Ә ож 372. 881. 111. 1 АҒылшын тілін коммуникативтік әдіспен оқыту



Дата27.02.2016
өлшемі81.71 Kb.
#27889
әОЖ 372.881.111.1
АҒЫЛШЫН ТІЛІН КОММУНИКАТИВТІК ӘДІСПЕН ОҚЫТУ.
Калибасова А.К.

Сырдария университеті
Келешек ұрпаққа жақсы тәрбие беру мақсатында елімізде соңғы жылдары білім саласына баса көңіл бөліне бастады. Білім берудегі негізгі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, іскер, өзіндік ой талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Өйткені бәсекеге қабілетті білім ғана Қазақстанды 50 елдің қатарына қоса алады. Ол үшін бірінші кезекте білім жүйесін жақсартуымыз керек. Қазіргі кездегі Елбасының тәуелсіздік алған жылдардағы еңбегіне көз жіберсек, бүгінде Қазақстанымыз әлем таныған қуатты мемлекетке айналды. Мемлекет басшысы "Білім туралы" жаңа Заңға қол қойды. Соның арқасында біздегі білім саласының құрылымдары мен оның ішкі мазмұны ЮНЕСКО-97 атты халыкаралық білім стандартына сәйкестендірілді. Орта мектеп 12 жылдық білім беру жүйесіне жақындап келеді. Орта білім алудың 12 жылдық мерзімге кешірілуі мен еуропалық стандарттарға сәйкес білім беру жүйесі білімді қажет етеді. Сөйтіп Қазақстандағы білім жүйесі әлемдік білім талаптарына сай қайта құрыла бастады. Мектептерде интерактивті сабақ дүниежүзі бойынша тек Жапонияда ғана жүзеге асқанын ескерсек, Қазақстан сияқты жас мемлекет үшін бұл үлкен жетістіктің басы екендігі даусыз. Қазіргі 1000 мектепте озық технологияларды пайдалана отырып интерактивті сабақ өткізу үрдісі дәстүрге айналуда. Жаңа білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Бүгінгі мектеп оқушыларын оқытуға жаңаша міндеттер қойып отыр. Мұның өзі әр мұғалімнен оқу процесінің, ондағы мұғалім мен шәкірттің рөлін қайта қарауды, бұрыннан қалыптасқан әдістер мен технологияларды жаңа өмір талабына сай өзгертілген түрлерімен ұтымды ұштастыруды қажет етеді.

Жаңа оқыту технологиясы бойынша материал сипаттамалы түрде емес, шырайы проблема негізінде берілуі тиіс. Көптеген ғалым-әдіскерлер "Методология мәселені шешеді" деп есептейді. Бұдан басқа кейбір белгілі әдіскерлер: "Оқытудың жаңа жүйесінде мұғалім назары дұрыс жауап алудан, оның қандай жолмен алынғандығын түсіндіруге кешуге ауады", -дейді. Адам қарым-қатынастар, оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерін белгілейтін маңызды фактор болып табылады. Сондықтан жаңа технологияның негізі саналатын ізгілендіру мен демократияландыру, мектептегі оқу үрдісін жетілдірудің басты ұстанымдарын.

Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандартының "Шетел тілі" мамандығы бойынша бітірушілерді даярлау деңгейіне арнайы пәндер бойынша қойылатын талаптар мыналар: негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі тікелей қарым-қатынас, магнитгік таспаларға жазылған сөздерден лексикалық, грамматикалық тұрғыдан дұрыс ұғынуды, тақырып бойынша өткен материалдарды, суреттер мен диафильмдерді мазмұнды түсіндіруге, мәтіндер түсініп, қайта жаңғыртып айтуды, сөйлеу қарым-қатынасында, сөйлеу этикасының негізгі формулаларын білу және дұрыс қолдана алу, сұрақтан, жауаптан немесе хабар және сұрақ-жауаптан немесе хабар және сұрақтан тұратын республикаларды, диалогтарды қолдана алуды, таныс қарым-қатынас тақырыбындағы жағдайларға диалог жүргізе білу, болашақ мамандық тақырыбына байланысты әңгіме құруды, ауызша және жазбаша формада берілген ақпараттарды дыбыстай білу, әңгіме құрастыру, өзіндік баға берілген пікірін білдіру, нақты жоспарға мәлімдеме жасау, берілген тақырыпқа баяндама жасау, шетел тілінде дыбыстаудың артикуляция базасын, грамматикалық білімін оқыту үрдісінде коммуникативті мақсатқа пайдалануға, оқытылатын тілдің өмірде қолданысын оқушылардың жалпы лингвистикалық дамуы мен эволюциясын түсіндіруге, оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін шындап, жаңашылдығын жандандыруды пайдалана білу, т.б. Осы талаптарды және оқытудың мақсаттарын қатерге ала отырып әдістемедегі ең үздік, алдыңғы қатарлы бағыт деп біз коммуникативті бағытты айта аламыз.

Коммуникативті оқытуда білім беру - оқушының өзін ауызша (тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға (оқу және жазбаша) тарту, яғни, оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарым-қатынасын қалыптастыру

деген сөз. Бұл бағыт ағылшын тілін оқытуда қазіргі шыққан әдістемелік кешендерде, оқулықтарда, қосымша кұралдарда кеңінен қолданылып жүр. Осы коммуникативтік әдіс шетел тілін оқытудағы оқу-тәрбие үрдісінің барлық мақсат-міңдеттерін қамтиды. Шындығында, тілді әлеуметтік құбылыс деп қарау оқытудың коммуникативтік бағытын алға шығарады. Тіл арқылы сөйлесіп үйрену, яғни, дыбыстық ауыз екі сөйлесу мен графикалық код, яғни, сөйлесудің жазбаша формасын жүзеге асырады. Осы коммуникативтік оқытуда мынадай ережелерді ұстанған дұрыс деп есептейміз. Оны мына төмендегі кестеден көруге болады.

Міне, осы коммуникативтік бағытты іске асыру үшін мен өз сабақтарында сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларын қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау, өз алдына мәселе қойып, әркез соған өз бетімен шешім іздеу, баламалар ұсыну, өз көзқарасын қорғай білу болып табылады.

Неліктен мен бұл бағдарламаны таңдадым? Сын тұрғысынан ойлау - ол алдымен оқытудың оқушыға бағытталған орталықталынған түрі, ол оқушының дамуына, соның ішінде сыны көзқарасы бар жеке тұлғаның дамуына, зерттеуші-оқушының дамуына, оның өзіндік "менің" жүзеге асыруға, оқушының шығармашылық мүмкіндігін ашуға, яғни, бір сөзбен айтқанда, коммуникативті қатынасқа үйрететін бағдарлама.

Өз сабағымда сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдаланғанда, мен оқушылардың білімді өз бетімен тауып, зерттеп, бірлесе отырып жаңа идеялар мен тұжырымдарды әр түрлі жолдармен ұсынатындарын, жаңа білімді белсенді түрде талдап, жинақтап, оларды күнделікті өмірдегі жағдаяттармен байланыстыратындарын, бір-біріне деген сенімділіктері мен түсінушіліктерінің дамитынын байқадым.

Ал топтық жұмыстар арқылы оқушылар бойында жауапкершілік, сыйластық достық қасиеттерін қалыптастыруға мүмкіндіктің мол екенін білеміз. Өйткені, әр сабақтың соңында практикалық нәтижесі, яғни, қай оқушының материалды қалай меңгергені көрінеді.

Енді сабақтарымда жиі қолданатын стратегияларға тоқталып өтейін. Мысалы, "ассоциация". Бұл оқушыларды еркін және ашық ойлауға жаттықтырады. Жұмыстың бұл түрін мен, көбінесе, өткенді еске түсіруге, жаңа сабаққа кіріспе кезіңде пайдаланамын. Бұл әдіс маған өте маңызды, себебі, ол оқушылардың белгілі бір тақырып бойынша лексикалық сөздік қорын, грамматикалық түсінігін, коммуникативті қызметін дамытады. Біз "Денсаулық" тақырыбы бойынша мынадай кластер жасадық.



Оқушылардың біліміне, тәжірибесіне сүйене отырып, оқушылар үнемі лексикалық бірліктер мен модалдық бірліктер іздестіреді, сөздердің мағыналарын ашады. Барлық оқушылар ойлау үрдісімен белсенді айналысады. Оқушылар еркін және қызығушылықпен жұмыс істейді.

Сонымен қатар жаңа лексиканы енгізу барысында, мәтінмен жұмыс алдында, сөздік жұмысы барысында көпшілік жағдайда "Лонгман" баспасының электронды сөздігін пайдалана отырып, жаңа лексиканың дефинициясын яғни, мағынасын түсіндіру арқылы жүргіземін. Мысалы, "Отбасы" тақырыбы бойынша былайша құрылады:
to look like - to seem, to be especially by having a particular appearance

to take after- to behave like an old relative
Сөздік жұмысынан кейін мәтінмен жұмыс барысында біз Венн диаграммасын пайдалана отырып, мәтіндегі кейіпкерлердің немесе сюжеттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын оқушылармен бірлесе отырып анықтаймыз. Әр топ Венн диаграммасын құрастырғаннан кейін галереяны шарлау стратегиясын өткіземін. Бұл кезде оқушылар өз сыныптастарының құрастырған диаграммаларымен танысып, өз ойларын бөлек қағазға жазып жапсырады.

Мәтінмен жұмыстың тағы бір түрі: "Торлы талқылау күнделігін" жүргіземін. Мысалы, 3-курс ағылшын тілі практикумы пәнінде "Режиссермен интервью" мәтіні бойынша оқушылар өздеріне ұнаған фразаларды теріп жазып, соған байланысты пікірлерін жазу керек болды. Бұл жұмыс мынадай кесте арқылы жүргізіледі.



Phrase

Commentary

1. Finally, one succeeds in

understanding his profession.



1.1 think so when you understand your

profession and you do what you have

tried, you will succeed step by step.


2.1 learn more from critics who

honestly criticize my pictures than

2.1 think it is natural that we'll see our

from those who are devout. And they

mistakes when somebody criticize you

influence me. They help me change

thee we'll correct our mistakes.

things.




Шетел тілінде дұрыс сөйлеу мәдениеті тек қана лексикамен, мәтінмен жұмыс арқылы жүзеге аспайды, сонымен қатар оқушыларды сергіту, қызығын арттыру мақсатында әнмен жұмыс түрлерін пайдаланамын. Әндер арқылы оқушылардың білімін өмірмен байланыстырып, үйреніп жатқан тілде сөйлейтін елдердің өнерімен, мәдениетімен танысады және өнер жұлдыздары туралы өз білімдерін молайтады. Әнмен жүргізілетін жұмыс түрлеріне мыналарды жатқызуға болады: әндік диктант, ән мазмұны бойынша әңгіме жазу, әнді оқи отырып таныс грамматикалық жүйелерге талдау жасау, т.б. Әнмен жұмыс үш кезеңнен тұрады. 1.Тыңдау алдындағы тапсырма. 2. Тыңдау кезіндегі тапсырма. 3. Тыңдағаннан кейінгі тапсырма.


Мысалы, «Битлз» тобының танымал «Yesterday» әні бойынша мынадай жұмыс түрлері жүргізілді. Алғашқы жұмыс түрі бойынша бірінші «Битлз» тобының мүшелерін атау, екінші берілген топтамадағы сөздерден сөйлемдер құрап, олардан өлең шумақтарын құрастыру. Келесі жұмыстың түрі бойынша әнді тыңдап отырып, ән шумақтарының кезегін белгілеу. Үшінші кезеңде сұрақтарға жауап беріледі, ауыспалы өткен шаққа байланысты тапсырмаларды орындалды және ән мазмұнына сай сөздермен диктантты толықтырып жазады.

Осылайша өткен материалдар арқылы оқушылардың тілдік қарым-қатынасын қалыптастыру үшін олардың тыңдауға, сөйлеуге, оқуға, жазуға деген ықыласын қамтамасыз ету керек. Тек осы жағдайда шетел тілін коммуникативті оқыту өз деңгейінде жүзеге аспақ.

Қазіргі кезде дене шынықтыру мәдениетін дамытуда ғалымдар мен мамандардың назарын аударып отырған мәселе - дене тәрбиесі мен спорттық жұмыстарды мектептерде, оқу орындарында ұйымдастырудың жаңа формалары.

Дене мәдениеті мен спортты дамытудың қазіргі кезеңі үшін дене шынықтыру мен сауықтыру және спорттық қызметтердің алуан формалары мен түрлерін көбейтуге тән. Соңғы жылдары қозғалыс белсенділігінің жаңа формалары: (аэробика, акробаттық рокн-рол, брейк- данс), дене



жаттығуларының жаңа әдістері: (видеотренинг, шейпинг, т.б.), сондай-ақ спорттың жаңа түрлері (армреслинг, виндсерфинг, дартс, скейборд, фрейстайл) кең етек алды. Балалар мен жастар арасында шыгыстың әскери өнерлері: айкидо, каратэ, кекусинкай, таэквандо, ушу, т.б. танымал бола бастады.

Балалар мен жастарға арналған арнайы ұйымдастырылған бұқаралық жарыстардың да көлемі кеңейіп келеді. Сондықтан да оқу орындарында дене спорты жұмыстарын ұйымдастыруға талап күшейе түсуде. Сол себепті де мектептер. мен басқа да оку орындарындағы негізгі мақсат - оқушы жастардың дене мәдениеті мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене шынықтыру, спорттық қызметтерге қызығуын арттыру, сабақтарда дене жаттығуларын көбейту. Бұл балалар мен жастардың физикалық жағдайын, сапасын дамытуға, қозғалыс қабілеті мен икемділігін қалыптастыруга, жеке тұлға ретінде эмоционалдық, интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және эстетикалық дамуына, шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет