылауларымызда атап өттік.

Бабамыздың асыл қазынасы ретінде ментальді, эфирлі, ғарыштық қуат көздері қандай жағдайларда ашылмақ деген мұратын бәйітінің мәтінінен табамыз:

Жұрт алдында аузыңды бақ, лепірме,

Кісі үйінде көз қадірін кетірме.

Бастарда ойлан, сайла тілдің шырынын,

Қысыр сөзге қышымасын иегің,

Тұз-дәміңді бөліс, жаса қайырым,

Кешіре сал, көрсең кісі айыбын.

Шарап ішпе арамнан бой тасала,

Пасық болма, зинақорлык жасама.

Ішімдіктен мал-дәулетің шашылар,

Зинақордың ар-ұяты ашылар!

Ажал келмей, сарп қылмай күшіңді,

Ақылға сап, тындырып ал ісіңді.

Ізгілікпен кәрі-жастың күйін біл,

Сөз ісіңмен ел-жұртыңды сүйіндір.

Қай істе де қайсарлықтан айныма...

Елге түзу заң түз, ұқсын бір-бірін...

Тый нәпсіңді, сорың содан түбінде.

Сұғанаққа сырыңды ашып таратпа!

Опасызды есігіңнен қаратпа!

Ұл әкенің арқасында жаралар,

Ана қарнын тек бірнеше ай паналар.

Кісі қанын төкпе, мүлкін алмағын...

Өзге үшін құрбан болма тектен-тек,

Текке күйме, бағаңды біл, кеткенше!

Кісілерге тіл тигізбе, жерлеме,

Зәрлі сөз -өрт, өртке түссін ел неге?!

(риторикалық сұрау)

Бек, қызыққа құмарланба, шаттанба,...

Қос жиһанға билік еткің келсе егер,

Бес нәрседен қашық жүрсең, ел сенер.

1. Зорлық қылма, 2. араласпа арамға,

З.қанын төкпе, кек сақтама адамға,

4. Шарап ішпе, 5. азғындыққа салынба.

Бұлар бетті қор етеді.

Бек, баянды болсын десең бектігің,

Сен үнемі ісін істе тектінің...

Нәсіп көріп алма қарғыс, назаны,

Зұлым заңмен боларсың ел мазағы.

Өзіңді бақ, қиялыңа алданба,

Өз тегіңді білмеу - қорлық жалғанда.

Адам естен басқаны білімімен алады,

Білім, оқу-тоқуды еңбегімен табады.

Тұтас болса ағайынның арасы,

Ала алмайды жәдігөйдің жаласы.

Біліктілер тек өзіне сенеді,

Білікті мен бірлікті ер жеңеді!

Даңқ қонбай жатып ұшырма,

Ұя баспай үріксе, қайтпас құсың да.

Күні құрсын өркөкірек, кердеңнің,

Өзін көрмей, өзгелерден терген мін.

Ақымаққа қонған бақыт тоналар,

Қалай келсе, солай ұшып жоғалар!

Ар намыстың садақасы қайран жан.

Бұл дүние рақаты - еңбекте,

Түгел алғың келсе, жердің ырысын.

Таза болсын сөзің, ойың, жұмысың.

Дүниені кеткің келсе басқарып,

Шындық үшін от кеш, қалма жасқанып!

Бәйіттен топтамамен берілген үзінділер сипаттың түрлеріне қарай екшеліп, модельге салынған. Мәтінді меңгерудің бір әдісі - ол алға ұстанған мұрат-мүддеңнің айқымдылығын нақты құру. Әдіс-әрекетсіз, іс-қимылдың ретінсіз, оның жолының нәтижеге апаратын өлшемінсіз дәрменсіз, тек сөз жүзінде сөйлеу деңгейінен шыға алмайтын категория. Сол себепті әдістің өзі дидактиканың пәлсапалық негізінен туады және өрбиді. Өрбу - іс-қимылға қатысты үрдіс. Өрбу -дамудың шыңы, даму - ширату үрдісі. Міне, бұл әрекеттер - тек ойлау әрекетінің соңғы өнімі. Соңда кез-келген әдіс қисындық ұғымнан тұрып, оны тәжірибеге жету үшін, меңгеруге тиісті нысаналы автордың мұратының денгейінде талдай отырып, қабылдаушы субъектіге жеткізудің іс-қимылының алгоритмін шығарады. Бұл - өзекті мәселе. Осы операцияны данышпан бабаларымыз өздерінің, субъектілерінің шеңберінде талдау, жинақтау, жалпылау, жалқылау, зерттеу, зерделеу, бара-бар ұқсастық белгісін табу, салыстыру, қайшылығын айқындау т.б. әдістердің тиімдісін дидактиканың пәлсапалық негізіне шоғырлаңдыра алған. Бұған дәлел жоғарыда толық берілді деп есептейміз. Бір бәйіттің өзін әр түрлі реңде меңгерген 90-жылдардың аяғы мен 2000 жылдың басында перцептивті әдіспен қабылдау деңгейі екі түрлі сипатта екеніне мән бере талдап өттік.
1.3 в. Бұхар шығармашылығындағы дидактиканың пәлсапалық негізі
Бұхар жырау шығармашылығының парадигмалық сипаты

Оқыту әдісі дегеніміз - оқушылар мен мұғалімнің білімді меңгеру жолындағы шығармашылык бірлескен тәсілі.

Дидактика оқушының өз ынтасын, ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұсынады. Басқаша айтқанда, әр оқушының ойлау қабілетін, сабаққа деген қызығушылығын арттырып отыруы үзіліссіз процесс болуы керек.

Әдебиет - оқушылардың ішкі сезімін, эстетикалық талғамын туындылардың жанрларына қарай, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қиялдарын дамытуға түрткі болар нысан.

Әдебиетті оқыту әдісін оның құралдарынан ажырата қараймыз. Әдіс тек әрекетпен тікелей байланысты. Ол үшін әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт.

Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты.

Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістің жекелеген бөлімдерін амал деп айтамыз. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз.

Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізеді деген әдіс-тәсілдерді тандап алуы қарастырылады.

Ізденістің қарқынды (интенсив) амалдары мазмұн ретіне алгоритміне бағынады. 5 - 7-сынып аралығында оқушыларды, біріншіден, кітаппен жұмыс істей білу әдісіне машықтаңдыру әрекеті көзделеді.

Оқу техникасын сақтай отырып, оқығанын қатар түсіну керек.

Ол үшін темеңдегі әрекет әдістері жүргізіледі:

1) тақырыпты анықтау, өз-өзіне сұрақ қою, есеп беру;

2) материалды ынтамен оқу, оны бөлімдерге бөлу, оқығанды жоспарға .түсіру;

3) сұрақтарға жауап беру;

4) өз мысалдарыңды келтіру.

Мәтінмен жұмыс істеу оның мазмұн-құрылымына байланысты.

Көркем әдебиет мазмұны кейіпкерлердің іс-әрекетімен тұтастықта беріледі.

Екінші орында әдебиет қисынынан мағлұмат беру әдісі өткізіледі.



Көрнекілік әдісі. Демонстрация. Схема, таблица, сурет, диапозитив, диафильм.

Байкау әдісі. Оқу мақамы, жазу қарқыны сияқты әдістер 5-7-сыныптарда жиі қолданылады. Себебі оларсыз керкем шығарманың оқиғаларын, кейіпкерлер арасыңдағы қарым-қатынасын, олардың мінездерін көз алдына елестете алмайды. Осындай қабілеттілікті дамыту үшін, нақтылықтан дерексіз ойды тудыру үшін көрнекіліктің жоғарыда аталған түрлері пайдаланылады.

Тәжірибешілік әдіс. Тәжірибешіліктің өтілу барысы пәннің мазмұнына тікелей бағынышты. Мұның өзі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, темендегі талаптарды орыңдау арқылы жүзеге аспақ.

- алдымен оқушыға жаттығу жұмысының мақсатын, орыңдау ережесін алдын-ала ескертуі;

- жаттығудың мақамдарын үнемі өзгертіп отыруы;

- жаттығудың жүйелілігі.

Жаттығу жұмысы әдебиет сабағында мәтіннің тақырыбын, мұратын, мазмұн-қүрылымын, кисынын меңгеруге машықтандырады.

Мақсатты жаттығулар оқушының дағдылары ұшталғанда ғана жүргізіледі.

Жагтығу жұмысының тиімділігі санатты оқушының өз-өзін бақылау әрекеті болғанда жоғары дәрежеге жетеді.

9-сыныпта оқудың мақамы да өзгереді. Оқушылар ауыз әдебиетінің әр түрлі жанрларымен танысып, қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихы бойынша жеке шығармаларды бағамдауға бағыт алады.

Бұхар жырау Қалқаманұлы - әдебиетте бірнеше ғасыр жалғасын тапқан жыраулық дәстүрдің шебері, шешен, өз дәуірінің саяси ахуалына ықпал ете алған тарихи тұлға. Бұхар есімі XVIII ғасырдағы қазақ халқының тағдырындағы шешулі шақта үш жүздің басын біріктіре алған, ел тәуелсіздігінің сақталуына күш салған, қазақ хандарының ішіңдегі даңқтысы Абылай атымен қатар аталынады.

Бұхар өз шығармаларына дәуірінің келелі мәселелерін арқау етеді. Жырау «Қалденменен ұрысып» деп басталатын толғауында Абылай бастаған қазақ батырларының жоңғар әскерлерімен болған ұрысын:

Қалден хаңды қашырып,

Шөп салған жерін бұздырып,

Ұрысты қатты қыздырып, ...

деп бейнелеген. «Мұнда 1726 жылы Бұланты өзені бойыңда жонғарларға берілген алғашқы соққы суреттелген», - дейді Ә. Қоңыратбаев. Толғау жыраудың өзі куә болған Абылай ханның ерлік істерін жырға қосқан.

Бұхар жыраудың ақылдылығы мен көріпкел, сәуегейлігі туралы сан алуан аңыз-әңгімелер бар. Бұл жөнінде М.Ж. Көпеев: «Заманындағы сыншылар ол кісіні «көмекей әулие» дейді екен. Көмекейі бүлкілдеп сөйлейді де отырады екен. Қара сөз жоқ, аузынан шыққан сөзінің бәрі жырлаумен шығады екен», - деп жазады.

Бұхар шығармаларын ел аузынан жинап, қағазға түсіріп, ұрпақ жадына қалдырған Мәшһүр Жүсіп Көпеев болатын. Кейін Қазақстанның әр тарапынан әлденеше адамдардың «Бұхардың айтқан сөздері» деп айтып, жазып тапсырғандары Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының қолжазба қорында кездеседі.

Бұхар мұрасы - жыраулар әдебиетіндегі тақырыптық жағынан бай, мазмұны терең, құрылысы күрделі туындылар. Үздік шығармаларының бірі – «Бірінші тілек тілеңіз» толғауында жырау адам өмірінің мәнін, әр адамның өзіне тілейтін жақсылықтарын ел тыныштығымен байланыстырып, тілек-баталардың ең алдыңда бейбітшілікті қояды. Сонымен қатар халықтың тұрмыс-тіршілігі де көрініс береді, аласапыран заман, берекесі кеткен ел, күнде «жау келділеп» тұрған мазасыздық кезең, адамның мінез-құлқы, әдет-ғұрып, дәстүрі де суреттеледі.

Бұхар, сөз жоқ, діншіл. Оның он бір тілегінің ең біріншісі - Құдай каламайтын іске аяқ баспау:

«Бірінші тілек тілеңіз,

Бір Аллаға жазбасқа!»

Бұхардың діншілдігі жай тақуалық емес. Ол «Құдайдың бір, пайғамбардың хақ» екендігіне шын көңілімен сенген жан. Алайда Бұхардың дінге қатысты өлеңдерінде фәнидің баянсыздығы, бақидың рахаты жайыңда ештеңе ұшырата алмаймыз. Соған карағанда, мемлекет қайраткері Бұхар діннің құрал ретінде, таза пайдалылық жағынан ғана қараған сияқты.

«Тілек» өлеңі бүгінгі биоинформация ілімімен сәйкес келеді. Бұрынғы бабаларымыз өздерінің бақытын микрокосмостан тілеу арқылы құра білген:

1. Бір Аллаға жазбасқа.

2. Тіліне еріп азбасқа.

3. Үшкілсіз көйлек кимеске (Ақіреттік киім).

4. Төрде төсек тартып жатпасқа.

5. Бес уақытта бес намаз, біреуі қаза қалмасқа.

6. Ардақтаған аяулың Тегіннен тегін олжа болмасқа.

7. Желкілдеген ту келіп, Сонан сасып тұрмасқа.

8. Жертұлданып тұрмасқа.

9. Төреңіз тақтан таймасқа, Тоқсандағы қарт бабаң Топқа жаяу бармасқа.

10. Анаң бір аңырап қалмасқа.

11. Ардақтап жүрген бикешің Жылай да жесір қалмасқа. Жаттығу жұмысы.

Аталған кілтті тармақтардың алдыңғы сыңарларын ойлап көріңдер. «Ай не болар күннен соң» өлеңі толғауға жатады. Толғаудың жырдан ерекшелігі - пәлсапалық ой өрнегі.

Бұл толғаудың түйіні:

«бәйшешек - қурай,

қамқа тон - шүберек,

кең сарай - мортық,

қарт бабаң - жаңылар,

бикешің - тіркеусіз о да қайтар,

арба-жүре алмас,

Құбылыстағы сары атан-қом жасамас ...»

Қарама-қайшылықты сурет. Антитеза. Окушылардың жоғары деңгейіне толғаудың қалған жолдарын ойлау тапсырмасы беріледі. Орта деңгейіне кітапты пайдалану, ал өте төмен деңгейге жаттату тапсырмасы беріледі.

Бұхар жыраудың оқушыларды даму өрісіне бағдарлайтын «Қорғанды шаһар қаласын» атты толғауыңдағы мына бір жолдар:

Ауылда адам бар болса,

Ауыл ала болмайды.

Ел иесі құт болса,

Халқы ала болмайды.

20 жасыңыз - бұлақтай,

30 жасыңыз - лақтай,

40 жасыңыз - құр аттай,

50 жасыңыз - ел екен.

60 жасыңыз - қайғылы күн екен.

80 жасыңыз - тұман түн екен.

90 жасыңыз - олжадан басқа жоқ екен.

Қалып қойған сөздерді ойлап табыңдар? Қандай сөздер қайталанады? (Фигура)

«Қайғылы - мұңлы күн», «Тұман», «Түн», «Ел» деген сөздер неге жатады? Абылай жырының түйіні, жыраудың соқталы тұлғалығын айқыңдайтын көрінісі:

«Өкпеңменен қабынба,

Өтіңменен жарылма,

Орыспенен соғысып,

Басына мұнша көтерген

Жұртыңа жаулық сағынба.

Күніне меңдей жырлайтын

Тоқсан үште қария

Енді де саған табылмас ...»

Бұл тармақтардан етістіктің бұйрық райы Бұхардың Абылайға өктем сөйлейтінін, аз халқының орыс баскерлерінен қырылып қалмау жағдайын ойлайтын тереңдігін дәлелдейді. Осы көрініс - Бұхар атамыздың жыраулардың ішіндегі шоқтығы биіктігін дәлелдерлік құбылыс.

Бұхар жыраудың айтуға тыйым салынып келген бір қыры-орыс отаршылдығына қарсы қажырлы күресі дер едік. Ол шұрайлы қоныс, шүйгіңді жерлерді біртіндеп басып алып, сол мекеңдерге бекіністер сала бастаған отаршылдардың бұзық пиғылдарын жұрттан бұрын сезіп, содан сақтануға шақырды, тіпті сол кіңдік кесіп, кір жуған ата қонысты тастап, бұрынғы Асан Қайғы айтқан Жиделібайсынға қоныс аудару қажет деп тапты. Жырау туған халқының сол тұстағы ауыр халін былайша сипаттайды:

Шүршітпенен құлақтас ...

Ортасында ұйлығып,

Кетпейін десе жері тар,

Кетейін десе алды-артын

Қоршап алған кәпір бар.

Ұйлыққан қойдай қамалып,

Бүйірінен шаншу қадалып,

Сорлы қазақ қалды, ...

Бұхардың көрегендігі мен кемеңгерлігі, алдын болжағыш білгірлігі оның әйгілі «Ханға жауап айтпасам» деген толғауынан анық аңғарылады. Мұңда ол Асан Қайғының «Қилы-қилы заман болар, Қарағай басын шортан шалар» деген жұмбақ сөзінің мәнін ашуға байланысты болашақ орыс боданындағы жұрттың, әсіресе, жастардың жай-күйі қаңдай болады деген күрделі мәселені жан-жақты қамтып суреттейді. Жырау алдағы сол заманды бейнелегенде адамның рухани күйреп азып-тозатынын, аяусыз қырылып, зобалаңға ұшырайтынын тап басып сипаттайды.

Кеңестік дәуірде Бұхар жыраудың бағдарлама ауқымында, оқу нысанында қалуының себебі жырларының астарлы мағынасын түсінбеушілік еді.

Қазіргі, өз тәуелсіздігімізді алып, әдебиетімізді жаңа қырынан тани бастаған заманымызда оқушыларға қазақ халқының ұлы тұлғаларының шығармаларын жүректеріне ұялата білу, ұстаздардың ең басты мәселесінің бірі деп санаймын. Қазақ балаларын тек өз ана тілінде сусындатып, әдебиетімізден нәр алдырсақ, бұл әдебиетіміздің болашағы үшін ғана емес, сонымен қатар қазақ елінің болашағы, тірегі үшін де керек қажеттілік.

Парадигма - шығарманың маңызына жаңа пәлсапалық көзқарас. Олай болса, Бұхар жырау шығармашылығындағы ізгілік пішіні барлық арнаға қызмет көрсетіп, өміршеңдігін жоймайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет