18.05.2015 ЭҚАБЖ МО (7.13.2 версия) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.
№ исх: 5118/1.4-10/7508 от: 17.05.2015
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы «____»__________
№ ____ қаулысымен
бекітілген
Негізгі орта білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1. Жалпы ережелер
-
Осы Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – Стандарт) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабына сәйкес әзірленген және негізгі орта білім беру мазмұнына, білім алушылардың дайындық деңгейіне, білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарды айқындайды.
-
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына, сондай-ақ оқыту тіліне қарамастан білім беру қызметін:
-
осы негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына;
-
оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларына;
-
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы уәкілетті органымен белгіленген тәртіп бойынша бекітілген басқа да нормативтік-құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
-
Стандарт негізгі орта білім беруде тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің келісілген мүддесін білдіреді.
-
Стандарт:
-
оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде көрсетілген негізгі орта білім беру мақсаттарының жүйесіне қол жеткізу есебінен оқыту мен тәрбиелеудің сапасын жоғарылатуға;
-
қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті жағдайларды жасау арқылы үштілді білім беру саясатын іске асыруға;
-
қолданбалы сипаттағы тапсырмаларды шешу үшін білім алушылардың теориялық білім негіздерін меңгеруі мен алған білімдерін қолдана білуді дамытуды қарастыратын негізгі орта білім берудің академиялық және практикалық бағыттылығының үйлесімділігіне;
-
білім алушылардың жас ерекшелігі мүмкіндіктерін ескере отырып, оқу пәндері мазмұнының тереңдігі мен күрделілігін қамтамасыз ететін пәндік білім мен дағдыларды кезең-кезеңімен ұлғайтып отыруға;
-
күнделікті білім беру үдерісінің мазмұндық негізін анықтайтын, білім берудің құндылықтары мен күтілетін нәтижелер жүйесінің өзара байланыстылығы мен өзара шарттылығына негізделген оқу мен тәрбиенің бірлескен қағидаттарын іске асыруға;
-
балалардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім қажеттіліктері мен қосымша білім беру қызметін алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға қолайлы жағдайлар жасауға;
-
орта білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің әртүрлілігі жағдайында негізгі орта білім берудің баламалылығын қамтамасыз етуге;
-
білім беру ұйымдарында инновациялық практиканы қолдау мен дамытуға;
-
білім сапасын қамтамасыз ету бойынша беру беру ұйымдарының қызметін объективті бағалауды ұйымдастыруға бағытталған.
-
Осы Стандарт:
-
білім беру ұйымдарының әртүрлі типтері мен түрлері үшін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын;
-
негізгі орта білім берудің оқу пәндері бойынша оқу бағдарламаларын;
-
оқу пәндері бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді;
-
оқу пәндері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін;
-
білім беру ұйымдарында оқу мен тәрбиелеуден күтілетін нәтижелердің жетістіктерін қамтамасыз ететін басқару жүйелерін;
-
білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісінің мониторингілеу жүйесін;
-
білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін материалдық-техникалық және ақпараттық қамтамасыз етуге қойылатын бірыңғай талаптарды;
-
білім сапасын қамтамасыз ету бойынша білім беру ұйымдарының қызметін бағалау параметрлерін әзірлеу үшін негіз болады.
-
Білім беру ұйымдары оқытудың, тәрбиелеу мен дамытудың әртүрлі әдістерін, түрлері мен педагогикалық технологияларын қолдана отырып, білім алушылардың Стандартта анықталған оқытудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізулері үшін денсаулық сақтайтын ортаны қамтамасыз етеді.
-
Стандартта Заңға сәйкес терминдер, анықтамалар мен қысқартулар қолданылады. Оларға қосымша келесі терминдер мен олардың анықтамалары енгізілді:
-
негізгі орта білім берудің базалық мазмұны – білім беру ұйымдарында меншік нысанына, типі мен түріне және оқыту тіліне қарамастан оқып білуге міндетті негізгі орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі;
-
үлгілік оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінің оқу жүктемесінің инварианттық және вариативтік компоненттері көлемін анықтайтын және оқу пәндерінің тізбесін регламенттейтін құжат;
-
оқу жүктемесінің инварианттық компоненті – білім беру ұйымдарында меншік нысанына, типі мен түріне және оқыту тіліне қарамастан барлық білім алушылардың оқып білуге міндетті оқу пәндерін анықтайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;
-
оқу жүктемесінің вариативтік компоненті – білім алушылардың білімге деген қажеттіліктерін ескере отырып білім беру ұйымдары анықтайтын үлгілік оқу жоспарының құраушы компоненті;
-
сабақтан тыс іс-әрекет – білім беру ұйымдарындағы біртұтас оқу-тәрбие үдерісін құраушы бөлігі, үлгілік оқу жоспарында анықталған оқу жүктемесінен тыс жүзеге асырылатын білім алушының бос уақытын ұйымдастырудың бір түрі;
-
таңдау курстары (элективті курстар) – білім алушының таңдау курстары, білім алушының білім даярлығын кеңейтуге бағытталған, оқу жоспарының вариативтік компонентінің құрамдас бөлігі (оқу жоспарының инварианттық компонентіне енетін пән мазмұнын қайталамайды).
-
оқытудан күтілетін нәтижелер – тұлға, қоғам және мемлекеттің үмітін көрсететін, негізгі орта білім берудің ұзақмерзімді және қысқамерзімді мақсаттарының жүйесі;
-
білім саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер – белгілі бір білім саласына енетін пәндер бойынша ұзақмерзімді сипаттағы негізгі орта білім беру мақсаттарының жүйесі;
-
білім саласы – ұқсас (мәндес) оқу пәндерінің жиынтығынан тұратын негізгі орта білім берудің базалық мазмұнының құрамдас бөлігі;
-
бағалау – білім алушылардың оқуда қол жеткізген шынайы нәтижелерін дайындалған критерийлер негізінде оқытудан күтілетін нәтижелермен салыстыру үдерісі;
-
сыртқы жиынтық бағалау – негізгі орта және жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін меңгерген білім мен қалыптасқан дағдылар деңгейін анықтау;
-
ішкі жиынтық бағалау – оқу тоқсаны соңында оқу бағдарламасының бөлімдерін оқып аяқтағаннан кейін білім алушылардың меңгерген білімі мен қалыптасқан дағдылары деңгейін анықтайтын бағалау;
-
формативті бағалау – сабақта және/немесе үйдегі күнделікті жұмыс барысындағы білім алушылардың ағымдағы меңгерген білімдері мен қалыптасқан дағдылары деңгейін анықтайтын бағалау және ол оқыту барысында білім алушы мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асырады, білім алушыларға жаңа материалды меңгеру кезеңінде тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны мен оқыту мақсаттарына жеткендігін түсінуге көмектеседі;
-
бағалау критерийі – формативті бағалау кезінде оқытудың мақсатына жеткендігін білдіретін мұғалім мен білім алушыға мүмкіндік беретін тұжырым (табыс критерийі) және ішкі жиынтық бағалау кезінде білім алушының жұмысты қаншалықты орындағанын бағалауға мүмкіндік беретін тұжырым (балдарды қою критерийі);
-
білім берудегі құндылықтар – білім алушы тұлғасын қалыптастыруда жетекші фактор болатын, білім мазмұнын анықтау үшін негіз болып қызмет ететін, оның мінез-құлқын және жасампаз қызметін өз өмірінің сапасын арттыруы мен қоғамды және мемлекетті дамытуына түрткі болатын оқыту мақсаттарының жүйесін құрудағы бағдарлар.
-
инклюзивті білім беру – білім беру бағдарламаларына сәйкес басқа да санаттардағы білім алушылардың тең қолжетімділігін қарастыратын даму мүмкіндіктері шектеулі адамдарды бірге оқыту мен тәрбиелеу, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдау;
-
ерекше білім беру қажеттіліктері (мұқтаждықтар) – білім алуда қандай да бір себептермен, тұрақты немесе уақытша қиындықтарға кездесетін балалардың, сонымен қоса дене бітімінде және ақыл-есінде кемістігі бар балалардың қажеттіліктері;
-
білім беру үдерісін мониторингілеу – білім беру ұйымдарындағы білім беру үдерісін жүзеге асырудың нәтижелері мен жай-күйі өзгерістерінің динамикасын жүйелі бақылау, диагностикалау, талдау, бағалау және болжау.
8. «Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» бөлімінде негізгі орта білім берудің белгілі бір білім саласына енетін пәндер бойынша ұзақ мерзімді сипаттағы мақсаттар жүйесі түріндегі оқытудан күтілетін нәтижелер көрсетілген.
9. «Білім мазмұнына қойылатын талаптар» бөлімінде білім беру ұйымдарында меншік нысанына, типі мен түріне мен оқыту тіліне қарамастан оқып білуге міндетті негізгі орта білім беру мазмұнының құрамы, құрылымы мен көлемі көрсетілген.
10. «Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар» бөлімінде апталық оқу жүктемесі, оқу жылының ұзақтығы, негізгі орта білім беру бағдарламаларын меңгеру мерзімі, топтарға бөлу үшін сынып толымдылығының шарттары көрсетілген.
2. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
11. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар бірнеше ұқсас (мәндес) оқу пәндерін біріктіретін «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Технология және өнер», «Дене шынықтыру» білім салаларының ерекшеліктерін ескере отырып оқытудан күтілетін нәтижелермен анықталады.
12. Білім салалары бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер негізгі орта білім берудің базалық мазмұнын анықтау, әртүрлі деңгейдегі білім алушылардың қажеттілігіне қарай, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пәндер бойынша негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларының әртүрлі нұсқаларын жасауға негіздеме болады.
13. Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларында білім салалары бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер әрбір оқу пәнінің тарауларын оқыту мақсатында нақтыланады.
14. Оқытудан күтілетін нәтижелер жүйесі білім алушының дамуының жеке траекториясын түзеуге және орта білім бері ұйымынан «шығу» кезіндегі ұзақ мерзімді мақсаттарға жету үшін кезең-кезеңімен алға басуға мүмкіндік береді.
15. «Тіл және әдебиет» білім саласы бойынша негізгі орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелер.
Бірінші тіл (оқыту тілі)
Тыңдалым және айтылым
Білім алушы сөйлеу мінез-құлқының имплицитті және эксплицитті көрсетілген формаларын иеленген, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени-әлеуметтік, оқыту-кәсібилікқарым-қатынас жасау салаларына тиісті өзекті мәтіндерді түсінеді; өзіндік пікірін білдіру үшін қажетті грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды; ауызша қарым-қатынаста түрлі мақсаттар мен әдіске жету үшін тілдік құралдарын пайдалана отырып, диалогты қолданады; ауызша қарым-қатынас жасағанда өмірлік жағдайлармен байланыстырады; тілдік қатысымның әртүрлі тәсілдерін қолдана отырып диалог және әңгімеге бастамашы бола алады; тілдік қарым-қатынаста тілдік құралдардың әртүрлі мақсаттары мен әдістерін жүзеге асырады; монолог құрайды, ақпаратты талдайды және жинақтайды, моральдық және этикалық мәселелері бойынша өзінің көзқарасын қорғайды және дәлелдейді; өз пікірін білдіре отырып, сөйлеу тақырыбындағы сөйлеушінің көзқарасын бағалайды; айту мазмұнын болжайды.
Оқылым
Әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі және нақты ақпаратты (мәтіндік, сандық, графикалық) түсінеді және өзінше түсіндіреді; мәтіннің құрылымдық және композициялық бөліктерін және олардың элементтерін (негізгі сөздер, фразалар, сөйлем, абзацтар) көрсетеді; қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқыту-кәсібилік салаларына қатысты мәтіндердің құрылымдық, лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеу, түсініктеме беру, таңдау, рөлдік оқу, белгілеп оқу, арнайы ақпарат алу мақсатымен оқу,талдамалы оқулары сияқты оқу стратегияларын қолданады; идеяларды қалыптастырады, оларды сын тұрғысынан түсіндіреді және оқылған мәтін негізінде әртүрлі болжам жасайды; әртүрлі дереккөздерінен алынған қажетті ақпараттарды талдай және жинақтай отырып, іріктеп алады.
Жазылым
Білім алушылар тыңдаған және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі типтегі жанрдағы және стилдегі мәтіндерді жазады; коммуникативтік құрылғыларға сәйкес әртүрлі тілдік құралдарды пайдаланады; мәтінде сандық, графикалық ақпаратты өзгертеді және керісінше; әртүрлі нысандағы суреттерді, сызбаларды, кестелерді, диаграммаларды, сілтемелерді пайдалана отырып мәтіндер (оның ішінде, баспа) құрастырады; ұсынылған ақпаратты талдау және бағалау қабілетін көрсете отырып, өзінің проблемалық сипаттағы мәтінін (мақала, эссе, хат және т.б.) жазады; әртүрлі типтегі, жанрдағы және стилдегі мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық материалды пайдалана отырып мәтіндерді түзетеді және редакциялайды; белгіленген тақырып бойынша қарапайым, күрделі және жан-жақты жоспар жасайды; орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды.
Екінші тіл (қазақ / орыс)
Тыңдалым
Білім алушы мәтіннің негізгі мазмұнын, сондай-ақ сөйлеушінің ниетін білдіретін неғұрлым функционалды маңызды ақпаратты түсінеді; терминдердің семантикасы мен әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, оқу-танымдық тақырыптар бойынша мәтіннің негізгі бөліктерін түсінеді; мәтін мазмұны бойынша жауап береді; деректер мен пікірлердің ерекшелігін ажырата алады; орташа көлемді әртүрлі жанрдағы мәтіндердің негізгі мәселелерін анықтайды; мәтінде айтылған деректер мен құбылыстар, оқиғалар арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастарды орнатады және көрсетеді; айтылған ойдың мазмұнын болжайды.
Айтылым
Білім алушы алдын-ала ұсынылған тілідік қатынас тактикасын жүзеге асыра отырып, тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, адамгершілік, интеллектуалды тақырыптар бойынша диалогке түсе алады; пайымдау, жеке ойын білдіру және оқиға, пікір және мәселелерге бағасын беру арқылы монолог құрайды; ұсынылған тақырып бойынша ақпараттты талдайды және жинақтайды; белгілі бір тақырып бойынша айтылған ойға баға береді; сөйлеу нормаларын ескере отырып, тілдің лексикалық және грамматикалық құралдарын пайдаланады.
Оқылым
Білім алушы тұрмыстық, оқу, әлеуметтік, адамгершілік, интеллектуалды тақырыптар бойынша берілген нақты бір күрделі мәтіндерді түсінеді; зерттеу, түсініктеме беру, таңдау, рөлдік оқу, белгілеп оқу, арнайы ақпарат алу мақсатымен оқу,талдамалы оқулары сияқты оқу стратегияларын қолданады; сұрақтарды тұжырымдайды, оқылған мәтіннің негізінде қорытындылар мен ұсыныстар жасайды, әртүрлі түр, стиль, және жанрдағы мәтіндердің құрылымдық-композициялық, лингвистикалық ерекшеліктерін салыстырады; сөздердің, көркем бейнелеуіш құралдардың айқын және астарлы мағынасын түсінеді; түрлі дерек көздерін пайдалану арқылы мәтінге ақпаратты өңдеу жасаудың барлық негізгі тәсілдерін біледі; негіздемелі қорытынды шығара және оқығанына сыни тұрғыдан баға бере отырып, мәтіннің мазмұнын талдайды және жинақтайды.
Жазылым
Білім алушы түрлі тілдік құралдарды қолдана отырып, естігені және оқығаны негізінде түрі, жанрыжәне стиліәртүрлі мәтіндер жазады; әртүрлі деректерден ақпараттар алу арқылы ақпараттық түрдегі мәтіндер жазады; нақты тақырып бойынша күрделі және толық жоспар жасайды; түрі, стилі әртүрлі мәтіндердің мазмұнын салыстырады, талдайды және бағалайды; орфографиялық және граматикалық нормаларын сақтайды; троптар мен тілдің көркемдік-бейнелеуіш құралдарын қолданады.
Үшінші тіл
Ағылшын тілі (Т3) mid B1 деңгейі
Тыңдалым (Listening)
Оқытылған тақырыптар аясындағы екінші кезектегі мәселелерді қалдырып, басты деректерді анықтайды; оқытылған тақырыптар аясындағы мәтіндердің негізгі мазмұнын түсінеді; оқытылған тақырыптар аясындағы бөлшектік ақпаратты түсінеді; қосымша ақпарат алу мақсатында естігені бойынша күрделі сұрақтар құрастырады; мәнмәтін көмегімен естігені бойынша ой қорытады; оқытылған тақырыптар аясында арнайы ақпаратты ажырата алады; оқытылған тақырыптар аясында берілген дәлелдердің сәйкес келмейтінін анықтайды; оқытылған тақырыптар аясында айтушының ойын негіздейді.
Айтылым
Оқытылған тақырыптар аясында оқиғаның логикалық жолдарын құрып, мәтіннің негізгі мазмұнын жеткізеді; ресми және ресми емес стильдерді қолданады; оқытылған тақырыптар аясында ақпаратқа таныстырылым жасайды; мәтіннің атауы, суреті, тірек сөздері, мәтін үзінділері және т.б. бойынша мазмұнын болжайды; нақты ақпарат алу үшін қарапайым және күрделі сұрақтар қояды; оқу тапсырмаларын орындау үшін (жұпта, топта) өздерінің құрбыларымен сөйлеседі; оқытылған тақырыптар аясында мәтіндерді салыстырады және қарама-қарсы қойып салыстырады; оқытылған тақырыптар шеңберінде ойын негіздей отырып, өз пікірін білдіреді.
Оқылым (Reading)
Оқытылған тақырыптар аясында әртүрлі стиль мен жанрдағы мәтіндердің негізгі мазмұнын анықтайды; оқытылған тақырыптар аясында әртүрлі стиль мен жанрда берілген мәтіндердегі бөлшектік ақпаратты түсінеді; түрлі ақпараттық ресурстарды (анықтамалық материалдар, сөздіктер, Интернет және басқалары) қолданады; оқытылған тақырыптар шеңберінде мәтіндердің арнайы ақпаратын анықтайды; оқытылған тақырыптар аясындағы мәтіндердің әртүрлі стилі мен жанрларын анықтайды; мәтіннің атауы, мәтін үзінділері, суреттері, тірек сөздері және т.б. бойынша мазмұнын болжайды; автордың көзқарасын немесе пікірірін анықтайды; түрлі мәтіндерден алынған ақпаратты бағалайды.
Жазылым (Writing)
Кесте, диаграмма, сызба, сауалнама, формуляр және т.б. толтырады; жоспар құрады, оқытылған тақырыптар аясында мәтін жазады, түзетеді; коммуникативтік мәселелерге сәйкес мәтіннен қажетті үзінділер алаалады; алдын ала оқыған тақырыптар бойынша алған біліміне сүйене отырып, шын мәніндегі және/немесе ойдан шығарылған өткен, осы және болашақта болатын оқиғаларды суреттейді; оқытылған тақырыптар аясындағы мәтіндегі сөйлемдер мен абзацтарды бір-бірімен байланыстырады, оқытылған тақырыптар шеңберінде берілген мәтіннің тыныс белгілерін сауатты және дұрыс қояды; тиісті ережелер мен түрлерін сақтай отырып, әртүрлі стиль мен жанр бойынша мәтіндер құрайды.
Әдебиет («Қазақ әдебиеті», «Орыс әдебиеті», «Ұйғыр әдебиеті», «Өзбек әдебиеті», «Тәжік әдебиеті»)
Негізгі орта білімді аяқтағанда білім алушылар:
әдебиеттің негізгі даму кезеңдерін, әртүрлі жанрдағы шығармалардың мазмұнын, фольклорда халықтың тұрмысының, салт-дәстүрінің бейнелену ерекшеліктерін, терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, көркем шығармалардың бейнелі суреттелуін, оқылатын шығармалардың дәйек сөздерін біледі.
әлемдік мәдениетте ұлттық көркем мұраның мәнін, мәдениеттің аса маңызды жетістіктерінің бірі ретінде әдебиеттің рөлін, адам өміріндегі көркем әдебиеттің мәнін, әдебиетте құбылыстардың нақты бейнеленуін, әдебиеттің тарихпен, өнермен байланысын; қазақ және басқа да халықтардың адамгершілік мұраты туралы елестерін, форма мен мазмұн бірлігіндегі көркем шығармаларды, әдеби терминдер мен әдеби бағыттарды, түрлері мен жанрларын, шығарманың тақырыбын, идеясын, мәселелерін, шығармадағы автордың көзқарасын, көркем туындылардағы бейнелі суреттеулерді, шығармаларда ашық айтылған және бүркеулі түрде айтылған мағыналарды түсінеді.
әдеби тақырыпқа хабарлама, баяндама, эссе, сұхбат, әдеби кейіпкерлермен сұхбат (оқығанының негізінде) дайындауда, жазбаша әңгіме құрастыру – кейіпкерлердің біреуіне немесе бір топ кейіпкерлерге (топтық мінездеме), екі кейіпкерге (салыстырмалы мінездеме)мінездеме беру үшін, өз бетімен оқыған кітапқа, картинаға, көркем оқуға, фильмге, спектакльге, жүйелі мәтінге (жазбаша немесе ауызша) шағын жазбаша пікір дайындау кезінде, талдамалық сипаттағы өзіндік мәтін құрастыру кезінде, АКТ қатыстыра отырып, оқыған мәтінге өзіндік түсініктеме беру кезінде, оқырмандар ортасы үшін өзектілігін анықтау және көркем шығармаларды бағалау үшін;
пікірталастарға немесе көпшілік алдында сөз сөйлеуге қатысу, қажетті ақпараттарды іздестіруге, тезистер, арнайы терминдер мен оқыған шығармаларды талдауға арналған ұғымдарды жасау, мәдени іс-шараларға қатысу үшін, өз ойын білдіру үшін шығармашылық қызметтің тәсілдерін, алған білімін, білігін және дағыдыларын пайдаланады.
оқығанына, тақырыпқа, идеясына және шығарманың композиция, сюжет ерекшеліктеріне өзінің қарым-қатынасын дәлелдеген әртүрлі жанрда бейнеленген шығармаларды, шығарманың тілдік ерекшеліктерін, кейіпкерлердің негізгі эпизодтарын, іс-әрекетін және амалдарын, әлемдік әдебиет туындыларымен және өнердің басқа түрлерінің туындыларымен салыстыра отырып, көркем шығарманың, жазушының стиль ерекшеліктерін талдайды.
көркем мәтіннің жанры және түрі жағынан ұқсас шығарманы талдау жолдарын таңдау үшін, көркем шығармаларды талдап қорыту және әлемді тұтастай қабылдау үшін, тарихи деректермен фактілерді салыстыру, әртүрлі жоспарлар құру, қазақ және басқа да халықтардың құндылықтарымен өзара байланысына арналған әртүрлі ресурстарды пайдалану арқылы жазбаша мәтіндерді құрастыру үшін алған білімді, білікті және дағдыны жинақтайды.
оқылған шығарманы, композициялық, стильдік, бірлік, тілдік ресімдеу тұрғысынан және алған қойылған коммуникативті міндеттердің орындылығы, қол жеткізу тиімділігі тұрғысынан ауызша және жазбаша пікірлерін білдіру логикасын; өнердің басқа да құралдары арқылы жасалған көркем мәтінді түсіндіруді бағалайды.
16. «Математика және информатика» білім саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелері.
Негізгі орта білімді аяқтағанда білім алушылар:
элементар математиканың, статистика және ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдарын; сандар классификациясын; нақты сандармен есептеу амалдарын орындауды; элементар математиканың негізгі формулалары мен қасиеттерін; негізгі элементар функцияларды, олардың қасиеттерін және графиктерін; алгебралық және трансцендентті теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйелерін, соның ішінде теңдеулер мен теңсіздіктер жиынтығын шешу тәсілдерін; көпбұрыштар классификациясын; жазық мен кеңістіктік фигуралардың негізгі түрлерінің қасиеттерін және белгілерін; комбинаторика ережелерін; оқиға ықтималдығының классикалық анықтамасын; ықтималдықтар теориясының негізгі формулаларын; статистикалық мәліметтерді жинау және өңдеу әдістерін; қолданбалы есепті шешу үшін математикалық модельді пайдалану алгоритмін;
«алгоритм», «ақпараттық үдерістер», «ақпараттық қауіпсіздік», «онлайн қауіпсіздік», «плагиат», «лицензиялау» және «авторлық құқық», «веб-беттер», «веб-сервелер», «веб-сайт», «веб-браузер», «URL-адрес», «http-хаттама», «IP-адрес», «домендік атау» ұғымдарының мағынасын; ақпараттарды өлшеу және көрсету тәсілдерін; заманауи дербес компьютердің (ДК) құрылысын (сипаттамасын); ДК және компьютерлік желілерде ақпараттарды сақтау, өңдеу және жіберудің негізгі техникалық тәсілдерін; компьютерлік желілердің міндетін және ұйымдастыру мен қызметінің базалық принциптерін; ДК-дің программалық қамтамасыз етілуінің міндетін және құрамын; ақпараттық модельдерді компьютермен жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын; алгоритмдеу және программалау негіздерін; компьютерлік техниканың даму кезеңдерін; ақпараттық қауіп түрлерін, сонымен бірге ақпараттарды қорғаудың физикалық және программалық тәсілдерін біледі;
математиканың академиялық тілін; санды стандартты түрде жазу тәсілін (санның мәнді бөлігі және реті); көпмүшенің түбірі мен коэффициенттері арасындағы байланысты; берілген функцияға кері функцияның бар болу шартын; теңдеуді, теңсіздікті және олардың жүйелерін шешу деген не екенін; әртүрлі қолданбалы есептерді шешу үшін математикалық модельдерді пайдаланудың маңыздылығын; аксиомалар, теоремалар, леммалар, салдар, қасиеттер мен белгілер арасындағы айырмашылықты; жазықтықта және кеңістіктегі геометриялық салулар мен өлшеулердің принциптерін; өмірдегі кездейсоқ жағдайлардың ықтималдық сипаттарының мәнісін; таңдаудың сандық сипаттамасы мен кездейсоқ шаманың мағынасын; сандық және сапалық талдау жүргізудегі статистикалық деректерді графикалық түрде берудің рөлін;
ақпараттық үдерістердің қоғамдағы, тірі табиғаттағы, техникадағы рөлін; барлық деректерді ұсыну үшін екілік алфавитті компьютермен пайдалануды; ақпараттарды өлшеу бірліктері арасындағы байланысты; компьютердің жұмыс істеуінің программалық принципін; программалық қамтамасыз етудің қажеттілігін; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) құралдарын пайдаланудың экономикалық, құқықтық және этикалық аспектілерін; компьютермен жұмыс істеген кезде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын түсінеді;
практикалық есептерді шешуде математикалық білімді; математикалық есептерді шешу алгоритмдерін; мәнмәтінге сәйкес математикалық терминологияны; басқа да оқу пәндерін игеру барысында математикалық білімдерін; нақты сандарға есептеу амалдарын; ауызша және жазбаша түрде дәл және жуықтап есептеуді; практикалық тұрғыдағы геометриялық есептерді шешуде жазық фигуралар мен кеңістіктік денелердің қасиеттерін; әртүрлі қолданбалы есептерді шешуде математикалық модельдерді; математикалық есептерді шешуде есептеу техникасын және программалық қамтамасыз етуді;
екілік кодта ақпаратты көрсету үшін кодтау ережесін; ақпаратты қорғау тәсілдерін; ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың жаңашыл программалық құралдарын қолданып, түрлі типті ақпараттық нысандарды жасау, редакциялау, түрлендіру мен сақтаудың негізгі технологияларын; қолданбалы программалардың мүмкіншіліктерін; бірлесіп бір ақпаратпен жұмыс жасау үшін ғаламдық және жергілікті желілер мүмкіндіктерін; зерттеу жұмыстарын жүргізу мен оларды көрсету үшін нысандар мен процестердің (физикалық, биологиялық, экономикалық және ақпараттық) компьютерлік модельдерін; алгоритмдерді жазудың негізгі ережелерін; практикалық есептерді шешу үшін программалау тілдерінің мүмкіндіктерін; АКТ құрылғыларымен жұмыс жасау кезінде эргономиканы, ресурстарды үнемдеуді, қауіпсіздік техникасы ережелерін; ақпараттық этика және авторлық құқық нормаларын қолданады;
заңдылықтарды және осы заңдылықтар негізінде математикалық модельдер құрастыруды; деректердің берілуінің түрлі формаларын пайдаланып, әртүрлі мазмұндағы деректерді; рационал және иррационал өрнектерге жасалған түрлендірулерді; теңдеулер, теңсіздіктер, теңдеулер жүйесі, теңсіздіктер жүйесін шешуді; геометриялық фигуралардың өзара орналасуын; аксиомалар, теоремалар, салдар, қасиеттер және белгілер арқылы дәлелдеуге берілген есептерді; функциялардың қасиеттерін; математикалық модельдер құрастыру үшін мәтіндік есептердің шарттарын;
көрсету, өңдеу мен беруге арналған сәйкес аппараттық және программалық құралдарды таңдау бойынша ақпаратты; деректер мен нәтижелерді түсіндіру үшін кестелер, сызбалар, диаграммалар, сұлбалар және т.б.; нақты және елестету нысандары мен үдерістерді (кестелер, графиктер, диаграммалар, сұлбалар және т,б,) зерттеу үшін компьютерлік модельдерді; ең тиімді жолды анықтау мақсатында компьютерде есептерді шешудің әртүрлі тәсілдерін; бар қателерді табу үшін программалу тіліндегі программалық кодты; ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын талдайды;
математикалық есептерді шешудің алгоритмдерін; графиктерін салу үшін функциялардың қасиеттерін; математикалық және статистикалық деректерді; деректерді өңдеу және талдау нәтижелерін; аксиомалар, теоремалар, салдар, қасиеттер және белгілер арқылы дәлелді пікірлерді; геометриялық түрлендірулерді қолдана отырып, оның ішінде интерактивті ортада салуға берілген есептерді шешу тәсілдерін; қарсы жору әдісін, дәлелдеудің аналитикалық-синтетикалық әдісін және т.б. әдістерді қолдана отырып, теоремалардың дәлелдеулерін;
өздерінің ойларын көрсету мен жүзеге асыру үшін мәтіндік, кестелік, графикалық, мультимедиалық және құрама нысандарды; пайдаланушы талабына байланысты компьютердің және программалық қамтамасыз етудің конфигурациясын; блок-схема және команда түріндегі есептерді шешу алгоритмдерін жинақтайды;
есептеулер нәтижесін; берілген параметрлердің мағынасына байланысты функциялардың графиктерінің орналасуын болжайды және графиктердің салынуын; статистика және ұсыныс негізінде оқиғаның болу ықтималдығын; математикалық деректерге негізделген қорытындыларды; берілген шарттарға сәйкес қолданбалы есептердің шешу нәтижелерін; шамалардың жуық мәндері және олардың стандартты түрде жазылуын; жүргізілген тәжірибелер санының артуымен оқиға нәтижесінің абсолюттік және салыстырмалы жиілігін; жиіліктің интервалдық кестесі немесе жиілік полигоны түріндегі таңдау нәтижелерін; кесте және график түрінде берілген ақпаратты; берілген тәжірибенің неғұрлым ықтимал нәтижесін алдын-ала болжайды және белгілі ықтималдық бойынша жиілікті;
қолдануға байланысты АКТ құралдарының тиімділігін; түрлі дерекнаманы салыстыру арқылы ақпаратты (дәлдік, толықтылық, сенімділік, өзектілік, релеванттық); компьютерлік модельдер артықшылығын; алгоритм тиімділігін және оның орындалу нәтижесін; адам денсаулығына АКТ құралдарының теріс әсерін; қоғамның дамуына компьютерлік технологиялардың әсерін; ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қазіргі құралдардың мүмкіндігін бағалайды.
17. «Жаратылыстану» білім саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер.
Негізгі орта білімді аяқтағанда білім алушылар:
физика кабинетінде физикалық эксперименттерді орындау кезінде қауіпсіздік техникасының ережелерін; бөлімдеріндегі ұғымдарды, формулаларды, заңдарды және физикалық тұрақты шамаларды: механиканы(кинематика, динамика, статика, сақталу заңдары), жылу физикасын (молекулалық физика және термодинамика), электр және магнетизмді (электростатика, тұрақты және айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканы (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың, атомдық физиканың, астрономияның элементтерін;
атомдық-молекулалық ілімді, атом құрылысын және элементтердің қасиеттерін; химиялық таңбаларды; «зат» түсінігін және заттардың жіктелуін; таза заттардың және қоспалардың сипаттамаларын, қоспаларды айыру әдістерін; химиялық байланыс түрлерін және заттардың құрылысын; химиялық және физикалық құбылыстарды; химиялық реакциялардың жүру белгілерін және заңдылықтарын; бейорганикалық және органикалық қосылыстардың маңызды кластарын және олардың қасиеттерін; электролиттік диссоциация теориясын; химиялық элементтердің периодтық заңын және периодтық жүйесін; маңызды металдарды, бейметалдарды және олардың кең таралған қосылыстарын; Қазақстанның маңызды химиялық және металлургиялық өндірістерін; физикалық және химиялық шамалардың өлшем бірліктерін, ғұлама ғалымдардың химияның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлестерін;
биология, микробиология негіздері, молекулалық, жасушалық биология саласындағы зерттеулерді жүргізуге арналған аспаптармен және құралдармен жұмыс істеудің ережелерін; органоидтық жасушалардың атауларын; жасушалардың бейорганикалық және органикалық заттарын, өсімдік және жануарлар ағзаларыныңішкі ортасы мен жүйесінің компоненттерін; жасушаның зат алмасу кезеңдерін; өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарын; ДНҚ-ның жасушалық шеңберін, құрылымын және маңызын, генетиканың, тұқымқуалаушылықтың және өзгергіштіктің заңдарын, эволюциялық дамудың негіздерін; селекцияның әдістерін, эволюция заңдарын, ғалымдардың биологиялық білімге қосқан үлестерін; тірі ағзалардың әртүрлілігін, олардың адам және табиғи кешен үшін маңызын; жүйеліліктің таксономиялық иерархиясын және маңызын, биогеоценоздардың құрылымын; тірі ағзалардың өзара қарым-қатынастарының түрлерін; тағамдық тізбектегі және табиғаттағы энергиялық ағынды және заттар айналымын; қоршаған ортаның әсер етуші факторларының тірі ағзаларға әсерін, адамның іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін;
география ғылымының нысанын, пәнін, құрылымын; географиялық зерттеулердің әдістерін; география ғылымының негізгі ілімдерін, теорияларын, концепцияларын, гипотезаларын; заманауи география кеңістігінің құрылымын, мазмұнын және деңгейін; аумақтық кешендерді; географиялық нысандардың, үдерістердің және құбылыстардың мәнін, жіктелуін, таралу ерекшелігін және орналасуын; заманауи геоақпараттық жүйелерді, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерін және қолдану шеңберін; географиялық қабықтың және географиялық ортаның құрамын, қасиеттерін, құрылымын, негізгі кезеңдерін; географиялық қабықтың негізгі заңдылықтарын, олардың кеңістіктік пайда болуын, табиғатта қалыптасуын және дамуын; Жер қабығының орналасуын, құрылымын, құрамын, қасиеттерін және маңызын; Жердің, географиялық нысандардың, үдерістердің және құбылыстардың картадағы кескіндеу тәсілдерін; картаның түрлерін, жіктелуін, және элементтерін; географияда қолданылатын негізгі формулаларды; материктер мен мұхиттардың, жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының табиғат ерекшеліктерін; заманауи әлемдік шаруашылықтың, жекелеген аумақтардың, елдердің және Қазақстан Республикасының өңірлік және салалық құрылымын, шарттары мен даму факторларын, олардың шаруашылықтық игерудегі айырмашылықтарын; халықаралық экономикалық қарым-қатынастың формаларын; әлемнің, жеке өңірлердің, елдердің және Қазақстан Республикасы тұрғындарының мақсаттарын, құрамын, құрылымын, жіктелуін, сандық динамикасын, тіркеу және санақ әдістерін, қайта өндіру типтерін, орналастыру және көші-қон факторларын; тұрғындық пункттердің типтерін, құрылымын, функцияларын, орналастыру факторларын және даму динамикасын; жеке өңірлердегі, елдердегі және Қазақстан Республикасындағы урбанизациялау үдерісін, деңгейін және ырғағын; жаһандық және өңірлердің демографиялық мәселелерді, жеке өңірлердің, елдердің және Қазақстан Республикасының демографиялық саясатының ерекшеліктерін; Қазақстан Республикасының экономикалық-географиялық және геосаясаттық жағдайын, әкімшілік-аумақтық бөлінуін; Қазақстанның табиғи-қор әлеуетін, тұрғындарының ерекшеліктерін; шаруашылық салаларының құрылымын, құрамын, орналастыру факторларын, орталықтарын; өнімдердің жеке түрлерін өндіру технологияларын; Қазақстанның экономикалық аудандарын, халықаралық байланыстарын; нысандарды және әлемнің заманауи саяси картасының қалыптасуының негізгі кезеңдерін; мемлекеттік құрылыстың, басқарудың формаларын; саяси режимнің типтерін; елдердің типологиясын; экономикалық жүйелердің модельдерің; халықаралық байланыстарын; халықаралық экономикалық және саяси ұйымдар мен кеңестер туралы негізгі мәліметтерді; әлемнің тарихи-мәдени өңірлерін, өркениетін, геосаясатын; Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесі мен құндылықтарының жүйесін; Қазақстанның әлемдік геосаяси үдерістеріндегі орны мен рөлін; Қазақстанның өңірлік және халықаралық ұйымдарға қатысуын; адамзаттың заманауи жаһандық мәселелерін және олардың жергілікті, өңірлік деңгейлерде көрінуін; табиғатты сақтауға байланысты шараларды; тұрақты дамуды біледі;
бөлімдердегі физикалық ұғымдардың, заңдардын және терминдердің мағынасын: механиканы(кинематика, динамика, статика, сақталу заңдары), жылу физикасын (молекулалық физика және термодинамика), электр және магнетизмді (электростатика, тұрақты және айнымалы электр тогы, магнит өрісі, электромагниттік индукция), оптиканы (геометриялық және толқындық), кванттық физиканың, атомдық физиканың, астрономияның элементтерін; дерек пен болжам арасындағы айырмашылықты; физикалық құбылыстардың себептері мен салдарын; күнделікті адам өміріндегі физикалық құбылыстардың және үдерістердің маңыздылығын;
химиялық элемент, атом, ион, молекула және зат ұғымдарының арасындағы айырмашылықтарды; химиялық реакцияларды және олардың жүру шарттарын; металдардың электрохимиялық кернеу қатары тұрғысынан белсенділігін; тотығу-тотықсыздану үдерісін; органикалық кластар мен бейорганикалық заттардың арасындағы айырмашылықтарды;
ИЮПАК халықаралық номенклатурасын; тұрмыстық және тағамдық химияға жататын заттардың қасиеттерін; заттардың және олардың туындыларының технологиясын және өндірістік ғылыми принциптерін;
тірі ағзалардың жеті қасиетін; микробиологияның медицинадағы, ауыл шаруашылығындағы және өндірістегі маңызын; жасушаларда молекула және органоидтар деңгейінде жүретін үдерістерді; өсімдіктердің, жануарлар мен микроағзалардың жасушалары мен ұлпаларындағы бейорганикалық және органикалық заттарын рөлін; өсімдік және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен жүйесінің құрылымын; өсімдік пен жануарлардың негізгі топтарының жіктелу принциптерін; пластикалық және энергетикалық алмасу үдерістерін;биогеоценоз бен агроценоздың құрылымдарын; жаһандық және жергілікті экологиялық мәселелерді; Қызыл кітаптың Жердегі саналуандықты сақтаудағы рөлін;
географияның ғылымдар жүйесіндегіорны мен рөлін, география білімінің құрылымын;«оқып-үйрену нысаны», «оқып-үйрену пәні» түсініктерін; табиғи және әлеуметтік-экономикалық заңдылықтардың, үдерістер мен құбылыстардың мәнін; географиялық білімнің әртүрлі іс-әрекеттерді жүзеге асырудағы мәнін, табиғи, экологиялық, қоғамдық, экономикалық, техногендік және ақпараттық факторларды есепке ала отырып, шешім қабылдауын; географиялық зерттеу әдістерінің соңғы нәтижелерінің қолдану аясын, кезеңдерін және формаларын; заманауи география кеңістігінің, аумақтық кешендердің саналуандығының себептерін және ерекшеліктерін; географиялық нысандардың, үдерістер мен құбылыстардың үйлесімін; географиялық қабықтағы үдерістердің себептерін, кезеңдерін, салдарын, маңызын; табиғат пен қоғамның әрекеттесуін, оның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін; қоршаған ортаны қорғаудың және табиғатты пайдаланудың, әлемнің және Қазақстан Республикасының тұрақты даму мәселелерін шешудегі кешендік географиялық амалдың маңыздылығын; аумақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының географиялық факторлардан тәуелділік деңгейін; өмір сүру сапасының қоғамдық өндірістің табиғи-ғылыми, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; қоршаған табиғи орта сапасына тәуелділігін, заманауи әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелердің себептерін және оларды шешу жолдарын; қоғам өміріндегі саяси жүйенің маңызын және рөлін; өңірлік және жаһандық деңгейдегі заманауи кіріктіру үдерістерінің маңызын және мәнін; геосаяси үдерістердің рөлін және әсер ету шеңберін, геосаяси нысандардың әрекеттесу сипатын, әлемдік геосаяси аймақтану ерекшеліктерін; Қазақстан Республикасының геосаяси қуатын күшейту шараларының қажеттіліктін және маңыздылығын; Қазақстанның геосаяси және саяси белсенділігін; Қазақстанның ұлттық мүддесі мен құндылықтарының геосаяси және саяси контексіндегі мәнін; Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясатының мақсаттарын және бағыттарын түсінеді;
есеп шығару, практикалық және зертханалық жұмыстарды жасау кезінде физиканың заңдары мен формулаларын; графиктік және эксперименттік шешу тәсілдерін; еселік және үлестік бірлік; координата жүйесінің осьтеріне, таңбалануына, масштабына сәйкес нәтижелерді графиктерде ұсыну әдістерін; Бірліктердің халықаралық жүйесінің туынды өлшем бірліктерін;
бейорганикалық және кейбір органикалық қосылыстардың кластарының арасындағы химиялық алмасуларды жүргізу үшін өз білімін; химиялық формулалар және химиялық реакция теңдеулері бойынша есептеулер жүргізуде; тәжірибелік-эксперименттік және зерттеу жұмыстарын жоспарлауда және жүргізуде (газдарды алу, ерітінділерді дайындау, заттардың табиғатын анықтау), кең таралған металдарды, газдарды, белгісіз қосылыстардың ерітінділерін сапалы анықтауда, сандық және сапалық есептеулерде;
ағзалардың әртүрлі топтарын сипаттаған кезде бинарлық номенклатураны; зерттеулер жүргізгу үшін аспаптар мен жабдықтарды; ағзаның қызмет атқаруы үшін пластикалық және энергетикалық алмасуды; мынадай міндеттерді: генетикалық, тұқым қуалаушылық және өзгергіштік заңдылықтарын, мутациялық теория, ағзалардың дамуына экологиялық факторлардың әсерін шешу үшін білімдерін; табиғатты қорғау мәселесін шешу тәсілдерін;
негізгі географиялық ұғымдар мен терминдерді; географиялық қабық пен географиялық ортаның компоненттерін сандық және сапалық сипатын анықтау үшін географиялық зерттеулер әдісін және олардың амалдарын, геграфиялық деректер көздерін, аспаптар, құралдар, карталар мен жоспарларды; бағдарлау және навигация үшін кез келген дәрежедегі аумақтарды; жобалық жұмыстың жеке және топтық зерттеулер жүргізу дағдыларын; талап етілетін контексте географиялық ақпаратты іздеу, өңдеу, жүйелеу, түсіндіру, түрлендіру, сақтау, жіберу және таныстырылым дағдыларын; картометрия тәсілдерін; бағдарлау және навигация дағдыларын; әртүрлі үдерістер мен құбылыстарды түсіндіру және бағалау, қоршаған ортаның қауіпсіздігі деңгейін өздігінен бағалау, өмір сүріп жатқан аумақтың жағдайына бейімделу үшін күнделікті өмірде географиялық білімдерін пайдалану дағдыларын; оқу әрекеттерінде далалық және кабинеттік зерттеулер жүргізу кезінде, аспаптармен жұмыс істеу кезінде, түрлі генезистің қолайсыз және қауіпті жағдайларында техника қауіпсіздігін; географиялық объектілерді, үдерістер мен құбылыстарды, кез келген дәрежедегі аумақтың жағдайын сипаттау және суреттеудағдыларын; кабинеттік және далалық географиялық зерттеулер дағдыларын; географиялық ақпаратты моделдеу және графикпен беру дағдыларын; талап етілетін контексте есептеулер жасау үшін әртүрлі формулаларды; жеке, топтық және ұжымдық жұмыс жасау дағдыларын; талап етілетін контексте шығармашылық дағдылар, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану дағдыларын жазу, оқу, тыңдау және айту дағдыларын; іскерлік этика дағдыларын қолданады;
өзінің ғылыми тұжырымдарын дәлелдеуге қажетті әртүрлі дерек көздерінің деректерін (түпнұсқасы және өңделгені, АКТ қоса алғанда); физикалық үдерістің тәуелділігін және y = ax + b түріндегі сызбаның тәуелділігін; ғылыми жаңалықтардың қолданылу саласын; қоршаған орта жағдайы және адамның өндірістегі іс-әректі арасындағы байланыстың себеп-салдарын;
заттардың қасиетінің сапалық және сандық құрамына тәуелділігін және оның жануы; бөлшектің теориясы негізінде заттың агрегаттық күйлерін; ерігіштігін, электр және жылу өткізгіштігін; заттардың қасиеті мен қолданылуы арасындағы байланыстың себеп-салдарын; адам ағзасының химиялық құрамын және оның дұрыс жұмыс істеуі үшін микроэлементтер мен макроэлементтердің маңызын; таза металдармен салыстырғандағы қорытпалардың қасиетін;
биология ғылымының жетістіктерін; биологиялық процестер мен құбылыстардың заңдылықтарын; жасушалар және оның органоидтық құрылымын, эукариот және прокариот жасушалардың ұқсастығы мен айырмашылығын; жасуша заттарының органикалық және бейорганикалық құрамын және құрылымын; тірі ағзалар мүшелерінің құрылымы мен қызмет жүйесін; ферметтердің белсенділігін; тағамдық азық-түліктердің құрамындағы органикалық заттарды; жануарлар және өсімдік мүшелерінің жүйесінің ерекшеліктерін, компоненттерін; олардың көбею тәсілдері мен ерекшелік белгілерін; трансгендік технологияларды қолдануға байланысты проблемаларды; селекция әдістерін; заттардың алмасу кезеңдерін және жасушалардың ыдырауын; биогеоценоздағы заттар айналымының үдерістерін; организмдердің өмір сүруге бейімделуінің, стратегиясының түрлерін және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін; сүт өнімдері өндірісін;
географиялық қабықта және географиялық ортада болып жатқан процестер мен құбылыстардың арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды; табиғат пен қоғамның өзара байланысын және олардың кеңістіктік ерекшеліктерін; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу ерекшеліктерін, байланыстарын және басқа да кеңістіктік арақатынастарын; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың орналасу және орналастыру факторларын, параметрлерін; ортаның адам өмірі мен іс-әрекетіне ықпал ететін факторларын; қоғамдық өндірістің ғылыми-жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін; сандық және сапалық географиялық деректерді; географиялық ақпарат көздерін; географиялық нысандарды, процестерді және құбылыстарды жіктеудің белгілерін; Қазақстанның географиялық және геосаяси жағдайын, саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуының ерекшеліктерін және факторларын, дүниежүзіндегі рөлі мен орнын талдайды;
жинақталған және өңделген деректерді, ақпараттарды кесте, сызбанұсқа, хабарлама, баяндама, таныстырылым түрінде көрсетуді; болжам, дәлел және түсініктеме жасауға арналған ғылыми модельдер және дәлелдемелерді; эксперимент және зерттеулер жүргізу жоспарын;
ғылыми-жаратылыстану заттарының эмпирикалық ережелерін, қағидаларын және заңдылықтарын жүйелеу, жіктеу және анықтау үшін тірі және өлі табиғатта болатын үдерістер туралы білімді;
тірі табиғат туралы деректерді әртүрлі деңгейлерде және әртүрлі тәсілдермен; эволюциялық ағашты, тағамдық жүйелердің тізбектері; тірі ағзалардың жіктелуі туралы білімге сүйене отырып, олардың топтамасын; өсімдік және жануар ағзасы мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білімді; нәтижелердің, зерттеулердің өмірде қолданылуын;
әртүрлі модельдер, зерттеушілік және шығармашылық жобалар, ақпараттық материалдар жасау үшін, географиялық нысандардың қызмет етуі және дамуы проблемаларын шешу жолдарын әзірлеу үшін қажетті географиялық білім мен ақпаратты; зерделенетін нысандарды, процестерді және құбылыстарды жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және саралау үшін білім мен дағдылар; процестер мен құбылыстарды түсіндіру, болжам жасау, географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың даму болашағы мен өзгеруінің сипатын анықтау үшін қажетті білім мен дағдыларды жинақтайды;
жасалған эксперименттің нәтижелерін, физикалық құбылыстар мен заңдарды дәлелдеуді; зертханалық жұмыстар өткізу кезіңдегі қауіп-қатерді; адамның өміріне әртүрлі физикалық құбылыстар мен ғылым жетістіктерінің әсерлерін;
химия ғылымы мен өндірісінің адам өміріндегі рөлін; әртүрлі факторлардың химиялық реакциялардың жүруі мен олардың қайтымдылығына әсерін, химия өнеркәсібінің қоршаған орта және денсаулықтың нашарлауына әсерін туралы болжамын; өнеркәсіп принциптері мен тірі табиғат компоненттері арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың өзара байланысын, пайдалы қазбалар мен табиғи көздерді дұрыс пайдаланудың маңыздылығын;
биология салаларын дамыту: биотехнология, гендік инженерия, медицинаның заманауи бағыттары мен молекулярлық биология, олардың дұрыс және кері жақтарын анықтау үшін, салауатты өмір салтының рөлін және адамда әртүрлі аурулардың пайда болуының себептерін; ағзалардың өмірлік іс-әрекетіндегі мүшелердің рөлін; табиғи биогеоценоздар мен агроценоздардың жағдайын; табиғаттағы өсімдік және жануар түрлерінің азаю себептерін; табиғаттағы ағзалардың биокөптүрлілігін сақтаудың тәсілдерін;
табиғаттың қалыптасуындағы, адамдардың өмірі мен шаруашылық іс-әрекетіндегі географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың маңызын; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың көлемі мен жағдайын; географиялық нысандардың, процестердің және құбылыстардың әртүрлі мақсаттар мен шаруашылық түрлері үшін жарамдылық деңгейін және қолданылуын; географиялық ақпарат көздерін; географиялық нысандардың жарамдылық деңгейін; түрлі дәрежедегі аумақтардың географиялық және геосаяси жағдайын; түрлі дәрежедегі аумақтардың ресурстарын және табиғи-ресурстық әлеуетін; дүние жүзіндегі және Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдайды; дүниежүзі және Қазақстан Республикасы аумағының жер үсті, су, әуе бассейндеріндегі экологиялық жағдайды; халықаралық ұйымдар қызметінің нәтижелерін; қол жеткен нәтижелер мен алынған қорытындыларды; зерделенетін географиялық тақырыптар бойынша түрлі пікірлер мен көзқарастарды; дәлел келтіру, пікірталас жүргізу дағдыларын қолдану арқылы әртүрлі формада берілген ой тұжырымдарды; жалпы белгілі алгоритмдерді салыстыру негізінде сабақ және сабақтан тыс уақыттағы жұмыстың нәтижелеріне қанағаттану дәрежесін; зерделенген немесе анықталған өлшемдер негізінде пән және тақырыптық бөлімдер бойынша жеткен жеке деңгейін; жеке нәтижелерінің жалпы белгілі және жалпы танылған белгілерге сәйкестік деңгейін бағалайды.
18. «Адам және қоғам» білім саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелері.
Негізгі орта білімді аяқтағанда білім алушылар:
отан және дүние жүзі тарихы кезеңдерін; Қазақстан тарихы үрдістерін және әлем тарихының ежелден бастап қазіргі күнге дейінгі негізгі оқиғаларды, құбылыстарды; отан және әлем тарихында маңызды рөл атқарған, тарихи қайраткерлерді; тарихи даму барысында қалыптасқан ұлттық және әлемдік мәдениеттің маңызды жетістіктері мен құндылықтар жүйесін; тарих ғылымындағы базалық ұғымдарды; тарихи деректердің түрлерін;
құқық пәні мен ұғымын; құқық жүйесі мен құрылымын, заманауи құқық жүйелерін; құқықтық мемлекеттің негізгі белгілерін; қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар мен механизмдерін; адам құқығы мен бостандығы мазмұнын: әділ сот ұғымы мен қағидаларын; іргелі құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды; адам құқығы, демократия, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, заңдылық және құқық тәртібі; қазақстандық құқық саласының базалық мазмұны мен негізгі ұғымдары; құқық дереккөздерін;
толеранттылық және отан алдындағы борыш, адалдыққа, гуманизмге негізделген құндылықтар мен нормалар; жалпы алғанда, адамзатқа, қоршаған әлемге, адамның өзіне деген қарым-қатынасын ескерген әлеуметтік маңызды бағдарды, адамгершілік мінез-құлық негіздерін; адам сезімдері мен эмоциялары, оң және келеңсіз сапалар туралы ұғымдарды біледі;
тарихтың барлық кезеңдері бойы отан және дүниежүзі тарихының дамуының тұтастығы мен үздіксіздігін сипаттайтын құбылыстар мен үдерістерді, негізгі оқиғаларды; Қазақстан мен түрлі әлем елдерінің қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының сипатты белгілерін; заманауи қоғамдық процестердің тарихи шарттылығын, әлем тарихындағы оның рөлі мен орнын; отан және әлем тарихындағы көрнекті тұлғалардың рөлі мен орнын; өзінің азаматтық және ұлттық бірегейлігін Қазақстан Республикасы азаматы ретінде сезінуін және өзінің Қазақстан халқына жататындығын; отан және әлем тарихына, мәдениетіне, дәстүрлеріне, адам құқығы мен бостандығына, қоғам өмірінің демократиялық қағидаларына құрметпен қарым-қатынас жасау қажеттігін;
мемлекеттің және құқықтың пайда болуы, олардың өзара байланысы; қазақстандық құқық салаларының негізгі ұғымдары мен базалық категорияларын; құқық мазмұнын, азаматтардың міндеттері мен жауапкершілігін нақты құқықтық қарым-қатынастардың қатысушысы ретінде; көпшілік және жеке құқықпен реттелетін, қарым-қатынастардың ерекшелігін; әлеуметтік өмірдің негізгі салаларындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігін; тұлғаның құқығын құрметтеу қажеттілігін, демократиялық құқықтар мен бостандықтарды дұрыс қолдана алуды;
адамның ұдайы өзін-өзі таныту мен дамыту қажеттілігін; жалпы адамзаттық, этномәдени және ұлттық құндылықтардың өзара байланысын; өз ойы, сөзі мен әрекеті үшін жауапкершілікті; отбасында, ұжымда және қоғамдағы өзінің рөлін; болашақ мамандығын саналы таңдаудың маңыздылығын; өмірде өзара көмек маңыздылығын; практикада салауатты өмір салты туралы білімді қолдана отырып, өз өмірі мен денсаулығын құндылық ретінде түсінеді.
өмірлік міндеттер мен мәселелер жағдаяттарын шешу үшін; тарихи картада өзгерістерді анықтауда, тарихи картада түрлі нысандардың орналасуын анықтау кезінде; тарихи тұлғаларды, оқиғалар, құбылыстар, үдерістерді салыстыру кезінде; уақыттағы және кеңістіктегі тарихи оқиғаларды оқшаулау кезінде; тарихтың барлық кезеңдері бойы тарихи үдерістердің үздіксіздігін анықтау кезінде; Қазақстан және әлемнің басқа да елдерін саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуын сипаттау кезінде; тарихи шарттылықтан шыға отырып, заманауи өмірдің құбылыстарына қарым-қатынасы бойынша өз ұстанымын анықтау кезінде; өңірлік, ұлттық және жаһандық қауымдастықта өз орнын анықтау кезінде; шығармашылық, танымдық, зерттеушілік, жобалық сипаттағы жұмыстарды орындау кезінде; деректану талдау элементтерін қолдана отырып тарихи материалдармен жұмыс кезінде; түрлі типтегі деректерден тарихи ақпараттарды іздеу кезінде; қосымша ақпараттарды қорытындылаумен қажетті материалдарды іріктеу кезінде;
практикада іс-әрекетінде және күнделікті өмірде іздеу, талдау және құқықтық ақпараттарды қолдану үшін; заңнамалық актілер мәтіндерін, нақты жағдайлар мен оларды жүзеге асыру тұрғысынан құқық нормаларын талдау кезінде; түрлі бағыттағы (берілген үлгідегі) мүдделердің келісіміне бағытталған, қарым-қатынас ережелерін (нормалар) қолдану кезінде; құқықпен реттелген, күнделікті өмірдегі іс-қимыл мен мінез-құлық тәртібі заңына сәйкес таңдау кезінде; құқық және бостандықтарды жүзеге асыру әдістерін анықтау кезінде, құқық және бостандықтарды жүзеге асыру әдістерін анықтауда, сонымен қатар құқық бұзылушылықтарды қорғау кезінде; тиісті органдар мен ұйымдарға біліктілікті заң көмегі үшін жүгіну кезінде; өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде; тұлғалық өзін анықтау, өзін жүзеге асыру, өзін-өзі бақылау қалыптастыру үшін; қоғамға қызмет етуге бағытталған, мәселелерді шешуде білімге шығармашылық қосымша үшін; адамгершілік нормаларына сәйкес түрлі мәселелерді сындарлы шешу үшін; басқа адамдармен және қоршаған әлеммен тілектестік қарым-қатынас орнату кезінде алынған білім, білік және дағдыны қолданады.
тарихи оқиғаларды, құбылыстарды, себеп-салдар байланыстарын анықтау мақсатындағы үдерістерді; Қазақстанның және басқа да елдердің тарихи дамуын, жалпы сипатты белгілері мен ерекшеліктерін анықтайды, тарихи тұлғалар іс-әрекеті себептері мен нәтижелерін; ақпараттарды және оны бөліктерге бөледі, талдап қорытуды растау үшін дәлелдер келтіреді және қорытынды жасайды; қоғамдық, экономикалық, саяси және мәдени үдерістерді, Қазақстанның даму тенденциялары және тарихи паралелль өткізу жолымен әлемнің жекелеген мемлекеттерін; проблемалық мәселелерге жауап үшін түрлі тарихи деректерді; өз бетінше таңдалып/құрастырылған өлшемдер бойынша тарихи фактілерді; бір тарихи оқиғалар, құбылыстар мен үдерістерге түрлі көзқарастарды; түрлі таңбалы жүйеде ұсынылған, ақпараттарды ( мәтін, карта, кесте, схема, дыбыс-бейне қатары);
құқық жүйесі мен құрылымын, заманауи құқық жүйесін; қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар мен механизмдерді; құқықтық қатынастар субьектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттерін; қоғамдағы құқықтық қатынастарға байланысты, күрделі емес практикалық жағдаяттарды; ұсынылатын үлгілік жағдаяттардағы құқық бұзушылық, теріс қылық, қылмыс белгілерін; жасөспірімдердің құқықтық ережелерінің ерекшеліктері мен заң алдындағы жауапкершілігін; түрлі деректерден алынған, құқықтық сипаттағы ақпараттарды; адамдарда тұлғалық өзін анықтау, өзін жүзеге асыру, өзін бақылау қабілетін қалыптастыру түрлері мен әдістерін; материалдық және материалдық емес жоспардағы қажеттіліктерді, оларды ажырата алады, ынтасы мен мүмкіндіктерін әділдікпен өлшеуді талдайды.
алынған білімді, дағдылар, білік және түсіну, жіктеу, жүйелеу, қорытындылау және зерделенген құбылыстарды, нысандар мен үдерістерді саралау үшін; түрлі деректерден алынған мәліметтер, тарихи фактілер және осы негізде дәлелді қорытындылар мен тұжырымдар жасайды; бірегей фактілер мен жалпы құбылыстар; тарихи құбылыстардың, үдерістердің сипатты белгілері және жалпы заңдылықтарды анықтайды; Қазақстан мен әлем елдері тарихы туралы толық түсінік қалыптастыру үшін білім және білік; қоғамда өтіп жатқан заманауи саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени үдерістерге бағдарлану үшін білім және дағдылар; тарихи үдерістер мен заманауи тенденциялардағы қоғамның дамуындағы мүмкін сценарий үлгілері мақсаты туралы білімді; алынған ақпаратты өз мінез-құлқы ара-қатынасы мен қабылданған адамгершілік және құқық нормаларымен басқа адамдардың қылықтары үшін; қоғамдағы әлеуметтік бейімделу үшін білім және дағдыларды;
берілген контекстегі ақпараттарды жинақтау және талдау үшін білім, білік дағдыларды, жағдаяттарды бағалау, жалпыадамзаттық және этномәдени құндылықтарға қарсы келмейтін шешім қабылдай отырып өз қарым-қатынасын білдіреді; гендерлік айырмашылықтарды ескере отырып адамдардың әлеуметтік рөлінің көпбейнесі туралы түсініктерді; салауатты өмір адамның ішкі және сыртқы әлемінің өзара байланысын, оның табиғатпен бірлігін, дене-күші мен рухани денсаулығының өзара тәуелділігін анықтауда өзінің физикалық және психикалық жайын реттеу салауатты өмір сүру үшін негіз ретінде жинақтайды;
тарихи оқиғаларды, үдерістерді, құбылыстарды, контекстегі тұлғалар олардың отандық және әлемдік тарихқа ықпалы, олардың түрлі талдауларын; әртүрлі тарихи деректердің нақтылығын; заманауи өркениеттердің келешегін, дамудағы оның проблемалары мен қиындықтарын, әлемдік экономикада, саясатта және мәдениетте заманауи қазақстандық қоғамның рөлін;
қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттардың іс-әрекеті, олардың дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігін; қоғам өміріндегі оң және келеңсіз құбылыстарды; құқық қорғау мен заңдылық мәні мен маңызын;
күнделікті өмірде нақты мәселелерді шешуде өзінің саналы белсенділік қабілетін көрсетуді; өзінің білігі ұжымда ынтымақтасу мен адамгершілік нормаларына сәйкес белгіленген міндеттерді сындарлы шешу үшін ұжымжда және топта жұмыс істейді; қоршаған орта мен әлемнің сұлулығын бағалайды.
19. «Технология және өнер» білім саласы бойынша оқытудан күтілетін нәтижелер.
Негізгі орта білімді аяқтағанда білім алушылар:
әртүрлі өнер түрлерінің жіктеуіші мен ерекшелігін; өнердің бейнелеу және айқындылық құралдарын, шығармашылық жобалар үшін көркем техникалар мен құралдарды; өнер түрлерінің стильдері мен жанрларының шығу тарихын; өнердің дәстүрлі құралдары мен қазақ халқының қолөнерін; сәндік-қолданбалы өнердегі ұлттық дәстүрлер мен салттарды; адам өмірі мен өнердің табиғатпен байланыстылығын; әлемдік және ұлттық көркем өнердің жауһарларын; өзіндік шығармашылық қызметтегі өнімнің негіздерін;
музыканың қарапайым теориясының негіздерін; ұлттық және әлемдік музыканың әртүрлі стилдері мен жанрларының жіктеуіші мен ерекшеліктерін, музыкалық стильдер мен жанрлардың шығу тарихын, ұлттық және классикалық музыкалық аспаптардың жіктеуішін, музыка қызметінің түрлерін: шығарма, орындау, тыңдау, суырыпсалма, өңдеу; электронды музыканы құрастыру үшін компьютерлік сандық бағдарламалар; тректер мен саундтректерді жасау тәсілдерін; ұлттық және әлемдік өнердің жауһарларын;музыканы өнердің басқа да түрлерімен кіріктірудің тәсілдері мен амалдарын;
табиғи және жасанды материалдардың негізгі түрлері мен құрамын; материалдарды өңдеу технологиясын; қалыптасу тарихын және әртүрлі тәсілдердің дамуын; қазақ халқының ұлттық сәндік-қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлерін; шығармашылық жобаларды орындау кезінде жобалау мен модельдеу негіздерін; қоршаған ортаның өндірістік және өзге де технологиялық қалдықтармен ластануынан қорғау тәсілдері; құрал-жабдықтармен және аспаптармен жұмыс жасау кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережесін; еңбек қорғау бойынша негізгі құқықтық, нормативтік және заңнамалық актілерді; қайта жасау қызметіндегі технологиялық құжаттаманы біледі.
айқындылық және бейнелеу көркем құралдарының өзара байланысы мен олардың суретшінің ойлануына, жан толғанысына және көңіл күйіне әсерін; адам өмірі мен қоғамдағы әртүрлі өнер түрлерінің орны мен рөлін; қазақ халқы мен басқа да әлем халықтарының өнер туындыларының құндылықтарын; өнерге тарихи дәуірдің әсерін; түрлі өнердің өзара байланысын;
қазақ халқының және өзге де әлем халықтарының музыкалық мұраларының құндылықтары мен маңыздылығын; музыканың қарапайым теориясының заңдылықтарын, оның ішінде компьютерлік сандық музыкалық бағдарламаларды пайдалануды есепке ала отырып, музыкалық туындыларды, композицияларды және өңдеулерді құрастырудың ерекшеліктерін; компьютерлік сандық музыкалық бағдарламаларды пайдалану арқылы мультфильмдерге, кинофильмдерге, тректер мен саунтректерге музыка жазу және таңдау ерекшеліктерін; музыканың өзге де өнер түрлерімен өзара байланысын; түрлі қызмет саласындағы адамның музыкадағы рөлін;
дәстүрлі, заманауи және инновациялық технологиялардың ерекшеліктерін; табиғи және жасанды материалдардың сипаттамасын; материалдарды қолмен және механикалық өңдеу түрлерін, тәсілдерін; жаңа бұйымдарды жасау, жаңа бұйымның қасиеттерін, қызметін, параметрлерін, жақсарту жөніндегі идеяларды ұжымдық ұйымдастыру мен іріктеудің маңыздылығын; өзінің шығармашылық қызметіндегі өнімнің жылжытылу негіздерін; қоршаған ортаны сақтау мен қорғаудағы адамның рөлін түсінеді.
әртүрлі стиль мен жанрдағы өнердің айқыныдылық және бейнелеу құралдарын пайдалана отырып, көркем жобаларды зерттеу және жасау үшін шығармашылық ойлау білімі мен дағдысын; қоршаған әлемді бейнелеудің көркем тәсілдері мен әдістері, оның ішінде өнер саласындағы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы оның ерекшеліктерін өнердің көзбен шолу және түйсіну тілі арқылы жеткізуді; өнердің әртүрлі стильдері мен жанрларында идеяларды зерттеу мен әзірлеу, жаңа шығармашылық жобаларды жасау үшін көркем тәсілдерді, техникаларды және материалдарды эксперименттеу үшін қажетті ақпарат көздерін өз бетінше табу және іріктеу дағдысын; коммерция саласында өзінің идеяларын іске асыру үшін шығармашылық өнімдерді жылжыту негіздерін;
өнердің қарапайым теориясы заңдылықтарын, оның ішінде музыкалық компьютерлік сандық технологияларды пайдалану арқылы әртүрлі жанрлар мен стильдердегі вокальды-хорлардың, аспаптар қызметіндегі білім мен дағдыны; өнердің әртүрлі стильдері мен жанрларында идеяларды зерттеу мен әзірлеу, музыкалық композицияларды жасау үшін қажетті ақпарат көздерін өз бетінше табу және іріктеу дағдысын; музыкалық мәнерлілік құралдары, оның ішінде электронды музыканы қолдану арқылы қоршаған әлемнің мәні мен құбылыстарының рекшеліктерін көрсететін амалдар мен тәсілдерді; музыка бойынша жаңа жобалық жұмыстарды жасау үшін музыканың басқа да өнер түрлерімен байланысын жүзеге асырады.
материалдарды өңдеудің ұлттық, заманауи технологиялары, сонымен қатар жаңа бұйымдардың прототиптерін жасау үшін, оның ішінде компьютерлік техника мен бағдарламаларды пайдалану арқылы өндірістің әртүрлі салаларын кіріктіру негізінде инновациялық технологияларды; өнердің әртүрлі стильдері мен жанрларында идеяларды зерттеу мен әзірлеу, жаңа шығармашылық жобаларды жасау үшін көркем тәсілдерді, техникаларды және материалдарды эксперименттеу үшін қажетті ақпарат көздерін өз бетінше табу және іріктеу дағдысын; өз еңбектерін жоспарлау және ұйымдастыру әдістері; өзінің кәсіби жарамдылық деңгейін және еңбек нарығындағы сұранысын анықтау үшін технологиялардың, өндірістің және өнеркәсіптің заманауи түрлеріндегі білім мен дағдыны; технологиялық құжаттамаларды ресімдеу тәсілдерін қолданады;
дәстүрлі және әлемдік өнердегі түрлі жанрлар мен стильдерді; суретшінің жұмысындағы және өзінің жеке жобаларындағы шығармашылық идеялар мен ойлар; қоршаған ортаның өнерге әсері және өзінің қоршан ортамен қарым-қатынасы; өнердің адам өміріндегі түрлі салалармен өзара байланысын;
қазақ халқының және басқа да әлем халықтарының музыкалық мұраларындағы түрлі стильдер мен жанрларды; сазгерлердің шығармаларындағы және өзінің жеке жобаларындағы шығармашылық идеялар мен ойларды; қоршаған әлемнің музыкаға әсерін және қоршаған ортаға деген жеке көзқарастарды; музыканың басқа да өнер түрлерімен және адам өмірімен өзара байланысын;
өнімдер композициясының қасиеттері мен материалдар түрлері сипаттамаларының бірлігін; олардың тұрмыс мүмкіндіктеріне еңбек технологиясы мен өнімдерін; олардың сапасын жақсарту мақсатында жаңа өнімдердің жасалған түптұлғасын; қоршаған орта мен адамның өмірлік іс-әрекетіне технологиялар мен өндірістің әсерін талдайды;
өнер саласындағы айқындылық және бейнелеу құралдарын, оның ішінде компьютерлік сандық технологияларды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстаржы жасау үшін өнердің әртүрлі стильдері мен жанрларындағы білім мен дағдыны; көркем-шығармашылық жобаларды жасау үшін гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша білім мен дағдыны кіріктіреді;
дауыс пен музыкалық аспаптарды, оның ішінде музыкалық компьютерлік сандық технологияларды пайдалану арқылы жеке және ансамбльмен орындауға арналған жеке шығармаларды, суырыпсалма өлеңдерді және өңдеулерді орындау үшін музыкалық өнердің түрлі жанрлары мен стильдеріндегі білім мен дағдыны; музыкалық жобаларды жасау үшін гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер бойынша білім мен дағдыны кіріктіреді;
дайын үлгілер бойынша материалдардың технологиялық, экономикалық және оларды пайдалану қасиеттерін; материалдарды өңдеуге арналған жабдықтар мен құралдарды; гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми пәндер, сондай-ақ жаңа бұйымдар жасау үшін өндірістің түрлері бойынша білім мен дағдыны кіріктіреді жинақтайды.
ұлттық және әлемдік өнердің көркемдік және эстетикалық құндылықтарын; жеке көркем-шығармашылық жобаларды; өнердің түрлерін дамытуға тарихи дәуірдің ықпалын; өнердің адам өміріндегі рөлі мен маңызын;
дәстүрлі және әлемдік музыка мәдениеті туындыларының көркемдік және эстетикалық құндылықтарын; жеке музыкалық жобаларды; музыка өнерін дамытуға тарихи дәуірдің ықпалын; өнердің адам өміріндегі рөлі мен маңызын;
жеке және топтық технологиялық операцияларды орындау барысында жіберілетін қалыпты қателерді; функционалдық, эргономикалық және тиімділік мәніне жаңа өнім мүмкіндіктерін; еңбек өнімінің тұтыну сапасы мен технологиялық операцияларды орындаудың қызмет көрсету мүмкіндіктерін бағалайды.
20. «Дене шынықтыру» білім саласы бойынша оқытудың күтілетін нәтижелері.
Негізгі орта білім деңгейін аяқтағанда білім алушылар:
дене шынықтыру жаттығуларын орындау барысындағы техникалық қауіпсіздік ережелерін; сергіту жаттығулары мен әр бағыттағы ширатып шынықтырушы жаттығулардың кешендерін; дене жаттығуларын орындау кезіндегі ағзадағы өзгерістерді (сыртқы және ішкі белгілері бойынша) және дене шынықтыру жүктемесінің тәртібін (жүрек соғуының жиілігі бойынша) бақылау әдістері мен тәсілдерін біледі;
еңбекке қабілеттілік деңгейін жоғарлату үшін денсаулықты сақтау және нығайту қажеттілігін; күн тәртібінде дене шынықтыру жаттығуларының рөлін; дене шынықтырудың ағза жүйелерінің функциялық күйіне ықпал етуін; салауатты өмір сүрудің қажеттілігін; орындалатын жаттығулардың күрделілік деңгейін; дене даярлығының түрлі сатыларында дене шынықтыру жүктемесінің талап етілетін қарқынына жету қажеттігін; өзінің алдындағы жауапкершілік және Отан алдындағы борыш сезімін тәрбиелеуде дене шынықтырудын рөлін түсінеді;
денені жетілдіру үшін кең диапазонында іс-қимыл дағдыларын; өздік және топтың қызығушылығын еске ала отырып дене шынықтыруды жеке және бірлесіп өткізуін жобалауды; өзінің және басқалардың тәжірибелерін шынықтыру жайында білімі мен дағдыларын байыту; мектеп бағдарламасы бойынша спорт ойындары мен циклдік спорт түрлерінде тактикасы мен стратегиясын; мектеп жарысында бағдарлама спорт түрлері қазылығын атқару үшін ережелер туралы білімін қолданады;
топтың мінез-қылығын және болашақ оқуды басқару үшін дене жаттығуларындағы өткен жетістіктер мен тәжірибені; әрекеттің оңтайландыру негізінде өзіндік даму және білім жетілдіруіне қабілеттігі мен даярлығын; қысқа және ұзақ уақытты жаттығулар кезінде ағзадағы физикалық өзгерістерді басқаратын әр-түрлі тәсілдерін талдайды;
қозғалыстың жақсару комбинациясындағы қозғалыстың түрлері мен олардың ретін; салауатты және қауіпсіз өмір сүруді қалыптастырудағы білім мен дағдыларды; дене шынықтыру сабақтарының шеңберінде шығармашылық білім мен сын тұрғысынан ойлау құралдарын проблемаларды зерттеу және шешу жолдарын; адам өмірі мен денсаулығына қауіпті төтенше жағдайларда жеке және ұжымның қауіпсіз әрекеттерінің ережелерін білуді жинақтайды;
жеке физикалық қабілеттерді және басқаның қабілеттерін; түрлі физикалық жаттығуларды орындау кезінде туындайтын қиындықтар мен тәуекелдер; денсаулықтың түрлі аспектілеріне физикалық жаттығулардың әсерін; салауатты өмір салтын таңдау және қалыптастыру кезінде белсенді қатысу үшін өз әлеуетін мектепішілік және мектептен тыс спорттық іс-шараларға қатысу үшін өзінің мүмкіндіктерін бағалайды.
21. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критериалды бағалауды пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Критериалды бағалау нақты анықталған, оқу үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын-ала белгілі бағалау критерийлерімен (формативті бағалаудағы табыс критерийі және жиынтық бағалаудағы балдарды қою критерийі) білім алушылардың оқу жетістіктерін тиісті мақсаттар мен білім мазмұнымен салыстыруға негізделген.
22. Бағалау әр тақырып бөлімі бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру негізінде нақты оқу пәні бойынша оқу жоспарларында көрсетілген оқу мақсаттары жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.
23. Критериалды бағалау жүйесі үш бағалауды қамтиды: формативті бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау.
24. Негізгі орта білім беру деңгейінде бағалау формативті және ішкі жиынтық бағалауды пайдалану жолымен жүзеге асырылады. Сыртқы бағалау негізгі орта білім деңгейін аяқтағанда ғана жүргізіледі.
25. Негізгі орта білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті органмен анықталады.
26. Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымдарында оқи алмайтын білім алушылар үшін үйінде немесе емделу ұйымдарында ақысыз жеке оқыту қамтамасыз етіледі.
27. Дамуындағы мүмкіндігі шектеулі білім алушылар үшін олардың орта білім алуына, дамуындағы бұзылуын түзеуге және әлеуметтік бейімдеуге олардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті жағдайлар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |