Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты



Дата26.06.2016
өлшемі145.57 Kb.
#159361



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 961 қаулысымен бекітілген

Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақалада берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараты


Тапсырма №

Іс-шараның атауы

Есеп беру кезеңіндегі тапсырмаларды іске асыру ақпарат


4.

5.

6.



7.

Өз бетінше жұмыспен айналысушылар тобындағы еңбекке қабілетті халықты нақты жағдайларды және жұмыспен қамту саласының перспективасын ескере отырып, жұмыспен қамтуға қарай ойыстырудың әдістемесін әзірлеу
Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды айқындау жөніндегі жаңа әдістемені ескере оты­рып, жұмыссыздық деңгейін айқындаудың әдістемесін жетілдіру

1. Еңбекминінің жанында жұмыс тобы құрылды (Министрдің №302-ө-м 25.07.2012ж. бұйрығы), оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілердің, кәсіподақтар мен ғылыми ұйымдардың өкілдері кірді.

Жұмыс тобының екі отырысы өткізілді.

2. Жұмыспен қамтуға ықпал ету шараларын олардың қажеттілігін ескере отырып, саралау мақсатында өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың мәртебесі мен құрылымын анықтап алу қажет.

Ең алдымен жеке шаруашылығында өзінің жеке тұтынуына арналған өнімдерді өндірумен айналысатын адамдардың мәртебесін және өз бетінше жұмыспен айналысатындар мен жұмыссыздарды, жұмыссыздық деңгейін анықтау әдістемесін, жұмыс іздеу мен дербес қызметкерлерге жатқызу критерийлерін ескере отырып қайта қарау жоспарланып отыр.

Есепке алу және ресмилендіру шаралары бойынша мынадай бастапқы ұсыныстар әзірленді:

біріншіден, шаруашылықтарды есепке алу кітабында ауыл халқын толық есепке алуды қамтамасыз ету;

екіншіден, өз бетінше жұмыспен айналысатын адамдардың, жеке тасымалдау ісімен, жылжымайтын мүлікті жалға тапсырумен, қызмет көрсетумен және т.б. айналысатын адамдардың қызметіне оңайлатылған салық салу режиміне көшу (салық патенттері, оңайлатылған салық декларациясы);

үшіншіден, жеке қосалқы шаруашылығында сатуға өнім өндірумен айналысатын адамдар үшін патент енгізу.

Сондай-ақ салықтарға жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын аударымдарды, әлеуметтік сақтандыру жарналарын қосу мүмкіндігі қарастырылуда.

Бұған қоса өз бетінше жұмыспен айналысушылардың белсенділігін арттыру, оның ішінде ең алдымен Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының тетіктері арқылы, яғни:

- кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредит теру;

- оқыту және жұмысқа орналастыру арқылы жалдамалы қызметкерлер қатарына ауыстыру жүргізілетін болады.



Қызметкерлер ді Қазақстан Республикасының еңбек заңдарының негіздеріне 2013 жылдан бастап оқыту жүйесін ұйымдастыру туралы мәселені әзірлеу


Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасы негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді.

Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасында азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру жөніндегі 2013-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында.

Жоспарда:

-ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету (Еңбекминінің жанынан азаматтарды еңбек заңнамасының негіздеріне құқықтық жалпы оқытуды үйлестіру, талдау мен мониторинг жүргізуді жүзеге асыру жөніндегі ведомствоаралық кеңес құру);

- нормативтік құқықтық қамтамасыз ету;

-оқу-әдістемелік қамтамасыз ету (оқу-әдістемелік, анықтамалық әдебиеттер мен оқу құралдарын, буклеттер, жарнамалық бейнероликтер шығару );

- ақпараттық қолдау (еңбек заңнамасының өзекті мәселелері бойынша интернет-конференциялар, журналистерге арналған оқу семинарларын, жарнамалық бейнероликтерді, оқу бейнефильмдерін жариялау, осы тақырып бойынша бағдарламалар циклін дайындау және орталық теле және радиоарналарда тарату).

Сонымен қатар, а.ж. соңына дейін «Еңбек заңнамасының негіздері»; «Еңбек даулары кезінде келіссөздер жүргізу және ымыраға келу дағдысын дамыту» анықтамалықтары әзірленетін болады.



Еңбек кодексінің негізгі ережелері және еңбек қатынастарын реттейтін басқа да құқықтық актілер жөніндегі жалпыұлттық анықтамалықтардың бірыңғай серияларын шығару мен таратудың, соның ішінде интернет пен мемлекеттік органдардың ресми сайттарының мүмкіндіктерін пайдаланудың жобасын әзірлеу

«Еңбек заңнамасының негіздері»; «Еңбек даулары кезінде келіссөздер жүргізу және ымыраға келу дағдысын дамыту» анықтамалықтарын әзірлеу бойынша техникалық тапсырма бекітілді.

8.

Бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің біліктілік жүйесін ескере отырып, кәсіптік стандарттарды дайындауды көздейтін біліктіліктің ұлттық жүйесін кезең-кезеңімен әзірлеудің 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарын әзірлеу және қабылдау

Еңбек кодексіне енгізілген, ағымдағы жылы қабылданған түзетулерге сәйкес Ұлттық біліктілік жүйесі бойынша нормалар бекітіліп, ұлттық біліктілік шеңбері, салалық біліктілік шеңбері, кәсіптік стандарттар, кәсіптік даярлықты бағалау және мамандар біліктілігінің сәйкестігін растау жүйесі элементтерін қамтитын Ұлттық біліктілік жүйесін енгізуді көздейтін 10-1-тарау енгізілді.

Ұлттық біліктілік жүйесін енгізуді жылдамдату мақсатында мынадай жобалар әзірленді:

«Кәсіби стандарттардың құрылымын және оны әзірлеу, қайта қарау, сынау, қолдану және бекіту қағидаларын бекіту туралы»; «Тізілім мен кәсіби стандарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрықтары;

«Ұлттық біліктілік жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бірлескен бұйрығы.

Жобалар тиісті қызмет саласының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілуде.
Кәсіби стандарттарды әзірлеуді көздейтін ұлттық біліктілік жүйесін 2020 жылға дейінгі кезеңге кезең-кезеңмен әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлеу үшін 2015 жылға дейінгі қаржы есептері жасалып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне жіберілді.

Қазіргі уақытта Министрлік тиісті қызмет саласының мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, экономикалық қызмет түрері бойынша кәсіби стандарттар әзірлеуді қажет ететін жұмысшылардың кәсіптері мен қызметшілер лауазымдарының саны туралы мәселені пысықтауда.

Болжамды талдау негізінде а.ж. қыркүйекте Кәсіби стандарттарды әзірлеуді көздейтін ұлттық біліктілік жүйесін 2020 жылға дейінгі кезеңге кезең-кезеңмен әзірлеу жөніндегі жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу аяқталатын болады.


10.

11.


12.
16.

52.


25.

«Мемлекеттік бақылау мен қадағалау туралы» Заңға және Еңбек кодексіне кәсіпорындарға тексеру жүргізу бөлігінде ратификацияланған ХЕҰ Конвенциясына сәйкес өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы ұсыныстар енгізу
Қазақстан Республикасының Еңбек, Әкімшілік және Қылмыстық кодекстеріне еңбек дауларын әдейілеп туындатқаны үшін жауапкершілік жөніндегі ережені енгізу туралы ұсыныстар енгізу
Әлеуметтік шинелісті қоздырғандығы, ереуілге мәжбүрлегендігі, еңбекақыны дер кезінде төлемегендігі, ұжымдық шартты орындамағандығы және басқа да құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныстар енгізу
Кәсіптік одақтар туралы заңнаманы кешенді талдаудан өткізу және оны өзгерту жөніндегі заң жобасын жасау
Азаматтық қызметті заңнамалық регламенттеу мәселесін зерттеу

Бұл тапсырманы орындау үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 25.07.2012ж. № 300-ө-м бұйрығымен «Кейбір заңнамалық актілерге кәсіптік одақтардың қызметі мен еңбекті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы құрылды.

Оның құрамына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Министрліктер мен ведомстволардың, Бас прокуратураның, «Нұр Отан» ХДП, Заң шығару институтының, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің республикалық бірлестіктерінің, ХЕҰ-ның өкілдері кірді.

Осы уақытқа дейін жұмыс тобының 5 отырысы өтті, оларда еңбек заңнамасын, мемлекеттік қадағалау және бақылау заңнамасын Қазақстан ратификациялаған Халықаралық еңбек ұйымының конвенцияларына сәйкес кәсіпорындарда тексерулер өткізу бойынша жетілдіру мәселелері; Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен Қылмыстық кодексті заңсыз ереуілге қатысуға әдейі итермелегені үшін жауапкершілікті бекіту бойынша жетілдіру мәселелері; кәсіптік одақтар туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері; ҚР Еңбек кодексінің мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз ететін адамдарға азаматтық қызметші мәртебесін беру бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі қарастырылды.

Қазіргі уақытта қолданыстағы әкімшілік айыппұл салу жүйесі айқын емес және құқық бұзушылықтың анағұрлым маңызды құрамдарын бөлуге мүмкіндік бермейді, ал олардың нақты тұжырымдалмауы сыбайлас жемқорлық қауіптерінің туындауына әкелуі мүмкін.

Осыған орай, заң жобасында еңбек заңнамасын бұзғаны үшін, оның ішінде әлеуметтік араздықты тудырғаны, ереуілге мәжбүрлегені, жалақыны уақытында төлемегені, ұжымдық шарттарды орындамағаны және басқа да құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік құқық бұзушылықтардың құрамын нақтылап, әкімшілік айыппұлдың мөлшерін көбейту ұсынылады.

Бұл ұсыныстар жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың ауырлығы мен сипатын ескере отырып, маңызды құқық бұзушылықтар бойынша ғана әкімшілік жаза қолдануға мүмкіндік береді.

Айыппұлдар мөлшерін арттырудың қажеттілігі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексі қабылданғаннан бері айыппұлдардың мөлшері қолданыстағы санкциялар бойынша өзгермегенімен байланысты.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында әділет органдарында заңды тұлға ретінде 800-ден астам кәсіптік одақтар мен 20 заңды тұлғалар бірлестіктері (қауымдастықтар, одақтар) тіркелген. Қазақстандағы кәсіподақтар қызметінің құқықтық негізі 1993 жылғы «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) болып табылады, оған қабылданғаннан бері 4 рет тиісті заңдармен елеусіз өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Заңның жекелеген нормаларындағы орын алған кемшіліктер мен кездесетін түсініксіздеу анықтамаларға байланысты Заңның жекелеген нормаларына мынадай бағыттар бойынша жетілдіру ұсынылады:

кәсіподақтардың: бастауыш кәсіптік ұйым, салалық кәсіптік одақ, кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестігі, кәсіптік одақтардың республикалық бірлестігі түрлерін және қызметін регламенттеу;

- кәсіптік одақ құзыретін, кәсіподақ органдарын, бастауыш кәсіподақтарды құру тәртібін, кәсіподақтардың құқықтары мен міндеттерін көздейтін кәсіподақтың жарғысына қойылатын талаптарды бекіту;

- кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік деңгейде және ұйым деңгейінде әлеуметтік әріптестікті және диалогты дамытуға қатысуы;

- кәсіподақтардың мүшесі болып табылмайтын қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілдік берілген жағдайда олардың мүдделерін білдіруге; келіссөздер жүргізуге, келісімдер, ұжымдық шарттар әзірлеу және жасауға құқықтарын нақтылау;

- көрсетілген Заңда орын алмаған кәсіподақтардың міндеттерін, атап айтқанда еңбек дауларына жол бермеу, кәсіподақ мүшелерінің ішкі еңбек қағидаларын, еңбек тәртібін мүлтіксіз орындау шараларын қабылдау міндеттерін көздеу.

Бұған қоса, қазіргі таңда азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің жаңа моделі әзірленді, ол мыналарды енгізуді көздейді:

1) азаматтық қызметшілер лауазымдарын қызметкерлердің орындайтын жұмыс күрделігі, көлемі мен ерекшеліктеріне, білім деңгейі және кәсіби біліктілігіне қарай функционалдық блоктарға жатқызудың нақты өлшемдері көрсетілген лауазымдардың жаңа тізілімін енгізу;

2) әрбір функционалдық блок үшін жеке азаматтық қызметшілердің карьералық және кәсіби өсуін ынталандыратын салалар бойынша коэффициенттердің жаңа кестесін;

3) қосымша ақы және үстемеақы жүйесін оңтайландыру. Қолданыстағы қосымша ақы және үстемеақы жүйесі өтеу және ынталандыру төлемдеріне бөлінген.

Сондай-ақ азаматтық қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесінің ұсынылып отырған моделіне әрбір қызметкердің жеке және жалпы ұйымның түпкілікті нәтижесі тәуелді болатын нәтижелер бойынша еңбекке ақы төлеуді енгізу жоспарлануда.








2014 жылдан бастап еңбек нарығын дамытудың бес жылдық болжауларын талдап-жасауды қамтамасыз ету

«Ұлттық талдау орталығы» АҚ мемлекеттік тапсырыс аясында ұзақ мерзімді кезеңге арналған кадрларға деген қажеттілікті айқындау әдістемесін әзірлеп, (Еңбекминінің бұйрығы) бекітті.

Әдістеме стратегиялық бағдарламалық құжаттардың негізінде:

Қазақстан өңірлерінің бөлінісінде экономиканың басымды секторларының дамытылу деңгейі мен болжамын;

экономиканың басымды секторларының кадрлармен қамтамасыз етілуіне орай өңірлердегі еңбек нарығына талдауды;

іске асырылып жатқан және іске асырылу жоспарланып отырған жобалар мен өндірістерді (яғни іске асырылып жатқан қолданыстағы салалық және мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес) ескере отырып әзірленді.

Кадрларға деген қажеттіліктің болжамды есептеулері саланың өндірген өнім көлемі (не жалпы қосымша құн көлемі) мен жұмыстардың ірілендірілген топтары бөлінісінде қажетті еңбек ресурстарының көлемі арасындағы тікелей байланысқа негізделген.

Сол себепті де, әдістемені тек нақты секторда ұзақ мерзімді кезеңге жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жалпы бағыттарды әзірлеуге арналған бағдар ретінде қолдануға болады.

Мемлекет басымды рөл атқаратын салаларда, мысалы денсаулық сақтау, білім, мәдениет салаларында болжам қызметкерлер санының нормативтеріне қарай жүзеге асырылатын болады.

Бұған қоса, биылғы жылы ҚР еңбек ресурстарының теңгерімін болжау әдістемесін әзірлеуге даярлық жүргізілуде.

қазіргі кезде ҚР еңбек ресурстарының теңгерімін модельдеу және болжау жөнінде әдіснамалық тәсілдер, сондай-ақ деректер мен есептің визуалды талдауын қамтитын еңбек нарығының ақпараттық-талдау жүйесінің жобасы әзірленді.

Ағымдағы жылы еңбек нарығының тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында Жұмыспен қамту бағдарламасының көрсеткіштерін өңірлерде Қазақстан Республикасы жұмыспен қамту картасын жасау арқылы республикалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік, салалық және өңірлік даму бағдарламаларымен байланыстыру бойынша жұмыстарды аяқтау қарастырылады. Ол өңірлік еңбек нарығының жағдайын, жалданбалы жұмысшылардың, өзін-өзі қамтыған адамдардың динамикасы мен еңбек нарығының тепе-теңдігіне жәрдемдесу шараларын сипаттайтын болады.





37.

«Әлеуметтік жұмыс орындары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу туралы мәселені қарастыру

ПМК-ге Министрліктің 15.08.2012ж. №05-1-22/1907-д хатымен осы тармақ бойынша ұсыныстар енгізілді.

Қолданыстағы заңнаманы («Халықты жұмыспен қамту туралы» және «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР Заңдары, сондай-ақ Еңбек және Салық кодекстері) жетілдіру шеңберінде қолданыстағы заңнамада орын алмаған тараптардың құқықтары мен міндеттерін нақтылау, сондай-ақ халықтың нысаналы топтары үшін кепілдіктерді шектеу, және регламенттеу ұсынылады.

Халықтың нысаналы топтарына жататын санаттарына әлеуметтік жұмыс орындарын, мемлекеттік қолдау шараларын ұйымдастырудың егжей-тегжейлі тетіктерін және басқа да мәселелерді жұмыс тобы шеңберінде қоғамды, азаматтық қоғам институттарын және мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып даярлау ұсынылады.

Тиісті заң жобасын әзірлеу 2013 жылдың бірінші жартыжылдығының аяғына дейін ұсынылады.






38.

Ата-аналардың балаларының отбасындағы санына байланысты балабақшаларда болуын төлеу жөніндегі шығындарының, бір бөлігіне өтемақы төлеуді, бала күтімі бойынша демалыстан соң қайтадан жұмысқа шыққан әйелдерге мемлекет есебінен біліктілігін арттыру және қажетті жаңа мамандық алу мүмкіндіктерін, Қазақстан Республикасы Салық кодексіне көп балалы отбасылар үшін табыс салығы бойынша жеңілдіктер туралы ережелерді және басқаларды заңды тұрғыда реттеу мәселелерін қарастыру

Осы тапсырманы орындау жөніндегі ұсыныстар Министрліктің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 07-2-22/1907-Д хатымен жіберілді.
Ата-аналардың балаларының отбасындағы санына байланысты балабақшаларда болуын төлеу жөніндегі шығындарының, бір бөлігіне өтемақы төлеуге қатысты

«Балапан» бағдарламасының қолданыстағы моделінің оң нәтиже бергендігін есепке ала отырып және оны іске асырудың алғашқы қорытындыларына қарай мемлекеттің мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі жүргізіп отырған саясатын жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде балалардың балабақша төлемі бойынша шығыстардың бөлігін ата-аналарға өтеуді жүзеге асыра отырып жалғастыру ұсынылады.


Бала күтімі бойынша демалыстан соң қайтадан жұмысқа шыққан әйелдерге мемлекет есебінен біліктілігін арттыру және қажетті жаңа мамандық алу мүмкіндіктерін беру мәселелері бойынша

Бүгінгі таңда еліміздің заңнамасында бала күтімі бойынша демалыстан кейін жұмысқа шығар алдында мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен әйелдерге біліктілігін арттыруға және жаңа сұранысқа ие мамандық игеруге мүмкіндік беретін кепілдіктер көзделген.


Қазақстан Республикасы Салық кодексіне көп балалы отбасылар үшін табыс салығы бойынша жеңілдіктер туралы ережелерді енгізу туралы тапсырмаға қатысты

Бұл норманы ҚР Салық кодексінің 156-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына (көзделген мүгедек баланың ата-анасының біреуін жеке табыс салығын төлеуден босату нормаларына ұқсас) толықтыру енгізу арқылы регламенттеу ұсынылды.










Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет