Әдебиет әлемінде


Оқушылар бұл кестені толтырып, мына кестенің мазмұнына жуық жауап жазады



бет5/10
Дата20.05.2022
өлшемі325.39 Kb.
#458071
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.Көмекші құрал.Искендерова К.Ж.

Оқушылар бұл кестені толтырып, мына кестенің мазмұнына жуық жауап жазады.

ІС-ӘРЕКЕТ, ҮЗІНДІЛЕР



КЕЙІПКЕР КІМ?



ҚАНДАЙ МІНЕЗДІҢ АДАМДАРЫ?



«Е-е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен?», - деп, кішкене тақпақтан бастап еді. Абай соны ұғып қапты

Зере

Мейірімді, парасатты, сабырлы, өрлігі мен жұмсақ мінезі қатар жүреді.



– Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жанашырдан айрылма! – дейді.



Ұлжан

Салмақты, ұстамды, ақылды, шешен, қамқор, әзілқой.



«Асықпай, тіпті, ақырын қозғалады. Шолпының ендігі сылдырынан өзі қысылған тәрізді»



Тоғжан

Ақкөңіл, сыпайы, ұяң,сезімтал..




2.Тапсырма:
Абай жолы” роман-эпопеясындағы әйел- ана беделінің бүгінгі жаһандануға бағытталған заманда жұтылып кету қаупі бар ма?- деген сұраққа пікір білдіріңіз. ПОПС» формуласы арқылы.
Дескриптор
- Пікірін білдіреді;
- Себебін түсіндіреді;
- Дәлелдер келтіреді.
- Қорытынды жасайды
ПОПС» формуласы
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, . . . »
Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...»
Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...»
Соңгы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім . . . »
М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы әйел-ана образдары» атты сабақтың қорытындысы ретінде берілген бұл тапсырманың мақсаты-Блум таксономиясының жоғары деңгейіндегі сұраққа жауап алу арқылы оқушылардың бұрыннан білетін білімдерін зерделеп, ұтымды пікірлер айтуына, сыни ойлануларына мүмкіндік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет