Оқушылар бұл кестені толтырып, мына кестенің мазмұнына жуық жауап жазады.
ІС-ӘРЕКЕТ, ҮЗІНДІЛЕР
|
КЕЙІПКЕР КІМ?
|
ҚАНДАЙ МІНЕЗДІҢ АДАМДАРЫ?
|
«Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен?», - деп, кішкене тақпақтан бастап еді. Абай соны ұғып қапты
|
Зере
|
Мейірімді, парасатты, сабырлы, өрлігі мен жұмсақ мінезі қатар жүреді.
|
– Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жанашырдан айрылма! – дейді.
|
Ұлжан
|
Салмақты, ұстамды, ақылды, шешен, қамқор, әзілқой.
|
«Асықпай, тіпті, ақырын қозғалады. Шолпының ендігі сылдырынан өзі қысылған тәрізді»
|
Тоғжан
|
Ақкөңіл, сыпайы, ұяң,сезімтал..
|
2.Тапсырма:
“Абай жолы” роман-эпопеясындағы әйел- ана беделінің бүгінгі жаһандануға бағытталған заманда жұтылып кету қаупі бар ма?- деген сұраққа пікір білдіріңіз. ПОПС» формуласы арқылы.
Дескриптор
- Пікірін білдіреді;
- Себебін түсіндіреді;
- Дәлелдер келтіреді.
- Қорытынды жасайды
ПОПС» формуласы
•Бірінші сөйлем «Менің ойымша, . . . »
•Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...»
•Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...»
•Соңгы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім . . . »
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйел-ана образдары» атты сабақтың қорытындысы ретінде берілген бұл тапсырманың мақсаты-Блум таксономиясының жоғары деңгейіндегі сұраққа жауап алу арқылы оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін зерделеп, ұтымды пікірлер айтуына, сыни ойлануларына мүмкіндік беру.
Достарыңызбен бөлісу: |