Е. Ш. ДҮсіпов, Т. Е. Уразымбетов



Pdf көрінісі
бет8/127
Дата19.12.2023
өлшемі2.91 Mb.
#487147
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   127
Сот-риторикасының-негіздері

энтимема
риторикалық 
соллгизмдер, 
«мүмкіншілдік» 
және 
мәжбүрлеуші сипаты жоқ. Антикалық зерттеуші диалектиканы
энтимема туралы іліммен байланыстыра отырып өзінің ойын, бір 
жағынан ақиқат критериясымен және өзгемен мұқият дамытады: 
«....сендірту тәсілі бір түсінік бойынша дәлел (өйткені біздер бір нәрсе 
дәлелденді деп көрсетілсе, соған толығынан сенімді бола кетеміз)», 
риторикалық дәлелдеме дегеніміз ол энтимеманың нақ өзіжәне бұл, 
жалпы айтқанда сендіртудің ең маңызды тәсілі, энтимема бір жайт 
бойынша соллогизм екендігі мәлім болған соңжәне де қандай да 
болмасын соллогизмді қарастыру диалектика саласына жататын 


14
болған соң, немесе толық мөлшерде, немесе қандай да болмасын оның 
бөлігінде болса, онда, кім кішкене болса да неден және қалай 
соллогизм тұратындығына түсіну қабілеті болса, сол адам барынша 
энтимемаға қабілетті болады, егер ол соллогизм іліміне энтимема 
қатысты болатын ілімді біріктіретін және оның таза логикалық 
соллогизмнен 
ерекшеленетінді 
қосады, өйткені 
нақты 
сол 
қабілеттіліктің көмегімен біздер ақиқатты және оған тәнділікті 
танимыз. 
Тыңдармандардың ойына шешендермен сіңдіретін шыншыл 
идеялар туралы сауалдар Аристотельмен жан-жақты талқыланады 
және өзінің негізінде дүниені тану туралы түсінігі бар. Ақиқатқа 
жақындау 
Халықтық 
жиында 
немесе 
сот 
алқалылығында 
шешендермен берілетін кеңестердің мақсаты түсініледі. Мысалдармен 
толы сөз қатулар шамамен сендіртулі, дегенмен тыңдаушыға көбіне 
ойға шомдырту энтимемамен бай сөздер болып табылады-деген 
Аристотель, әрине сонысымен ол тағы да өзінің уағыздау ілімінің 
интелектуалды сипатын мойындайды. Аристотель софистиканың кең 
тараған догмаларынан бас тартады және Платоннан мұралық еткен 
антитезадан «ақиқат-пікір» бастама алады.
Аристотелмен ұсынылған ұсыныстар, кейіннен келесі түрде 
тактовка жасалынған: а) шешеннің айтатын пәні туралы; б) шешеннің 
алып тұратын тұрысы; в) тыңдарманда оятатын эмоциялар; г) 
айтылатын сөздің стилі. Осыған «Риторика»-ның үш кітабі арналған. 
Біріншісі: өзге ғылымдар жүйесінде пәнді қарастырады онда 
қамтылады:сөз қатудың үш түрі. Кеңесушілік немесе саяси, 
эпидейтикалық немесе 
салтанатты 
және 
соттық 
(ең көп 
тарағандар,бірақ өзінің приемдарын алдыңғы екеуден қарыз алатын).
Зерттеушінің қырағы көзі техненің бұрын соңды заты болмаған 
риторикалық практиканың ерекшелігін есереді: «Әрбір белгіленген 
сөз сөйлеу тармақтарын көрсеткісі келеген уақытты алған болсақ,
онда адам кеңесе отырып болашақ туралы көрсеткісі келеді»: Бір 
нәрсені алшақтатып немесе бір нәрсеге үйірлете отырып, ол 
болашаққа қатысты кеңес береді. Адам қашан да ауыртпалы өткен 
уақытпен ісі болады, өйткені өтіп кеткен оқиға бойынша бірі 
кінәлайды, ал өзгесі қорқана ды. Эпидейктикалық шешен үшін құнды 
болып бүгінгі күн саналады, өйткені бар нәрсеге кімде болса да 
мадақтау немесе жамандау айтады, дегенмен шешендер өткенді еске 
алып немесе болашаққа қатысты болжамдар құрай отырып бұдан да 
басқа және өзгелерді қолданады. 
«Риторика жалпы олар туралы кеңесетін, сауалдармен ісі 
болады» - деп Аристотель айтады.
Ежелгі кеңесушілік шешендері, 
қазіргі заман саяси шолушылары секілді Аристотель келтіретін бес 
пунктқа деген мәселелердің толығынан анықталған шеңберіне қатысы 
бар олар: қаржы, соғыс және бейбітшілік, елді қорғау, әкелім және 
азық-түлік әкетілім және заңнамаға. Басқа тиянақты білім туралы 


15
мемлекеттік құрылымның пішіндерінде және оның мақсаттарында, 
ежелгі ойшыл саяси шешендерге жер туралы жазбаларды оқы деп
ақыл қосады, себебі олардан [өзге] халықтардың заңдарымен танысуға 
болады және меншікті идеяны растайтын бірталай мысалдары немесе 
қарсыластың позициясын ажырататын «тарихшының туындылары» 
көрсетілген. бар. «...Ақыл қосушы шешеннің мақсаты қашанда 
пайдалы, себебі тек ақырғы мақсат туралы маслихаттаспайды, сондай-
ақ мақсатқа жеткізуші ақы-пұлдар туралы да, ал ондай ақы-пұлдар 
нақты іс жағдайында болғанда қана пайдалы, пайдалылық ол қашанда 
қайыр». Аристотельдің риторикалық ілімінде келтірген үзіндіде тіпті 
айқын, Сократ бойынша әдептілік ол маңызды категория болып 
табылатын ең жоғарғы ізгілік деп көрсетілген. Риториканы саясатқа 
тығыз байланысты, қосымша пән есебінде айқындай отырып, 
Аристотель сөздің мағынасына тәуелсіз түрде қызыл тілділіктің 
жалпы заңдарын бекітті. Бірақ шындығында Исократқа қарағанда ол 
жалпы қағидаттарда өзінің саяси бағытын емес, болмыстық затқа 
деген дәстүрлі көзқарасты түсінген. Дегенмен де аристотелдік саралау 
қоғамның әдептілік құндылықтарын күшейту үшін сөз шеберлігін 
қолдануға шақыратын тікелей Исократтық мектептің практикасымен 
байланысты. 
Философтың «Риторикада» бақыт, игілік және әртүрлі ізгілік 
ұғымдарын анықтауға, сондай-ақ «мадақ немесе жала айтушы
солайша иландыратын немесе айнытатын, айыптайтын немесе 
ақтайтын барлық шешендер бір нәрсені дәлелдеу қана емес, сонымен 
қатар жақсылық немесе жамандықтың, тамаша немесе ұятты істің, 
әділеттілік 
немесе 
әділетсіздіктің 
маңыздылығын 
көрсетуге 
тырысады» деген тұжырымға баса назар аударуы тегін емес.
Эпидейктикалық шешендіктің Аристотельдік теориясы Исократ 
тәжірибесінің теориялық жалпылануы болып табылады, ғалым өзіндік 
жалпылауын дәлелдеу үшін оның шығармаларынан көптеген 
иллюстрацияларды алады. «Мадақ дегеніміз – белгілі бір адам 
ізгілігінің маңыздылығын түсіндіру тәсілі, сәйкесінше бұл адам 
әрекетінің ізгілікті сипаты бар екенін көрсету керек. Энкомий істің 
өзіне жатады (сыртқы сипатқа ие басқа жағдайлар, мысалы, тектілік 
және тәрбие себеп болып табылады, өйткені жақсы ата-анадан жақсы 
ұрпақтың өрбитіні сияқты, осылайша тәрбиеленген адам тура сондай 
болады». Сондықтан да біз бір нәрсе жасаған адамдардың энкомиясын 
да мәшһүр етеміз, әрекет атақты адамгершілік сипаттың белгісі 
қызметін атқарады, егер біз адамның ол әрекетті жүзеге асыруға 
қабілетті екеніне сенімді болсақ, мұндай әрекетті жасамаса да 
мақтаған болар едік. Мадақ және ақыл-кеңес түрі жағынан ұқсас, 
өйткені ақыл-кеңес беруде бір нәрсе өнеге болады, мадақтауда да 
солай... Сондықтан мақтамақ болсаң, қандай ақыл-кеңес бере 
алатыныңды ойла. Егер адамның өзі жайлы айта алмасаң, Исократ 
сияқты оны басқалармен салыстыр. Атақты адамдармен салыстыру 


16
керек, өйткені егер ол құрметке лайық адамдардан артық болса, оның 
абыройы бұдан ұтады. Әділетті түрде әсірелеу мадақтауда 
пайдаланылады, себебі мадақ үстемдік ұғымымен байланысты, ал 
үстемдік кереметтердің қатарына жатады». 
Аристотель соттағы сөз құрылымының қағидаларын да назардан 
тыс қалдырмайды, бірақ оны сократтық әділеттілік және әділетсіздік, 
заңды және заңсыз ұғымдары, шындық ұғымы мен жазылмаған заң 
көбірек қызықтырады. Ғалым ойының алғышарты тағы да ақиқат пен 
игіліктің негізгі критериі болып табылатын обьективті бар және 
танылатын шындықты мойындау болады: «Жалпы заң деп мен табиғи 
заңды атаймын деген. Табиғаты жағынан әділетті және әділетсіз, 
баршаға ортақ, араларында ешқандай байланыс және оған қатысты 
келісім болмаса да, барлық халық мойындайтын нәрсе бар». Соттағы 
сөзде сендіру тәсілінен Аристотель куәгер рөлін ерекше айқындайды 
әрі оларды ежелгі және жаңа деп бөледі. Антикалық ғалым «жаңа» 
деп әдеттегі және қазіргі кезде де сотта сөйлейтін куәгерлерді, ал 
«ескі» деп ақындардың үкімі мен даңқты ерлердің жалпыхалыққа 
танымал үкімін түсінеді. Осылайша, сот талқылауында поэтикалық 
сөз «куәгер қызметін атқаратын» мақалдармен қатар дәйек болады. 
Кейін анықталғандай, мұндай материалдың барлығы амплификацияда 
– факт, лайықты энтимема жоқ болған жағдайда, жинақтау айтылған 
сөз көлемін өзіне дейінгі әртүрлі шешендер пікірімен толықтыру 
арқылы жүзеге асырылатын, ерекше сендірудің сопылық әдісін 
жасауда пайдаланылады. Аристотельдік тамаша аналитика әлі күнге 
дейін Платон әшкерелеген түбірден қол үзбеген және көбінесе 
Аристотель қабылдамаған сопылық «Риторика» авторы сонда да 
ақиқатқа жақын сопылық теорияға сілтеме жасайды, ал өзінің 
көптеген анықтамаларын антитезалармен толықтырады (бұл ұғым 
оған қарама-қарсы пікірлер арқылы түсінікті болады). Пікірді 
құрастырудың сопылық әдістемесі антикалық ғылыми, көркем немесе 
публицистикалық прозада ұзақ уақыт үстемдік еткен. Сонда да 
Аристотель өзіне дейінгілермен салыстырғанда шешендік өнер 
техникасына қатысты көптеген жаңалық ұсынады: «Негізінен 
барлығына (үшеуіне) тән әдістердің ішінде барлығын әсірелеу 
эпидейктикалық сөзге жақын, өйткені мұнда шешен даусыз факт 
арқылы мойындалған әрекетті қарастырады, оған тек маңыздылық пен 
сұлулықты енгізу қана қалады. Ал мысалдарға келетін болсақ, олар 
көбінесе кеңес беру сөздеріне қажетті, себебі біз өткеннің негізінде 
болжам жасай отырып, болашақ туралы пайымдаймыз.
Энтимемалар, керісінше, соттағы сөзге неғұрлым қажет, өйткені 
өткен шақ өзінің түсініксіздігі нәтижесінде себебі мен дәлелдеуді 
ерекше талап етеді». Соттағы, саяси шешендік шешеннен полемика 
жүргізу, қарсыластың дәлелін сенімді түрде терістеу біліктілігін талап 
етеді, ал бұл үшін энтимемадан артық құрал жоқ. «Энтимеманың екі 
түрі бар: бірі - бір нәрсенің бар немесе жоқ екенін көрсетуші, екіншісі 


17
– әшкерелеуші. Олар өзара тура диалектикадағыдай, яғни дәлел 
(elegchos) және силлогизм арқылы ажыратылады.
Көрсетуші 
энтимема 
дегеніміз 
қарсылас 
мойындаған 
пайымдаулар негізінде құрылған силлогизм, ал әшкерелеуші 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет