Әдебиет әлемінде



бет1/10
Дата20.05.2022
өлшемі325.39 Kb.
#458071
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1.Көмекші құрал.Искендерова К.Ж.


Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжі




Әдебиет әлемінде


Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Искендерова Көгершін Жолдыбайқызы

Көкшетау-2022 жыл
Түсінік хат

Егеменді еліміздің ірге тасын қалаушылардың қатарында жүретін болашақ мұғалім мамандарын даярлау ісі кімге болсын үлкен жауапкершілік артары сөзсіз. Білім берудің жаңа мазмұны мұғалімдік мамандықтан ізденушілікті, құзіреттілік пен зерттеушілікті ,шығармашылық пен белсенділікті талап етуде. Жаңаша білім беру- бүгінде шығармашылық қабілеті жоғары, жан-жақты дамыған, заман талабын орындай алатын, жеке тұлға қалыптастыру міндетін көздейді. Әдебиетті тереңдете оқыту оқушының тұлға ретінде қалыптасуына, оның ақыл- ойының дамуына, қоршаған болмысты танып, білуіне көмектеседі Бұл сөз өнері-әдебиет пәнінде оқушылардың білім-дағдыларын қалыптастырып, ой - өрісін кеңейтуді, шығармашылығын, қиялдау қабілетін дамытуды қарастырады.


Мақсаттары:
Оқушыларға комуникативтік білім, білік дағдыларын игерту.
Әдебиет әлемінде мазмұны танымдық іс - әрекет пен өздігінен білім алуға бейімдеу.
Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда пайдалана білуін қамтамасыз ету. Яғни, бүгінгі студент-ертеңгі мұғалімнің сындарлы оқыту теориясына негізделген тапсырмаларды орындау арқылы сабақтарында жүзеге асыра алатындай дәрежеге жеткізу.
Міндеттері:
Оқушының тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету.
Ақыл - ойын, интеллектуалдық және ерік пен сезім белсенділігін дамыту. Сындарлы оқыту теориясының негізделген тапсырмаларды түсіну, оқып білу, саралап оның тиімді әдістерін таңдап, қолдануды болашақ тіл-әдебиет мамандарына меңгерту.
Әдебиет пәнінің болмысты танып білуге көмектесетін ғылым болып табылатыны туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушының өмір тіршілігіне қажетті білім, білік дағдыларын қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет