МАЗМҰНЫ
1 САУДА МЕКЕМЕСІ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУДЫҢ ҚАЗІРГІ ДЕҢГЕЙІ 5
1.1 Қазіргі таңдағы web-технологияның маңызы 6
1.2 Web-технологиялар арқылы ақпараттандыру ісін ұйымдастыру 7
1.3 Сауда мекемесіне электрондық ақпараттық жүйе жасау 9
1.4 Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер құру технологиялары 10
1.4.1 WWW технологиялары 11
1.4.2 “Клиент-сервер” технологиясы 12
1.5 Web-серверлер жұмысын ұйымдарстыру 14
1.6 Мәліметтер базасын құру жолдары 18
2 WEB ТЕХНОЛОГИЯДА ЖИҺАЗ МЕКЕМЕСІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ 22
2.1 Ақпараттық жүйенің функционалдық құрылымын жасау 22
2.2 Жиһаз дүкен жүйесінің құрылымы 23
2.3 Жүйенің программалық модульдерінің өзара байланысу сұлбасын құру 24
2.4 Қолданушының навигациялық сұлбасын құру 25
2.5 Программалық құралдар сипаттамалары 27
2.5.1 MySQL арқылы база жасау 28
2.5.2 HTML тілінің элеметтерін пайдалану 32
2.5.3 XML тілі ерекшеліктері 39
2.5.4 PHP тілі мүмкіндіктері 41
3 АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРЫЛЫМ СИПАТТАМАЛАРЫ 49
3.1 Denwer жүйесін орнату 51
3.2 Joomla ашық кодпен сайтты басқару жүйесі 55
4 ЖИҺАЗ ДҮКЕНІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ 56
4.1 Жиһаз мекеме жүйесінің негізгі модульдерінің сипаттамасы 56
4.1.1 Негізгі меню модулі 57
58
4.1.2 Іздестіру модулі 58
4.1.3 Каталог модулі 58
4.1.4 Қоржынның пайдаланылуы 59
4.1.5 Тапсырысты өңдеу модулі 60
4.1.6 Жиһаздарды бағалау ісін ұйымдастыру 61
4.1.8 Жиһаз мекеме жүйесінің администратор модулі 62
4.2 Қолданушыға нұсқаулар беру 66
4.3 Желі администраторына нұсқау беру 67
5 ЖОБАНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІНІҢ БАҒАЛАНУЫ 68
Амортизация құрайды: 69
Сонда 69
Сонда 70
Q=35235/10≈3523 (теңге) 70
Сонда 70
Сөйтіп: 70
70
ҚОРЫТЫНДЫ 72
Бұл жұмыста «Даниал жиһаз салонының» тапсырысы бойынша компанияның ақпараттық жүйесі мен сайты барлық талаптарға сай жасалынды. Ол қазіргі таңдағы кең сұранысқа айналған электрондық коммерциялық жүйе арқылы жасалынды. 72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 73
А ҚОСЫМШАСЫ 75
Ә ҚОСЫМШАСЫ 81
КІРІСПЕ
Бұл дипломдық жұмыстың маңыздылығы – ақпараттандыру ісіне арналған, яғни адам қызметінің түрлі аймағын қазіргі компьютерлік технологияларды пайдаланып, жұмыс істеуді жеңілдету. Қазіргі заманда технологиялық үдерістер өте жылдам қарқынмен дамуда. Қоғамдағы осы жаңалықтарды тез арада және әр уақытта адамдарды хабардар етіп тұру үшін түрлі ақпарат көздері пайдаланылады. Сол ақпарат көздерінің таралу жолдары алуан түрлі болып келеді. Ақпараттар теледидар, газет-журналдар арқылы, әр жерлердегі түрлі жарнамалар арқылы таралады. Осы ақпарат көздерінің таралуының ең жас, ең тиімді түрінің бірі интернет желісі болып табылады. Интернет желісі өте жақсы дамып келеді. Оның дәлелі желі арқылы ақпарат қана алып қоймай, сауда жасап, үйден шықпай, керек затқа қол жеткізуге болады. Бұл жаһандану заманында адам баласының қол жеткізген ең үлкен табыстарының бірі [1].
Дер кезінде ақпараттанудың маңызы адам баласының уақытын үнемдейді және дұрыс таңдау жасап, қаржысын үнемді пайдалануын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, жаңа пайда болған заттың да тез арада таралып, өндіруші компанияның немесе фирманың тез көтерілуін қамтамасыз етеді.
Менің жұмысым ақпараттандыруды интернет желісі арқылы қамтамасыз етуге бағытталған тақырыбына арналған, соның ішінде жиһаз мекемесінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру. Қазіргі таңда жиһаз салондары өте көп, бірақ уақытты тиімді пайдаланып инернет арқылы кең таңдау, қандай бағада сатылатыны туралы алдын-ала ақпарат ала бермейміз. Тұтынушылырға кең таңдау жасауға, жылдам қызмет көрсетіп, жедел ақпаратпен қамтамасыз ету үшін web-технология негізінде жасалған жүйе керек. Бұл жүйе жиһаз салоны үшін де таптырмас пайданың көзі болатыны айдан анық. Сонымен, бұл дипломдық жұмыс Web-технологияда “Даниал жиһаз салоны” үшін ақпараттық жүйе құруға арналған болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – қазіргі таңдағы электрондық коммерциялық жүйесін кеңінен қолданып, жиһаз мекемесінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру, сонымен қатар маңызды болып саналатын отандық жиһаздар түрлерін кеңінен қолданысқа енгізу.
Жұмыстың өзектілігі – электрондық коммерциялық жиһаз мекеме қызметі жаңа түсімдерді өңдеуді жүзеге асырады, электронды каталог құруға қатысады, электрондық каталог саласындағы жаңа технологияларды енгізу мен оны әзірлеуге жауапты.
Достарыңызбен бөлісу: |