Аға оқытушы: Амантурлина Г.К.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті
Пән: Еңбекті қорғау және тіршілік қауіпсіздігі
Кредит 5
Физика- математика факультеті
Информатика кафедрасы
Курстың мақсаты Еңбек қорғау пәнінің келешек мамандар үшін үлкен мәні бар. Бұл пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарды еңбек заңымен қауіпсіздігінің негіздерімен таныстыра отырып, өндіріс жағдайында төніп тұрған қауіп-қатерді көре білуге және оны болдырмаудың шараларын оқып үйретеді. Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек: «Еңбек қорғау» туралы нормативті-провалық құжаттарды, қауіпті-қатерлі өндіріс факторларын және оның адам организміне жұмысын ұйымдастыру,өндіріс ортасының әр саласында еңбек етушілердің қауіпсіздігін қорғау әдістерін т.б. Курстың міндеттері: - Еңбек қорғау, нормативті-праволық және ұйымдастыру жұмыстарының негізгі, олар мына құжаттармен шектеледі-Қазақстан Республикасының конститутциясы, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» және басқа мемлекеттік құжаттарын білу;
- Өндіріс санитариясы мен еңбек гигенасы, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі /ССБТ/, санитарлық нормамен /СН/, санитарлық норма және құрылыс ережелерімен /СНиП/ т.б. құжаттармен таныс болу;
- Қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау стандарттарының жүйесімен таныс болу;
- Өрт қауіпсіздігі- СНиП, ССБТ т.б. құжаттармен таныс болу.
«Еңбек қорғау» пәні арнаулы сабақ ретінде қоғам тану және мамандық алудың негізгі пәндерімен тығыз байланысты. Еңбек қорғау пәнінің келешек мамандар үшін үлкен мәні бар. Бұл пәннің негізгі мақсаты болашақ мамандарды еңбек заңымен өндіріс санита-риясымен, техника қауіпсіздігімен және өрт қауіпсіздігінің негіздерімен таныстыра отырып, өндіріс жағдайында төніп тұрған қауіп-қатерді көре білуге және оны болдырмаудың шараларын оқып үйретеді.
Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттер мынаны білулері керек: «Еңбек қорғау» туралы нормативті-провалық құжаттарды, қауіпті-қатерлі өндіріс факторларын және оның адам организміне әсері, оларды қалыпты мөлшерге келтіру әдістерін, еңбек қорғау жұмысын ұйымдастыру,өндіріс ортасының әр саласында еңбек етушілердің қауіпсіздігін қорғау әдістерін т.б.
Істей білулері керек:
Өндіріс қауіпсіздігін бағалай отырып, өз бетімен шара қабылдай білу, әр түрлі технологиялық процестерді орындау кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбекке оқыта, үйрете білу, қауіпті-қатерлі жұмыстарды ажырата білу, өндірістегі жазатайым жағдайларды тіркеу және тексеру жолдарын, жарақат алғандарға алғашқы көмекті көрсету жолдарын.
2. «Еңбек қорғау» сабағы негізгі пән ретінде мынандай сұрақтарды қамтиды:
а/ еңбек қорғау, нормативті-праволық және ұйымдастыру жұмыстарының негізгі, олар мына құжаттармен шектеледі-Қазақстан Республикасының конститутциясы, «Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі» және басқа мемлекеттік құжаттар.
б/Өндіріс санитариясы мен еңбек гигенасы, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі /ССБТ/, санитарлық нормамен /СН/, санитарлық норма және құрылыс ережелерімен /СНиП/ т.б. құжаттармен.
в/ Қауіпсіздік техникасы, еңбек қорғау стандарттарының жүйесімен.
г/ Өрт қауіпсіздігі- СНиП, ССБТ т.б. құжаттармен.
Қауіпсіз еңбек дегеніміз- еңбекшіге қауіпті-зиянды өндіріс факторлары әсер етпейтін еңбек шарты.
Еңбек жағдайы- еңбек ортасының, өндіріс факторларының жұмысшының еңбек ету қабілетіне және денсаулығына әсері.
Қауіпті өндіріс факторы дегеніміз- жұмыс кесінде ойламаған жағдайда еңбекшінің жарақаттануына және денсаулығының нашарлауына апарып соқтыратын фактор.
Зиянды өндіріс факторы дегеніміз- жұмыс кезінде еңбекшінің ауруына және еңбек қабілетінің төмендеуіне соқтыратын фактор. т.б. терминдер мен анықтамалар тақырыптарға байланысты беріліп отырады. Студенттер-болашақ мамандар жоғарыдағы анықтамалардың мағынасына ойлы, саналы сезіммен қабылдайды деп ойлаймын.
3. Еңбек қорғау жұмыстары Қазақстан Республикасының 15 қаңтар 2007ж. қабылдаған «ҚР Еңбек кодексі»-не байланысты жүргізіледі. Бұл заң 7 тарау-дан және 341 баптан тұрады. Заңды іске асырушы Қазақстан Республи-касының Минстрлер кабинеті, ол «Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасы Заңын практикалық іске асыру механизмін қамтамасыз ететін тиісті бағдар-ламалар мен шаралар кешенін әзірлеуді қамтамасыз етуі керек.
Интернет деректері:
www.annoyances.org/.
www.wincustomise.com
www.ixbt.ru
www.computer-museum.ru
Достарыңызбен бөлісу: |